Бірінші
кіші «Айналайын» тобындағы ұйымдастырылған
оқу қызметінің конспектісі.
Тәрбиеші:Муканова
Д.Д.
Күні:
25.04.2019ж.
Білім
беру саласы: Таным.
Жаратылыстану
Өтпелі
тақырып:
«Көктем
жылғалары»
Тақырыбы
:
«Үй
жануарлары. Сиыр, бұзау»
Мақсаты:
Тәрбиелік:.
Үй жануарларына қамқорлық жасай білуге
тәрбиелеу.
Оқыту:
Балаларға
үй жануарларының неліктен үй жануарлары
деп аталуын түсіндіру.
Дамытушылық
:
Олардың аттарын дұрыс атап, төлдерінің
дыбыстарын ажырата білуге үйрету
Әдіс-тәсілдер:
көрсету,түсіндіру,сұрақ жауап,
әңгімелесу,ойын.
Ресурстармен
қамтамасыз ету:
үй
жануарларының төлдерімен салынған
суреті, сиыр мен бұзау суреті.
Сөздік
жұмыс:
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:
1.Ұйымдастыру
кезеңі.
2.Негізгі
бөлім.
Біз
ерекше баламыз,
Айтқан
тілді аламыз.
Достарымды
көргенде,
Қуана
қарсы аламыз.
1Әңгіме
жүргізу.
Бейне
таспа көрсету.
-Төрт
түлік дегеніміз- түйе, жылқы, сиыр, қойш
ешкі.
Балалар
назаларларын теледидарға аударады.
Үйде
бағылып, еті сүті, жүні терісі, күші
арқылы адамға пайда келтіретін жануарларды
төрт түлік мал деп атаймыз. Енді, балалар,
үй жануарларының ішінде сиырға тоқталамыз.
Біздің күнделікті ішетін сүтіміз,
қаймағымыз, құрт- ірімішік, айрандарымыз,
жейтін етімізді, яғни осының бәрін
сиырдан аламыз. Сиыр, түйе, жылқы, қой,
ешкі жануарларының төлдері болады.
-Түйе, сиыр, қой, жылқы. Қайталап айту.
Балалар
әр сөзді қайталап айтады. Сиыр сүтінен
не жасалатынын өз білгендерін айтады.
-Сиырдың
төлін не деп атайды екенбіз?
-Бұзау
деп аталады
-Бұзауды
торпақ деп те атайды.
-Бұзау
қалай дыбыстайды? -Мө- мө- мө...
-Оларды
қалай шақырамыз? -Ауқау- ауқау- ауқау...
(Суреттен
сиырды көрсету).
-Сиыр
кеуделі, айыр тұяқты болады. Сиырдың
етімен сүтінен өзге де тағамдар
дайындалады және оның терісі де жақсы
бағаланады.
-Сиыр
немен қоректенеді? -Сиыр шөп жейді.
-Не
ішеді?-Су ішеді.
-Жануарлардың
өздеріне тән дыбыстары болады. Енесі
өріске кеткенде төлдері қарны ашқанда
өздеріне тән дыбысты білдіреді.
Сергіту
сәті.
Айналайын
торпақ,
Бола
берме қорқақ.
Тар
болып тұр аула,
Тысқа
шықта заула.
Қимылмен
қайталайды.
Үлестірмелі
материалмен жұмыс.
Шарты:
үй жануарларының төлдерін тауып, оларды
енелерінің жанына орналастыру. Төлдердің
суреттерін жапсырады.
Тыйым
сөзді қайталау.
Малды
теппе, ақты төкпе.
Қорытынды:
-Балалар, біз қандай жануарларды және
олардың төлдерімен таныстық? Неліктен
үй жануарлары деп аталады?