400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Үй жануарлары мен үй құстары

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбиешілерге ашық сабақ
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: Үй жануарлары мен үй құстары.

Мақсаты: 1.Үй жануарлары мен үй құстары туралы және олардың адамға келтіретін пайдасы туралы түсініктерін қалыптастыру. 2.Үй жануарлары мен үй құстарына деген қамқорлық сезімін ояту және оларға жағдай жасауға үйрету. 3.Еңбекқорлыққа баулу.

Көрнекілігі:Үй жануарлары мен төлдері және үй құстардың суреттері,бетпеделер.

Әдісі-тәсілдері:Жұмбақ шешу,тақпақ,әңгімелеу,сахналау,сұрақ-жауап.

Сабақ барысы: I.Ұйымдастыру кезеңі.

1.Оқушыларды түгендеу,амандасу.

2.Шаттық шеңберін құру. Армысың шапағатты күн-ана, Армысың қайырымды аспан-ата. Армысың мейірімді жер-ана, Құт болып бәр әлемге жамылған.

3.Өткен сабақты пысықтау

4.Қызығушылықтарын ояту.

-Балалар мен бүгін мектепке келе жатып бір сандық тауып алдым.Ол жай сандық емес,сиқырлы сандық екен.Бұл сандықтың ішіне жануарлар мен құстарды сиқырлап салып қойыпты.Оларды құтқару үшін біз сіздермен жұмбақтар шешуіміз керек.Егер жұмбақтардың жауабын дұрыс тапсаңдар,жануарлар мен құстарды сандықтан босатады. (әрбір жауаптағы жануарлардың суретін шығарып тақтаға ілу.) 1.Кезікті бір жануар, Үстінде екі тауы бар. Түйе. 2.Құлды екен әр шаруа, Қазығына құт байлап. Қанша құйып алсаңда, Сарқылмайды сүт-қаймақ. Сиыр. 3.Көкке шаншып құйрығын, Келеді шауып жүйрігім. Жылқы. 4.Кішкене ғана бойы бар, Айналдырып киген тоны бар. Қой. 5.Желп-желп етіп сақалы, Қолыңнан дәм татады. Ешкі.



-Балалар бұлардың бәрін бір сөзбен қалай атаймыз? Үй жануарлары. –Олар қайда мекендейді? Үйде,қорада. –Оларға кім қарайды? Адамдар. –Олар немен қоректенеді? Жем,шөп,су. Балалар,жануарлар сендерге көмектескендерің үшін рахмет айтып жатыр.Енді біз «Айнытпай сал»ойынын ойнап жіберейік.

Олай-былай жүгіріп, Ала мысық ойнайды. Аша алмаса есікті, Дыбыстайды ол қалай.

Күзетші күшік-саққұлақ, Үй күзетіп шапқылап. Дыбыс шықса қаттырақ, Қалай,қалай үреді.

Өте жақсы балалар. Ал балалар сиқырлы сандықтан тағы бір дауыстар шығатын сияқты.Балалар біздер үй құстарын ұмытып кетіппіз.Үй құстарына да көмектесуіміз керек.Сиқырлы сандықтың бізге берген тапсырмасы тақпақтар айтып үй құстарын құтқаруымыз керек. Көмектесеміз бе,балалар. (Тақпақтар айту.)

1.Шұбар тауық мүлдем, жолатпайды барса. Ұясында жүрген, балапаны қанша. Балапанын тауық, қызғанады жаман. Қанатымен жауып, санатпайды маған.

2.Жақын түгел маңайды, Оятудан талмайды. Төбелеске келгенде, Алдына жан салмайды.



3.Шығып ауыл шетіне, Жайылады бетімен. Қызықтырар ол бізді, Жұмыртқамен етімен.

4.Қауіп-қатер жоқ алда, Малту керек оған да. Жұмыртқадан шыға сап, Жүгіреді тоғанға. Демейді жаз,күз еді, Балдыр, жалбыз үзеді. Сол жүзгеннен сол үйрек, Мұз қатқанша жүзеді.

Өте жақсы,балалар біздер бүгін сиқырлы сандықтан үй жануарлары мен үй құстарын құтқардық.Сендерге рахмет айтып жатыр.

II Негізгі бөлім: Сонымен бүгінгі ашық сабағымыздың тақырыбы үй жануарлары мен үй құстары.

Сергіту сәті.Шип-шип шөжелерім.(Музыкамен).

Сонымен балалар үй жануарларына нелер жатады? Сиыр,түйе,жылқы,қой,ешкі. Өте жақсы балалар. Енді үй жануарларының бізге тигізер пайдасы қандай екеніне тоқталып кетейік.

1.Сиыр-зеңгі баба тұқымы.Ол адамға үйір,әрі момын жануар.Біздің ішіп-жейтін тағамымыздың барлығы осы сиыр малының өнімі. Балалар сиыр сүтінен не жасаймыз? Айран,құрт,ірімшік,май,қаймақ т.б.

2.Түйе төрт түліктің төресі.Түйенің тигізер пайдасы өте көп.Түйенің сүті-шұбат.Ол әрі сусын,әрі тамақ.Шұбаттың емдік қасиеті күшті,ішсе сүт,жесе ет,майы мол,сапалы жүні бар.

3.Жылқы-жер жүзінің бәріне тараған.Ол қыста сақылдаған сары аязда да далада жайыла береді.Сүтінен қымыз,етінен қазы-қарта пісіреді.

4.Қой төрт түліктің ішіндегі ең момыны.Балалар ауырып қалған кезде де,осы қойдың құйрық майымен сылайды,ішкізеді.

Балалар үй құстарыныңда пайдасы өте көп.Жұмыртқасын азық-түлік ретінде пайдаланамыз.Мамығынан көрпе,жастық жасаймыз.Етін жейміз.

Дәптермен жұмыс. (дәптерде бейнеленген жануарлардың ішінен үй жануарлары мен үй құстарын тапқызу.Оларды бояту.)

«Төлдерін тап»дидактикалық ойын.

Балалар үй жануарлары мен үй құстарының бізге тигізер пайдасы өте көп екен.Енді балалар осы уй жануарлары мен үй құстарына арналған тиым сөздер де бар.

1.Малды ұруға болмайды. 2.Ақты төкпе. 3.Малға теріс мінбе. 4.Құстардың ұясын бұзба.Оларды үркітпе,деген сияқты тыйым сөздерді ойымыздан шығармауымыз керек.

«Төлдер айтысы» ертегісін сақналау.

III Қорытынды бөлім: Жақсы балалар.Сонымен бүгінгі сабағымызда не туралы айттық? -Үй жануарларын атайықшы. –Қандай үй құстарын білесіңдер? -Үй құстары мен үй жануарларының пайдасы барма? Балалар біз үй құстары мен үй жануарларына үнемі қамқор болуымыз керек.Олар үнемі бізден қамқорлық күтеді. Кәне балалар орнымыздан тұрып келген қонақтармен қоштасайық.

Біз ақылды баламыз, Айтқан тілді аламыз. Бүгінгі келген қонаққа, Сау болыңыз деп,айтамыз.




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
19 қаңтар
964
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі