400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Үйде оқыту, Зейін аумағын өлшеу

Материал туралы қысқаша түсінік
Үйде оқытылатын балаларға сабақ беретін психолог мамандарға
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақ :күні, айы, жылы

Тақырыптық күнтізбелік жоспар

(үйде оқыту)


Тақырып .„Есіңде сақтап, нүктелерді дұрыс орналастыр“

Сабақтың мақсаты: Білімділік: Үйде оқытылатын оқушының өзін-өзі анықтауына, қоршаған ортаға деген көзқарасын анықтап, көмек беру.

Дамытушылық: Баланың мектепке дайындығын анықтау үшін оларды жазу, сызу, оқуға үйретпес бұрын олардың қабілеттері бойынша жеке ерекшелігін, психологиялық дайындығын байқау .

Сабақтың түрі: танымдық процеске арналған ойын жаттығулары, психологиялық әдіс элементтері.

Оқушылар білуі тиіс:

Құрал жабдық: қалам, дәптер, түрлі түсті қарындаш, ермек саз.

Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушымен амандасу, сабаққа дайындығын бақылау, көңіл-күйін сұрау.

Сабақты таныстыру.

Жоспар:

1. „Есіңде сақтап, нүктелерді дұрыс орналастыр“

Сабақтың барысы:

Әдістемені жүргізу үшін шаршылар қолданылады. 8 шаршы алдын-ала қиылып дайындалады да, ең жоғарысында 2 нүктесі бар шаршы орналасатындай етіп, ретімен жиналады. Эксперимент жүргізуші балаға төмендегідей нұсқау береді: «Қазір екеуіміз зейінге байланысты ойын ойнаймыз. Мен саған нүктелер салынған карточкаларды бірінен соң бірін көрсетемін, сен оларды алдындағы шаршыға көргеніңдей етіп, яғни қай торға орналасқанын бейнелейсің». Бұдан соң карточкалар үстінен астына қарай орналасу ретімен /яғни нүктелер біртіндеп көбейетіндей/ 10 әрқайсысы, 1-2 сек. көрсетіліп, әрбір көрсетуден соң баладан көргенін бос шаршыға 15 сек. ішінде бейнелеп беру сұралады. Бұл әдістеме мектепке дейінгі балаларға қолданылған түрде алынған, сонымен қатар осы әдістемені жасөспірімдер мен жеткіншектерге де қолдануға болады. Зейіннің аумағы 10 ұпайлық жүйемен бағаланады. Ересектер зейіні аумағының орта деңгейі 3-7 бірліктен тұратыны белгілі. Мектеп жасына дейінгі балалардың ересек тобы үшін және бастауыш сынып оқушылары үшін де төменгі көрсеткіш 3 бірлік болып қалады, ал жоғарғы көрсеткіш баланың жас ерекшелігіне байланысты өзгеріп отырады, себебі балалық кезде жалпы зейін, оның ішінде оның аумағы дамып отырады. Мектеп жасына дейінгі балалардың ересек тобы үшін және бастауыш сынып оқушылары үшін зейін аумағы шамамен олардың жасына тең болады, бірақ ересектер зейіні аумағының орта деңгейінен артып кетпеуі керек. Мысалы, 3-4 жасар балада зейін аумағының орта деңгейі 3-4 бірлікке, 4-5 жасар балада зейін аумағының орта деңгейі 4-5 бірлікке, 5-6 жасар балада соған сәйкес 5-6 бірлікке тең болады. Зейін аумағы көрсеткішінің осы соңғы деңгейі бастауыш сыныптардың 1-2 сыныптарында шамамен сол қалпында қалады да, 3-4 сыныптарында зейін аумағының орта деңгейі ересектер көрсеткіші шамасына дейін көтеріледі. Осыған сәйкес балаларда эксперимент барысында анықталған көрсеткіштерді үйреншікті 10 ұпайлық шкала көшірудің төмендегідей жүйесі ұсынылады:

10 ұпай – зейін аумағы 6 бірлікке тең немесе одан жоғары

8-9 ұпай – зейін аумағы 4-5 бірліктен тұрады

4-7 ұпай – зейін аумағы 2-3 бірлікке тең

0-3 ұпай – зейін аумағы 2 бірліктен тӛмен.

10 ұпай жинаған балалар зейіннің даму көрсеткіші жағынан мектепке баруға толық дайын ғана болып қоймай, бұл тұрғыдан өз қатарларының көбісінен ілгері тұрады.

8-9 ұпай жинаған балалар да мектепке баруға дайын деп есептеледі. Бірақ осындай ұпайды 3-4 сынып аралығында оқитын оқушылар жинаса, бұл көрсеткіш нормадан төмен болып саналады.

4-7 ұпай мектепке баратын балалар үшін зейін аумағы дамуының орта көрсеткіші болса /жеткіліксіздеу болса да/, мектепте оқып жатқан балалар үшін төмен көрсеткіш болып саналады.

Ал, 0-5 ұпай мектепке баратын балалар үшін де, онда оқып жатқан балалар үшін де зейін аумағы көрсеткішінің жеткіліксіздігін көрсетеді.

Бұндай балалар туралы зейіннің даму көрсеткіші жөнінен мектепте оқуға дайын емес деген қорытынды жасалады.


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
24 қыркүйек
594
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі