400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Үй құстары

Материал туралы қысқаша түсінік
Айналадағы әлем
Материалдың қысқаша нұсқасы

2 сынып. Айналадағы әлем. Сабақтың тақырыбы:Үй құстары.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Үй құстарының тіршілігі және олардың пайдасы туралы мағлұмат беру

Түзету дамыту: Өз ойын нақты және түсінікті айта білу, сөйлем құрап айту қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: құстарға деген сүйіспеншілікке, қамқорлыққа тәрбиелеу.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру:1 Оқушының зейінін сабаққа аудару.

ІІ.Үй тапсырмасын пысықтау:

ІІІ. Өткен сабақты еске түсіру:

ІҮ. Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау.

Ү. Жаңа сабақ:а) Түсіндіру. Құстар: жыл құстары.,қыстап қалатын құстар,үй құстары.

Жыл мезгілі, қыс айлары, апта күндері туралы әңгімелеу.

Құстар және олардың пайдасы туралы әңгімелеу. Құстар- жан-жануарлардың ең көп және маңызды тобы. Олар мекен ету орнына қарай үй және дала құстары болып бөлінеді. Үй құстарына: әтеш, тауық, қаз, үйрек, күркетауық жатады. Тауық баласы: шөже, қаз баласы: ақүрпек, үйрек баласы: шүрегей және күркетауық балапаны. Үй құстарын үйде күтіп баптайды. Олардың еті, сорпасы, жұмыртқасының адам ағзасына өте пайдалы. Мамық жүнінен жастық, көрпеше, күртешелер тігіледі. Адамдар үй құстарына жем, су беріп, қора дайындап, қамқорлық жасайды.

Құстар туралы тақпақ айту.

Жұмбақ шешу:

1. Ақ сарайын талқандап,

Шықты біреу талтаңдап.

2. Күн бата қонақтап қалқыған,

Таң ата жерден жем аңдыған.

3. Басы тарақ, құйрығы орақ.

4. Кеудесі қайқаңдап,

Жүреді байпаңдап.

5. Айдалада ақ отау,

Аузы – мұрны жоқ отау.

Суретке қарап сөйлем құрастыру.

Сергіту сәті:

Тауық тары жинапты,

Оны ешкімге қимапты.

Бөтекесін толтырып,

Қамбасына құймапты.

Қыста тауық қақылдап,

Тары іздеп жүр тақылдап.

Жаңылтпаш шешу.

1. Үйір-үйір үйректі, үйірге кім үйретті,

Үйір-үйір үйректі, үйірге өзім үйреттім.

2. Қара қарға қарға қонды,

Ала қарға жарға қонды.

3. Әтеш әнге басады, әтеш ұйқы ашады.

4. Қыс қыспаса қыс па?

Құс ұшпаса құс па?

Дидактикалық ойын. Не қалай дыбыстайды?

ҮІІ. Сабақты қорытындылау:Біз не жайында білдік?Құстар туралы жұмбақ шешу Р.Өтегеновтың “Құстар” өлеңін айту.

Қоныңдар, құстар қоныңдар,

Бәріңе төрден орын бар,

Қанатты барлық достарға,

Балалар қамқор болыңдар!

ҮІ. Жаңа білімін тексеру:- Жабайы құстарды ата,-Үй құстарын ата.-Үй құстарының пайдасы қандай? ҮІІІ.Үйге тапсырма.

№2 сабақ. Психомоторикасымен және сенсорлық үрдістерін дамыту

Сабақтың тақырыбы: Хайуанаттар бағы

сабақтың Ссс мақсаты: Балаға хайуанаттар бағы туралы түсінік беру, жабайы аңдар туралы білімдерін тиянақтау. Аңдардың кейбір ерекшеліктерін салыстыра айтуға үйрету арқылы ойлау қабілеттерін дамыту. Жан - жануарларды қорғауға, қамқор болуға, сүйіспеншілікпен қарауға тәрбиелеу.
Көрнекіліктері: аңдардың, тордың суреттері, ойыншықтар, суреттер.
Оқу іс - әрекетінің барысы:
ә) Жұмбақтар шешу.
1. Қалқиып қос құлағы,
Елеңдеп қорқып тұрады. (Қоян)
2. Халық «қу» деп,
Қылған күлкі
Айласы көп.
Бұл не? (Түлкі)
2. Негізгі бөлім.
а) Хайуанаттар бағы - жабайы жануарларды қолда (торда, қоршауда) немесе жартылай қолда (табиғи мекендеу ортасына жақын көлемде қоршалған аумақ) ұстайтын ғылыми ағарту мекемесі. Онда біздің елде мекен етпейтін, теледидардан ғана көре алатын, жыртқыш, жабайы жануарларды адамдар өз көздерімен көруге мүмкіндік жасалған. Оларды хайуанаттар бағының қызметкерлері баптайды. Хайуанаттар бағындағы жануарларға кез - келген тамақты беруге тиым салынған. Өйткені олар ауырып қалуы мүмкін.
ә) Сөздік жұмысын жүргізу.
Хайуанат - жан - жануарлардың жалпы атауы.
Хайуанаттар бағы - жан - жануарларды бір араға жиып, көпшілікке көрсету шараларымен шұғылданатын мекеме.
б) Сурет бойынша әңгіме жүргізу.
Дәптердегі хайуанаттар бағы бейнеленген суретті пайдаланып, әңгіме құрастырады. Балалар көмек арқылы торда тұрған қасқыр, аю, көжек туралы әңгімелейді.
Қасқыр - ит тұқымдас жануар. Түсі - сұр. Оны жыртқыш дейді. Қасқырдың баласын бөлтірік деп атайды.
Қоян - ұзын құлақ жабайы жануар. Қоянды үйде де асырайды. Оның түсі аппақ, сұр болады. Ол - өте қорқақ аң. Қоянның баласын көжек деп атайды.





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
3 мамыр
601
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі