Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Үй құстары

Материал туралы қысқаша түсінік
балабақша тәрбиешілеріне
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қостанай ауданы әкімшілігінің «Білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің

«Гүлдер» балабақшасы Коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны













Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті

«Жайлауға саяхат.»

2 кіші «Балапан» тобы









Тәрбиеші:Досмухамбетова Күмісай

Мұхамедгалейқызы










Затобол кенті








Тақырыбы: «Үй құстары.»

Білім бөлімі: «Қатынас», «Таным», «Шығармашылық».

Білім саласы: Тіл дамыту,көркем әдебиет, жапсыру.

Мақсаты: Балалардың үй құстары туралы білімдерін тиянақтау, құстардың аттарын бекіту, дауыстары бойынша үй құстарын ажырата білу.Балалардың ойлау қабілетін дамыту, сурет бойынша ойын жеткізіп,шағын сөйлемдерді құрай білу.Үй құстарына қамқор болуға,құстарды қорғауға тәрбиелеу.

Сөздік жұмыс:үйрек-барқылдайды,қаз-қаңқылдайды,тауық-қытқыттайды,күрке тауық-қоқылдайды.

Әдіс-тәсілдер:әңгімелесу,сұрақ-жауап, ойын-жаттығулар

Көрнекіліктер:үй құстарына жем шашып тұрған қыз бала суреті.Үй құстарының суреті,попемашеден жұмыртқа,ойыншық балапан.

Оқу іс-әрекетінің барысы:

Ұйымдастыру сәті:Балалар бүгінгі күн қандай тамаша,күн өзінің шапағатын сыйлап тұрған сәтте амандасайық.

Сәлем саған Жер ана.

Сәлем саған,нұрлы күн,

Аман-есен болайық

Бейбітшілік қалайық!

Тәрбиеші: - Өте жақсы балалар, енді орнымызға отырайық. Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?

Балалар: - Көктем мезгілі.

Тәрбиеші: - Көктем мезгілінде қандай табиғат құбылыстары болады?

Балалар: - Күн жылынады, жаңбыр жауады, ағаштар бүршік жарып,жапырақтар шыға бастайды,жасыл шөп шығады.Күн ұзарып ,түн қысқарады.

Тәрбиеші: - Ендеше, көктем туралы кім тақпақ біледі?


Мансұр: Көктем келді шуақты,

Балаларды қуантты.

Алақай-ау,алақай!

Көктем келді,

Көктем қандай көнілді!

Құстардың дауыстары естіледі.

Тәрбиеші:-Балалар нелердің дауыстарын естіп тұрсыңдар?

Балалар:-Тауық пен қаздың дауыстарын.

Тәрбиеші:--Олар қандай құстар?

Балалар:--Олар үй құстары.

Тәрбиеші:--Бүгін біз үй құстары туралы әңгімелейміз.

Тәрбиеші: - Балалар, тыңдаңдаршы, бір нәрсе тырсылдап жатыр. Қане, қайтадан тыңдайықшы. Мәссаған, мына жұмыртқаның үлкенін - ай, өзінің түсі аппақ екен, ал көлемі сопақшаға ұқсайды екен. (Балалар жұмыртқаға таңдана қарайды)

Тәрбиеші: - Балалар, жұмыртқа жарылып жатыр екен. Бұдан не шығатынын білесіңдер ме?





Балалар: - Балапан шығады.

Балапан: Уа, тамаша жап-жарық қандай керемет? Сәлеметсіздер ме,сендер кімсіңдер?

-Мен кіммін?

Балалар: Балапансың.

Тәрбиеші: Балапанның түсі қандай, балалар?

Балалар :Балапанның түсі сары.

Тәрбиеші: -Балапан,сен жақсы келдің, сенің шыққан ортаң туралы әңгімелеп жатырмыз. Ал енді балапанға көмектесейік,ол үшін балапанның енесін табайық.

-Балапанның енесі не?

Балалар :Балапанның енесі –тауық.

Тәрбиеші: -Тағы қандай үй құстарын білесіңдер ( сурет бойынша әңгімелеу)

Балалар :-Үйрек, әтеш,күркетауық.

Тәрбиеші: -Олар неліктен үй құстары деп аталады.Оларды біз қайдан көреміз,

Балалар :--Өйткені олар қорада болады,су ішіп жем жейді.

Тәрбиеші: -Суретте Әсем не істеп тұр?

Балалар :-Әсем,құстарға жем беріп жатыр.

Тәрбиеші: -Үй құстары бізге не береді.?Олардың қандай пайдасы бар?

Балалар :--Үй құстары бізге етін, жүнін,жұмыртқасын береді.

Тәрбиеші: -Біз құстарға қандай қамқорлық жасай аламыз

Балалар:- Біз су,жем береміз.

Тәрбиеші: Құстар қалай дыбыстайды?

Балалар:- үйрек-барқылдайды,қаз-қаңқылдайды,тауық-қытқыттайды,күрке тауық-қоқылдайды.

Дид. Ойын: «Енесін тап.»

Тәрбиеші: Балалар ,мынау не туралы жұмбақ.Жауабы теледидардан шығады.

1.Қыт-қыт етеді,

Кезіп жүріп көшені,

Жата қалса орнына,

Ақ доп тастап кетеді.(тауық)

2.Қаздан-қаздан етеді,

Қол қуалап кетеді,

Ұзын мойнын иілтіп

«Қаңқ-қаңқ» етіп жетеді.(қаз)

3.Қораға тайқандап,

Келеді байпаңдап (үйрек)

4.Басы тарақ,арты орақ.(әтеш)

Тәрбиеші:Жарайсыңдар!Ендеше бойымызды сергітіп алайық.Ал енді үй құстарын құрастырайық

Д\ойын: «Үй құстарын құрастыр.»

Балалар үй құстарын құрастырады.

Тәрбиеші:Балалар үй құстары туралы кім тақпақ біледі.



Жанарыс: Қазым,қазым,қаңқылда.

Көлде жүзіп саңқылда.

Жем шашайын ,жейсің бе?

Кәмпит берші ,дейсің бе?

Жоқ,жоқ,жоқ.

Кәмпит тәтті,болмайды ас.

Арпа менен бидай шаш.


Алинұр: Үйрегім –ау,үйрегім.

Келіп жүр ме билегің.

Үйге кірмек боласың,

Бар дегендей үйде кім.


Ерасыл: Шұбар тауық мүлдем,

Жолатпайды барса.

Ұясында жүрген ,

Балапаны қанша.


Тәрбиеші:Енді шұбар тауыққа балапан жапсырыс берейік.


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
08.11.2018
1023
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12