400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 16 материал табылды

Үйден оқыту 9-сынып, ҚМЖ, Биология №10

Материал туралы қысқаша түсінік
Үйден оқыту 9-сынып, ҚМЖ, Биология №10
Материалдың қысқаша нұсқасы

ҮО. 9 сынып №10

ДӘІЖО___________

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
«» КММ
(білім беру ұйымының атауы)
Қысқа мерзімді (сабақ) жоспары
Қоректік заттар. Ақуыздар, майлар, көмірсулар, минералды тұздардың ағзаға пайдасы. Тамақтану гигиенасы мен асқазан-ішек, азықтан улану және ішек құрт ауруларының алдын алу.

(Сабақ тақырыбы)


Бөлім:

4.4 Ас қорыту

Педагогтің аты-жөні:


Күні:


Сыныбы: 9 «Б»

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Қоректік заттар. Ақуыздар, майлар, көмірсулар, минералды тұздардың ағзаға

пайдасы. Тамақтану гигиенасы мен асқазан-ішек, азықтан улану және ішек құрт ауруларының алдын алу.

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

9.4.4.1 тамақтану – ағзаның өмір әрекетіне қажетті жағдай екенін түсіну; негізгі қоректік заттарға (ақуыздар, майлар, көмірсулар) сипаттама беру, оларды құрайтын азықтарды атау; өсімдіктер мен жануарлар тегінің қоректену өнімдерін атау және сипаттау;

Сабақтың мақсаты:

қоректік заттарды және оларды құрайтын азықтарды атайды және сипаттайды;

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі

Мұғалімнің әрекеті


Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы



Оқушының назарын аудару





Оқушылармен амандасу, түгендеу, сынып тәртібін қадағалау.

«Стоп кадр» әдісінде оқу мақсатына сай сурет беріледі. Оқушы суретке қарап өз ойын айту. суретті сипаттау.


Оқушы амандасады, жаңа сабақты оқуға дайындалады.


Оқушы суретке қарап өз ойын айтады.

Суретті сипаттайды.





Кері байланыс:

«Мадақтау» әдісі

«Жарайсың!»

«Тамаша жауап»

т.б

Үлестірме сурет



Оқушыға бағыт бағдар беру

«Қызығушылықты ояту»

Оқушының қызығушылығын ояту үшін өмірден мысалдар келтіру. Бейнефильм немесе мультфильмдер көрсету.

Оқушы ұстаздың тереңнен ойластырылған әдіс-тәсілдеріне сүйене отырып, жаңа ұғымдарды, түсініктерді игеруге қадам жасап, қызыға жұмыс істеп, өзінің бұрынғы білімін жаңа ақпаратпен толықтырады, кеңейте түседі.

Кері байланыс:

«Бас бармақ» әдісі арқылы бағаланады.

«Керемет!» және т.б

Бейнефильм немесе мультфильм ссылкасы:

https://www.youtube.com/watch?v=JNFGC3hQV7s


Сабақтың ортасы


Жаңа тақырыпты таныстыру

«Айырмашылығы неде?» әдісі.

Оқушыға екі, үш,төрт түрлі сурет көрсету. Суреттер арасындағы айырмашылықты айту.


Оқушы суреттерді қарайды. Сол қараған суреттердің айырмашылығын атайды.

Кері байланыс:

«Мадақтау» әдісі

«Жарайсың!»

«Тамаша жауап»

т.б

Сабақты таныстыруға арналған парақтар

Салыстырмалы үлестірме суреттер



Жаңа тақырыпты түсіндіру


«Teacher time» әдісі. мұғалім оқу мақсатына сай жаңа тақырыпты түсіндірме жасау.

Оқушы мұғалімді назар қойып тыңдайды.

Кері байланыс:

«Бас бармақ» әдісі арқылы бағаланады.

«Керемет!» және т.б

Сабақты түсіндіруге арналған парақтар

Бағалау

Жеке жұмыс:

1-тапсырма

«Борт журналы» - тақырыпты оқып үйренуде өз ойларын жазуға үйретудің әртүрлі әдіс-тәсілдерін қамтитын жалпылама атауы. «Борт журналы» қарапайым түрде мәтінді оқу алдында және оқу материалымен танысқан соң қолданылады.



Жеке жұмыс:

2-тапсырма.

Суретті қарастырыңыз.

Ағзалық заттарды суретпен сәйкестендіріңіз және ағзалық заттардың маңызына сипаттама беріңіз.

Оқушы келесі сұрақтарға жауап жазады:

Берілген тақырып бойынша маған не белгілі?

Мен не білемін?

Мәтіннен қандай жаңалық туралы білдім?








Оқушы жеке тапсырманы орындайды.

- сабақтың оқу мақсаты бойынша өз ойын сипаттайды;


Кері байланыс:

«Бас бармақ» әдісі арқылы бағаланады.

«Керемет!» және т.б





Суретті сәйкестендіреді


Кері байланыс:

«Мадақтау» әдісі

«Жарайсың!»

«Тамаша жауап»

т.б

Жұмыс дәптері


Үлестірме парақтар


Сабақтың соңы


Кері байланыс


Кері байланыс «4 себеп» әдісі арқылы. Мұғалім сабақты қорытындылау мақсатында оқушының сабаққа деген көзқарасын, кері байланысын тыңдайды.


Оқушы бүгінгі сабақтың мақсатына жеткізетін тапсырмалар орындауына қарай, өз түсінгенін, пікірін, өз ойын айту арқылы сабаққа қорытынды жасайды.

Мұғалім оқушыларды

«Бас бармақ» әдісі арқылы бағалайды. Жарайсың!

Жақсы!

Талпын!



Кері байланыс парағы


1.Мен түсіндім, себебі ...

2.Мен түсінбедім, себебі ...

3.Мен қолдана аламын, себебі ...

4.Маған тиімді болмады, себебі .../ұсыныс……..



ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАРҒА ҚОСЫМША


«Стоп кадр» әдісінде оқу мақсатына сай сурет беріледі. Оқушы суретке қарап өз ойын айту. суретті сипаттау.


«Қызығушылықты ояту»

Оқушының қызығушылығын ояту үшін өмірден мысалдар келтіру. Бейнефильм немесе мультфильмдер көрсету.

https://www.youtube.com/watch?v=JNFGC3hQV7s


«Айырмашылығы неде?» әдісі.

Оқушыға екі, үш,төрт түрлі сурет көрсету. Суреттер арасындағы айырмашылықты айту.


«Teacher time» әдісі. мұғалім оқу мақсатына сай жаңа тақырыпты түсіндірме жасау.

Тағамның маңызы. Қоректену – барлық тірі ағзаларға тән қасиеттердің бірі. Қоректену арқылы тірі ағзалар өседі, дамиды және қалыпты тіршілік әрекетін жалғастырады. Тағамның құрамындағы органикалық заттар ыдыраған кезде энергия бөлінеді. Бұл энергия жеке мүшелердің және жалпы ағзаның қызметі үшін жұмсалады.


Нәруыздар адам пайдаланатын көптеген тағамдардың құрамында кездеседі. Олар адам ағзасында өздігінен түзілмейді, тек тағаммен бірге қабылданады. Адамның күнделікті қалыпты тіршілігі үшін тәулігіне орта есеппен 100–120 грамм нәруыз қажет. Нәруыз, әсіресе еттің, балықтың, жұмыртқаның, асбұршақтың, жаңғақтың және т.б. тағамдардың құрамында мол болады. Адам ағзасы үшін нәрлі нәруыз жануартекті тағамдарда көптеп кездеседі.


Майлар да адам ағзасы үшін қажетті органикалық заттың бірі. Май сүт өнімдерінің, жұмыртқаның және т.б. тағамдардың құрамында молынан кездеседі. Май, әсіресе, жануарлардың іш майында және майлы өсімдіктердің құрамында көп болады. Басқа органикалық заттармен салыстырғанда май ыдыраған кезде энергия екі еседей көп бөлінеді. Адам сұйық (өсімдік) майларды көбірек пайдалануы қажет, өйткені ол ағзаға тез әрі жеңіл сіңеді. Адам тәулігіне орта есеппен 70–100 г май пайдалануы керек.


Көмірсулар көбіне өсімдіктекті тағамдардың құрамында мол болады. Адам күнделікті пайдаланатын көмірсулар негізінен крахмал және қант. Крахмал түрлі жармалардың, ұнның, картоптың құрамында көбірек кездеседі. Қант көбіне қант қызылшасында, сәбізде мол болады. Ағза үшін, негізінен, жемістердің құрамындағы қант өте пайдалы, өйткені ол тез сіңеді. Мұндай қант балдың, жеміс-жидектердің құрамында көп кездеседі. Адам денесіне жиналған артық көмірсулар бауырда, бұлшықеттерде қор ретінде жиналады.


Витаминдер (латынша «vіta» – тіршілік, «amіn» – химиялық заттар) тағамның құрамында болатын ағза үшін қажетті зат. Ағзаның өсуі, дамуы, тіршілігі үшін витаминдер (дәрумендер) аз мөлшерде болса да өте қажет. Оларды адам тағамның құрамынан алады, яғни витаминдердің көпшілігі ағзада өздігінен түзілмейді. Витаминдердің адам ағзасында жетіспеушілігі түрлі ауруларға шалдықтырады.


Минералдық тұздарды адам ағзасы жеген тағам мен ішкен суы арқылы қабылдайды. Адам пайдаланатын барлық табиғи тағамдардың құрамында тұздар кездеседі. Күнделікті тұрмыста ас тұзын табиғи қалпында пайдаланады. «Тұз астың иманы» деген сөзде терең тұжырым бар. Тұзсыз астың дәмі татымайды. Адам тәулігіне 5–6 грамдай ас тұзын пайдаланса жеткілікті.


Су адам ағзасы үшін өте қажет. Сусыз тіршілік ету мүмкін емес. Адам денесінде күрделі физиологиялық процестердің бәрі де судың қатысуымен жүреді. Сонымен бірге суда көптеген минералдық тұздар ерітінді түрінде кездеседі. Адамның тіршілігі үшін тәулігіне 1,5–2,5 литр су қажет. Суды адам кейде сусын ретінде ішеді. Сонымен бірге күнделікті пайдаланған тағамның құрамында да болады. Судың аздаған мөлшері ағзаның өзінде органикалық заттардың ыдырауынан бөлінеді. Суды дұрыс пайдалана білу керек. Ағза үшін су тапшылығы да және суды артық пайдалану да зиян. Мысалы, суды шектен тыс көп пайдалану бүйрек қызметіне күш түсіріп, зиянды әсер етеді.

Судан басқа бейорганикалық заттар: Оттек, сутек, темір т.б. химиялық элементтерден тұратын жай заттар; тұздар, қышқылдар

Органикалық заттарға жатады: Нәруыздар, майлар, көмірсулар, нуклеин қышқылдары

Тұқымқуалаушылықты сақтау үшін қажет: Нуклеин қышқылдары

Дәмі тәтті орг. заттар: Көмірсулар

Көмірсулар көп кездесетін өсімдіктер: Жүзім, қауын, қарбыз, өрік, алмұрт, алма;

күріш, бидай, сұлы, арпа, жүгері

Жасушаның негізгі органикалық заттары: Нәруыздар

Нәруыз мөлшері көп жануар өнімдері: ет, жұмыртқа, сүзбе

Нәруызға бай өсімдіктер: асбұршақ, үрмебұршақ, қытайбұршақ

Энергия сыйымдылығы ең көп органикалық зат: Майлар

1 грамм май ыдырағанда 38,9 кДж энергия бөлінеді.

Жануар майлары: қой, сиыр, балық майлары

Май алынатын өсімдіктер: мақта, күнбағыс, рапс, қыша, сафлор

Бие сүтінен әзірленетін шипалы сусын: Қымыз

Жаңа сауылған бие сүті: Саумал

Қымыз сияқты қазақтың киелі де қастерлі сусыны, тек түйе сүтінен ашытылады: Шұбат

Сиырдың сүтіне не қойдың сүтіне аздап су қосып пісірген соң, ұйытқымен ұйытып ішетін сусын: Айран

Ұйытылған қой сүтінің айраны: Қатық



Жеке жұмыс:

1-тапсырма

«Борт журналы» - тақырыпты оқып үйренуде өз ойларын жазуға үйретудің әртүрлі әдіс-тәсілдерін қамтитын жалпылама атауы. «Борт журналы» қарапайым түрде мәтінді оқу алдында және оқу материалымен танысқан соң қолданылады.

Берілген тақырып бойынша маған не белгілі? Мен не білемін?

Мәтіннен қандай жаңалық туралы білдім?







Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
10 ұстаз жүктеп алған
07.11.2023
324
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі