Үй құстары

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Үй құстары

Материал туралы қысқаша түсінік
тәрбиешіге
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ортаңғы топтарындағы таным білім беру саласы

эколгоия бөлімінің ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің

дидактикалық ойындары




Дидактикалық ойын: «Артығын тап»


Мақсаты: балалардың сөздік қорын молайта отыра, танымдылық процестерін дамыту.

Шарты: Үстел үстінде қатар бойы түрлі ойыншықтар тұрады.

(Бірінші қатарда жұмсақ ойыншықтар: қоян, қонжық, керік, тиын, резенке - (піл) тұрады)

Екінші қатарда резенке ойыншықтар: доп, балық, жылын, тасбақа, жұмсақ (сиыр) тұрады)

Үшінші қатарда темір ойыншықтар: жүк таситын машина, зырылдауық, барабан, металлофон, пластмас (шайнек) тұрады)

Төртініш қатарда ағаш ойыншықтар: машина, алты құрам матрешкасы, мұнара, ұсақ құрылыс заттары, резенке- (текшелер) тұрады

Бесінші қатарада пластмасадан жасалған ойыншықтар: лего, текшелер, ыдыстар, пирамида, жұмсақ (қуыршақ) тұрады.

Балаларға тарпсырма: қатардағы артық ойыншықты тауып, түсіндіру керек.










Дидактикалық ойын: «Сыр саңдық»


Мақсаты: қоршаған орта нысандарына танымдық қызығушылықтарын одан ары қарай арттыру.

Құралдар: әдемі қоропшадан жасалған саңдық, немесе дайын көлемі кішірек саңдық. Ойыншықтар суретттері мен түрлі ұсақ ойыншық жатады.

Шарты: балалар шеңбер бойы отырады. Үстел үстінде саңдық тұрады. Саңдық ішінен бала қолына түскен ойыншық немесе суретті алып, тәрбиешінін сұрақтарына жауап беру керек.

Мысалы: Мынау не?

Бұл ойыншықты дүкендегі қандай сөреге қоюға болады?

Неге сең бұл ойыншықты екінші сөреге қойдың?

Бұл ойыншық неден, қалай жасалынды?

Суретке қарап бұл ойыншық қалай болып шыққанын көрсетші?


«Саяжайдағы өсімдіктер»

Дидактикалық ойын: «Не өзгерді?»

Мақсаты: Есте сақтау қабілеттерін дамыту.

Құралдар: баубақшадағы өсімдіктер сүреттері

Шарты: суреттердін арасынан қандай өсімдік орнын ауыстырғанын тауып айтып беру керек.

Мысалы: Балалар өсімдіктер қалай орналасып тұрғанын естеріне сақтап, теріс тұрады, тәрбиеші өсімдіктердің орнын ауыстырып «Не өзгерді?» деп сұрақ қояды. Балалар бұрылып өзгерісті тауып айтып беру керек (өсімдіктін атауын айтып жауабын дәлелдеу керек)


«Күзгі саябаққа серуен»

Дидактикалық ойын: «Не артық?»

Мақсаты: ойлау, тыңдау қабілеттерін дамыта отыра танымдылық қызығушылықтарын жетілдіру.

Құралдар: көкөкністермен жемістердін муляждары мен суреттер

Дәптермен жұмыс

Шарты: балаларға муляждар мен суреттер таратылады.

Балаларға тапсырма: суреттер мен мулядардың арасынан артық затты тауып көрсет, неге ол артық екенін түсіндір.


Дидактикалық ойын. «Екі себет»

Мақсаты: көкөністермен жемістерді өзара салыстыра отыра, оларды топтастырып беру керек.

Шарты: Үстелдін үстінде көкөністермен жемістер араласып жатады, балалар көкөністерді бірінші себетке, ал жемістерді екінші себетке теріп жинау керек.


«Нан қалай піседі».

Дидактикалық ойын:" Реттілігін көрсет"

Мақсаты: Ойлау, тыңдау қабілеттерін және зейінділіктері одан ары қарай дамыту.

Құралдар: нанға, нан қалай дайындалып шығатынына байланысты суреттер

Шарты: балаларға нанды қайдан пайда болатыны туралы суреттер таратылады. Тапсырма: суреттке қарап рет-ретімен орналастырып, түсіндір.





Дидактикалық ойын «Егер де ...»

Мақсаты: Балалардың сын тұрғыдан ойлауларын одан ары қарай жетілдіру, сөйлем мәдениетін қалыптастыру.

Тәрбиеші Балаларға сұрақ қойылады егер орманда құстар болмаса:

Онда басқа жан-жануарлармен не болмақ?


Дидактикалық ойын:

«Қайсысы қыстыққа қалай дайындалады?»

Мақсаты:Балалардың ойлау тыңдау қабілеттерін одан ары қарай жетілдіру. Танымдылық қызығушылықтарын дамыту.

Керек құрал жабдықтар: Қысқы ормандағы аңдардың тіршілігі. Сюжетті сурет

Шарты: Балалар суретке қарап тәрбиешінің сұрақтарына жауап береді.

Тапсырма:Сұрақтарға жауап бер.

1. Қандай аңдар күз айында азық дайындайды?

2.Қандай аңдар ұйқыға батады.?

3. Қандай аңдарға адам астауға көрек, жем дайындап береді?

4. Қандай аңдар қар астынан өздеріне көрек тауып жейді?

5. Қандай аңдар жүн терісінің түсін өзгертеді?

Дәптермен жұмыс.


Дидактикалық ойын: «Не қайда тұрады?»

Мақсаты: жабайы аңдардың тіршілік әрекеттері туралы ұғымдарын кеңейту.

Құралдар: жабайы аңдардың және олардың мекендеп жүретін суреттер

Шарты: балаларға суреттер таратылады, әр жануардың мекенін тауып түсіндіру керек.

Балалар ойын тапсырмасын дұрыс орындау керек.


Дидактикалық ойын: «Не болды, не өзгерді?»

Мақсаты:қар қиыршықтары бақылау жасауға үйрету: мұз қатты, тайғанақ, жылы жерде жылдам ериді

-Қар қиыршықтары,қандай?

-Оны қысамыз, ол қандай?

-Ұстап тұрған қар қиыршықтары, саламыз алдындарындағы табақшаға, қолдарынды сүлгі алып

сүртеміз, артқа тығамыз.

-Табақша да не болды? Оның ішіне су қайдан пайда болды?

- Мұз бөлшектері неліктен еріді?

-Ал қазір қар қиыршықтары, табақшадағы , шыныдан жасалған мөлдір тегешке өте жылы сумен саламын, қорейіқ не болады?

-Ал енді маған қарандар, мен мұзды ұстадым, ол менің қолымнан тайғанап кетті, маған қиын ауыр оны ұстауғы, неге? ол қандай?

-Мұз ол қандай?

-Тегешке қарайық, қар қиыршықтары қайда, не болды?

-Біз оны қандай суға салдық?

-Мұз ол не?


Дидактикалық ойын: «Қарама-қарсы»

Мақсаты:сөздіқ корларын молайту

Шарты: Балалар ойын арқылы айтып береді не білгендерің карама-қарсы сөздерімен

-Қар жұмсақ, мұз... Катты

-Қар ақ, мұз... Мөлдір

-Қар жеңіл, мұз... ауыр

Балалар, біз дұрыс істедіқ Ақшақарды топта қалдырмай, Аяз атаға жіберіп. Неге дұрыс істедіқ?


Дидактикалық ойын: « Заттарды топтастыр»

Мақсаты: заттарды топтастыруға үйрету, бір сөзбен атауға, неүшін қажеттіғін білуі

Шарты:Үстінгі сөреге –ыдыстарды, ортаңғы сөреге- құралдарды, орналастыр.


Дидактикалық ойын: «Неден жасалған?»

Мақсаты: балалар заттарды атап, неден жасалған үшін қеректігін айтады

Кастрол... темірден , төгіледі,

Қасық... ағаштан , құйылады.

Тегеш... пластмастан, шытынайды,

Стакан... шыныдан, сынады,


Дидактикалық ойын «Ненің құралы?»

Мақсаты: Балаларға шаңсорғыш адамға не үшін қажет, пайдасы туралы түсініктерін қалыптастыру, баяғы, қазіргі замандағы нәрселерге қызушылықтарын арттыру

Шарты: ақылды заттармен суреттерден, балалар жетпейтін құралын тауып алады, мысалы: үтікте электро бау , теледидарда телеарнасы тұймесі жоқ,оны ойлап тауып фломастермен салады

-Балалар, кілемді не үшін тазарту керек?


Дидактиқалық ойын: «Бөлме гүл де не бар?»

Мақсаты: балалар гүлдің сабағын, жапырағын, гүлдерін тауып атай білуге үйрену.

Шарты: тәрбиеші көрсетіп суретте атайды, балалар карандашпен көрсетеді тірі бөлме гүлінде, ол қай жерде

Ал енді бальзамин- гүлді текше арқылы жинайық, текшенің басқа жақтарында ағаш ақ қайын, бақ-бақ гүлі, құлпынай.


Дидактикалық ойын: «Сиқырлы экран»

Мақсаты: балаларды заттардың қасиеттеріне байланысты топтастыруға үйрету

Шарты: Белгілерді түсінуге үйрету, заттарды салыстыруға, сараптауға үйрету

Мысалы: Тәрбиеші бірінші әйнекшеге заттын бейнесін орналыстырады. Бір отбасы» мүшелерін құрастыруға ұсынады, үлкен шеңбер, орташа, кішкентай т.с.


Дидактикалық ойын: «Қайсысы дұрыс, қайсысы бұрыс?»

Мақсаты: көктемгі құбылыстар мен ауа-райында болатын өзгерістерді бекіту.

Шарты: Суретті зер салып қарап, ондағы көктемде болатын құбылыстарды атау, көктемге тән емес құбылыстарды ажыратып айту.


Дидактикалық ойын: «Күн сәулесі»

Мақсаты: Көктем мезгілінде болатын табиғаттағы өзгешелік пен күн сәулесі арасындағы байланысты түсіну.

Шарты: Қардың еруін бақылайды.Суға айналу процесін көріп, оның себептерін айтады.

Дидактикалық ойын: «Ағашты жандандыр»

Мақсаты: Ағашта бүрдің пайда болуы және оның жапыраққа айналу процессін бекіту.

Шарты: Ағаш бұтақтарынан бүршіктерді табу, жаңа ашылған жапырақтар жапсыру.Оларды сипаттау.


Дидактикалық ойын: «Қай ағаштың жапырағы?»

Мақсаты: Ағаштардың жапырағын айыруға, тануға үйрету.

Шарты: Әр ағаштың жапырағын тауып жапсыру.Жапырағының қандай болатынын айту.


Дидактикалық ойын: «Ағашта не тұрады?»

Мақсаты: Ағашта өмір сүретін жәндіктер, жануарлар және құстар туралы дүниетанымын кеңейту, олардың пайдасы және зияны туралы түсінік беру.

Шарты: Жәндіктер мен жануарлардың, құстардың кескіндерін мекен ету ерекшелігіне қарай ағаштың бөліктеріне тауып орналастыру.


Дидактикалық ойын: «Көңілді, көңілсіз»

Мақсаты: Ағаштарды күтуге, қорғауға тәрбиелеу.Ағаш зиянкестері туралы және қорғаушылары туралы білімдерін бекіту.

Шарты: Кескін суреттерді тиісті ағаштың жан-ждағына орналастыра отырып, себебін түсіндіру.Мысалы: Жұлдызқұртты көңілсіз ағашқа қоямын, себебі, ол оның жапырақтарын жеп қояды.Содан кейін ағаш көңілсіз болады.Құсты көңілді ағашқа қоямын, себебі ол зиянкестерден қорғайды.Т.б.(түрлі зиянкестер және құстар мен жануарлар, күннің көзі, су,топырақ, т.б. ағаш күтіміне қажетті құралдар)


Дидактикалық ойын: «Жапырағынан таны»


Мақсаты: Ағаштардың атауын бекіту, жапырақтарын сипаттау.

Шарты: Жапырақты алып ненің жапырағы екенін тауып атау, сипаттау.






Дидактикалық ойын: «Қандай,сондай»

Мақсаты:Дала және бөлме гүлдерінің ұқсастықтарын таба отырып, оларға ортақ анықтама беруге үйрету.

Шарты: Бөлме гүлі және дала гүлінің тіршілік ету, қажеттіліктері және қоректенуіндегі ұсастықтарды, құрылысындағы ортақ белгілерді табады, сәйкестіктерді орнатады.


Дидактикалық ойын: «Бұл қай гүл?»

Мақсаты: Гүлдердің айырмашылықтарын тану, өзіндік ерекшеліктерін көрсету.Бейнелі сөздер және геометриялық пішіндермен байланыстыра айтуға жаттықтыру.

Шарты: Жүргізуші бір гүлдің суретін алады.Оның суретін басқаға көрсетпейді. Сөзбен гүлдің басқа гүлдерден құрылысының айырмашылығын айтып сипаттайды. Басқалары ерекшеліктерге көңіл аудара отырып қай гүл екенін табады.

Дидактикалық ойын: «Не береді

Мақсаты: Балалардың үй жануарлары туралы білетіндерін анықтау.

Шарты: Допты лақтыру арылы наты сұрақ қойып оған жауап алу.


Дидактикалық ойын: «Неден жасалған

Мақсаты: Үй жануарларының пайдасы туралы түсініктерін кеңейту.

Шарты: Тұрмыстық заттар мен бұйымдардың және тағамдардың суреті беріледі . Балалар қолдарындағы суреттегі затты атайды, оны неден жасайтындығы туралы өз ойын айтады. Тәрбиеші түзету қажет болса түзетеді, осымша ақпаратпен жауапты толықтырып отырады.




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
14.05.2018
1543
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі