400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Үйде қауіпсіздік сақтау тәртібі.

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш сыныптағы дүниетану пәніне арналған сабақ жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пәні:

Дүниетану

Сыныбы:

1 сынып

Уақыты:


Сабақтың тақырыбы:

Үйде қауіпсіздік сақтау тәртібі.

Құзыреттілікке жеткізетін сабақтың мақсат-міндеттері:

а) ақпараттық құзыреттілік


б) коммуникативтік құзыреттілік


в) проблеманы шешу құзыреттілігі



Оқушыларды үйдегі қауіпті заттармен, қауіпсіздік жағдайларымен таныстыру;


Қауіпті заттардан сақтана білуін үйрету;


Өз басын дұрыс ұстап жүруге тәрбиелеу.;


Сабақтың типі:

Жаңа білімді хабарлау.

Сабақта қолданатын

педагогикалық технологиялар:


Дамыта оқыту технологиясы.

Сабақтың әдісі:

Көрнекілік, сұрақ жауап

Пәнаралық байланыс:

Еңбек, бейнелеу.

Құрал жабдықтар:

Тұрмыс қажетін өтеу құралдарының суреттері немесе ойыншық макеттері (теледидар, газ плиткасы, үтік, шаңсорғыш, сіріңке, магнитофон т.б.)



Сабақтың бөлімдері

Мұғалімнің қызметі

Оқушының қызметі

Күтілетін нәтиже

I Ұйымдастыру бөлімі.






Шаттық шеңбері.


- Сәлеметсіздерме балалар бүгін дүниетану мен сабақ берем. Менің есімім Нурхия Бауыржанқызы.

- Оқушылар бір – біріміздің қолымыздан ұстап шаттық шеңберін құрайық.

Бүгінгі сабақта «Үйде қауіпсіздік сақтау тәртібі» туралы әңгімелесеміз.Егер сен үйде жалғыз қалсаң, қауіпсіздікті сақтауды ұмытпа

- Сәлеметсізбе.

Амандасып, бір – бірінің қолынан ұстап шаттық шеңберіне тұрады.








Бір – біріне деген сыйластығы, қарым – қатынасы арта түседі. Мейіріммен қарауға үйренеді.Жаңа сабаққа ынтасы, зейіні арта түседі.

II. Табиғат және еңбек күнтізбесінен жұмыс.









- Балалар қазір жылдың қай мезгілі?

- Иә, дұрыс.

- Қыс мезгілінде табиғат қандай өзгерісте болады?





- Өсімдіктер қандай өзгіріске ұшырайды?



- Жануарлар не істейді?



- Аппақ қыс.

Ақ қолғаппен құшақтап,

Сақылдайды қыс аппақ.

Өзен, теңіз, тау – төбе,

Киген аппақ сәукеле.

Жатыр іздер жсылған

Рояльдің басылған

Ақ тіліне ұқсап қап.

- Оқушылар бүгінгі өтетін тақырыпқа байланысты жұмбақтар жасырам


Қайшыласқан адам

Тіл қатпайды маған.

Тіл қатпайды саған.


Тамақ іше қоймайды,

Тек адамша ойлайды.


Үйде тұр бір жұлдыз

Ол барда түн –күндіз


Көрмедім еш үйіңді,

Қолданбас бұл бұйымды

Жазып қыртыс -тыртысын,

Жаңалайды киімді.


Көзі де он,

Сөзі де он.

-Қыс мезгілі.


- Ауа райы тез өзгереді, қар жауады, аяз сықырлайды, боран соғып, күн салқындайды.


- Ағаштар қарға жамылады, бәрі қардың астында қалады.

- Аю қысқы ұйқыда болады, тиін өзінің ұясында, кірпі өзінің інінде болады.


Бар жерді қаптап,

Етеді аппақ.

Жазға қарай су болоды,

Онан әрмен бу болады.

(Қар)








(Теледидар)



(Компьютер)

(Электр шамы)






(Өтек)



(Телефон)


Оқушылар мұғалімнің сұрақтарына мұқият жауап береді.

III. Жаңа

материалды

меңгерту


Әңгімелесу.


- Балалар! Осы құралдардың бәрін адамдар өздерінің уақытын үнемдеу үшін және қолайлы болу үшін ойлап тапты. Бірақ олар неге үлкен қайғылы жағдайларға душар етеді?

Мынау – балкон мен терезе. Балконға асылуға, терезеден басыңды шығаруға немесе терезе алдына шығып отыруға болмайды.

Су қолымен электр құралдарына, розеткаға, ток қосқышқа жанасуға болмайды.

Мынау – үтік. Оның тек тұтқасынан ғана ұста. Тоққа қосылғанда ол өте ыстық болады.

Плитаның үстінде шәйнек, таба, кастөр тұр. Олар ыстық. Оларды алу үшін арнаулы қолғап не шүберек керек.

Мынау – дәрі салатын қобдиша. Оған тиіспе және үлкендердің рұқсатынсыз ешбір дәріні ішпе!


Оқулықпен жұмыс.

- Оқулықтағы суреттерге қараңдар. Қандай қауіпті көріністер бейнеленген? Осы қауіпті жағдайларды болдырмас үшін не істеу керек?

Сонымен бірге сол суреттерге байланысты берілген мәліметтер оқып тал

Оқушылар мұқият тыңдап, мұғалімнің қойған сұрақтарға жауап берді.






















Қауіпсіздік ережесімен танысқаннан кейін оқушылар өздері білетін ережелерді қосып толықтырды.




. Балалар сұраққа

жауап бере отырып, тәрбиелік көп нәрселерді ой елегінен өткізеді.




IV. Жаңа материалды бекіту.

  1. Сен үйде жалғыз қалғанда не істейсің?

  2. Тағы қандай қауіпсіздік ережелерін білесің?

  3. Сенің басыңнан қауіпті жағдайлар өттіме? Сен не істедің?

  4. Қауіпсіздік жағдайында қайда хабарласу керек?

Сергіту сәті


Күндей боп күлеміз,

Гүлдей боп өсеміз.

Құстай боп ұшамыз,

Көбелектей қонамыз.

Оқушылар сұрақтарға эжауап береді.











Күндей боп күлеміз,

Гүлдей боп өсеміз.

Құстай боп ұшамыз,

Көбелектей қонамыз.













Балалар сергіту сәтін жасау арқылы сергиді.


V.Сабақты қорытындылау, бағалау.

- Сен көшеге шықтың жүріп келе жатқан адамдарға жасамау үшін әуелі сол жағына, содан кейін оң жағына қара.

Мектепке бара жолды не көшені барынша аз қиындықпен өтетін ең қауіпсіз жолды таңдап ал.

-Қала көшесімен келе жатқанда абай бол! Асықпа! Тек пишиходпен жүр немесе жол жиегімен ғана жүр.

көшеде келе жатып қақпадан шығып келе жатқан машинаны көрсең, күте тұр. Көшеде тоқтап тұрған машинаның қасынан абайлап өт, машина есігін ашып қалуы мүмкін.

Жүректен жүрекке


- Балалар журектен -жүрекке шеңберге тұрайық. Бір –бірімізге жүрек жарды тілегімізді білдіреміз.




Қорытынды сұрақтарға жауап берді.












Жүрек жарды тілектерін білдіреді.

Балалар сабақта үйренген сөздерді қайталап айту арқылы сабақты қорытындылау.













Бір – бірін сыйлауға, қамқорлық жасауға, мейірімділікпен қарауға үйретеді.



VI.Үйге тапсырма









- Бүгінгі өткен тақырыпты қайтлау. Сұрақтарға жауап беру.




- Сау болыңыздар


Оқушылар үй тапсырмасын күнделіктеріне жазып алды.








- Сау болыңыз.













Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
21.12.2017
780
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі