400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Үйдегі және көшедегі қауіпсіздік

Материал туралы қысқаша түсінік
Білім беру саласы: Қатынас Бөлімі: Көркем әдебиет Тақырыбы: Үйдегі және балабақшадағы қауіпсіздік Мақсаты: Балаларға үйдегі және балабақшадағы қауіпсіздік ерекшеліктерін түсіндіру. Үйде, көшеде, балабақшада сақтау керек қауіпсіздік ережелері туралы білімдерін дамыту. Қолданатын көрнекі құралдар мен жабдықтар: қауіпті жағдайлар туралы суреттер, ойыншық немесе құрал-саймандар (балға, балта, шеге, қайшы). Сөздік жұмыс: қауіпсіздік. Билингвальды компонент: қауіпсіздік ережелері-правила безопасности, жүгіруге болмайды-нельзя бегать, сөйлеуге болмайды-нельзя разговаривать.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Тұлпар » ересек тобында ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы

Тәрбиеші : Құрманбаева Г С

Күні:

Білім беру саласы: Қатынас

Бөлімі: Көркем әдебиет

Тақырыбы: Үйдегі және балабақшадағы қауіпсіздік

Мақсаты:

Балаларға үйдегі және балабақшадағы қауіпсіздік ерекшеліктерін түсіндіру.

Үйде, көшеде, балабақшада сақтау керек қауіпсіздік ережелері туралы білімдерін дамыту.

Қолданатын көрнекі құралдар мен жабдықтар: қауіпті жағдайлар туралы суреттер, ойыншық немесе құрал-саймандар (балға, балта, шеге, қайшы).

Сөздік жұмыс: қауіпсіздік.

Билингвальды компонент: қауіпсіздік ережелері-правила безопасности, жүгіруге болмайды-нельзя бегать, сөйлеуге болмайды-нельзя разговаривать.

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

Мотивациялық-қозғаушылық

«Танысайық» ойыны.

Жүргізуші допты бір балаға лақтырып, атын сұрайды.

-мына баланың аты кім?

Балалар хормен атын атайды. Осылай, кезекпен ойын жалғаса береді.

Ұйымдастырушылық- ізденістік

Қонаққа «Сақтаныш» келеді. Қолын таңып алған.

-Сәлеметсіңдер ме, балалар!

Менің атым-Сақтаныш. Мен балабақшада қатты жүгіріп, қолымды жарақаттап алдым.

-балалар, біз Сақтанышқа қауіпсіздік ережелерін түсіндірейік. Ал, сендер білесіңдер ме, қауіпсіздік деген не?

-иә, балалар, сендер әр уақытта әртүрлі жағдайларға тап болуларың мүмкін. Бүгін біз, егер сондай жағдайларға ұшырасаңдар, одан қалай шығуға болатын жағдайларды қарастырамыз.

Балалар Сақтанышпен амандасып, қолына не болғанын сұрайды.

-қауіпсіздік деген-өзіңді қорғау және сақтау.

Ұйымдастырушылық- ізденістік

-өмірде қандай қауіпті жағдайлар болуы мүмкін.

Балаларға әртүрлі қауіпті жағдайлар боатын суреттерді көрсетеді.

-мына суреттерден көріп тұрғанда-

Рыңдай, барлық жерде әртүрлі қауіпті жағдайлар болуы мүмкін.

әртүрлі жағдаяттарды шешу.

-көз алдарыңа елестетіңдер, сендер үйде жалғыз отырсыңдар. Танымайтын бір әйел есікті қағып, ашуды өтінді. Сендер не айтасыңдар?

-қайсы жауап дұрыс деп ойлайсыңдар?

-сендер үйде отырғанда, кенет өрт шықты. Сендердің іс-әрекеттерің қандай болады?

Сақтаныш:

-апай, мен айтайыншы?

-Сақтаныш, айта ғой.

-төсектің асытна тығылып қаламын.

-балалар, Сақтаныштың жауабы дұрыс па?

Педагог үстел үстіне құрал-саймандарды: балға, балта, шеге, біз, қайшы, сіріңке қояды.

«Жақсы-жаман» ойыны.

Балалар суреттердегі жағдайларды әңгімелейді.

-үйден өрт шығуы мүмкін.

-қатты жүгірсең, құлайсың.

-сынған әйнекке аяғыңды жаралап аласың.

-есікті ашып, әйелді кіргіземін, үндемей отырамын.

Балалар дұрыс жауапты таңдап, оны талқыға салады.

-телефонмен 101 нөміріне хабарласып, үйдің мекенжайын, нөмірін толық хабарлау керек.

-балалар ойыншық телефоннан 101 нөмірін қалай теру керек екенін көрсетеді.

Балалар құрал-саймандардың не үшін, қалай пайдаланатынын түсіндіреді. Олардың пайдалы жағын және қауіпті жағын айтады.

-бұл заттардан зардап шекпес үшін не істеу керек?

-ал, Сақтаныш, сен қолыңды қалай жараладың?

-не үшін жүгірдің?

-асығу қауіпті. Біз баратын жерімізге жүгірмей, жәй жүрсек те жетеміз.

-Сақтаныш, балабақшада қай уақытта жүгіруге болады?

-балалар, мүмкін сендер білерсіңдер?

Құрал-саймандарды ұқыпты пайдалану керек.

-мен апайды тыңдамай, жүгіремін деп құладым.

-асықтым.

-ойланып қиналады.

Дене шынықтыру сабағында, серуенге шыққанда, ойнағанда жүгіруге болады.

-қол жуатын жерде ойнап, бір-бірін итеруге болмайды, тайып құлауың мүмкін.

-қол еңбегімен айналысқанда қайшыны ұқыпты пайдалану керек.

-биік орындыққа, шкафқа, терезенің ернеуіне шығуға болмайды.

Сергіту сәтін өткізу.

Сақтаныш балалармен бірге сергіту жаттығуын жасап, балалармен қоштасады.

-есікпен ойнауға болмайды, қолыңды қысып қалуы мүмкін.

-бұл ережелерді үйде де сақтау қажет.

Сақтаныш:

-балалар, сендерге рақмет, мен бұл жерден көп нәрсені үйрендім. Енді апайды, үлкендерді тыңдап, жақсы бала боламын деп уәде беремін. Сау болыңдар!

Рефлексиялық-түзетушілік.

Оқу іс-әрекетін қорытындылап, балаларды мадақтайды.

Балалар педагогтің көмегімен қай жерде болмасын, сақтық керектігін, сонда ешқандай қауіп болмайтындығын айтады.

Күтілетін нәтиже:

Білуі керек: қиын жағдайлардан шығудың дұрыс жолдарын іздейді, өзіне-өзі көмек беру дағдысын.

Меңгерді:  қоршаған ортаға бейімделу және әрқашан қауіпсіздік ережелерін сақтау керектігін.

Түсінеді: тиісті орындарда қауіпсіздік ережелерін

Тексерді: Кожахметова А К Ескерту______________________





































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
9 ақпан
3430
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі