400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

үй жиһаздары

Материал туралы қысқаша түсінік
үй жиһаздары
Материалдың қысқаша нұсқасы


Ұйымдастырылған оқу әрекетінің технологиялык картасы.

Технологическая карта организованной учебной деятельности

Flow chart of organized training activities

Күні/дата/date______________Тәрбиеші/воспитатель/educator_________________

Білім беру саласы /Образовательная область/Educational area:Коммуникация

Бөлімі /Раздел /Section: Көркем әдебиет

Тақырып /Тема/Theme: «Үй жиһаздары»

Мақсат/Цель/Purpose: Тақпақтың мазмұнымен таныстыру..

Міндеттері/Задачи/Objectives:

Білімдік/Обучающая/Training:. Жиһаздар туралы түсінік беру. Сөздерді қатты-баяу, дауыспен айтуға жаттықтыру. Тақырыпқа сәйкес тақпақты интонациясын сақтап айтуға үйрету.

Дамытушылық/Развивающая/Developmental: тілін, есте сақтау қабілетін дамыту.

Тәрбиелік/Воспитательная/Educational: сыпайылық, карапайым әдеттеріне тәрбиелеу

Сөздік жұмысы/Словарная работа/Dictionary work:жиһаз

Технологиялар/Технологии/Technology:

Пән аралық байланыс/Межпредметная связь/Interdisciplinary communication:

Көп тілдік компонент (Полилингвальный компонент)/Poly-lingual component: жиһаз-мебель- furniture, үстел-стол-table cөре-полка- a shelf

Құрал-жабдықтар/Оборудование/ Equipment: жиһаздардың суреттері, ойыншық жиһаздар

Әдіс –тәсілі/Методы/Methods:


Іс-әрекет кезендері

Этапы деятельности

Activities stages

Педагог іс-әрекеті

Действия педагога

Teacher actions


Балалардың әрекеті

Деятельность детей
Actions children

Есеп

Учет
Accounting

(+)

Есеп

Учет
Accounting

(-)

Мотивациялық -қозғаушы

Мотивационно – побудительный

Motivation - incentive

  Армысың  алтын күн,                             Армысың асыл  жер.

     Армысың  көк  аспан,

         Армысың жан  досым.

            Жылуыма жылу  қос,

               Міне , менің  қолым




Балалар бір-біріне қолдарын беріп жылуларын сезінеді.



Іздену -ұйымдастырушы

Организационно – поисковый

Organizational - searcһ


  Мен бүгін балабақшаға келе жатып, сандық тауып алдым. Бұл сандықта біреу бар секілді. Қараңдаршы балалар мұнда хат бар екен. Хаттың ішінде жұмбақ жасырыпты.

Қорбан, қорбан етеді?

Орман оның мекені.

Тәтті балға тойып-ап

         Қыста ұйқыға кетеді.

Аю: — Сәлеметсіңдер ме?  Мен кішкентай қонжықпын. Мен орманда тұрамын. Ал сендер қайда тұрасыңдар?

—         Ал үйлерінде, бөлмелерінде не бар?

Тәрбиеші бөлме бейнесінің суретін көрсетеді.

—         Иә, қонжық осындай жиһаздар әр үйде тұр.

Қонжық: — Ал менің інімде ешқандай жиһаздар жоқ. Менде осындай ыңғайлы жиһазды қалаймын. Бірақ білмеймін қандайын таңдап алайын. Сендер маған көмектесесіңдер ме?

1. Тәрбиеші: — Балалар, қонжыққа жиһазды таңдап алуға көмектесеміз бе? Жиһаздар дүкеніне барайық.

Тәрбиеші балаларға ойлануға ұсыныс жасайды: Қонжықтың бөлмесіне қандай жиһазды қоюға болады?

—         Қонжық саған бөлмең ұнады ма?

2. – Балалар, қонжық бұл жиһаз заттарын есіне сақтау үшін ойын ойнайық. Мен сендерге жұмбақ жасырамын, ал сендер жауабын табыңдар.

Төрт аяғы болса да,
Етік киіп көрмеген.
Жалқаулығы соншама,
Аттап шықпас бөлмеден.  (үстел)

 

Мен жәйлімін, жұмсақпын,

Мені табу қиын емес-

Ұнатады әжелер мен сәбилер

Отыруға, жатуға.

 

Кеш батты, шаршадың сен, ұйқың келді

Ұйқы бөлмеде күтіп тұр сені

—       

  Аю, сен есіңе барлығын сақтап алдың ба?Жарайсың! Балалар да өте ақылды. Жарайсыңдар! Қонжыққа көмектестіңдер.


 

Сергіту сәті

Қонжықтар орманда тұрды,

Бастарымен бұлай бұрды

Қорбан, қорбан жүрді

Көлден су ішті

Қонжықтар бал іздеп

Ағашты шайқады

Былай-былай  шайқады

Кейін қолдарын көтеріп

Би биледі шаттана.

 

3. – Балалар, орманда қонжықтың  достары тұрады. («Үш аю» ертегісінің аюлар суретін көрсетеді). Сендер оларды таныдыңдар ма? Бұл қай ертегінің аюлары? Олардың үйлерінде бір жағымсыз жағдай болды. Біреу олардың үйлеріне кіріп, бүкіл жиһазды сындырып тастады. Бұл кім екен?



Қызығушылық танытады.

 

 

Жұмбақты шешеді.

 

 Аю

 

Аю шығады

-Үйде     

 

Жиһаз

 

 

 

 

-Иә

 

Балалар кезекпен жиһазды атап және ол не үшін керек екенін түсіндіреді. Кейін балалар «Дүкеннен» жиһазды алып қонжықтың бөлмесіне апарып қояды.

 

 Иә, бөлмем ұнады

 

 

Балалар жұмбақтарды шешеді.

 

Үстел 

 

 

 

.Диван



 



Кереует

 

 

 

 

 Бастарын алдына –артына, оңға-солға еңкейеді.

Аюлар секілді жүреді

Аяқ ұшына қолдарын жеткізіп еңкейеді.

Қол жоғары, денені оңға –солға еңкейу

 

Қолдарын жоғары көтеріп, иыққа түсіру.

 

 «Үш аю» ертегісі

 

 Маша

Рефлексивті -коррекциялаушы

Рефлексивно – корригирующий

Reflexive correcting

Бүгін біз оқу іс-әрекетінде не туралы өттік?

Жиһазды қалай күтіп ұстау керек екенін түсіндіңдер ме?

Жиһаздар туралы яғни үстел туралы өттік.

Жиһазды күту керек екенін де түсіндік.


Күтілетін нәтижесі /Ожидаемые результаты/ Expected results:

Жаңғыртады/Воспроизводит/ Reproduce:тақырып бойынша өткен жаңа сөздерді меңгереді

Түсінеді/Понимает/ Understand: жиһазды күту керек екенін түсінеді

Қолданады/Применяет/Use:жиһаз атауларын дұрыс қолданады.
















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
31 қаңтар
497
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі