Үй құстары. Әтеш, тауық, балапан.
Тақырыбы: Үй құстары. Әтеш, тауық, балапан.
Мақсаты: Үй құстарының тіршіліктері туралы
түсініктерін кеңейту. Үй құстарының пайдасы туралы
мағлұмат беру. Құстарға деген сүйіспеншілікке, қамқорлыққа тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдері: түсіндіру, сұрақ-жауап,
дидактикалық ойын.
Көрнекіліктер: Әтеш, балапан,
тауықтың суреттері, жұмыртқа, үнтаспа.
Сабақтың
барысы:
Тәрбиеші: - Балалар,
қолымыздан ұстап «Қуаныш шеңберін» құрып, бір-бірімізге жылуымызды
білдірейік.
Тиіспе, балапан,
тауыққа,
Тентектікті
қойыңдар.
Араздық жоқ араңда,
Тату-тәтті болыңдар.
Тәрбиеші: - Балалар,
бір-біріміздің тату екенімізді білдірдік.
Ендеше, қонақтармен
амандасайық.
Үлкенге де - сіз,
Кішіге де – сіз.
Баршаңызды құрметтеп,
Бас иеміз біз.
Тәрбиеші: - Өте жақсы балалар, енді
орнымызға отырайық. Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?
Балалар: - Күз мезгілі
Тәрбиеші: - Күз мезгілінде қандай табиғат құбылыстары болады?
Балалар: - Күн суытады, жаңбыр жауады,
жапырақтар сарғайып жерге түседі.
Тәрбиеші: - Ендеше,
күз туралы кім тақпақ біледі?
Ердияс:
Сарғаяды жапырақтар,
Күз де келіп қалыпты.
Қатаяды топырақтар,
Жаз да бітіп қалыпты.
Тәрбиеші: - Балалар,
тыңдаңдаршы, бір нәрсе тырсылдап жатыр.
Қане, қайтадан тыңдайықшы. Мәссаған, мына жұмыртқаның үлкенін - ай, өзінің түсі аппақ екен, ал көлемі сопақшаға ұқсайды екен. (Балалар
жұмыртқаға таңдана қарайды)
Тәрбиеші: - Балалар,
жұмыртқа жарылып жатыр екен. Бұдан не шығатынын білесіңдер ме?
Балалар: - Балапан
шығады
Тәрбиеші: - Балапан
шығатынын білесіңдер. Балапан не істеп
тұр?
Балалар: - Жылап тұр.
Тәрбиеші: - Балапан, сен неге жылап
тұрсың? Біз саған көмектесеміз, айтшы
балапан.
Балапан: - Мен мамамнан адасып кеттім. Сіздер соны
тауып бере аласыңдар ма, балалар?
Тәрбиеші: - Әрине, балапан. Біз
саған көмектесеміз. Балалар,
бәріміз балапанның мамасын шақырайықшы.
Балалар: Қыт-қыт-қыт! Қыт-қыт-қыт!
Тауық: - Балалар, не болды,
менің жұмыртқаларымды таптыңдар ма? Сендерге
көп рахмет.
Тәрбиеші: - Тауық, біз балалар болып
сіздің жұмыртқаңызды таптық. Оны ұстайын деп едік, ол жарылып жатыр екен. Біз
оның жарылуын күттік. Содан міне,
сіздің балаңызды аман-есен тапты
балалар.
Тауық:
- Рахмет, балалар!
Менің балапанымның қарны аш еді, сендер балапаныма жем, тары тауып
беріңдерші.
Тәрбиеші: - Тауық бізде жем де, тары да бар.
Бірақ менің тапсырмаларымды
орындасаң ғана беремін.
Тауық: - Ендеше, балалар, сендер
маған көмектесіңдерші.
Балалар: Жарайды, көмектесейік.
1 - тапсырма:
Жұмбақ шешу.
Басында айдары
бар,
Иегінде сақалы бар.
(Әтеш)
2 – тапсырма:
Жаңылтпаш.
Үйір - үйір балапан,
Үйірге кім үйретті?
Үйір - үйір балапан,
Үйірге өзім үйреттім.
3 – тапсырма: Балапан туралы кім өлең
біледі? («Әнші балапан»)
4 – тапсырма: Үй құстарын атап
беріңдер?
(қаз, тауық, әтеш, үйрек)
5 – тапсырма: Әтеш туралы кім жаңылтпаш
біледі?
Әтеш әнге басады,
Әтеш ұйқы ашады.
Тауық: - Балалар, сендер
маған көп көмектестіңдер. Рахмет, енді мен
сендермен қоштасайын. (Тауық балапанын алып кетіп
қалады)
Тәрбиеші: - Балалар,
бәріміз орнымыздан
тұрып бойымызды
сергітейік.
Тауық тары жинапты,
Оны ешкімге
қимапты.
Бөтекесін толтырып,
Қамбасына құймапты.
Қыста тауық қақылдап,
Тары іздеп
жүр тақылдап.
Дидактикалық
ойын: «Анасын тап»
Шарты: Балаларға үй құстарымен олардың балапандарының суретін үлестіріп беру. Балалар анасын балапанымен
жұптастырады.
Тәрбиеші: -Балалар, сонымен
сендер қандай үй құстарын білесіңдер?
Балалар: - Қаз, тауық, үйрек.
Тәрбиеші: - Неліктен
бұл құстарды «Үй құстары» дейміз?
Балалар: - Үйде мекендегендіктен
үй құстары дейміз.
Тәрбиеші: - Үй құстарының адамға қандай пайдасы бар?
Балалар: - Үй құстарының еті, сорпасы, жұмыртқасы адам ағзасына өте пайдалы.
Тәрбиеші: - Өте жақсы, дұрыс айтасыңдар! Балалар, аулада
тауықтар мен әтештер жайылып жүр екен, олардың балапандары қайда екен? Қане, балапандарды жем жеуге
шақырайық. (Топтық жұмыс. Балапандарды
жапсыру)