400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Үй тапсырмасының түрлері мен мөлшерін сақтауды қадағалау

Материал туралы қысқаша түсінік
мақала
Материалдың қысқаша нұсқасы



Үй тапсырмасының түрлері мен мөлшерін сақтауды қадағалау.

Үй жұмысы оқушының бүкіл оқу жұмысының бөлінбес бір бөлігі болып табылады және үйде өз беттерінше орындайтын оқу жұмыстары сыныпта өткен сабақтардың жалғасы ретінде саналады.Сондықтан да оны кей жағдайда оқыту процесінің бір компоненті ретінде қарастырады.

Оқушының үйдегі оқу жұмысын сыныптағы оқу жұмысымен жалғастырып,толықтырып отырса,онда олардың алған білімдері терең және берік болады.Бұл жұмыстың танымдық қызметімен бірге оның тәрбиелік мәні де зор.Себебі,үй жұмысын күнделікті орындау барысында оқушылардың дербестігі,ойлау қабілеті артып,өздігіненбілім алуға жүйелі түрде дағдыланады.Олар өзінің оқу жұмысын жоспарлауға,қажетті оқу материалын жинақтауға дағдыланады,сабақта алған білімдері мен біліктіліктерін өзіндік еңбекте қолдана білуге жаттығады,өзін-өзі бақылау және кітаппен жұмыс істей білу тәсілдерін меңгереді,оқудың әртүрлі амал-тәсілдерін қолдана отырып,өз бетінше баяндама жасауға дайындалады. Соның негізінде білім мен біліктілік өте берік меңгеріледі,оқушының ақыл-ой әрекетінің жеке дара дәстүрі қалыптасады.

Оқушының үйдегі оқу жұмысын дұрыс ұйымдастырудың мынадай шарттары бар:

1.Үй тапсырмаларын бергенде мұғалім оларды орындаудың қандай тиімді әдіс-тәсілдерін қолдануға болатыны туралы жақсылап нұсқау беруі қажет.

2.Үйге берілетін тапсырмалар оқушыларды қызықтыратындай болуы және өмірмен,олардың іс-тәжірибелерімен байланысты болғаны жөн.

3.Үй тапсырмасы оқушының бәріне бірдей бірыңғай мазмұнда емес,мүмкін болған жағдайда бірнеше нұсқада болғаны пайдалы.

4.Үй тапсырмасының мазмұны шығармашылық сипатта болғаны жөн.

5.Үйдегі оқу жұмысының табысты болуы,көбінесе сабақта мұғалімнің үй тапсырмасын орындау тәсілін оқушыларға тыңғылықты етіп түсіндіруге байланысты.

6.Үй тапсырмасының көлемін белгілеуде мұғалім оқушылардың жас ерекшеліктері мен таным қабілеттерін ескергені жөн.

7.Үй тапсырмасын тексеру мен бағалау барысында мұғалім,оның орындалу сапасына айрықша мән беріп жетістігі мен кемшілігіне оқушылардың назарын аударып отырғаны жөн.

8.Мұғалімнің берген бағасы әділетті болса онда ол оқушының ынтасын арттырып ,үй тапсырмасын тыңғылықты орындап отыруға септігін тигізеді.

9.Мұғалімнің бағалауы оқушылардың өзін-өзі бағалауымен ұштасып отырса ғана ол жемісті болмақ.

Жоғарыда аталған шарттардың тиянақты орындалуын ескеру мұғалімдер үшін аса қажет болмақ.



Мұғалімдер тарапынан оқушыларға шамадан тыс үй тапсырмасын тапсыруды болдырмау және олардың жас ерекшеліктері мен таным қабілеттерінің мүмкіншілігін ескеру мақсатын көздей отыра,оқу министрлігінің нұсқауы бойынша әр сыныпта үй тапсырмаларын орындауға берілген уақыт мөлшері мынадай болып белгіленген:

I-II сыныптарда -1 сағат;

III-IV сыныптарда 1,5 сағат;

Сонымен қатар ,оқушылардың сенбі,жексенбі күндері бос болуы үшін дүйсенбіге тапсырма берілмейді.Үй тапсырмасы мұғалімнің қатысынсыз орындалатын болғандықтан лоар ата-аналармен тығыз қарым-қатынаста болып,оларға оқушылардың үйде орындайтын жұмыстарына көмектесіп отырулары үшін үнемі әдістемелік тұрғыдан басшылық жасап отырғаны жөн.

Ол үшін әрбір оқушының үйлерінде тұрақты жұмыс кестесі болуы тиіс.Осы кесте бойынша оқушылар күнделікті үй тапсырмаларын орындап отыруға дағдылануы қажет.Оны ата-аналар ұйымдастырып,бақылап,жағдай жасап отыруы тиіс.Үй тапсырмасын орындар алдында оқушы бір мезгіл таза ауаға шығып демалып,дер кезінде тамақтанып,тынығып және уақытылы ұйықтап тұрса баланың оқу жұмысын жақсы ұйымдастыруға тигізер әсері мол.

Үй тапсырмасының түрлері мен мөлшерін сақтауды қадағалау мақсатында 2013-2014оқу жылында барлық бастауыш сыныптарда оқушылардың дәптерлері мен күнделіктері тексерілді.1-сынып оқушыларына I жартыжылдықта үй тапсырмасы берілмейді,II жартыжылдықта 1 тапсырма ғана беріледі.1,2,3,4-сыныптарда мәселе есеп,логикалық тапсырмалар үйге берілмейді,сыныпта талданып щығарылады.Сонымен қатар тест тапсырмалары да үйге берілмейді.Үй жұмысы сынып жұмысының жалғасы деп есептелінеді де,күн реті жазылмайды.Сынып жұмысы мен үй жұмысының арасынан 4торкөз қалдырылады.Қаңтардың 25-26 аралығында 4сынып оқушыларының дәптерлері тексерілді.Мұнда үй жұмысының көлемі мөлшерге сәйкес.Кейбір сыныптарда 4 «ғ»сыныбында сынып жұмысының мөлшері нормаға сай емес,яғни сыныпта 1-2 есеп шығарумен шектелген.Сол сияқты 2-3сынып дәптер, күнделіктері тексеріліп,кіші бірлестік отырысында талдау жасалып тексеріс қорытындысымен мұғалімдер таныстырылды.Жалпы бастауыш сыныптарда үй тапсырмасының түрлері мен мөлшері стандарттағы нормаға сай.

Шешімі:1.Сынып жұмысының мөлшерін талапқа сай орындау.

2.Үй тапсырмасының түрлері мен мөлшерін сақтауды үнемі қадағалау.

3.Оқушының шығармашылық дамуын ескере отырып деңгейлік тапсырмалар беріп отыруды үнемі жоспарлау.



№58 мектеп-гимназиясы















Үй тапсырмасының түрлері мен мөлшерін сақтауды қадағалау туралы анықтама











Орындаған: ӘБ жетекшісі: Саматова Р.Е













Астана қаласы 2014 ж

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
4 ұстаз жүктеп алған
22 желтоқсан
4372
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі