Тақырып бойынша 11 материал табылды

ҰІӘ "Жәндіктер"

Материал туралы қысқаша түсінік
ҰІӘ жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы






«Балаби балабақшасы» ЖШС












«Жәндіктер – кішкентай достарымыз»



«Сұңқар» мектепалды тобы


Топ тәрбиешісі: Жұматаева Гүлсая Қамысбайқызы

















2025-2026 оқу жылы


ҰЙЫМДАСТЫРЫЛҒАН ІС-ӘРЕКЕТ ЖОСПАРЫ

Тақырыбы:

«Жәндіктер – кішкентай достарымыз»

Білім беру дағдысы: Әлеуметтік-эмоционалды дағдыларды қалыптастыру, Балалардың шығармашылық дағдыларын, зерттеу іс-әрекетін дамыту

Іс-әрекет: қоршаған әлеммен танысу, шығармашылық іс-әрекет

Жас тобы: Мектепалды тобы (5 жас)

Ұзақтығы: 25 минут

Мақсаты: Балалардың жәндіктер туралы білімдерін кеңейту, олардың табиғаттағы рөлін түсіндіру, жәндіктерге қамқорлық жасауға баулу. Байқампаздық, танымдық қабілеттерін дамыту және табиғатты қорғауға тәрбиелеу.

МІНДЕТТЕРІ

Танымдық:
– Жәндіктердің атауын, сыртқы ерекшелігін және тіршілік ортасын ажырату;
– Жәндіктердің табиғаттағы пайдасы мен зияны туралы қарапайым түсінік қалыптастыру;
– Жәндіктерді салыстыру, топтастыру, санау дағдыларын дамыту.

Зерттеу-ізденістік:
– Бақылау, тәжірибе жасау арқылы жәндіктерді зерттеуге қызығушылығын арттыру;
– Жарық, су, түстер арқылы қарапайым тәжірибелер жүргізу.

Шығармашылық:
– Әртүрлі материалдармен (бояу, қағаз, табиғи заттар) жәндіктер бейнесін жасау;
– Қиялын, елестету қабілетін дамыту.

Коммуникативтік:
– Сұрақтарға толық жауап беру, өз ойын еркін жеткізу;
– Топпен жұмыс барысында бір-бірімен қарым-қатынас жасау.

Әлеуметтік-эмоционалдық:
– Жәндіктерге жанашырлық, қамқорлық сезімін қалыптастыру;
– Табиғатты қорғауға жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу.

Цифрлық:
– Цифрлық қосымшаларды (ARLOOPA, Quiver, Umaigra) қауіпсіз және мақсатты қолдану;
– Интерактивті тапсырмалар арқылы танымдық белсенділікті арттыру.


ӘДІС-ТӘСІЛДЕРІ

Көрнекілік, сөздік, практикалық, ойын, зерттеу-ізденіс тәсілі, бақылау және талдау, сұрақ-жауап, салыстыру және топтастыру, тәжірибе жасау, қимыл-қозғалыс (сергіту сәті), шығармашылық жұмыс, сенсорлық қабылдау, топтық және ұжымдық жұмыс, дифференциациялау, рефлексия, мадақтау, ынталандыру, ақпараттық-коммуникациялық технология (АКТ), кеңейтілген шындық (AR) технологиясы (ARLOOPA, Quiver), цифрлық ойын технологиясы (Umaigra).


Іс-әрекеттің барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

Балаларды шеңберге жинап, жылы лебіз білдіру.

  1. Амандасу

  2. Шаттық шеңбер


Табиғат біздің анамыз,

Табиғат біздің баламыз.

Иіліп сәлем береміз,

Біз бақытты баламыз.

    • "Балалар, бүгін біз ерекше іс әрекет өткелі тұрмыз. Табиғаттағы біздің кішкентай достарымызбен танысамыз. Бұл - жәндіктер әлемі!"


ІІ. Кіріспе бөлім

1. Балаларға сұрақ қою:

    • Жәндіктер дегеніміз не?

    • Қандай жәндіктерді білесіңдер?

    • Олар қайда өмір сүреді?


  1. A RLOOPA мобильді қосымшасымен түсірілген видеоролик көрсетіп, балаларға жәндіктер жайлы қызықты мәлеметтер айтамыз. (Осы сәтте жәндіктер әлемінің бір бөлігі табиғат бұрышындағы суреттер мен пластик ойыншықтар арқылы табиғаттағы жәндіктердің маңызы туралы қысқаша түсіндіру)

Балаларға жәндіктер туралы қызықты деректер айту:

Жәндіктер – буынаяқтылар типіне жататын, денесі үш бөліктен (бас, кеуде, құрсақ) тұратын және алты аяққа ие ұсақ ағзалар. Олар табиғатта ең көп таралған және түрлері саны жағынан ең алуан түрлі жануарлар тобы болып саналады. Жәндіктердің басым бөлігі құрлықта тіршілік етеді, бірақ суда да мекендейтін түрлері бар.


Жәндіктердің маңызы

  • Экологиялық: Олар өсімдіктерді тозаңдандырады, табиғаттағы зат айналымына қатысады және басқа жануарлар үшін қорек болып табылады.

  • Шаруашылықтағы рөлі: Кейбір жәндіктер ауыл шаруашылығы өнімдерін зақымдайды, ал басқалары (мысалы, бал аралары) адам үшін пайдалы өнімдер береді.

  • Жәндіктердің танымал өкілдеріне көбелектер, аралар, қоңыздар, құрттар, шыбындар және құмырсқалар жатады.

- Мына жәндіктер қалай аталады?


- Ара бал алады, зиянды құрттардан тазартады. Ара гүлдердің шырынынан бал жинайды.

Жұмысшы ара дегеніміз – көбею мүшелері толық жетілмеген ұрғашы аралар. Жұмысшы аралар ұрғашы бола тұра, ара әулетінің тіршілігін қамтамасыз ете алмайды. Аралар жасының ұзақтығы олардың қорегінің сапасы мен жасаған жұмыстарының мөлшеріне тікелей байланысты. Жаз айында жұмыртқадан шыққан аралар онша ұзақ тіршілік ете алмайды. Олар бар болғаны 35-37 күн ғана тіршілік етеді. Өйткені,олар тыным таппай, гүл тозаңдарын, тәтті шырын дайындаумен қажып,шаршайды.

- Көбелек гүлдерді тозаңдандырады.

К өбелектер- көркімен көз тартатын тіршілік иегерлері. Тым қысқа өмір сүргенімен, Табиғат анаға тигізер пайдасы орасан. Кейбір көбелектер жануарлардың көз жасымен қоректенеді. Шалғын көбелегінің құрттары көбінесе шырынды, жұмсақ жапырақты өсімдіктерге көп зиян келтіреді. Шалғын көбелегі желдің ағысы арқылы ұзақ жерлерге қоныс аудара алады және ол жерлерде тіршілігін жалғастырып дақылдарды зақымдайды.

- Құмырсқаның денесі бас, көкірек және құрсақтан тұрады. Құмырсқа еңбекқор, илеуіне қонған құстардың үстіндегі бүргелерін тазартады.

Қ ұмырсқа - жәндік, Олар илеу жасайды, азық қорын жинайды, қорғайды. Құмырсқаның 10 мыңнан астам түрі бар екен. Құмырсқа қызыл және қара түстес болады олар 20 жылға дейін өмір сүреді. Құмырсқа адамның досы. Оның емдік қасиеті де бар.

-Қоңыз өсімдіктердің жапырағын зиянды құрттардан тазартып, емдейді. Қоңыздар топырақты қазып шіріген заттарды ыдыратып табиғат тазалығын сақтауға үлес қосады. Өсімдіктердің жапырағын зиянды жәндіктерден құртады. Қанқыздың бізге тигізетін зияны жоқ, оны қолға ұстасақ өрмелеп жүреді, қанаттарын жайып ұшады. 

