Алматы облысы білім
басқармасының Қарасай ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік
мекемесінің "Сандуғаш" бөбекжай-балабақшасы" коммуналдық
мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны
Тақырыбы: «Үй
құстары»
Ортаңғы «Балапан»
тобы
Тәрбиеші: Ш. И.
Базарбаева
Қаскелең
қаласы
2024-2025 оқу
жылы
Тақырыбы: Үй
құстары
Міндеттері: Көрнекілікпен немесе
көрнекіліксіз өзіне айтылған сөзді тыңдауды дамыту (қазақ тілі);
Балалардың сөздік қорын ойындар арқылы кеңейту (сөйлеуді дамыту);
өлеңдерді тыңдай білуге, олардың мазмұнындағы әрекеттердің дамуын
бақылауға тәрбиелеу (көркем әдебиет); балалардың назарын адамның
жеке қасиеттеріне (мейірімді, жанашыр, қамқор, сезімтал, ұқыпты)
аудару (қоршаған ортамен таныстыру)
Көрнекіліктер: құрастыруға керекті
материалдар, карточкалар
Әдістер: сөздік, көрнекілік , тосын
сый, АКТ
Барысы:
Күнге қарап
қолымды
Бір, екі, үш деп
соғайын
Қарап тұрған
көршіме
Мен қолымды
бұлғайын
Жылы-жылы
жүзбенен,
Жылы-жылы
сөзбенен
Жүрегімді
сыйлайын.
Музыка ойналып, қонаққа тауық
келеді. Ол көңілсіз болып кіреді.
- Сәлеметсіңдер ме, балалар!
Қыт-қыт-қыт!
- Сәлеметсің бе,
Тауық!
- Балалар, бұл қандай құс? Кім
біледі?
-
Тауық
- Дұрыс айтасыңдар, бұл –
тауық. Бірақ біздің қонағымыз Тауықтың көңіл-күйі жоқ сияқты. Сұрап
білейікші.
- Тауық сізге не болған? Неге
көңілсізсің?
Тауық:
- Балалар мені әтеш, үйрек,
қаз қонаққа шақырып еді. Бірақ оларға баруым үшін, олар туралы
тақпақ айтып беруім керек. Мен олар туралы тақпақ
білмеймін.
- Балалар, Тауыққа
көмектесеміз бе?
-
Көмектесейік
Балалар тақпақ айтып
береді.
Ясина:
Тауық: Балапанын
тауық,
Қызғанады
жаман.
Қанатымен
жауып,
Санатпайды
маған.
Ибраһим:
Қаз: Айбат шекті Ата
қаз,
Тас лақтырған
балаға,
Шықтыңыз ба
далаға
Тиіспеңіз
га-га-га
Байжан:
Әтеш: таудамысың,
сайдамысың
Таңғы ауада сайра
құсым,
Ұйқыдаға
ауылды
Оятады әтеш
құсым.
Адель:
Үйрек айтты
га-га-га,
Шыға алмаймын
жағаға.
Су іздесең мұнда
кел,
Самал жел бар мұнда да.
Тауық:
- Рақмет балалар!Ал енді мен
барайын. Мен оларға осы тақпақтарды айтып беремін. Қонақтан шыққан
соң мен міндетті түрде сендерге тағы келемін. Мені күтесіңдер
ме?
- Ия,
күтеміз
- Балалар әтеш, тауық, үйрек,
қаз – олар қандай құстар?
- Үй
құстары
(Үй құстарының суретін
көрсету, құстардың атын қайталату)
«Үй
құстары» бейне-ролик
көрсету
Тауық -
балапан,
Қаз-
мамыр,
Үйрек-
шүрегей.
- Олар қайда
мекендейді?
- Үйдің ауласында
мекендейді.
- Олардың қандай пайдасы
бар?
- Олардың еті, мамығы,
жұмыртқасы пайдалы
- Балалар үй құстарынан басқа
қандай құстарды білесіңдер?
- Дала құстары. Олар табиғатта
өз беттерінше өмір сүреді екен. Біз дала құстарына қандай көмек
жасадық.
Тапсырмаларды
орындау.
Балалар өз еріктерімен
тапсырмаларды орындайды
Ойын: «Құстарды
құрастыр»
Ойын: «Балапанды
қоректендір»
Ойын: «Көлеңкесін
тап»
Арт-терапия: «Құстарды
тап»
Ойын: Қай құстың
дауысы?
Шарты: балалар құстардың дауысын
ажыратады
Ойын: Қай құс қалай
дыбыстайды?
Тауық:
қыт-қыт-қыт
Әтеш:
ку-ка-ре-ку
Қаз:
қаңқ-қаңқ
Үйрек: быт-быт,
быт
Сергіту
сәті
Тауық тары
жинапты,
Оны ешкімге
қимапты.
Бөтегесін
толтырып,
Қамбасына
құймапты
Қыста тауық
қытқыттап,
Тары іздеп жүр
тақылдап.
Тіл ұстарту
жаттығуы
Ауыл маңы саз – саз -
саз,
Жайылады қаз - қаз -
қаз
Жем шашсаң мәз - мәз -
мәз
Тоймай қалса қаз – қаз –
қаз
Шашқан дәнің аз – аз –
аз.
Тауық: Балалар сендердің тақпақтарың
үй құстарына қатты ұнады. Олар сендерге үлкен жұмыртқа беріп
жіберді.
Үлкен жұмыртқаның ішінде
киндер шоколадтары шығады. Балаларға
таратылады.
- Балалар, сендерге сыйлық
ұнады ма? Ендеше Тауыққа рақмет айтайық
- Үй құстарын
атаңдаршы
- Тауық, әтеш, қаз,
үйрек