жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Үй тапсырмасын орындаудың маңыздылығы
Үй тапсырмасын орындаудың маңыздылығы
Үй тапсырмасы - сыныптағы сабақтардан кейін мұғалімнің тапсырмасы бойынша оқу және тәжірибелік жұмысты оқушының өздігінен орындайтын оку процесінің құрамдас бөлігі.Үй жұмысы оқушының бүкіл оқу жұмысының бөлінбес бір бөлігі болып табылады. Үйге берілген тапсырмаларды оқушының үнемі орындап, дұрыс ұйымдастырып отыруы оның жақсы үлгіруіне керекті шарттың бірі болып табылады. Мектеп оқушыларының оқуды үлгірмеуіне әкеліп соғатын себептердің көп таралған бір түрі үйге берілген тапсырмаларды қанағаттанарлықсыз орындалуы.
Бастауыш мектеп жасындағы оқушылардың үй тапсырмасы – өз бетімен білім алудың алғашқы қадамы. Үй жұмысы оқушы ойының және дәлелдемелерінің жолдарын, тәсілдерін және құралдарын өзі іздеуге мәжбүр ететін болғандықтан ол оқушының ойлау іс – әрекетін шапшаңдатады. Қасында мұғалім не жолдастары болмағандықтан, жұмыс барысында өзін – өзі бақылауға үйретеді, еңбекті ұйымдастыру білігі мен дағдыларын қалыптастырады.Үй тапсырмасы шағын шығармалар жазуға арналып, сонымен қатар қоршаған орта туралы байқағандары мен бақылағандарын қорытып жазуы сияқты оқушы құзіреттілігін дамытатын жұмыс түрімен ерекшеленуі мүмкін.
Бастауыш сынып оқушыларының үй тапсырмасын өз бетінше орындау жауапкершілігін қалыптастырудың тиімді жолдары
Үй тапсырмасын орындау – маңызды әрі жауапты іс.
Оқушының өзі дәл осындай сенімде болуы тиіс. Сабақтар күн тәртібіндегі қатаң бекітілген уақытта, толық тыныштықта орындалуы керек. Отбасының барлық мүшелері бұл еңбекке деген құрметін білдіруі тиіс: ешкім және ешбір нәрсе баланы алаңдатпауы керек.
Балада міндетті түрде жарықтандыруы жақсы және ыңғайлы орындығы бар жұмыс орны болуы керек. Еденде, асүйде, төсекте сабақ оқу тәртіпке жатпайды, керісінше бұл – баланы осындай маңызды үдеріске деген алаңғасарлыққа тәрбиелейді.
Баланың жақсы жұмыс істеуі үшін қолайлы жағдай жасаңыз.
Балаға үй тапсырмасы барынша қолайлы жағдайларда орындалуы тиіс. Ата-аналарға баланың тиімді жұмыс істеуіне не көбірек әсер ететінін білу қажет, бірақ бұны баланың өзінен сұрау керектігін ұмытпау қажет.
Баланың дайындалатын кеңістігінен өзге оқу барысында үлкен рөл ойнайтын көзбен шолатын факторлар және тіпті көзге түсетін элементтер де бар. Кейбір балалар пижамада немесе жаттығу шалбарында үй тапсырмасын шабыттанып орындайды, басқалары жанында сусын мен дәмтатым болғанын қалайды, тағы біреулері үй тапсырмасын орындағанда музыка тыңдағанды жөн санайды. Біреулерге ата-анасының көмегі қажет болып жатса, басқалары өз-өздігінен орындайды.
Баладан оған қандай жағдайда үй тапсырмасын орындау қолайлы екенін біліп алыңыз, бірақ егер Сіз, кейбір сәттерге келіспесеңіз өз көздегеніңізді сақтап қалуға дайын болыңыз.
Ата-аналарға ұсыныстар
Балалар сабақтан оралды, тамақтанып алды, осы күнгі болған оқиғалар туралы айтып берді, энергияны шығару үшін аздап жүгірді. Енді олар үй тапсырмасын дайындауға әзір.
Үй тапсырмасын орындау тек бала үшін ғана емес, бірақ ата-ана үшін де стресстік болып қалуы мүмкін. Кейбіреулері даудамайсыз жай ғана сабақтарын жаттайды, басқалары үшін бұл сәбидің көз жасымен және ата-ана тарапынан ашу-ызамен аяқталатын күнделікті күрес.
Баланың жақсы жұмыс істеуі үшін қолайлы жағдай жасаңыз.
Балаға үй тапсырмасы барынша қолайлы жағдайларда орындалуы тиіс. Ата-аналарға баланың тиімді жұмыс істеуіне не көбірек әсер ететінін білу қажет, бірақ бұны баланың өзінен сұрау керектігін ұмытпау қажет.
Баланың дайындалатын кеңістігінен өзге оқу барысында үлкен рөл ойнайтын көзбен шолатын факторлар және тіпті көзге түсетін элементтер де бар. Кейбір балалар пижамада немесе жаттығу шалбарында үй тапсырмасын шабыттанып орындайды, басқалары жанында сусын мен дәмтатым болғанын қалайды, тағы біреулері үй тапсырмасын орындағанда музыка тыңдағанды жөн санайды. Біреулерге ата-анасының көмегі қажет болып жатса, басқалары өз-өздігінен орындайды.
Баладан оған қандай жағдайда үй тапсырмасын орындау қолайлы екенін біліп алыңыз, бірақ егер Сіз, кейбір сәттерге келіспесеңіз өз көздегеніңізді сақтап қалуға дайын болыңыз.
Жұмыс орнын таза, жақсы жарықтықта ұстаңыз, барлық керексіз заттарды тығып қойыңыз.
Үй тапсырмасын теледидар, компьютер алдында немесе компьютермен ойнау кезінде орындауға келіспеңіз. Жай ғана – жоқ деңіз, және де өз дегеніңізден қайтпаңыз. Бұл баланың ықыласын алаңдатады және материалды тиімді игеруге, тапсырманы түсіну мен оны орындауға кедергі болады.
Ешкім, бір уақытта теледидар көріп, қандай да бір жұмысты жақсы істей алмайды.
Бұл айтқандар баланы электрондық хаттармен, тұрақты хабарлармен және Интернетке шығуға деген құлшыныс арқылы алаңдататын компьютерге де қатысты. Егер компьютер үй тапсырмасын орындау үшін керек болса, баланың немен айналысатынын қадағалаңыз.
Үй тапсырмасын орындау үшін уақыт шеңберін орнатыңыз да соларды ұстаныңыз
Егер үй тапсырмасы теледидарға қарағанға дейін, компьютер ойындары мен компьютерді көңіл көтеру үшін пайдалану алдын, сондай-ақ достармен кездесу алдын орындалу керек болса, бұл ережелер жыл басында орнатылуы тиіс.
Үй тапсырмасын орындауға үлгермей жүрсіз бе?
Оқу жылының алғашқы 1тоқсаны да өте шықты. Күн сайын үй тапсырмасы көбейіп, оны орындайтын талпыныс азаюда. Енді не істейміз? Оқып үйрену керек болар. Төмендегі бірнеше ережені сақтау арқылы ата-анамызды қуанта аламыз.
1. Ең алдымен, ұйқымызды қандыруымыз керек. Бұл – басты кеңес. Сәтті күн жақсы түннен басталады. Сондықтан, ұйқымыз 8 сағат болатындай етіп ертерек жатқан абзал. Осы уақыт ішінде ағзамыз демалып, жаңа ақпарат қабылдауға дайын болады.
2. Міндетті түрде таңғы ас ішіңіз. Осылайша ағзамызды және миымызды энергиямен қуаттандырамыз.
3. Кешікпеңіз. Егер сабаққа 5 минут ерте келетін болсаңыз, ақпаратты қабылдауға дайын боласыз.
4. Сұрақ қойыңыз. Егер бір нәрсені түсінбесеңіз, міндетті түрде ол материалды қайталап айтуын сұраңыз.
5. Досыңыздан көмек сұраңыз. Сыныптасымыз белгілі бір пәнді жақсы меңгерген болса, одан не себепті көмек сұрамасқа? Кейде ұстаздарға қарағанда оқушылардың айтқаны түсініктірек.
6. Күніңізді дұрыс құрастырыңыз. Бір дәптер арнап, сол жерге орындалуы тиіс тапсырма мен мерзімін жазып қойыңыз. Бұл тек қазір септігін тигізіп қоймай, болашақта да өмірімізді жоспарлауға көмектеседі.
7. Қиын тапсырмаларды бірінші орындаңыз. Ауқымды жобалар көп күшті талап етеді. Сондықтан, оларды мектептен келе салысымен орындаған жөн. Ал кешкі мезгілде сабақ оқуға шамамыз келмей, маужырай бастаймыз.
8. Үнемі дайындалыңыз. Бақылау жұмысының алдында күні бойы дайындалғанша, күніне 20-30 минутыңызды жұмсаған жөн.
9. Үзіліс жасаңыз. Әр жарты сағат сайын миыңызды тынықтырыңыз. 1,5 сағат бойы кітап оқи беретін болсаңыз, материалы есте қалмайды.
Кеңестер өте қарапайым. Оны орындау барлығымыздың да қолымыздан келеді. Сол себепті «Іске сәт!» дейміз
ОСАКАРОВ АУДАНЫ ОСАКАРОВКА КЕНТІНІҢ №1ОРТА МЕКТЕБІ
АТА- АНАЛАР ЖИНАЛЫСЫ
ТАҚЫРЫБЫ: «Үй тапсырмасын орындаудың маңыздылығы»

БАСТАУЫШ СЫНЫП МҰҒАЛІМІ: БАЙХАЗАН АЛМАГҮЛ
2016 ЖЫЛ

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген