400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Үйде оқылатын оқушымен жұмыс

Материал туралы қысқаша түсінік
Мүмкіндігі шектеулі оқушының талпынысы
Материалдың қысқаша нұсқасы

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Ы. АЛТЫНСАРИН АТЫНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ БІЛІМ АКАДЕМИЯСЫ












ТҮЗЕТУ ЫРҒАҒЫ


Есту қабілеті бұзылған (естімейтін) оқушыларға арналған

бастауыш білім беру деңгейінің 0-4 сыныптары үшін

оқу бағдарламасы



























Астана



Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірде №115 бұйрығымен бекітілген.


Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы
10 сәуірде № 8424
тіркелген.


Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 18 маусымдағы №393 бұйрығымен оқу бағдарламасына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.


Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы
14 шілдеде № 11659
тіркелген.




Түзету ырғағы: Есту қабілеті бұзылған (естімейтін) оқушыларға арналған бастауыш білім беру деңгейінің 0-4 сыныптары үшін оқу бағдарламасы – Астана: Ы. Алтынсарин атындағы ҰБА, 2015. – 12 б.
























© Ы. Алтынсарин атындағы

Ұлттық білім академиясы, 2015.

Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2015 жылғы «18» маусымдағы

№ 393 бұйрығына  18 – қосымша


Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2013 жылғы 3 сәуірдегі

№ 115 бұйрығына 123-қосымша  




Есту қабілеті бұзылған (естімейтін) оқушыларға арналған бастауыш білім беру деңгейінің 0-4 сыныптары үшін «Түзету ырғағы» пәнінен типтік оқу бағдарламасы


1. Түсінік хат


1. Оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы №1080 қаулысымен бекітілген Орта білім берудің бастауыш мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес әзірленген.

2. Естімейтін балаларда оқу мен іс-әрекеттің қалыптасуы, өзін-өзі реттеуі жоғары психикалық қызметтердің: есте сақтауы, зейіні, ойлауы, елестетуі мен сөйлеу тілінің жеткіліксіз дамуы аясында жүзеге асады. Сондықтан есту қабілеті зақымдалған балаларға арналған мектептер мен сыныптарда оқу жоспарына «Түзету ырғағы» пәнін кіріктірудің қажеттілілігін көрсетеді.

3. Естімейтін балаларға арналған «Түзету ырғағы» пәнінің мақсаты – ішкі және сыртқы жағдайларға бейімдей отырып, негізгі бұзылыстардың орнын толтыруға бағытталған керекті негізгі қимылдарды үйрету, музыкаға деген құштарлығын арттыру, музыканың әртүрлі жанрларын түсініп, есту қабілетін дамыту, сол арқылы эстетикалық сезімдерін тәрбиелеу. Сонымен қатар оқушылардың музыкалық мәдениетін қалыптастырып, көркемөнер мен шығармашылық қабілеттерін дамытады.

4. «Түзету ырғағы» сабағын жүргізу - музыка тыңдау, ән айту, музыкалық қимыл жасау, би билеу, музыка аспаптарында ойнау және т.б. іс-әрекет түрлерінен құралады. Ән айту барысында балалардың дауыс ерекшеліктері ескеріледі. Сондықтан хормен орындауға үйретудің алғашқы кезеңінде балалардың ән айту тәртібінің сақталуы жіті қадағаланып, ән айту барысында тынысты үнемді пайдалану тәсілі мен есту қабілетін дамытатын вокалдық тапсырмалар беріледі.

5. «Түзету ырғағы» пәнінің негізгі міндеттері:

1) пән арқылы естімейтін балалардың қоғамдық мәдениетін дамыту;

2) музыкалық білімдеріне сүйене отырып, естімейтін оқушылардың Отанға деген сүйіспеншілігін, эстетикалық көзқарасын тәрбиелеу;

3) естімейтін балалардың шығармалық білімі, ақыл-ойы мен дене дамуына ықпал жасау;

4) есту қабілетін дамыта отырып, өз бетінше сөйлеуін қалыптастыру.

6. Бағдарлама бірнеше бөлімдерді қамтыған:

1) музыка арқылы негізгі қимылдарды үйрету;

2) музыканы тыңдап, қабылдауға үйрету;

3) өлеңді, әнді мәнерлеп айту;

4) фонетикалық ырғақты пайдаланып, сөйлеу тілі дағдыларын қалыптастыру;

5) сөздік материал;

6) сөйлеу тіліне қойылатын талаптар.

7. «Түзету ырғағы» пәнінің оқу жүктемесі типтік оқу жоспарына сәйкес төмендегідей бөлінген:

1) дайындық сыныбы – аптасына 1 сағат, барлығы 33 сағат;

2) 1 сынып – аптасына 1 сағат, барлығы 33 сағат;

3) 2 сынып – аптасына 1 сағат, барлығы 34 сағат;

4) 3 сынып – аптасына 1 сағат, барлығы 34 сағат;

5) 4 сынып – аптасына 1 сағат, барлығы 34 сағат.

8. «Түзету ырғағы» пәні келесі оқу пәндерімен байланысты:

1) «Қазақ тілі», «Орыс тілі»: қазақ және орыс тілдерінде әндерді үйрену арқылы сөздік қорлары толығады; қазақ әндерін орындау арқылы қазақ тіліне тән дыбыстармен жұмыс жасалады;

2) «Бейнелеу өнері»: ән айту мен билеу кезінде бейнелік туындыларды қолданады;

3) «Дүние тану»: өмірлік тәжірибені қолдану, музыкалық туындылармен жұмыс барысында экскурсия материалдары; музыкада кездесетін қоршаған әлемдегі жануарлар мен тұрғылықты жерлерді аталуы, табиғат үлгілерінің қатынасы;

4) «Математика»: қарапайым математикалық түсініктер, қозғалыстарды талдаудағы білімдер мен ұғымдар (жоғары-төмен секіру, кең және тар адымдау...), музыкалық туындылардағы ырғақтық суреттерді құрастыру (метр, ырғақ, әдеп, буындар саны, шумақтар саны және т.б.);

5) «Дене шынықтыру»: негізгі қозғалыстың (иілу, бүгілу, тербелу....) дене шынықтыру бағдарламасына сәйкес музыкамен өткізілуі.

9. Музыкалық ырғақты тыңдау мен қабылдау аталған пәндерді жете түсінуге мүмкіндік туғызады. Басқа сабақтармен қатар түзету ырғағы сабақтарында да есту арқылы, көріп-есту арқылы қабылдау, дыбыстарды қадағалап дұрыс айтуды талап ету жұмыстары іске асыруы аса қажет.


2. Оқу пәнінің дайындық сыныптағы базалық білім мазмұны


10. Музыка арқылы негізгі қимылдар үйрету:

1) гиманстикалық және би қимылдарын музыка ырғағымен эмоциональды көңіл-күйді білдіріп, мұғалімнің көрсетуімен орындау;

2) жай гинастикалық қимылдарды (еңкею, басты, денені бұру, қолды әр түрлі жағдайда сезу, бүгу, т.с.с); жай сапқа тұру (қатар-қатар, дөңгелене);

3) би элементтерін үйрену. Музыка ырғағына сай ойындар ойнау. Музыканы тыңдап, қимылдарды музыкаға сай өзгерте білу; музыканың (қатты, жай, баяу) айтылуын ажырата білу.

11. Музыканы тыңдап, қабылдауға үйрету:

1) есту арқылы музыканың басталуын және аяқталуын ажырата білу;

2) есту арқылы қатты, тез музыкаларды ажырата білу;

3) есту арқылы (көңілді, көңілсіз) музыканы ажырату;

4) шағын музыкалық қойылымдарды тыңдап (көңілді, қайғылы) түрлерін, динамикасын, темпін ажырата білу.

12. Өлеңді, әнді мәнерлеп айту:

1) өлеңді тыңдауға үйрету;

2) 2-3 буынды өлеңдерді музыка ырғағымен айта білуге үйрету;

3) өлеңді жай, асықпай қарапайым дауыспен айтуға үйрету.

13. Фонетикалық ырғақты пайдаланып, сөйлеу тілі дағдыларын қалыптастыру:

1) 4-5 буынды сөздерді, 4-5 буынды қысқа сөйлемді, сөз тіркестерін дұрыс тыныстан бөлмей айта білу;

2) дауыс күшін, биіктігін және тембрін қайталап айта білу;

3) есту арқылы, ырғақтық-интонациялық сөйлеу қалпын сақтап, қайталау;

4) оқушының сөздік тіліндегі бар дыбыстарды, дыбыс тіркестерін сөздік материалдарда бекіту;

5) дауыспен айтылатын дауыссыз дыбыстарды (м, н, в, л, р) естіп қабылдау.


3. Оқу пәнінің 1-сыныптағы базалық білім мазмұны


14. Музыка арқылы негізгі қимылдарды үйрету:

1) гимнастикалық және би қимылдарын музыка ырғағымен эмоциональды көңіл-күйді білдіріп, дұрыс орындау;

2) мұғалімнің бұйрығына сәйкес адымдарын соза, қысқарта алып, тез, жиі басып жүру, жүгіру, орындықтардан, доптардан, үйілген төсеніштен аттап жүру, жүгіру, аяқтың ұшымен жүру, жүгіру, бірін-бірі қуалай жүгіру. Доппен, шеңбермен әртүрлі қимылдар жасау; бір аяғымен тұра білу;

3) музыка ырғағына сай аяқ, қол, дене иықтарымен әртүрлі қимылдар жасау, өз беттерімен билей білу; музыканың басталу және аяқталу ырғағына сәйкес, берілген қимылдарды өзгерту;

4) екі қолды желкеге ұстап жоғары созылу, екі қолды иыққа қойып, шынтақты айналдыру; қолды кеуде алдына ұстап тік тұрып, кеудені оңға, солға бұрып артқа серпу; қолды екі жаққа көтеріп, алға, артқа бірдей айналдыру; басты оңға, солға жай айналдырып бұру;

5) кеудені оңға-солға бұру, еңкейіп, шалқайып оңға, солға бұру; аяқты тік ұстап алға, жанға, артқа көтеру; қолды жерге тіреп, кеудені көтеру, аяқтың ұшымен бірнеше рет қатарынан көтерілу, аяқты кезек алға көтеріп, кезек айналдыру; аяқты алға-артқа созып, отырып, тұра білу. Жалауша, шеңбер, таяқшамен отырып, тұрып жаттығулар жасай білу;

6) музыка ырғағымен қол шапалақтап, әр түрлі қимылдар жасай білу;

7) би элементтерімен таныстыру, үйрету;

8) жай жүру. Оңға адымдау (жай, тез). Бір аяғымен кезек-кезек жер тебу және кезекпен оң және сол аяғымен қимылды қайталау. Оң жағымен айналу (екі қолын көтеріп);

9) қыздар орамалды қолдарына ұстап, көтеріп қимылдар жасау. Орамалды оңға, солға жоғары, төмен түсіру;

10) екі-екіден айналу;

11) би көрсету арқылы өз бетінше, айналып билеу, қуыршақпен билеу, екі-екіден билеу;

12) музыка ырғағымен ұлттық ойындар ойнау.

15. Музыканы тыңдап, қабылдауға үйрету:

1) есту арқылы қатты дауыспен берілген музыканы тез, жай, баяу, музыка темпін қабылдап, ажырата білу;

2) домбыра, даңғара, фортепиано, бубеннің, тағы басқа музыкалық аспаптардың дыбыстарын қабылдай білу;

3) музыка ырғағымен ойындар ойнау;

4) музыканың жеңіл, көңілді, қайғылы характерлерін түсініп, айта білуі керек.

16. Фонетикалық ырғақты пайдаланып, сөйлеу тілі дағдыларын қалыптастыру:

1) буын, сөз, сөз тіркестерін, сөйлемдерді дауыс ырғағына, екпініне келтіріп, дұрыс тыныстап айта білу;

2) дауыс биіктігін, күшін, тембрін дамыту;

3) дауыс күшіне (жоғары, төмен, баяу) және дауыс биіктігіне байланысты (биік, төмен, дұрыс) дауысты өзгертіп, көңіл-күйін білдіріп айту;

4) есту арқылы ырғақты-интонациялық сөйлеу қалпын қабылдап, қайталау;

5) сұраулы, хабарлы, лепті сөйлемдерді дауыс ырғағына, екпініне келтіріп айту және орфоэпиялық ережелері қолдана білу;

6) оқушының сөздік тіліндегі бар дыбыстарды, дыбыс тіркестерін сөздік материалда бекіту.


4. Оқу пәнінің 2-сыныптағы базалық білім мазмұны


17. Музыка арқылы негізгі қимылдар үйрету:

1) би қимылдарын музыка ырғағымен эмоциялық көңіл-күймен дұрыс орындау;

2) тік тұрып, жүресінен, аяқты созып, малдасын құрып отырып, тізерлеп тұрып, құрсау, доп, таяқша, серіппе, жіптермен қол, иық, дене, аяққа арналған жаттығулар жасау;

3) қолды жоғары-төмен сермеу; аяқтың ұшына көтеріліп, созылу; қолды иыққа қойып, аға, артқа айналдыру; қолды екі жаққа созып, кеудені оң-солға иілу; аяқты кезек сермеп, тізені бүгіп, солға көтеріп, отыру, тұру, қолды сермеп көмектесіп, бір аяқпен, екі аяқпен секіру, қолды кеуде астына ұстап етпетінен жатып, қолдың күшімен денені тік ұстап, көтерілу; оңға-солға аунау; екіден тұрып, жіп ұстап, шеңбер жасап тұрып, жаттығу жасау; қолды шапалақтап бірнеше отырып, тұру;

4) би элементтерімен танысу, үйрету;

5) секіріп аттау. Оңға, солға (тез, жай) секіріп аттау; жай аттау, кезекпен аттау; бір аяқпен, кезек екі аяқпен жерді тебу;

6) қазақ халқының билерінің қарапайым қимыл түрлерін жасау; жұппен әсем жүру әдісін білу;

7) музыка ырғағымен ойындар ойнау. «Қара жорға», «Шөжелерім»; доппен, шеңберлеумен эстафеталық ойындар ойнау (музыка ырғағына сай).

18. Музыканы тыңдап, қабылдауға үйрету:

1) есту арқылы 2-3-4 бөлімді музыкалық шығармаларды, жай, тез музыканы қабылдау (полька, марш, вальс);

2) музыканың жеңіл, көңілді, қайғылы түрлерін және ән, би, марш түрлерін қабылдау;

3) қысқа музыкалық ертегілердің мазмұнын есту арқылы танысу;

4) музыканы тыңдап жай, тез, жайлап, алдымен қол шапалақтап, содан кейін жүріп, жүгіріп, секіріп музыка ырғағына сай қимылдар жасау, музыка ырғағына сай жүгіру, секіру, шапалақтау;

5) қимылды музыка ырғағына сай өзгертіп отыру;

6) би элементтерімен танысу, үйрету.

19. Фонетикалық ырғақты пайдаланып, сөйлеу тілі дағдыларын қалыптастыру:

1) сөз тіркестерін бөлмей, буындарды біртіндеп өсіріп 8-10 буынға дейін жеткізу;

2) сөйлемдерді мұғалімге еліктеу арқылы және өз бетінше паузаға, синтагмге бөліп айту;

3) дауыс биіктігін, күшін, тембірін дамыту;

4) есту арқылы ырғақты-интонациялық сөйлеу қалпын: 2-3-4 буынды сөздерді, синтагмдерге бөлінген сөз тіркестерін қабылдау;

5) сөздік материалдарды есту ара қашықтығына және бөлме көлеміне байланысты сыбырлап сөйлеу арқылы қабылдау.


5. Оқу пәнінің 3-сыныптағы базалық білім мазмұны


20. Музыка арқылы негізгі қимылдар үйрету: негізгі қимылдарды жасау техникасының негізін дұрыс қалап, балалардың жалпы икемділігін арттыру керек.

21. Мұғалімнің тапсырмасымен әртүрлі дене қимылдарын жасау:

1) сол аяқтан бастап адымдау: жүру, отырып-тұру, аяқ ұшымен жеңіл жүгіру;

2) екі-екіден тұру, өз жұбын таба білу, шеңберге тұру, сапқа тұру т.с.с.;

3) екі қолды желкеге, иыққа, белге, артқа ұстап тұрып, қолды әр түрлі қолда ұстау: бір қолды алға, екіншісін жоғары, бір қолды желкеге, екіншісін жаңға ұстау сияқты екі қолмен кезек алдынан шеңбер айналдыру; екі қолды жоғары көтеріп, бірдей оңға-солға иілту;

4) кеудені оңға, солға иілткен кезде сол, оң аяқты, тізесін бүгу; алға еңкейген кезде арқаны тік немесе иілтіп ұстау, аяқты алшақ қойып, сол жаққа бұрылғанда кеудені бұрып, қолды жоғары, артқа сермеу;

5) аяқтарды әртүрлі қалыптарда ұстап, тұрып алға, артқа, оң жаққа сермеу: арқаны тік ұстап отырып-тұру, аяқты бірге ұстап, тізені бүкпей еңкейіп, қолдың ұшын аяқтың басына, тобыққа, өкшеге тигізу;

6) бір қолды жоғарыдан, екінші қолды төменнен әкеліп, арқадан саусақтарын ұстап, жүру; иекті көтеріп, екі жауырынға тигізе жүру;

7) аяқты айқастырып, малдас құрып отыру, қолдың көмегінсіз тұрып кету.

22. Музыканы тыңдап, қабылдауға үйрету:

1) әннің графикалық жазуына сүйене отырып, ән фрагменттерін (қайырмасын) есту арқылы ажырата білу;

2) музыканы тыңдап, қимылдарды музыкаға сәйкес өзгертіп жүру. Қимыл арқылы жай, тез, жайлап, еппен қозғалу; жай жүріспен тез жүріске және керісінше қимылдарды өзгерту;

3) би элементтерімен танысу. 1-2 сыныптағы бағдарламаға сәйкес би элементтерін қайталап, еске түсіру;

4) балалалрдың отырып-тұру қимылдары, қазақ билерінің қимыл түрлерін жасату. Мынандай билерді үйрету: «Қамажай», «Бипыл-бипыл», «Балбырауын», «Ата толғау»;

5) оқушыларды әр түрлі жанрлармен таныстыру;

6) ерлер мен әйел дауысын ажырата білуге үйрету; фортепиано, баян, домбыра, қобыз үндерін ажырата білу.

23. Өлеңді, әнді мәнерлеп айту:

1) асықпай, бір қалыпты, созып айтуға дағдыландыру;

2) дауыссыз дыбыстардың анық айтылуын қадағалап, өлең мәтінін дұрыс орындату;

3) сыныптағы оқушылар барлығы бір жаймен, бір тыныста, сөздерді бөлмей, дыбыстарды дұрыс айтып, мәтінді дұрыс оқып, айту.

24. Фонетикалық ырғақты пайдаланып, сөйлеу тілі дағдыларын қалыптастыру:

1) сөз тіркестерін бөлмей, буындарды біртіндеп өсіріп 8-10 буынға дейін жеткізу;

2) сөйлемдерді мұғалімге еліктеу арқылы және өз бетінше паузаға, синтагмге бөліп айту;

3) дауыс биіктігін, күшін, тембірін дамыту;

4) есту арқылы ырғақты-интонациялық сөйлеу қалпын қабылдап, қайталап айту;

5) сөйлеу темпін өзгерту (біртіндеп, жайлап, тездетіп) 2-3-4-5 буынды сөздерді, синтагмдерге бөлінген сөз тіркестерін, логикалық және синтагматикалық екпінді; сөйлемде хабарлы, лепті, сұраулы сөйлемдер интонациясын қабылдау;

6) сөздік материалдардағы дыбыстарды және дыбыс тіркестерін дұрыс бекіту.


6. Оқу пәнінің 4-сыныптағы базалық білім мазмұны


25. Музыка арқылы негізгі қимылдарды үйрету:

1) музыка ырғағымен би композицияларын, дұрыс көңіл-күйді білдіріп орындау. Өткен сыныптарда өтілген негізгі қимылдарды қайталап, еске түсіру. Оқушыларды өз бетінше топты бастап билеуге, қимылдар жасауға үйрету;

2) бір орында тұрып екі аяғымен секіріп түсу, кезектесіп секіру, оң және сол аяқтарымен кезектесіп оңға, солға алға, артқа қимылдар жасап, секіру;

