400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·20.10.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

үйде оқыту.зейінді дамыту

Материал туралы қысқаша түсінік
Үйде оқытылатын балаларға сабақ беретін психолог мамандарға
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақ : күні, айы, жылы


Тақырыптық күнтізбелік жоспар

(үйде оқыту)


Тақырып Зейінді бағалау әдістемелері

Сабақтың мақсаты: Білімділік: Үйде оқытылатын оқушының өзін-өзі анықтауына, қоршаған ортаға деген көзқарасын анықтап, көмек беру.

Дамытушылық: Баланың мектепке дайындығын анықтау үшін оларды жазу, сызу, оқуға үйретпес бұрын олардың қабілеттері бойынша жеке ерекшелігін, психологиялық дайындығын байқау .

Сабақтың түрі: танымдық процеске арналған ойын жаттығулары, психологиялық әдіс элементтері.

Оқушылар білуі тиіс:

Құрал жабдық: қалам, дәптер, түрлі түсті қарындаш, ермек саз.

Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушымен амандасу, сабаққа дайындығын бақылау, көңіл-күйін сұрау.

Сабақты таныстыру.

Жоспар:

1. Зейінді бағалау әдістемелері

Сабақтың барысы:

Зейін - баланың мектепке танымдық тұрғыдан дайындығын, оның оқу әрекетінің табысты болуын сипаттайтын негізгі психологиялық процестердің бірі. Оқуда, оның 9 ішінде бастауыш оқу сатысыңда туындайтын проблемалардың көпшілігі зейін дамуындағы кемшілікке байланысты болады. Сондықтан, алдын-ала, ең кемі мектепке бармастан 1 жыл бұрын, бала зейінінің жеке ерекшеліктері мен оның даму деңгейі анықталса, кемшіліктерді жою жолындағы жұмыстар жеңілдейтіні сөзсіз.

Зейін онтогенезде аз өзгереді, оның негізгі сипаттары жыл өткен сайын тұрақталады, бірақ бала зейінінің дамуындағы кемшіліктерден жүйелі жұмыстар арқылы арылуға болады. Бұл зейіннің нашар дамыған қасиеттерін басқа қасиеттерді ерекше дамыту арқылы толықтыруға болатындығымен түсіндіріледі. Мысалы, зейіннің тұрақтылығының нашарлығы оның жақсы бөлінуімен, ал зейіннің көлемінің аздығы, оның интенсивтілігімен, көру зейіндегі кемшіліктер есту немесе қимыл зейіндерінің артықшылықтарымен, механикалық зейіннің жеткіліксіздігі логикалық зейіннің жоғары дамуымен толығады. Ұсынылып отырған әдістемелер комплексі зейіннің тұрақты қасиеттерімен қатар, оның балаларда басқа қасиеттер есебімен толығуын бағалауға да мүмкіндік береді. Зейіннің тұрақтылығы дегеніміз оның бір нәрсеге ұзақ уақыт бойы жоғары деңгейде бағытталып тұру қасиеті. Зейіннің бөлінуіне зейін аймағында бір мезгілде бірнеше обьектіні ұстап, оларды бірдей дәрежеде зейінмен қабылдау қасиетін жатқызамыз. Осы сипатқа байланысты зейінді кең аумақта да немесе бір объектінің кішкене бөлшегінде де ұстап тұруға болады. Адам зейінінің бір объектіден екінші объектіге, алғашқыдан соңғысына көшіп отыруы зейіннің ауысу қасиетін бейнелейді, зейіннің ауысу шапшандығы, яғни оны келесі объектіге шоғырландыруға қажетті уақыт зейіннің ауысу көрсеткіші болып табылады. Ал зейін аймағы дегеніміз - зейін аймағына бір мезгілде сыйғыза алатын объектілер саны. Бастауыш сынып окушыларында зейіннің тұрақтылығы, бөлінуі және ауысуын зерттеу үшін негізгі әдістемелік материал ретінде Ландольт сақиналарын алуға болады, себебі бұл материал зейінді зерттеуде барлық жас кезеңіне /бастауыш сыныптан бастап, ересек адамдарға дейін/ қолданылатын әмбебап құрал болып есептеледі. Зейіннің ерекшеліктері мектеп табалдырығын алғаш аттаған балаларда олардың оқуға дайындығын анықтау үшін зерттеледі, оларға сақиналардың көлемі жазу жолының биіктігіндей болуы ескерілгені жөн. Ол үшін Ландольт сақиналары стандартты қағазға толығынан сыйғызылады. Парақтың оң жағында баланың фамилиясы, аты, жасы, балабақшада болған тобы, бөлінген сыныбы және зерттеу өткізілген күн жазылады. Зейіннің тұрақтылығы, бөлінуі және ауысуы бағалауға Ландольт сақиналары салынған 1 ғана парақты пайдалануға болады, ол үшін әрбір жаңа тапсырмаға сәйкес оның пайдаланылмаған бөлігімен жұмыс жасауға нұсқау беріледі. Мысалы, әрі қарай жалғастырып орындау немесе парақты 180°-қа бұрып, келесі жағынан бастау т.б.


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
24.09.2019
1394
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі