«зерек» 2-ші кіші тобының ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.
Тәрбиеші: Бакимбаева.А. Тексерді:.
Білім беру саласы: «Қатынас»
Бөлімі: Сөйлеуді дамыту.
Тақырыбы: Үй құстары.
Мақсаты:
Білімділік: Құстар туралы түсініктерін кеңейту, үй құстарын топтастыру,олардың өздеріне тән ерекшеліктерін атай білуге үйрету.
Дамытушылық: Балалардың тілдік қорын молайтып, есте сақтау қабілетін дамыту .
Тәрбиелік:Үй құстарын күтуге,қамқорлық жасауға тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдер: Кубизм әдісі, түсіндіру, ойын, сергіту сәті, сұрақ-жауап.
Сабақтың көрнекілігі: үй құстарының суреттері,ағаш, құстың ұясы,үй,шарбақ.
Бингвальды компонент: үй құстары – домашние птицы-Poultry. Тауық-курица,қаз-гусь, үйрек- утка.
Күтілетін нәтиже:
Нені білу керек: Балалар үй құстары туралы, немен қоректенетінін, адамдарға деген пайдасын ,үй құстарының түрлерін білуі керек.
Нені игереді: Құстардың дыбыстарын, жүрістерін меңгереді;
Нені біледі: Үй құстарының аттарын.
|
Іс –әрекет кезеңі |
Тәрбиеші іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
|
мотивациялық қозғаушылық
Ұйымдастырушы-лық -ізденушілік
|
Шаттық шеңбері:Амансың ба алтын күн?Амансың ба көк аспан? Амансың ба қасиетті қара жер? Сәлеметсіңдер ме достарым? Қане бәріміз орнымызға отыра қалайық. Балалар бүгін ерекше күн. Біздің оқу іс-әрекетімізге қатысу үшін көп қонақтар келіп отыр. Бүгін бізде сөйлеуді дамыту сабағы. Осы кезде үнтаспадан құстардың, тауықтың дыбыстарын тыңдалады. Ой балалар мынау ненің дыбысы? Ия дұрыс айтасыңдар бұл торғайдың дыбысы екен. Ал мынау ненің дыбысы? Дұрыс айтасыңдар тауықтың дыбысы екен. Ендеше біз бүгін үй құстарымен танысамыз. Балалар сендердің ертегі тыңдағыларың келе ме? Мен сендерге «Алтын жұмыртқа « деген ертегі айтып берейін. Ертеде бір әжей болыпты .Ол өзінің ауласына құстар өсіріпті. Оларды үй құстары деп атапты. Әжей күнде сол құстарына жем шашып,су береді екен. Бір күні әжей аулаға шығып өзінің құстарының ұясына барса тауығы жұмыртқа тауыпты. Бірақ ол жұмыртқасы алтын жұмыртқа болыпты.Әжей тауығыны ң алтын жұмыртқа тапқаныны қуанып кетіпті. Бірақ ол жұмыртқадан қалай тамақ істеймін?-деп мұңайып отырса ,өзінің үй құстарының бірі үйрегі келіпті. Үйрек:Әжей мұңаймаңыз мен сізге көмектесемін.Мына менің жұмыртқамды алыңыз деп өзінің жұмыртқасын әкеп береді. Әжей қуанып:Ой үйрегім саған рахмет-дейді. Бір уақытта қаз келеді: Әжей мұңаймаңыз мен сізге көмектесемі менің жұмыртқамды алыңыз деп өзінің жұмыртқасын әкеп береді.Әжей қуанып:Ой қазым сағанда рахмет-дейді. Сөйтіп әжей қуанып жұмыртқадан тәтті құймақ пісіріп өзінің үй құстарын тауығын, үйрегін,қазысын дастарханға шақырыпты. Өздері осылайша тату-тәтті өмір сүріпті. Мінеки балалар ертегі ұнады ма? Ертегі нелер туралы? Ендеше балалар біз бүгін Үй құстарымен танысамыз. Енді балалар мына суреттерге назар аударайық. Мынау - үйрек. Оның бойы аласа болады, ал тұмсығы жалпақ болып келеді. Үйрек шиқ-шиқ дейді.Үйректің баласын –шүрегіей дейміз. Қане қайталап айтайықшы үйрек-шүрегей. Мынау- әтеш.Әтеш тауықтан ірі болады.Мықты, әдемі, түрлі-түсті айдары болады. Ол кукареку деп айқайлайды. Ал мынау тауық,тауықтың баласын –балапан дейміз. Қане қайталап айтайықшы тауық-балапан. Тауық қыт-қыт дейді. Мынау –қаз .Оның бойы үйрекке қарағанда ұзындау болып келеді. Қаздың баласын- Қаз қоқ-қоқ дейді.Бұл құстардың барлығы ның жұмыртқасы болады. Бірақ жұмыртқалары үлкен-кіші болады. Үй құстардың етін жейміз, жүнінен көрпе, жастық жасаймыз.Үй құстары ның пайдасы көп екен.Бұл құстардың барлығын үй құстары деп атаймыз.Өйткені олар аулада өмір сүреді,оларға адамдар қарайды. Үй құстары деп қайталайықшы,үй құстары енді орысша қайталап айтаыйқ домашнее птицы. Балалар шаршадыңдар ма?Шаршасақ бойымызды сергітіп алайық. Сергіту сәті: Тауық тары жинапты (Тары теру қимылын жасайды
) Ойын:Кубизм Ойынымыз Кубизм әдісі деп аталады. Ойынның мақсаты.Балалардың есте сақтау, ойлау қабілеттерін дамыту. Ойынның шарты:Балалардың алдарына төртбұрышты қорапша лақтырылады. Қорапшада дала құстар мен үй құстары жабыстырылған. Лақтырғанда қай құс түседі,балалар соны атайды. Мысалы:Қорапшаның беті тауыққа түссе,тауық деп атап үй құсы дейді.Ойын осылай жалғаса береді. Бүгінгі оқу іс-әрекетіміз сендерге ұнады ма? Нелермен таныстық? - Тауық қалай дыбыстайды? - Үйрек қалай дыбыстайды екен? - Қаз қалай дыбыстайды? - Әтеш қалай дыбыстайды?
Үй құстары-домашнее птицы-Poultry |
Балалар шеңберге тұрады,шаттық шеңберін айтады.
Балалар оқу іс-әрекетіне отырады.
Балалар дыбыстарды мұқият тыңдап отырады. Торғайдың дыбысы екенін айтады.
Тауықтың дыбысы екенін айтады.
Ертегіні қызыға тыңдайды.
Сұрақтарға жауап беруге тырысады.
Үйрек,шүрегей деп қайталайды.
Әтеш деп қайталайды.
Тауық,балапан деп қайталайды.
Қаз деп қайталайды.
Сергіту сәтін қимылмен жасайды.
Ойынды қызыға ойнайды.
Ойын арқылы үй құстарын ажыратып айтады.
Сұрақтарға жауап береді. Балалар дыбыстарын келтіріп айтады. |
|
Рефлексивті түзетушілік
|
Оқу іс-әрекетін қатысқан балаларды мақтап-мадақтап оқу іс-әрекетін аяқтау |
Мақтап-мадақтағанға қуанады. |
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Үй құстары.

шағым қалдыра аласыз