3) қолды әр түрлі қалыпта ұстап тұрып созылып, аяқтың ұшымен көтеріліп отырып, тізені құшақтап отыру, қолды алға созып ұстап тұрып, аяқты сермеп тигізу; қолды екі жаққа созып, шалқайып, екдесін қажыра құшақтау; бір аяқты артқа созып, тізені бүгіп отырып, қолды екі жаққа созып, қайта тік жүру, екі қолды тіреп, жүресінен отырып, аяқты артқа созып, етпесінен денені тік ұстап, қайта жүресінен отырып-тұру;

4) екі аяқты кезек жоғары, екі жанға созып, қайта отыру: тізерлеп тұрып, шалқайып, қайта тұру; бір аяқты оң (сол) жаққа созып, тізені бүгіп, қайта тік жүру, саусақтарды айқастыра ұстап тұрып, бір аяқпен алға, артқа аттап өту; аяқтың ұшымен, өкшені кезек көтеру; аяқтың басын кезек алға, артқа созып, айналдыру, башпайлармен әр түрлі қимылдар жасап, таяқты, допты домалатып ұстап көтеру; доппен, таспамен, шеңбермен әр түрлі қимылды жаттығулар жасау.

26. Музыканы тыңдап, қабылдауға үйрету:

1) музыкалық шығармаларды тақырыптар бойынша тыңдау: мысалы: «Халық музыкасы», «Табиғат көріністерін суреттейтін әндер мен күйлер», «Балаларға арналып жазылған музыкалар». Тыңдаған қойылымның (көңілді, көңілсіз, салтанатты, қайғылы) түрлерін ажырата білу;

2) домбыра, фортепиано, скрипка, симфониялық, халық аспаптар оркестрін және ерлер мен әйел дауысын ажырата білу, балалар хорын тыңдау;

3) музыканың авторларымен, орындаушылармен таныстыру;

4) оқушыларды қазақ халық музыкаларын, шет ел, орыс, ұйғыр, өзбек, кәріс музыкаларымен таныстырып, тыңдау.

27. Өлеңді, әнді мәнерлеп айту:

1) хор айтқызу. Созып, әндетіп, бір қалыпты айтқызу;

2) тынысты дұрыс пайдалануды үйрену;

3) барлығы бірігіп айта алуға, дыбыстарды қадағалап, өлең мәтінін дұрыс айтуға үйрету.

28. Фонетикалық ырғақты пайдаланып, сөйлеу тілі дағдыларын қалыптастыру:

1) дауыстың бірқалыпты биіктігін, күшін тынысты дұрыс алуды дамыта отырып, дауыс биіктігін, күшін, модуляциясын қайталап айта білуге үйрету;

2) сөйлеу тілінің ырғақты-интонациялық қалпын есту арқылы қабылдап, тыныс алуды, ұзын сөйлемді айтуды дұрыс дауыс екпініне, ырғағына бөліп айта білуге үйрету;

3) логикалық және синтагмдік екпінді сөз тіркестерінде анық айтып, ән негізін дұрыс сақтай білуге үйрету;

4) сөздік материалдарда оқушыларға қойылған дыбыстарды қадағалап, бекітіп отыру керек.


7. Дайындық сынып оқушыларының дайындық деңгейіне қойылатын талаптар


29. Пәндік нәтижелер оқушылардың музыкалық шығармашылық қызметіндегі тәжірибесін:

1) ұлттық билер туралы түсініктерінің бола;

2) музыкалық аспаптардың атауын;

3) аяқ пен қолдың негізгі қимылдарын игере;

4) сахнада өзін өзі ұстау ережесін сақтай;

5) негізгі музыкалық жанрларды түсіне білу тиіс.


8. 1-сынып оқушыларының дайындық деңгейіне қойылатын талаптар


30. Пәндік нәтижелер. 1-сыныптың соңында оқушылар:

1) әр түрлі бағыттағы әуендерге эмоционалды және түсінікпен қарай;

2) саусақтардың аттарын атау. Саусақтармен бір- екі жаттығу орындай;

3) әр түрлі бағыттағы әуендерге, фольклорға, халық мұрасына, классикалық және қазіргі заманғы музыканы;

4) әр түрлі жанрлар мен стильдегі шығармалардың мағынасын түсіне;

5) музыкалық әуендер және теартрландырылған қойылым кезіндегі музыкалық бейнелерді сезіне ала;

6) музыканы тыңдап, авторларын ажырата білуі тиіс.


9. 2-сынып оқушыларының дайындық деңгейіне қойылатын талаптар


31. Пәндік нәтижелер. 2-сыныптың соңында оқушылар:

1) адам өміріндегі әуеннің рөлі туралы түсініктердің қалыптастыра;

2) музыка мәдениетінің негізін, соның ішінде туған өлкесінің музыкалық мәдениетін қалыптастыру, музыкалық өнерге деген қызығушылығы мен көркемөнерлік талғамның дамыта;

3) жеке бұлшықеттерді босансыту жаттығуларын жасауды;

4) лепті және сұраулы интонацияларды бере отырып, дауыстың күші мен биіктігін өз бетінше ауыстыруды;

5) марш пен вальс ырғақтарын ажырата алуды білуі тиіс.


10. 3-сынып оқушыларының дайындық деңгейіне қойылатын талаптар


32. Пәндік нәтижелер. 3-сыныптың соңында оқушылар:

1) қозғалысын берілген ырғаққа сәйкес бағындыруды;

2) мәтін мен музыканың бөлшектерін түрлі би қозғалыстары мен ойынға айналдыруды;

3) ән мен биді орындау барысында дұрыс тыныс алуды;

4) ұжымдық ойындарда топ басшысы болу, нақты бұйрық беру, ойын ережелерін түсінуі, барлық ойыншылардың оны сақтауын қадағалауды;

5) музыкалық әуендер және теартрландырылған қойылым кезіндегі музыкалық бейнелерді сезіне алуды білуі тиіс.


11. 4-сынып оқушыларының дайындық деңгейіне қойылатын талаптар


33. Пәндік нәтижелер. 4-сыныптың соңында оқушылар:

1) ҚР мекендеген ұлттар мен ұлыстардың ұлттық билері орындауы және ажырата алуы;

2) сабақ барысында көңіл-күйді тұрақтандыратын тәсілдерді, барлық қолжетімді әдіс-тәсілдерді меңгеруі;

3) барлық дыбыстардың артикуляциясын дұрыс айтуы, жаттығуларда оны сақтауы;

4) әр түрлі бағыттағы әуендерге, фольклорға, халық мұрасына, классикалық және қазіргі заманғы музыканы білуі;

5) әр түрлі жанрлар мен стильдегі шығармалардың мағынасын түсінуі;

6) музыкалық әуендер және теартрландырылған қойылым кезіндегі музыкалық бейнелерді сезіне алуы тиіс.

34. Тұлғалық нәтижелер. Оқушылардың:

1) Отанға деген патриоттық сезімінің артуы, қазақ халқы мен Қазақстан тарихын, этникалық және ұлттық құндылықтарды білуінен;

2) тұлға қалыптасуына қажетті ұлттық және жалпыадами құндылықтар туралы алғашқы түсініктерге ие болуынан;

3) ұжымда жағымды мінез-құлықтарды қалыптастыра отырып, құрдастарымен достық қарым-қатынас орнатуынан;

4) қозғалыс режимдерін сақтай отырып, дене шынықтыру негіздерін, жеке санитарлық гигиенаны сақтауға дағдылануынан;

5) шығармашылық біліктілігі мен дағдыларын өз бетінше дамытуға ұмтылуынан;

6) қазіргі заманға сай түрлі бағыттағы музыкалар, қазақ композиторларының шұрайлы музыкалық мұраларын, фольклордың үздік үлгілері негізінде ұлттық және этникалық мұраларды ұғынуы және бағалауынан көрініс табады.

35. Жүйелі-әрекеттік нәтижелер. Оқушылардың:

1) әуен орындалып жатқан кезде нақты негізгі гимнастикалық, би қимылдарын анық және ырғақпен орындауымен, темпті сақтауымен;

2) үйренген билерді орындауымен;

3) ырғақты гимнастикада үйренген жаттығуларды өз бетімен орындауымен;

4) есту қабілетіне сүйеніп темп пен ырғағын, музыканың сипатын анықтауымен;

5) музыкалық ырғақ сабағының мазмұнына байланысты сөйлеу тілінің материалын есту қабілеттеріне сүйеніп қабылдауымен;

6) нақты музыкалық тақырыптарды импровизациялауымен (мысалы, ормандағы жазғы күн, қар жауады және т.б.) айқындалады.


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
6 желтоқсан
753
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі