Тақырып бойынша 31 материал табылды

ҰІӘ "Менің сүйікті балабақшам"

Материал туралы қысқаша түсінік
ҰІӘ "Менің сүйікті балабақшам"
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: Менің сүйікті балабақшам.

Білім беру дағдысы: Коммуникативтік дағдыларды дамыту
Іс-әрекет: тіл дамыту, көркем әдебиет,сурет салу
Жас тобы: 5 жас (мектепалды тобы)
Ұзақтығы: 25 минут
Өткізу формасы: танымдық-ойын, цифрлық, көркем сөз


Мақсаты: балабақшаға деген сүйіспеншілігін дамыту, өзінің балабақша ұжымының мүшесі екенін санасына сіңіру,достық қарым-қатынас сезімдеріне тәрбиелеу.

Міндеттері: үлкендердің еңбектерін бағалауға үйрету, балабақшаға деген мақтаныш, құрмет сезімдерін дамыту, айналасындағы адамдарды жақсы көруге тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдері:
Көрнекілік, сөздік, практикалық, танымдық-ойын әдісі, әңгімелеу, сұрақ-жауап, сюжеттік сурет бойынша әңгіме құрастыру, көркем мәтінмен жұмыс (өлең, мақал-мәтел, жұмбақ), мәнерлеп айту, мадақтау, ынталандыру.
Көрнекілік: балабақша суреті, безендірілген бөлме.

Тәрбиеші: Сәлеметсіңдерме балалар? Көңіл-күйлерің жақсы ма? Балалар бүгін ерекше күн,алдымен сәлемдесіп алайық.

Балалар:

Сәлем беріп сіздерге,

Бас иеді ұл мен қыз.

Болашағы Отанның,

Азаматы біздерміз.

Тәрбиеші:  Жарайсыңдар балалар !Балалар бүгінгі ҰІӘ тақырыбы «Менің сүйікті балабақшам!» деп аталады. Балабақша- бұл біздің екінші үйіміз. Біз таңертең балабақшаға келіп күні бойы осы жерде тәлім-тәрбие аламыз, ойыншықтар ойнаймыз, тамақтанамыз, сондықтанда балабақшаны екінші үйіміз деп айта аламыз, солай ғой балалар! Ендеше балалар барлығымыз бір-бірімізге жақсы көңіл-күй сыйлайықшы. Қане шаттық шеңберін құрайық.

Балалар:

Еліміз тыныш болсын,

Отбасымыз аман болсын.

Дастарханнан дәм кетпесін,

Көңілімізден сән кетпесін.

Тәрбиеші: Рахмет жарайсыңдар. Балалар, сендер күнде қайда келесіңдер?

Балалар: Біз балабақшаға келеміз.

Мұғалім: Ертеңгісін балабақшаға келгенде достарымызға не дейміз?

Балалар: Қайырлы таң!

Мұғалім: Жарайсыңдар балалар. Балабақшада сендер не істейсіңдер?

Балалар: Балабақшада біз білім аламыз, тәтті тағамдар жейміз, ойыншықтар ойнаймыз.

Мұғалім: Жарайсыңдар балалар.

Орнымыздан тұрайық,

Олға, солға қарайық.

Тақпақ айтып шаршадық,

Біраз сергіп алайық. дей  отырып біз сендермен сергіту сәтін өткізейік.

Балалар теледидарға қарап  музыкалық сергіту сәтін өткізеді.

Ғажайып сәт: Есік қағылып топқа Қызыл телпекше кіріп келеді.

Қызыл телпекше: Сәлеметсіңдерме балалар, мен бүгін сендердің балабақшаларыңа қонаққа келдім. Балабақшаларың қандай әдемі! Мені білесіңдерме? Мен «Қызыл телпекше» ертегісіндегі Қызыл телпекше боламын. Мен сендерге жол-жөлекей гүлдер тере келдім. Бұл гүлді сендерге сыйға тартамын, бірақ менің бір шартым бар. Бұл гүлдің артында сиқырлы сұрақтар жасырынған, кімде-кім сұраққа жауап бере алса ғана гүлді сол балаға тарту етемін. Қанеки қошақандар көздеріңді жұмыңдар, мен өзімнің қызыл телпекшемді  қай баланың басына кийгізсем сол бала сұраққа жауап береді.

Балабақшада сен немен ойнағанды  ұнатасың?

Саған балабақшаның қандай тамағы ұнайды?

Сенің балабақшаң қалай аталады?

Балабақшаға деген жақсы тілектер айта аласыңба?

Балалар сұраққа қызыға жауап береді.

Қызыл телпекше: Жарайсыңдар балалар, сендер балабақшаларыңды өте жақсы көретіндерің көрініп тұр, ал енді мен үйіме қайтайын. Достарыма сендердің балабақшаларың туралы әңгімелейтін боламын. Сау болыңдар!

Балалар: Сау бол Қызыл телпекше!

Тәрбиеші: Ал енді балалар, біз сендермен «Менің сүйікті балабақшам» тақырыбында құрастыру ойынын ойнаймыз. Мына жерде балабақшаның қиылған суреттер тұр, осы суреттерді біз өз  орнына қойып жапсырып шықсақ, балабақшаның суреті бейнеленеді. Ал ендеше балалар суреттерді жылдам жапсырып шығайық.

Балалар қиылған суреттерді жылдам құрастырады.

Сурет салу

Тапсырма:

«Менің сүйікті балабақшам».Балалар өз қиялымен, қалаулары бойынша сүйікті балабақшаларының суретін салады.

Қорытындылау:

Балалар балабақша суретін салды.
Мадақтау:
Жарайсыңдар, балалар!
Сендер өте мұқият және белсенді болып,тапсырманы орындадыңдар.




ТәрбиешіАл енді балалар біз сендермен бүгінгі ҰІӘ аяқтаймыз, соңында балабақшаға деген жақсы тілектерімізді айтайық.

Балалар: Еліміз тыныш болсын, балабақшамыз гүлдене берсін, елбасымыз аман болсын, ауылымызда үлкен балабақша салынсын, достарымыз көп болсын.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
16.04.2026
0
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12