400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Үй жануарларына арналған көпір» біріккен ұйымдастырылған оқу қызметінің жоспары

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектепке дейінгі кіші топта сөйлеуді дамыту және құрастыру бойынша біріккен ұйымдастырылған оқу қызметінің жоспары.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мектепке дейінгі кіші топта сөйлеуді дамыту және құрастыру бойынша

біріккен ұйымдастырылған оқу қызметінің жоспары


Павлодар облысының білім беру басқармасы,

Павлодар қаласы білім беру бөлімінің

«Павлодар қаласының №27 сәбилер бақшасы – Дамыту орталығы» КМҚК тәрбиешісі

Люзия Байназарқызы Ходжахметова


Білім беру саласы: Коммуникация, Таным

Бөлімдері: Сөйлеуді дамыту, Құрастыру

Тақырыбы: «Үй жануарларына арналған көпір»

Мақсаты: Балалар үй жануарларының атауын білу, қарапайым конструктор бөлшектерін қолданып көпір құрастыру.

Дидактикалық ойын: «Үй жануарларына көмектес!»

Білімділік: Үй жануарларымен таныстыру, бір-бірінен ажырата алу, аттарын үйрету, оларға көпір құрастыруды үйрету.

Дамытушылық: Сұрақтарға қысқаша жауап беруге дағдыландыру.

Тәрбиелік: Ұқыптылыққа баулу. Үй жануарларына қамқор болуға тәрбиелеу.

Қажетті құрал-жабдық көрнекілік: Үй жануарларының суреттері, үлестірмелі карточкалар, үй жануарларының дыбыстары жазылған аудиотаспа, лего конструкторы, үй жануарларының муляждары, жағажай мен су бейнеленген плакат.

Билингвальді компонент: аула-двор, көпір-мост, ат-лошадь, сиыр-корова, қой-овец, ешкі-коза, ит-собака, мысық-кошка, төл-дети животных.

Іс-әрекетінің кезеңдері

ҰОҚ барысы

Кіріспе бөлім

  1. Шаттық шеңбері:

Қуанамын мен де,

Қуанасын сен де,

Қуанамыз достарым.

Арайлап атқан күнге!


  1. Үй жануарларының дыбысы естіледі. Тәрбеші балалардан ненің дыбысы екенін сұрайды. –Балалар, үй жануарлары өздерінің төлдеріне өте алмай тұр екен. Себебі, көпір бұзылыпты.біз оларға көмектесеміз бе?

Негізгі бөлім

Тәрбиеші балаларды үй жануарларымен таныстырады. Олардың атауын дұрыс айтқызады.

  1. Дидактикалық ойын: «Тыңда! Ойлан! Тап!»

Мақсаты: балалардың есту қабілетін және есте сақтау қабілетін дамыту.

Тәрбиеші балаларға жануарлардың дыбыстары жазылған үнтаспаны тыңдатады. Екінші рет тыңдағанда, балалар алдында тұрған карточкалардан дыбысын естіген жануардың суретін көрсетіп, атын атайды.

  1. Дидактикалық ойын: «Құрастыр»

Мақсаты: ойлау қабілетін, зейінін дамыту.

Балалардың алдында үй жануарлары бейнеленген суреттер берілген. Ол суреттер екіге бөлінген. Балалар екі жартыны тауып, бір бүтін қылып құрастырады.

  1. Дидактикалық ойын: «Дыбыста»

Балалардың есте сақтау қабілетін дамыту.

Тәрбиеші балаларға қораптағы жануарлардан бір-бреуден алып, олардың қалай дыбыстайтынын сұрайды. Балалар өздері таңдап алған жауардың атын атап, дыбысын салады.

Сергіту сәті:

Ұзын құлақ сұр қоян

Естіп қалды сыбдырды

Ойлы-қырлы жерлермен

Ытқып-ытқып секірді.


  1. Келесі тапсырма «Үй жануарына көмектес»

Балалар берілген лего конструкторларынан жануарларға көпір салады.

Қорытынды бөлім

  1. Тәрбиеші балалардан бүгін гі іс-әрекетте қандай жануарлармен танысқанын, және оларға қалай көмектескенін сұрайды.

  2. Тәрбиеші балаларды бүгінгі іс-әрекетке белсенді қатысқандары үшін мақтап, мадақтайды.


Күтілетін нәтиже:

Біледі: Үй жануарларының атауын біледі

Қолданады: Үй жануаларына көпір сала алады.

Игереді: Үй жануарларын ажырата алады.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
06.11.2021
499
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі