2 «П» сынып. Бастауыш сынып мүғалімі: Наурызбаева Анар Қанағатқызы. Еңбеке баулу Сабақтың тақырыбы: Үй жануарларын мүсіндеу. Сабақтың мақсаты: Оқушыларға үй жануарларының мүсінін ермексаздан жасауға үйрету.Сабақтың міндеттері: 1. Білімділік. Үй жануарларын мүсіндеу әдіс-тәсілдерімен оқушыларды таныстыру. 2. Дамытушылық. Жұмбақтар шешу арқылы ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамытып, байланыстырып сөйлеуге жаттықтыру. 3. Тәрбиелік. Үй жануарларының адамға тигізетін пайдасы туралы әңгімелетіп, оларды күте білуге тәрбиелеу.Сабақтың типі: Білім, білік, дағды және шеберліктерін жетілдіру сабағы.Сабақтың әдіс-тәсілі:Түсіндіру. Әңгімелеу.. Сұрақ-жауап. Ізденушілік. Ой қозғау. Бес жолды өлең құрастыру. Топпен жұмыс. Машық жұмысы. Ойын.Көрнекілік.Пәнаралық байланыс: Ана тілі, дүниетану. Сабақтың түрі: Саяхат сабақ.Сабақтың жабдығы: Ермексаз,шүберек, су құятын ыдыс, суреттер. Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық ахуал.1,2,3 дем аламыз жинап күш, 1,2,3 қолды алға созамыз. 1,2,3 оңға, солға бұрамыз. Отырамыз партаға, Кірісеміз сабаққа. Оқушылардың оқу құралдарын тексеріп, сабаққа зейінін аудару. ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. Тірек білімді еске алу. Өткен сабақта жасаған бұйымдарын еске түсіріп, үйден жасап келген мүсіндерін салыстыра талдау жасату. Ең жақсы жасаған бұйымды сынып көрмесіне қою.ІІІ. Сергіту минуты. ІV. Жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстыру. Бүгін біз, Боран ауылымызға саяхатқа шығамыз. (Түсті қағаздан жасалған заттар ауыл суреті, үй жануарлары). Үй жануарларының суреттері, мүсіні бар үстел жанына келгенде ауылға жеткендерін хабарлайды. Балалар суреттерге қарап шығып, үй жануарларын атайды. Олардың дауыстарын келтіреді. Мысалы: Мияулаған мысық, үрген ит, мөніреген сиыр, кісінеген жылқы, қыт-қыттаған тауық, маңыраған қой дауыстарын келтіреді. V. «Жұмбақ шешу» ойыны. 1.Кішкене ғана бойы бар, 2Айналдырып киген тоны бар. (Қой). Қойдың төлі-қозы. Пірі- Шопан ата. 2. Басында 2 таяғы бар, Төрт аяғы бар. (Сиыр). Сиырдың төлі-бұзау. Пірі- Зеңгі баба. 3. Мінсең желдей жүйткиді, Көңілің таудай өседі. Алып ұшар алысқа, Ер қанаты деседі. Жылқы. Жылқының төлі-құлын. Пірі-Қамбар ата. 4. Үстінде екі тауы бар, Кезікті бір жануар. Түйе. Түйенің төлі-бота. Пірі-Ойсыл қара.
V. Ой шақыру. –Балалар тағы қандай үй жануарларын білесіңдер? Есек, мысық, ит. Үй жануарларының күзетшісі, сақшысы-ит деп атаймыз. Адамның сенімді досы ит. Сонымен қатар жеті қазынаның бірі де ит.
Венн көрсетуі.
Үй құстары. Үй жануарлары. \ / ҮйТұмсық ,жұмыртқа / \ Ауыз, төлдейді
Суретпен жұмыс. 1-сурет.–Енді балалар, мына суретке қарайық.. Сиыр өзінің төлін іздеп жүр. Соны біз іздеп тауып берейік. Сызық сызу арқылы көрсетіп береді.
2-сурет.- Ит не жейді екен соны тауып айтайық.. Шөп \Ет * ---------ИТ Жем /Сызық арқылы иттің қорегін қосу.
VІ. Оқушылар иттің мүсінін ермексаздан жасайды. 1. Денесін жасап алады. 2. Бас формасының көлемін белгілеп денеге жапсыру. Сирақтардың шығыңқы жерлерін белгілеп, тепе-теңдігін, көлемін анықтау керек. Денедегі негізгі бөліктерді дайындап болған соң, құлақ, құйрық сияқты бөліктерін жасауға болады. Ермексаздан оқушылар иттің мүсінін жасайды. VІІ. Топпен жұмыс. І топ. ІІ топ. ІІІ топ. Сендерді шешелерің Сендер қандай Төрт түлік малдың қалай еркелетеді? иттің түрлерін пайдасын айтыңдар.Боташым, құлыным, білесіңдер? Сүтінен қаймақ, май, айран, қатық, ірімшік, терісінен-күртеше, бас киім, аяқ күшігім, қозым.. Төбет, тазы, кәнден. киім тігіледі. Әр топтың оқушылары өз тапсырмаларын орындайды. Содан соң бір-біріне түсіндіріп береді.
VІІІ. Үйге тапсырма: Жұмбақ, мақал-мәтел жаттау. Өзіне ұнайтын үй жануарының мүсінін жасап келу.ІХ. Сабақты қорытындылау. Оқушылар білімін бағалау. Жасаған бұйымдарын салыстыра отыра талдау жасату. Кімдікі әдемі, жақсы жасалғандарын айтқызу. Х. Рефлексия.–Нені-жасап үйрендік? -Саған сабақ ұнады ма? -Сабақтан қандай ой түйдіңдер?