Еңбекқор жәндік. Қаңқыз шөпте мекендейді, ал құмырсқа жердің астында мекендейді.

- Құрттар:

Жауынқұрттар топырақты қопсытып, оның құрылымын жақсартады.

Олар топыраққа ауаның кіруін қамтамасыз етіп, оның құнарлығын арттырады.

Құрттардың қалдықтары (құрт тыңайтқышы) азот, фосфор және калийге бай болып, өсімдіктердің жақсы өсуіне ықпал етеді

Кейбір құрттар (мысалы, сымқұрттар немесе нематодтар) өсімдіктердің тамырларын зақымдап, олардың өсуін тежейді немесе толық жойып жібереді.

Мұндай зиянкестер ауыл шаруашылығы үшін айтарлықтай шығын келтіруі мүмкін.

- Шыбын:

Шыбындар қатты тағамды жей алмайды. Олар тағамды сұйылту үшін сілекейін қолданады, содан кейін сорып алады. Шыбындар өз өмірінде тек бір бағытта ғана ұша алады, бірақ өте жылдам реакция жасау қабілетінің арқасында жауларынан оңай құтылып кетеді.

Зияны: Шыбындар ашық тағамдарға қонып, олардың ластануына себепші болады, бұл тағамдық улану қаупін арттырады.

Шыбындардың кейбір түрлері өсімдіктерді тозаңдандыруға қатысады, бұл ауыл шаруашылығына пайда әкеледі.


ІІІ. Негізгі бөлім

Ал балалар қазір парта үстіндегі құтылардың ішінде не бар екенін жарықтың көмегімен анықтайымыз. (Іс-әрекетке арналған музыка)


  1. Балалар партадағы шыны құты бейнесіндегі құтыларды таңдап алып, шам жарығын түсіру арқылы ішіндегі қандай жәнді екенін анықтайды. Осы жерден алты орталыққа бөлініп тапсырмалар орындайды: (практикалық жұмыс)

  1. Құмырсқа (құм ішінін құмырсқалырды тауып, сандар тұрған ыдысқа салып санайды)

  2. Ара (ара бейнеленген сауытқа түстеріне қарай боялған дәндерді салып толтырады)

  3. Көбелек (Quiver мобильді қосымшасының арнайы көбелек суретін бояп, планшеттегі Quiver мобильді қосымшасы арқылы суретті жандандырымыз)

  4. Шыбын (шыбын суреттеріне жазаылған сандар арқылы тура және кері санауды орындаймыз)

  5. Құрт (ақ майлықтты түрлі түсті фломастерлаермен бояп, оны суши таяқшасына орап құрт жасаймыз. Жасап болған соң үстіне су құйып, тамаша озгеріске куә боламыз)

  6. Қоңыз (грек жаңғағының көмегімен ханқоңыз жасаймыз)


  1. U maigra қосымшасы арқылы жасалған «Ойлан тап» ойнап әр дұрыс жауап үшін себетке алма жинаймыз. (Интерактивті тақтамен жұмыс)

  1. Шыбын жәндігін тап.

  2. Ұша алмайтын жәндікті көрсет.

  3. Қоңыз жәндігін көрсет.

  4. Бал жинайтын жәндікті көрсет.

  5. Қоңызды көрсет.

  6. Мүйіз тұмсықты ең мықты жәндікті көрсет.

  7. Төмендегі жәндіктердің қайсысы көбелекке айналады?

  8. Өзінен де ауыр затты тасымалдай алатын

  9. Гүлдің шырынын соруға сүйетін жәндік.

  10. Ұша алатын жәндіті көрсет


Сергіту сәті (музыка)

«Жәндіктерді есімізде сақтайық»

Мақсаты:
Балалардың есте сақтау қабілетін, зейінін, қимыл белсенділігін дамыту,
жәндіктер туралы білімін ойын арқылы бекіту.

Ұйымдастыру:

Балалар екі топқа бөлінеді.
– Әр топтың алдында
жәндіктердің суреттері көрсетіледі.
– Музыка қосылады, балалар суреттерді мұқият қарап, есте сақтайды.

(Музыка тоқтаған соң суреттердің реті өзгереді)

Ойын шарты:

Музыка ойнап тұрған кезде балалар жәндіктердің ретін есте сақтайды.
– Музыка тоқтағанда, әр топ суреттердің
дұрыс ретін қалпына келтіреді.
– Қай топ дұрыс әрі жылдам орындаса, сол топ жеңімпаз атанады.

Қимылмен орындау (музыкамен):

Музыка ырғағымен балалар жәндіктердің қимылын салады:

Көбелекше қанат қағамыз,
– Арадай г
уілдейміз,
– Құмырсқадай еңкейеміз,
– Қоңыздай жай жүреміз.

Өлең жолдары (хормен айтылады):

Жәндіктерді қорғаймыз,
Табиғатты аялаймыз.
Көбелек пен қоңызды,
Досымыз деп санаймыз.

Қорытындылау:

Қай жәндіктерді есіңде сақтадың?
– Қай қимыл саған ұнады?
– Бірге ойнау қызықты болды ма?

Тәрбиешінің сөзі:
– Жарайсыңдар, балалар!
– Сендер мұқият тыңдап, жақсы есте сақтадыңдар.

Ұйымдастыру:

Балалар екі топқа бөлінеді.
– Әр топтың алдында
жәндіктердің суреттері көрсетіледі.
– Музыка қосылады, балалар суреттерді мұқият қарап, есте сақтайды.

(Музыка тоқтаған соң суреттердің реті өзгереді)

Ойын шарты:

Музыка ойнап тұрған кезде балалар жәндіктердің ретін есте сақтайды.
– Музыка тоқтағанда, әр топ суреттердің
дұрыс ретін қалпына келтіреді.
– Қай топ дұрыс әрі жылдам орындаса, сол топ жеңімпаз атанады.

IV. ҚОРЫТЫНДЫ БӨЛІМ

1. ҰЙЫМДАСТЫРЫЛҒАН ІС-ӘРЕКЕТТІ ҚОРЫТЫНДЫЛАУ (сұрақ-жауап)

Тәрбиешінің сұрақтары:
– Балалар, бүгін біз не туралы білдік?
– Қандай жәндіктермен таныстық?
– Қай тапсырма саған қызық болды?
– Қандай жәндік сендерге көбірек ұнады? Неліктен?

(Балалардың жауаптары тыңдалады, толық сөйлеммен айтуға ынталандырылады)

Тәрбиешінің қорытынды сөзі:
– Жәндіктердің әрқайсысының табиғатта өз орны бар.
– Олар гүлдерді тозаңдандырады, жерді тазартады, табиғатқа пайда келтіреді.

2. Тәрбиелік әңгіме

«Жәндіктер – табиғаттың бір бөлігі»

Балалар, жәндіктерге зиян келтіруге бола ма?
– Оларды басуға, ұстауға, ренжітуге болмайды.
– Біз жәндіктерді қорғау арқылы табиғатты қорғаймыз.

Табиғатта қалай дұрыс әрекет ету керек?
(Гүлді жұлмау, жәндіктерге тиіспеу, қоқыс тастамау)

3. Тапсырма:
– Балалар жәндіктерді өзіне лайықты орынға орналастырады:
• көбелек – гүлге
• қоңыз – жерге
• құмырсқа – ағаш түбіне
• ара – гүл маңына

Сұрақтар:
– Бұл жәндік қайда өмір сүреді?
– Неге осы жерге қойдың?

4. Мадақтау

Тәрбиеші:
– Бүгін барлығың белсенді болдыңдар.
– Тапсырмаларды мұқият орындадыңдар.
– Жәндіктер туралы көп мәлімет білдіңдер.

Балалар мақтау сөздермен, шағын марапаттармен (жапсырма, белгі) марапатталады.

Қорытынды сөз:
– Табиғатты қорғау – біздің ортақ міндетіміз.
– Жәндіктер – біздің кішкентай достарымыз.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
16.04.2026
0
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12