15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
"Үй жануары қой" қағаз көмегімен
15.03.19ж «Жауқазын» Жүргізген тәрбиеші: Шәкебай.Г.Т Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Ашық оқу іс-әрекеті. Білім беру саласы: «Таным » Бөлімдері: «Құрастыру» Тақырыбы: «Үй жануары қой» (қағаз көмегімен) Мақсаты:балаларға үй жануары қой туралы ұғымдарын пысықтау барысында қағаздың көмегімен қойдың бейнесін алақанның сұлбасын қойдың негізгі пішініне келтіріп, саусақ бұлшық еттерін дамыту арқылы мақтаны жүн ретінде қолданып жасаудың әдіс-тәсілін үйрету. Д:ойлау,есте сақтау қызығушылық қабілеттері мен шеберліктерін дамыту. Т:ұқыптылыққа,ептілікке тәрбиелеу. Құрал-жабдықтар:балалардың дайын қолтаңбасы ,мақта,қара қарындаш, желім. Әдіс-тәсілі:көрсету,түсіндіру,сұрақ-жауап,құрастыру. Пән аралық байланыс:құрастыру,көркем әдебиет. Қостілді компанент:қой-баран
Әрекет кезеңі |
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті
|
Ұйымдастырушы, қозғаушы қызымет түрі.
Жаңа оқу іс-әрекеті
Сұрақ-жауап
Қостілді компанент
Түсіндіру
Сергіту сәті
Д\о
Рефлексиялық түзетушілік |
Ұйымдастыру кезені «Шаттық шеңбері» Балабақша армысың, Сені жақсы көремін. Достарым менің бармысың, Құшақтасып алайық. -Балалар балабақшаны жақсы көресіңдер ме? -Достарыңды құшақтаған қалай ұнай ма сендерге? -Жақсы балалар Балалар бізге құрастыру сабағы. Күтпеген сәт: «Үй жануарларын тиеген көлік» (тәрбиеші үй жануарлары тиеген көлікті топқа кіргізеді) Шопан атадан хат келгенін айтады. -Балалар шопан ата өзінің бір үй жануарын жоғалтып алғанын жазыпты. Балалар ол қай жануар екен? Көліктегі жануарлардың атын атап түсіріп алайық. -Балалар көлікте қай жануар жоқ ? -Ана жақта бір дауыс естіледі, ол ненің дауысы екен? Шопан атаның жоғалтқан қойының дауысы шығар. Балалар шопан атайға қойын табалмасақта сендер қой құрастырып бересіңдер ме? -Балалар қойдың бейнесін көзімізге елестетіп көрейік. -Қойдың түсі қандай болады? Өте дұрыс айтасыңдар! Қойдың жүнінен байпақ тоқиды және кигіз басады, пиманы да қойдың жүнінен жасайды. Қой-баран. Балалар шопан атаға қойын құрастырып беру үшін мына ақ қағазда алақан таңбалары сызылған ,сол алақан таңбасын қайшымен әдемілеп қиылған, алақанның ортасына желім жағып желімнің үстіне ақ мақтаны жапсырамыз,бас бармақтың ортасына қойдың көзін қара қарандашпен саламыз,ал қалған саусақтар қойдың аяқтары ретінде қара қарандашпен бояп шығамыз. Балалар орынымыздан тұрып сергіп алайық. Терезені ашайық, Таза ауаны жұтайық. Жалқаулықты тастайық, Қайта сабақ бастайық. Жоғары төмен қарайық, Орынымызды табайық. Жарайсыңдар орындарыңа отырыңдар. Қане сендердің құрастырған қойларыңды көрейін. «Дыбысты дұрыс тап» Мақсаты:тыңдай отырып зиінділігін арттыру. Шарты:үй жануарларын атап, дыбысын салу,төлін атау. -Ойын сендерге ұнады ма? -Сендер нені құрастырдыңдар? -Қойдың түсі қандай? -Қойдың төлін қалай атайды? Қойдың пайдасы бар ма? Балалар сендер құрастыру сабағында қойды өте жақсы әрі әдемі құрастырдыңдар. Мен сендердің құрастырған қойларыңды шопан атайға беріп жіберемін. Бүгінгі оқу іс-әрекетіне өте жақсы қатыстыңдар. Сау болыңдар!
|
Иә.
Иә.
-Сиыр,ешкі, жылқы,шошқа.
Қойдың.
-Иә құрастырып береміз.
-Қоңыр,қара,ақ қойлар болады.
Балалар тәрбиешіні тыңдайды.
Сергіту сәтінің сөзіне қарай қимылдар жасайды.
Балалар ойынды ойнайды. -Иә. -Қойды. -Ақ. -Қозы. -Иә . |
Күтілетін нәтиже:үй жануары қойды. Нені білді:қойды құрастыруды. Үйрену керек:балалар үй жануарын сипаттау мен қойдың бейнесін жасау әдісін.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген