400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Үй жанурлары

Материал туралы қысқаша түсінік
Балабақшадағы балаларға үй жануарларын ең сабағында өткізу тәрбиешілерге арналған ашық сабақ. Жапсыруға мүсіндеуге үйрету.
Материалдың қысқаша нұсқасы

10.01.-14.01.2022

Тақырыбы: «Үй жануарлары».

Мақсаты: үй жануарлары туралы түсініктерін кеңейту.

Білімділік мақсаты: үй жануарларының ерекшеліктерімен таныстыру, түстерін, төлдерін ажыратуға, көрсете білуге үйрету. Нұсқауларды түсіне білуге, орындауға үйрету.

Түзету-дамыту мақсаты: жалпы және ұсақ моторикаларын, ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Желіммен, қағазбен, ермексазбен жұмыс жасау, құрастыру дағдыларын дамыту.

Тәрбиелік мақсаты: мейірімділікке, достыққа тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: үй жануарлары, төлдерінің суреттері, желім, қиылған шаблондар, ермексаз, тақтайша, дымқыл сүлгі.

Әдісі: әңгімелеу, көрсету, түсіндіру, сұрақ-жауап, ойындар арқылы.

І. Кіріспе бөлімі:

Музыкалық жаттығу.

Жаттығу музыка семелдеуімен жүргізіледі.

ІІ. Негізгі бөлімі:

Үй жануарлары туралы әңгімелесу.

Баланың назарын суреттерге аударып әңгімелесу.

-Суреттерге қарашы, мынау сиыр, қой, ешкі, түйе, жылқы. Олар үй жануарлары. Олар адамның жанында өмір сүреді, адамдар оларға қарайды, шөбін береді.

Әр жануардың өз ерекшелігін әңгімелеу.

Д/ойын: «Төлдерін ата».

Мақсаты: үй жануарларын атауға, ажыратуға, төлін табуға үйрету.

Барысы: үй жануарларының суреттерінің алдына қойып оларды атау. Аталған жануардың төлін табу.

Сергіту сәті:

Тіктеп титтей құлағын, (қолдарын бойына қояды)

Ботам былай жүреді, (ботаның жүрісін салады)

Сыртылдатып тұяғын, (аяқтарын тыпырлатады)

Бұзау былай жүреді. (бұзаудың жүрісін салады)

Жапсыру: «Қоршау».

Балалардың назарын бейнеленген үй жануарына суретіне аударып әңгімелету. Түсіне, көлеміне назарын аударту. Сол суретте қандай зат жетіспейтінің анықтау.

Қиылған шаблондарды қағаздың ортасын тапқыза отырып балаларға жапсырту. Желіммен жұмыс жасау, жапсыру дағдыларына үйрету, қауіпсіздік ережелерін естеріне салып отыру.

Мүсіндеу: «Қоршау».

Балалардың назарын үй жануарларының ойыншықтарына аударып әңгімелету. Түсіне, көлеміне назарын аударту. Оларға қоршау керек екені жөнінде әңгімелесіп қоршау бөренелерін ермексаздан мүсіндеуге үйрету.

Ермексазды үзу, есу, ұзыншаларды есу әдістерін көрсете отырып бөренелерді мүсіндеуге үйрету. Жұмыс соңында сүлгімен пайдалануға, заттарды орнына жинап қоюларына дағдыландыру.

Құрастыру: «Қоршау»

Конструктормен үй жануаларына қоршау құрастыру.

ІІІ. Қорытынды бөлімі:

-Қой, ешкі, түйе, сиыр, жылқы – үй жануарлары. Олар адамның жанында өмір сүреді.


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
11.01.2023
425
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі