400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Үйдегі бір күнім. Апаның тілін алса егер.... 2 cынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал 2 сынып мұғалімдеріне арналған. Сабақ өту барысында осы жоспарды және осы жоспардағы әдіс- тәсілдерді пайдаланса болады. Осы материал арқылы басқа мұғалімдерге көмегім тисе қуанар едім.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақ : әдебиеттік оқу

Мектеп: «№228 Ш. Бәкіров атындағы орта мектебі» КММ

Күні:


Мұғалімнің есімі: Айпейсова Нурипа Пирмашевна

Сынып: 2

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Үйдегі бір күнім. Апаның тілін алса егер....

Сабақ негізделген оқу мақсаттары)

2.1.1.1 -шығарманың мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беру

2.2.1.1 - мәтінді дауыстап дұрыс әрі түсініп оқу, рөлге бөліп, мәнерлеп оқу;

2.2.6.1 -кейіпкердің сыртқы келбетін сипаттау, мінез-құлқы мен іс-әрекетін бағалау

2.1.5.1 - өз ойы мен сезімін тірек сөздерді пайдалана отырып жеткізу

Күтілетін нәтиже

Барлық оқушылар: Мәтінді оқиды, түсінеді, бағалауға қатысады, бір күндік уақыт кестесін құрады.

Оқушылардың басым бөлігі: Тақырыпты болжайды, қажетті ақпаратты тауып оқиды.

Кейбір оқушылар: Досының уақыт кестесіне пікір білдіреді. Жазушыға еліктеп көркем сөйлей алады.

Тілдік мақсат









Оқушылар: (істей алады)

Тыңдай отырып мағлұмат алады.

Оқу арқылы әңгімелейді .

Жазылым бойынша сөздіктердің мағынасын түсінеді.

Негізгі сөздер мен сөз тіркестер: Бас әріппен жазылатын сөздер


Сыныптағы диалог/ жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:

Талқылауға арналған тармақтар:


Сіз неліктен ... екенін айта аласыз ба?


Жазылым бойынша ұсыныстар:

Сауатты, көркем жазады.Нақыл сөздер құрастырып жазады.

Алдыңғы тақырып

Менің сүйіп тыңдайтын әндерім

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған жаттығулармен қатар, ескертпелерді жазыңыз)

Ресурстар

Сабақтың басталуы

5 минут

Қызығушылықты ояту.

Сыныпты қалыпқа келтіру.

Үй жұмысын сұрау. Мәнерлеп оқыту.

Ой сергек: «Өзіңізге тілегеніңізді басқаларға тілеңіз»


Шаттық шеңбері



Сабақтың ортасы


30 минут

Мағынаны ажырату.

Ой қозғау.

Бір тәулік ішінде уақытыңды қалай пайдаланып жүрсің?

Білу.

Тақырыпты болжау.Суреттерге қарап тақырыпты болжау.

Сабақтың мақсатымен таныстыру. Мақсатқа сәйкес оқушылармен бірлесе отырып, жетістік критерийін анықтау.

Жұптық жұмыс: Ұнаған суреттерін таңдау арқылы жұптастыру.

Оқулықтағы муреттерге қарап диалог құру.

Сен де бос уақытыңда осындай істермен айналысасың ба?

Түсіну.

Оқылым. Уақытты дұрыс пайдаланбау мен құр ойнау неге әкеліп соғады екен? Өлеңді түсініп оқы. Ж. Смақов. Апаның тілін алса егер..

Өлеңді кім жазған? Ол туралы не білеміз? Сызбаға сүйеніп автор жайлы әңгімеле.

Қолдану

Автор туралы түсінік беру

Жақан Смақов

Ақын Қарағанды «Отан» 101 жұмбақ, «Бақ-бақ»

облысысында «Айтшы әжетай» «Жаңғырық» т.б кітаптары

туған (өлеңдері) жарық көрген

Мұғалім: 1. Өзінен үлкен кісіні, сыйлаудыда ол білмейді

Шықпай жатып көшеге

Үсті-басы кірлейді

Бұл баланы кім дейді? «Салақ бала»

2. Жақсы бала ол анық

Істемейді шалалық

Тап-таза боп жуынып

Алады өзі таранып «Әдепті бала»

Олай болса, балалар, адам бойында жақсы да, жаман да қасиеттер болады екен. Біз адалдықты, қарапайымдылық пен кішіпейілділікті, инабаттылық пен шындықты үлкендер үйретеді. Олар біздің ата-аналарымыз, ұстаздарымыз. Адам болатын бала барлық жақсы қасиеттерді үйреніп, жаман мінез, жаман әдеттен аулақ болуға тырысады. Әркімнің өзінің бойында жақсы қасиеттер бар.Соны атымыздың (есім) басты әрпімен байланыстырып айтайық.

Мысалы: Ақай – ақпейілмін, Мерей – мейірімдімін, Темірлан – тәртіптімін, Нұрхаят – намыстымын, Айдана – адалмын

Мұғалім: Міне, балалар, сендер өз есімдерің арқылы

1. біраз жақсы қасиеттерді атап шықтыңдар

2. суреттер арқылы жаман қасиеттерді атату

— Балалар сендерді дүниеге аналарың әкелді

— Ана деген кім?

Топтастыру: «Ана – біздің күніміз»

Ана

Өлеңмен жұмыс: «Апаның тілін алса егер…»

1. Мәнерлеп оқып беру, түсіндіру

2. тізбектей мәнерлеп оқыту

Сергіту сәті: Үлкендерді сыйлаймыз

Айтқандарын тыңдаймыз

Төсекті де жинамыз

Ыдысты да жуамыз

Гүлге де су құямыз

Отынды да жарамыз

Дүкенге де барамыз

Апа тілін аламыз

Біз әдепті баламыз

Венн диаграммасы

Топтық жұмыс (дәптерге)

1-топ: Жақсы бала құлақ сап

Айтқаныңды . . . (ұғады)

Төсегінен тұра сап

Таза ауаға . . . (шығады)

2-топ: «Мақал – мәтел»

Әдепті бала — . . . ( арлы бала )

Әдепсіз бала — . . . (сорлы бала)

Әдепті бала ата – анасын . . . (мақтатар)

Әдепсіз бала ата-анасын . . . (қақсатар)

3-топ: Жаман бала қырысып

Өз-өзінен . . . (тырысып)

Түске дейін жатады

Шешесімен . . . (ұрысып)

Қағаз тілшелерімен жұмыс

А) Күннің шуағы (жақсы қасиеттер)

Б) Бұлтты аспан (жағымсыз қасиеттер)

Олай болса «Абай» атамыздың мына бір өлеңін еске түсірейікші

Бес нәрседен қашық бол

Бес нәрсеге асық бол

Адам болам десеңіз

Өсек, өтірік мақтаншақ

Еріншек бекер, мал шашпақ

Бес дұшпанын білсеңіз

Талап, еңбек, терең ой

Қанағат, рақым ойлап қой

Қолдану.

Топтық жұмыс. Өлеңді мұқият оқып, екі іс- әрекетті салыстырып , кестені толтырады.

Апаның тілін алса

Апаның тілін алмаса



Бағалау. Екі іс- әрекетті салыстыра алады. Мәтіннен салыстыруды таба алады. Топта жұмыс жасай алады.

Жеке жұмыс.

Бір тәулікке арналған уақыт кестесін жаса. Досыңның уақыт кестесі жайлы пікіріңді білдір.

Ж. Аймауытовтың суреті

оқулықпен жұмыс




Аяқталуы

8 минут

Жеке жұмыс.

Бір тәулікке арналған уақыт кестесін жаса. Досыңның уақыт кестесі жайлы пікіріңді білдір.

Бағалау. Жұмыстарын ауыстырып, бірін- бірі бағалайды.


Қосымша ақпарат


Сабақтың соңы

2 минут




Кері байланыс. Ауызша оқушыларға кері байланыс беру.

Рефлексия

Мына екі балаға қандай сұрақ қояр едің?

Апасының тілін алатын балаға:

Апасының тілін алмайтын балаға:

Өлең жолдарынан қандай ой түйдің?


Саралау –қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз?


Бағалау. Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері
АКТ – мен байланыс.
Құндылықтардағы байланыс (тәрбие)

Тақырыпты болжау, досының уақыт кестесіне пікір білдіру.


Жетістік критерийлері арқылы

Пәнаралық байланыс: қазақ тілі

Құндылықтарды дарыту: ынтымақтастық, құрмет

Тәрбиелік мәні: әр нәрсенің қадірін білуге, тәлімділікке, сабырлылыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу

Сабақ бойынша рефлексия


Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.


















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
81 ұстаз жүктеп алған
30 қазан
5045
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі