Бірінші
кіші «Айналайын» тобындағы ұйымдастырылған
оқу қызметінің конспектісі.
Тәрбиеші:Муканова
Д.Д.
Күні:
28.03.2019ж.
Білім
беру саласы: Таным.
Жаратылыстану
Өтпелі
тақырып:
«Алғашқы
сыңғырлаған тамшылар»
Тақырыбы
:
«Үй
құстары.Тауық, әтеш, балапан».
Мақсаты:
Тәрбиелік:
Құстардың
табиғатқа, адамдарға келтіретін пайдасына
тоқталу, үй құстарына қамқор болуға,
оларды күте білуге тәрбиелеу
Оқыту:
Балаларды
үй құстары және олардың тіршілігі жайлы
түсінік беру.
Дамытушылық
:
Үй құстарының тіршілігі жайлы сұрақтарға
жауап бергізу арқылы ойлау, есте сақтау,
қабілеттерін жетілдіру.
Әдіс-тәсілдер:
көрсету,түсіндіру,сұрақ жауап,
әңгімелесу,ойын.
Ресурстармен
қамтамасыз ету: бейнетаспадан
«Наурыз» мерекесін көресту.
Сөздік
жұмыс: мекиен
Ұйымдастырылған
оқу қызметінің барысы:
1.Ұйымдастыру
кезеңі.
Бұрап
қойған сағаттай,
Айғайлайды
таң атпай.
(Әтеш).
2.Негізгі
бөлім.
Үнтаспа
тыңдату. Үнтаспадан үй құстарының
дауысын тыңдату. Балалар
тыңдайды.
Тауық,
әтеш, қаз, үйрек, балапан және т.б.
-Балалар
сендер қандай құстардың дауысын
тыңдадыңдар? Балалар
құстардың атын атап қайталайды.
-Иә,
балалар, үй құстарының дауысы екен.
-Не
себепті үй құстары деп атаймыз? Үйде
күтіп - баптап өсіретін құстарды үй
құстары деп атайды.
Суретпен
жұмыс.
-Балалар
үй құстарының адамға пайдасы көп. Олардың
жұмыртқасы мен еті- тамақ. Бүгін үй
құстарының бірі- тауық және оның
балапанымен танысамыз.
Тауық-
ең көп тараған құстардың бірі. Оны
«мекиен, әтеш»,- деп екіге бөлеміз. Оның
балаларын балаларын балапан деп атаймыз.
-Тауықтың
баласын не деп атайды екенбіз? Балапан.
-Балапанның
түсі қандай екен? -Сары
(суретке қарап айту).
Олардың
азықтары жем, су.
Тауықтар
бидайды жақсы көреді.
Міне,
балалар суреттен көріп тұрғандарындай,
әтештің тауықтан ерекшелігі мынандай:
Оның
айдары бар, ал қауырсыны түрлі түсті
болады.
Тауықты
сипап көрейік (жұмсақ ойыншық тауықты
көрсету) жүні майда, айдары бар, тұмсығын,
қанатын созып көрейік, ол қанатының
астына балапандарын алып қорғайды.
Аяғында тырнағы бар екен. Онымен жер
тырналап балапандарына жем тауып береді.
Сергіту
сәті.
Қуыр,
қуыр, қуырмаш,
Балапанға
бидай шаш.
Қасқыр
келсе есік жап,
Әже
келсе есік аш.
Үлестірмелі
материалмен жұмыс.
Шарты:
суреттегі тауықтың салынбай тұрған
бөлігін тауып жапсыру.
Балалар тәрбиеші
көмегімен орындайды.
Қорытынды:
-Балалар, құстардың
табиғатқа, адамдарға келтіретін пайдасын
айтыңдаршы?