400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·20.10.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Үйде оқыту,Менің қарым-қатынас жасайтын ортам.

Материал туралы қысқаша түсінік
Үйде оқытылатын балаларға сабақ беретін психолог мамандарға
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақ :күні, айы, жылы

Тақырыптық күнтізбелік жоспар

(үйде оқыту)


Тақырып Менің қарым-қатынас жасайтын ортам

Сабақтың мақсаты: Білімділік: Үйде оқытылатын оқушының өзін-өзі анықтауына, қоршаған ортаға деген көзқарасын анықтап, көмек беру.

Дамытушылық: Баланың мектепке дайындығын анықтау үшін оларды жазу, сызу, оқуға үйретпес бұрын олардың қабілеттері бойынша жеке ерекшелігін, психологиялық дайындығын байқау .

Сабақтың түрі: танымдық процеске арналған ойын жаттығулары, психологиялық әдіс элементтері.

Оқушылар білуі тиіс:

Құрал жабдық: қалам, дәптер, түрлі түсті қарындаш, ермек саз.

Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушымен амандасу, сабаққа дайындығын бақылау, көңіл-күйін сұрау.

Сабақты таныстыру.

Жоспар:

1. Менің қарым-қатынас жасайтын ортам

Сабақтың барысы:

Бұл тәсіл баланың өз құрдастары, ата-анасы және мұғалімдерімен өзара қарым-қатынас ерекшелігін зерттеуге арналған. Зерттеуші баламен төмендегідей әңгіме жүргізеді: «Адам танымайтын кісінің сұрағына жауап беруді ұната бермейді. Сондықтан, қазір екеуміз сенің өміріңе байланысты суреттер салайық, ал кейін оның кейбір бөліктеріне талдау жасармыз». Бұндай күтпеген өтініш баланы қызықтырып, оны зерттеушімен бірлескен жұмысқа итермелейді. Бұдан әрі зерттеудегі графикалық әрекетке бағыт беріліп отырады:

1.Қанекей, күні бойы кімдермен және қай жерде қарым-қатынасқа түсу қажет болатынын ойланып, оларды мына «шеңберге» орналастырып көрейік.

Зерттеуші шеңбер сызып, баламен ақылдаса отырып, оны қарым-қатынас секторларына бөледі. Тік сызық жүргізу арқылы шенберде «мектеп» және «мектептен тыс» қарым-қатынас секторлары жасалады. Көлденең сызық шеңберді «құрдастар» және «ересектер» секторына бөледі. Зерттеушінің қойған мақсаты, баланың дайындығы т.б. байланысты қарым-қатынастың әр түріне бөлінген кеңістік өзгеруі мүмкін. Мысалы, мектепте оқушылар мен мұғалімдер, мектептен тыс жерде ауладағы балалар, үйде тума-туыстар т.б. болуы мүмкін. Басқа мақсат қойылған жағдайда шеңбердің жоғарғы бөлігі куаныш тудыратын, жағымды «+» белгісіне сәйкес, ал төменгі бөлігі реніш тудыратын жағымсыз «-» белгісіне сәйкес қарым-қатынасты белгілеуге арналуы мүмкін т.б.

2. Енді осы шеңбердегі бөлінген жерлерге, яғни, үйлерге сенімен жақын қарым-қатынас жасайтын адамдарды орналастырайық. Олар сенің достарың, жақындарың немесе сен қарым-қатынас жасауды қаламасаң да, амалсыз қарым-қатынасқа түсетін жағымсыз адамдар болуы да мүмкін. Зерттеуші баланың атаған барлық адамдарын шартты белгі бойынша /төртбұрыш/ шеңберге енгізеді. Бейнелеу барысында адамның жасы, қандай адам екені сұралады.

3.Енді осы адамдардың қайсысы сенімен «жақсы», қайсысы «нашар» қарым-қатынаста екенін белгілейік. Тік төртбұрышты қызыл /жақсы/ және көк /нашар/ түстермен бояй отырып, көп нәрсені анықтауға болады: жағымсыз қатынастың себептерін, баланың қарым-қатынасқа байланысты өзіндік көзқарасын, ішкі сезімін т.б. аңғару мүмкіндігі туады. Тіпті баланың әр төртбұрышты бояудағы сызықтарының ерекшелігіне сәйкес ішкі көңіл-күйін де байқауға болады.

4. Енді үлкен шеңбердің ішінен тағы 2 шеңбер сызайық, біреуі шеңбердің дәл ортасында, кішкене ғана шеңбер түріңде болсын, оған сенің атынды жазып қояйық. Екінші, үшінші шеңбердегі адамдарды сенімен қарым-қатынаста болуына сәйкес ашық және коңыр түспен бояп көрсетейік. Зерттеуші баламен бірге, оның айтуына сәйкес кімдермен қатынасын бейнелеп отырғанын шартты түрде стрелкамен және сәйкес бояумен белгілеп отырады. Мысалы: папам менен гөрі інімді жақсы көреді деген пікірді бейнелеу үшін папасы бейнеленген төртбұрыш пен інісі бейнеленген төртбұрыш арасын ашық түсті бояумен бояп, стрелканы інісі бейнеленген төртбұрышқа бағыттаймыз. Ал, баланың басқа адамдармен /бірінші және екінші шеңбер/ қарым-қатынасында жақсы көру мен жек кӛру сезімі айқын байқалатын болса, сәйкес түсті сызык дәл сол төртбұрышқа дейін жүргізіледі де, сезім анық көрінбей, күмән туғызатын болса, сызық сол төртбұрыш бейнеленген шеңберге дейін ғана жүргізіледі. Жалпы қарым-қатынасты графикалық түрде бейнелеуде баланың ол туралы пікірі негізгі роль атқарады.

«Кім кінәлі»

Бұл тәсіл баланың өз қатарымен және ересектермен қарым-қатынасыңдағы шиеленістің пайда болуы мен шешілуіне қаншалықты жауапкершілікпен қарайтынын анықтауға арналған. Баланың шиеленісті «қарым-қатынас шеңбері» анықталған соң, одан шиеліністің пайда болуы мен шешілуіне деген қарым-қатынасын сызықтық шкаламен бейнелеу сұралады: /шкала он бөлікке бөлінген/

1-шкала шиеленістің тууына әркімнің кінәсын бейнелейді. Ол үшін қарама-карсы бағытта әркімге қатысты бӛлік шартты түрде проценттік ӛлшеммен сызылады.

2-шкала әркімнің шиеленісті шешуге деген ұмтылысын бейнелейді. Бұнда да сәйкес бӛлік қарама-қарсы бағытты ашық түспен сызылады.

3-шкала шиеленісті шешуге деген қарсылықты бейнелейді. Сызық қарама-қарсы бағытта қоңыр түспен беріледі. Бала шиеленісті жағдайды талдағанда, шиеленістің пайда болуы, дамуы және шиеленісуіне ықпал ететін сенбеушілік, келісуі, қорқыныш, т.б. мәселелерге ерекше кӛңіл бӛлінеді. Проблеманы талдау барысында шиеленіс пен ренішті жағдайлардан қорғану механизмі, қарсылық кӛрсеткіші, қарым-катынасты сақтауға немесе ӛзгертуге деген ынтасы, т.б. туралы толық мәлімет алуға болады.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
24.09.2019
972
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі