ҰІӘ конспекті:Тақырыбы: Судың қасиеттері (тәжірибе жасау)

Тақырып бойынша 11 материал табылды

ҰІӘ конспекті:Тақырыбы: Судың қасиеттері (тәжірибе жасау)

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектепке дейінгі ұйым педагогтарына арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы


Тақырыбы: Судың қасиеттері (тәжірибе жасау)
Мақсаты: Су туралы мағлұмат бере отырып,тәжірибе жасау арқылы судың қасиетімен, құрамымен таныстыру (дәмі, түсі, иісі); судың тіршілік иесі үшін мәні, қажеттілігі туралы түсінігін кеңейту; суды үнемдей білуге тәрбиелеу.

Шаттық шеңбері

Қуанамын менде

Қуанасың сенде

Қуанайық достарым

Арайлап атқан күнге


Судың аққан дауысы естіледі.
- Балалар ненің дауысын естіп тұрсыңдар
Ендеше бүгінгі іс әрекетәмәздә судың қасиеттерімен танысуға арналады.
- Сендер су туралы не білесіңдер?
- Суды қайда қолданамыз?
Балалар бұдан қандай қорытынды шығаруға болады.
- Ия балалар сусыз өмір тіршілік жоқ. Сендер дұрыс айтасыңдар: өсімдіктерге де су керек, оларды үнемі суғарып тұру керек өйткені олар сусыз өспей қалуы мүмкін. Ал адамдарға су тамақ істеуге, жуынуға, ішуге керек. Ешқандай тірі зат сусыз өмір сүре алмайды.
Енді сумен тәжірибе жүргіземіз,тәжірибе барысында ережелерді сақтаймыз:Айқайламаймыз, рұқсатсыз ешнәрсеге тиіспейміз, өз орнымызда ғана жұмыс жасаймыз.
Балалар алдымызда тұрған не?
1 - тәжірибе.
- Шынының сыртынан қарайық,ар жағы көрініп тұрма?
- Иіскеп көрейік,иісі бар ма?
- Енді дәмін татып көрелік, не байқадыңдар?
2 - тәжірибе.
Енді бірінші ыдыстағы суға өздеріңе ұнаған бояуды қосыңдар.
- Не байқадыңдар?
- Демек, балалар, судың түсі, оған бояу қосқанда ғана өзгереді екен.


Сергіту сәті:

Биік болып өсеміз

Жапырақтай жайқалып

Ағаштарға су құйып

Өсіреміз саябақ

3 - тәжірибе.
- Судың дәмін қалай өзгертуге болады? Дұрыс айтасыңдар, олай болса алдыларыңда тұрған қантты суға салып араластырыңдар. Дәмін татып көріңдер.
- Не байқадыңдар?
- Яғни, балалар, суға белгілі бір дәмі бар затты қосқанда оның дәмі болады екен.
Балалар мен сендерге тағы бір қызық көрсеткім келеді.
(балаларға мұзды көрсету)
- Бұл не?
- Қолымызға ұстап біраз тұрайық. Не байқадық?

-Қолымыз су болды
- Балалар бұл судың қатты күйі екен. Ол қалайша қатты болды?
- Су өте салқын жерде қатып мұзға айналады. Бұл судың қатты күйі.
- Енді мына стакандағы суды тәрелкеге құяйық.
- Бұдан не байқадық?
- Суды төгуге болады,ол ағады, сұйық.

Қане,балалар,су туралы мақал-мәтелдер айтайық

1.Судың да сұрауы бар

2.Су-тіршілік көзі

3.Сусыз өмір жоқ

4.Су-тазалықтың досы

5.Бұлақ көрсен аш

6.Сумен жер көгерер
-Балалар бүгінгі тәжірибе жұмыстары сендерге ұнады ма?

Балаларды мадақтау,қорытындылау





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
17.04.2024
317
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі