400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 14 материал табылды

Үй құстары мен дала құстары

Материал туралы қысқаша түсінік
Үй құстары мен дала құстары туралы түсінік беру. Құстардың аттарын білуге үйрету,жаңа сөзді пайдалана отырып сөйлеу, ойлау, есту, есте сақтау қабілеттерін жетілдіру. Құстарға деген аяушылық, қызығушылық, сүйіспеншілік сезіміне баулу оларға қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу
Материалдың қысқаша нұсқасы


Білім беру саласы: Әлеуметтік орта.

Ашық ұйымдастырылған оқу қызметі: Қоршаған орта.

Тақырыбы: Үй құстары мен дала құстары.

Тобы: ортаңғы

Тәрбиеші: Сарманова Раушан

Мақсаты: Үй құстары мен дала құстары туралы түсінік беру. Құстардың аттарын білуге үйрету,жаңа сөзді пайдалана отырып сөйлеу, ойлау, есту, есте сақтау қабілеттерін жетілдіру. Құстарға деген аяушылық, қызығушылық, сүйіспеншілік сезіміне баулу оларға қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу.

Көрнекіліктері: Құстар туралы видео, құстар туралы суреттер слайдпен, құстардың үні, плакат, буклет, құстардың үйшігі, жұмбақтар, тыйым сөздер, мақал-мәтелдер,теңеулер, болжамдар, ойын, өлең.

Әдіс-тәсілдері: түсіндіру,көрсету, әңгімелеу, сұрақ-жауап, ойын, мадақтау, қорытындылау.

Биллингвальді компонент:

Құстар-птица, Әтеш-петух, Тауық-курица, Қаз-гусь, Үйрек-утка, Күркетауық-индюк, Қарға-ворона, Сауысқан-сорока, Қарлығаш-ласточка, Торғай-воробей.

Сабақтың барысы:

Біз ерекше баламыз,

Айтқан тілді аламыз.

Достарымызды көргенде,

Қуана қарсы аламыз,

Сәлеметсіздерме балалар!

Тәрбиеші: Балалардың жылдың қай мезгілі?

(Көктем мезгілі)

Көктем мезгілінің қай айы?

(Сәуір айы)

Үй тапсырмасын сұрау:

Тәрбиеші: Ал балалар енді мына бейнекөріністі тамашалап көрейікші. (интерактивті тақтада құстар туралы бейнекөрініс көрсетіледі)

Тәрбиеші: балалардан бейнекөріністен не туралы көргендерін сұрау (балалардың жауабы)

Тәрбиеші: -Балалар,бүгін үй және дала құстарымен танысамыз.

Үй құстары: Әтеш, тауық, қаз, үйрек, күкетауық т.б Үй құстары адамдардың көмегімен қоректенеді. Оларға арнайы ұя салады, уақытымен жем-суларын береді.

Дала құстары: Қарға, сауысқан,қарлығаш,торғай т.б Дала құстары өз қоректерін өздері тауып жейді. Дала құстарының қанаты бар, олар аспанда ұшып жүреді. Тәрбиешімен бірге құстарды жеке-жеке атайды.

Үй құстарының пайдасы жұмыртқа береді, мамығынана жастық жасаймыз,етін жейміз, сорпасы жеңіл болады. Жұмыртқасы бар тағам түрлерін жасауға пайдалануға болады.

Дала құстары табиғат көркі,олар түрлі зиянды жәндіктермен қоректеніп ағаштар мен өсімдіктерді қорғайды.

Тәрбиеші: «Дидактикалық» ойын. «Құстар үні»

Балалар үн таспадағы құстардың дыбысын тыңдайықшы, ол дала дала құстарының үні ме? Әлде үй құстарының үні ме? (Балалар құстардың үнін тыңдап олардың дыбысын ажыратады)

Сергіту сәті:

Қане,қанат жазайық,

Қарлығаш боп ұшайық.

Ұшып-ұшып алайық,

Орнымызға қонайық.

Қарлығаш боп ұшайық,

Торғай болып қонайық,

Сауысқан болып секіріп

Тоқылдақ боп шоқиық.

Ғажайып сәт:

(Осы кезде есік қағып топқа қолында хат ұстаған көгершін кіреді. Хат ішінде құстар жайында жұмбақтар бар екен)

Жұмбақ шешу:

Орманда жоғары

Ағашта қонады

Тұмсығын балға ғып

Тоқ-тоқ соғады.

(Тоқылдақ)

Кеудесі қайқандап,

Жүреді балпаңдап...

(Қаз)


Ақ сарайын талқандап,

Шықты біреу талтаңдап

Ол не?

(Балапан)

Түсі қара мақпалдай,

Төсі ақ сыр жаққандай

Ұшса оқтай зырылдайды

Көктен жұлдыз аққандай

(Қарлығаш)

Өзі сақ, өзі ұсақ,

Құйрығы ұзын ала құс.

(Сауысқан)

Жүрсе де құс боп,

Жұмыртқа тауып.

Қусаңда “ұш”деп,

Ұшпайды.

(Тауық)



Сендер құстар туралы тыйым сөздер мақал-мәтел,ертегілер теңеулер, болжамдар білесіңдер ме? (Балалардың жауабы)


Енді барлығымыз отырып геометриялық пішіндерден балапан құрастырайық. Балапанның басы қандай геометриялық пішінге ұқсайды,денесі ше?

(Балалардың жауабы)

Тәрбиеші:

  • Балалар,бүгін біз қандай құстармен таныстық? Үй құстарын атайық?Неге дала құсы деп атаймыз?

(балалардың жауабы)

Өлең хор. «Торғайды қамқорлық»

Күтілетін нәтиже:

Білуі тиіс: Үй құстарымен дала құстарын ажырата біледі.

Түсінігі: Құстардың тіршілігі немен қоректенетіні туралы түсінеді.

Көрсете білуі: Құстарға қамқорлық жасап, оларды қорғау.



Тәрбиеші Сарманова Раушан балаларға құстар жайлы мағлұмат беруде


Ғажайып сәт: «Құстар келді қонаққа»




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
10 мамыр
535
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі