Үй жануарлары қазақ тілінен ұйымдастырылған іс-әрекеті

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Үй жануарлары қазақ тілінен ұйымдастырылған іс-әрекеті

Материал туралы қысқаша түсінік
үй жануарлары туралы қазақ тілінен балабақшада ашық түрде ұйымдастырылған іс-әрекеті ересек топқа арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Үй жануарлары және төлдері» ашық ұйымдастырылған іс әрекеті

Мақсаты: Үй жануарлыр және олардың төлдері туралы түсінік беру.

Міндеттері:

Білімділік: Үй жануарлары туралы түсініктерін кеңейту.

Дамытушылық: Олардың ерекшеліктерін, адам өміріне пайдасын, төрт-түлік малға не жататынын, олардың төлдерін атап айтуға баулу, тақпақтар айтқызу тілдегі сөздерді дұрыс айтуға дағдыландыру, сөздік қорларын дамыту;

Тәрбиелік: Төрт-түлік малды күтіп баптауға тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: интерактивті тақта, видео таспа, дидактикалық ойындардың үлестірмелі материалдары, үй жануарлары мен төлдерінің суреттері, елек, қара картон, үй жануарларының ойыншықтары.

Қостілділік компоненті: Үй жануарлары-домашние животные, түйе-верблюд, жылқы-лошадь, сиыр-корова, қой-баран, ешкі-коза, ит-собака, мысық-кошка.

Әдіс-тәсілдері: түсіндіру, сұрақ-жауап, қайталау, ойын арқылы, көрнекілік әдісі.

Тобы: №9 «Раушан» ересек (аралас жас) тобы

Қазақ тілі мұғалімі: Каипбердиева Гулмайра Тилеубердиевна

Ұйымдастырылған іс – әрекет барысы:

Кіріспе: Ұйымдастыру кезеңі

Балалардың көңіл-күйлерін көтеріп, ұйымдастырылған іс-әрекетін бастау үшін балаларды орындарынан тұрғызып шаттық шеңберін айтқызу.

Табиғат біздің анамыз!

Табиғатқа барамыз.

Иіліп сәлем береміз,

Біз әдепті баламыз!

Қыс мезгіліне тоқталу.

-Балалар, қазір жылдың қай мезгілі? (Қыс мезгілі)

-Қыс мезгілінде қандай өзгерістер болады?

Қыс мезгілінде қар жауады, күн суық, аяз болады. Боран көп соғады. Айналаны аппақ қар басады.

-Қыс айларын айтайықшы.

Желтоқсан, қаңтар, ақпан.

Бізде қазір қыстың үшінші айы ақпан айы екен.

Негізгі бөлім:

Мұғалім: Балалар, бүгінгі біздің тақырыбымыз «Үй жануарлары және төлдері» деп аталады. Үй жануарлары туралы не білеміз қане, айта кетейікші, үй жануарларына: түйе, жылқы, сиыр, қой, ешкі жатады екен. Олардың адам өміріне көп пайдасы бар. Түйе бізге «Шұбат» , ет берсе, жылқы ет, қымыз береді, ал, сиыр болса-сүт айран, қатық, қаймақ, құрт, ет береді екен. Қой ет, тері берсе, ешкі-ет, сүт береді екен. Өйткені, ешкінің сүті дәруменге мол емдік қасиеті бар өте пайдалы тағам. Біз оларды «төрт түлік» деп те айтамыз. Ит және мысық та үй жануарына жатады екен.

Қостілділік компоненті: Үй жануарлары-домашние животные, түйе-верблюд, жылқы-лошадь, сиыр-корова, қой-баран, ешкі-коза, ит-собака, мысық-кошка.

Ғажайып сәт:

-Балалар, бізге біреу қонаққа келе жатқан секілді. Кім екен келе жатқан?

(Есік қағылып, топқа Қасым шопан ата келеді.)

Қасым ата: Сәлеметсіңдер ме, балалар бұл «Раушан» тобының балалары ма? Мен шопан ата-Қасым деген аталарың боламын!

Мұғалім: Сәлеметсіз бе, Қасым ата!

Қасым ата: Балалар мен өзім малдарымды бағып жүріп, төлдерімді жоғалтып алдым. Төлдерімді табуға маған көмектесесіңдер ме?

Мұғалім: Қасым ата біздің балалар ақылды сіздің төлдеріңізді табуға көмектеседі. Ол үшін балалар, біраз тапсырмаларды орындауға тура келеді. Сол тапсырмаларды орындасақ мүмкін атаның төлдерін тауып алармыз. Ата біздің балалардың білімдерін тексеріп көріп, тамашаласаңыз болады.

Қасым ата: жарайды, тексеріп көрейік.

Мұғалім: Алдымен балалар экранға назар аударайықшы. Үй жануарлары туралы (экраннан виедо тамашалайық. (видо көрсетіледі)

Мұғалім: балалар, видеодан не көрдік?

-Үй жануарларына нелер жатады екен?

-Олар қандай дыбыс шығарады екен?

-Үй жануарларын қалай шақырамыз?

Дидактикалық ойын: «Мал қалай дыбыстайды?»

Міндеті: үй жануарларының дауыстарын ажаратып, аттарын атауды үйрету.

Шарты: Есітілген үй жануарларының дауыстарын тауып, атап береді.

Сергіту сәті:

Жазда атамның ауылына

Барып едім қыдырып,

Бір қошақан алдымнан

Шықты ойнап, секіріп.

Ақ маңдайлы айма екен.

Шекер ме екен, бал ме екен.

Кеттім оны сағынып,

Қошақаным қайда екен?

Мұғалім: келесі, бізде тапсырма үстел үстінде орындалады.Ол үшін сендер екі топқа бөлінесіңдер. Бірінші топтың үстелінде ақ асық болады. Екінші топтың үстелінің үстінде қара асық болады.

Бірінші топ:

Дидактикалық ойын: «Үй жануарын құрастыр» (ветрушка ойыны) ойнайды.

Мақсаты: балалардың ойлау қабілетін ойын арқылы дамыту.

Шарты: әр баланың алдында үй жануарлырын құрастыруға арналған дөңгелектер бар, сол дөңгелектерді айналдыру арқылы балалар үй жануарларын құрастырып, қай жануарды құрастырғанын атап береді.

Екінші топ: Дидактикалық ойын: «Үй жануарының көлеңкесін жаса»

Міндеті: балалардың үй жануарларына деген қызығушылықтарын ояту, саусақ, қол маторикасын дамыту.

Шарты: үстел үстінде үй жануарлары және қара түсті картон, ыдыста ұн және елек тұрады. Қара картонның үстінде үй жануарлары тұрады, балалар елекпен ыдыстан ұн алып үстіне елейді. Шыққан үй жануарының көлеңкесінен атын атайды.

Мұғалім: біз атаның үй жануарларының төлдерін әлі де таппадық. Олай болса, сендер төлдер туралы тақпақ айтып берсеңдер мүмкін табылып қалар.

Балалардың тақпақтары:

Алихан: Ақ бұзауым ұнайды

Мө-мө деп сүт сұрайды.

Келеді сіп күн сайын,

Тұмсығын созып қарайды.

Үстел үстіндегі бұзауды , тақтаға анасының жанына жапсырады.

Асылым: Кіп-кішкене момақан

Қошақанды ұнатам

Сүйеді апам қозым деп

Қошақаным қозым деп.

Үстел үстіндегі қозыны , тақтаға анасының жанына жапсырады.

Адия: Құлыншағым құндызым

Құлдырайды шабады

Жылтылдаған жұлдызым

Үстел үстіндегі құлынды , тақтаға анасының жанына жапсырады.

Нұрсұлтан: Шөре-шөре лағым,

Тентек болма шырығым.

Секектеме деміңді ал,

Селтеңдемей құлағың...

Үстел үстіндегі лақты , тақтаға анасының жанына жапсырады.

Айлин: Айналайын ботам

Қандай күлте жотаң.

Табандарың жалпақ,

Теріп жейсің жантақ.

Үстел үстіндегі ботаны , тақтаға анасының жанына жапсырады.

Мұғалім: балалар, біз Қасым атаның үй жануарларының төлдерін тауып бердік. Ата, сізге біздің балалар тапсырмаларды ойын түрінде орындап төлдеріңізді тауып берді. Сізге бүгінгі балаларымыздың орындаған тапысырмалары ұнады ма?

Қасым ата: Рақмет, балаларым! Мен өте қуаныштымын! Сендер маған төлдерімді тауып бергендерің үшін алғыс айтамын! Мен сендерге ауылдан әжелеріңнің беріп жіберген құрты бар еді. Апайларың сендерге берер. Менің ауылға қайтатын уақытым болып қалыпты олай болса, жақсы көріскенше күн жақсы! Сау болыңдар балалар!

Мұғалім мен балалар: сау болыңыз ата!

Қорытынды:

-Балалар, сендерге бүгінгі сабақ ұнады ма?

-Иә, ұнады.

-Бүгін не туралы айттық?

- Үй жануарлары туралы

-Қандай тапсырмалар орындадық?

-Дидактикалық ойындар ойнадық.

Сендерге көп-көп рақмет! Бүгінгі сабаққа жақсы қатыстыңдар. Балаларды мақтау-мадақтау арқылы сабақты аяқтау.














Қарағанды облысы білім басқармасының Теміртау қаласы білім бөлімінің «Гүлдер» бөбекжайы» коммуналды мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны













Ашық түрде ұйымдастырылған іс-әрекеті

Тақырыбы: «Үй жануарлары және төлдері»








Өткізген қазақ тілі мұғалімі:

Каипбердиева Г.Т.












Теміртау қаласы-2024 жыл

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
09.01.2025
219
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі