Ұйымдастырылған оқу қызметі: Тіл дамыту
Тақырыбы: «Үй жануарлары мен төлдері»
Мақсаты: Балаларға үй жануарлары туралы біледі, олардың пайдасы маңызы, туралы түсінік қалыптасқан. Олардың түрлерін бір – бірінен ажырата алады,үй жануарларына байланысты тақпақтар біледі. Сұрақ – жауап, жұмбақ шешу арқылы тіл байлықтары дамиды, олардың бізге тигізер пайдасын айта алады.
Әдіс-тәсілі: түсіндіру, сұрақ-жауап, көрсету, көрнекілік.
Көрнекілігі: Үй жануарларының суреті, слайд, үлестірмелі материалдар.
Барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі:
- Балалар қараңдаршы бүгін бізге қаншама қонақтар келді. Ал келген қонақтармен амандасып алайық. Амандасу - адамгершіліктің, әдептіліктің баспалдағы екен. Сондықтан да қонақтармен амандасып алайық.
Дөңгеленіп тұрайық
Шеңберді біз құрайық
Қол ұстасып бәріміз,
Ақ тілекті жолдайық!
Әлемде нұр тыныштық,
Әрбір бейбіт күн ыстық
Қайырлы таң, бақшамыз,
Қайырлы күн достарым!
– Сәлеметсіздер ме, апайлар!
- Балалар адамдар күнделікті тіршілік етіп өмір сүретін баспанасын қалай атаймыз?
- Үй
- Үй қандай бөліктерден тұрады?
- Шатыр, есік, терезе, үйдің қабырғасынан тұрады?
- Үй бөліктері қандай геометриялық пішіндерге ұқсайды?
- Төбесі ұшбұрышқа, есігі, терезесі және қабырғалары тік төртбұрышқа ұқсайды екен.
- Балалар алдымызда тұрған үйдің бөліктерінде жұмбақтар жасырынған екен. Егер сендер жұмбақтың шешуін табатын болсаңдар бүгінгі оқу қызметіміздің қандай тақырып туралы әңгімелейтінімізді табасыңдар.
Жұмбақтар:
1. Қамыс
құлақ,
Тостаған тұяқ.
Мінсең қанат
Сүті дәрі еті тамақ. ( Жылқы)
2. Екі
айнасы бар
Екі найзасы бар (Сиыр)
3.
Үстінде екі тауы бар,
Қызық бір жануар (Түйе)
4. Кішкене ғана бойы
бар
Айналдыра киген тоны бар.
(Қой)
5. Секең - секең
етеді
Таумен - тасқа жетеді. (
Ешкі)
- Үй жануарларының суретін көрсету.
- Біз бүгінгі оқу қызметімізде үй жануарлары туралы әңгімелесеміз.
- Үй жануарларына қандай жануарлар жатады?
- Төлдерін қалай атаймыз?
Слайд арқылы үй жануарларыны пайдасын айту.
Балалар кәне сергіп алайықшы?Ортаға шығып музыка ырғағымен қимыл жасайды.
Дидактикалық ойын: «Не қандай дыбыс шығарады?»
Ойынның мақсаты: Жануарлардың дыбысын үйрету.
Ойынның мазмұны: жануарлардың дыбыс тыңдату, дыбыс арқылы қандай жануар екенін табады. Қой маңырайды, сиыр мөңірейді, ит үреді - деп жауап береді.
- Неліктен олар үй жануарлары деп аталады?
- Үй жануарларының қандай пайдасы бар?
Жылқы, түйе, сиыр, қой, ешкі, адамның үйінің маңайында тіршілік етеді. Сол үшін үй жануарлары деп аталады.
Балалар, осы сүйкімді жануарлар төрт түлікке жатады. Олар: түйе, жылқы, сиыр, қой, ешкі. Үй жануарлары адамға көп пайда келтіреді. Түйенің баласы - бота, сиырдың баласы - бұзау, қойдың баласы - қозы, ешкінің баласы - лақ, жылқының баласы - құлыншақ. Халқымыздың байлығы да, берекесі де осы малдар. Адамға пайдасы өте көп. Сүтін ішеміз, етін жейміз, киім қыламыз. Сиырдың, қойдың, сүтінен май, құрт, айран, ірімшік жасайды. Адамдар да оларға қамқорлық көрсетеді. Бағады, шөп, жем, су береді, сауады, көптеген күтім жасайды. Үй жануарлары өздері күн көре алмайды. Ата бабамыздан келе жатқан қасиетті жануарларды өте жақсы көрген, күтіп, қасиеттеп қараған.
- Үй жануарлары туралы
тақпақтар білесіңдер ме?
Ақ бұзауым ұнайды
Мө - мө деп сүт сұрайды.
Келеді өсіп күн сайын,
Тұмсығын созып қарайды
Кіп - кішкене момақан
Қошақанды ұнатам
Сүйеді апам қозым деп
Қошақаным қозым деп
Құлыншағым құндызым
Құлдырайды шабады
Жылтылдаған жұлдызым
Құстай қанат қағады.
Шөре - шөре лағым,
Тентек болма шырағым.
Секектеме деміңді ал,
Селтеңдемей құлағың.
Айналайын ботам
Қандай күлте жотаң.
Табандарың жалпақ,
Теріп жейсің жантақ.
Дидактикалық ойын: «Төлдерін тап?» ойыны.
Ойын шарты: Балаларға жануарлардың төлдерін сызық арқылы қосып табады.
Қорытынды:
- Балалар, сендер бүгінгі оқу қызметіне өте жақсы қатыстыңдар. Сендер өте ақылдысыңдар.
- Балалар, сонымен үй
жануарларына нелер жатады?
- Үй
жануарларының төлдерін не деп
атаймыз?
- Жылқы малы қандай өнім
береді екен?
- Сиыр бізге кандай
өнімдер береді екен?
-
Малдың дыбысталғанын қалай атайды?
Жануарлар бізді өзінің
сүйкімділігімен, адамға деген достығымен қуантады.Сондықтан үй
жануарларына әрқашан қамқорлық жасап жүріңдер. Мақтау, мадақтау.
Жұлдызша үлестіру.Қане, балалар орнымыздан
тұрып келген қонақтармен
қоштасайық
Біз ақылды
баламыз
Айтқан тілді
аламыз
Бүгінгі келген
қонаққа
Сау болыңыз деп,
айтамыз.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
«Үй жануарлары мен төлдері»

шағым қалдыра аласыз