400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 16 материал табылды

Үйден оқыту 9-сынып, ҚМЖ, Биология №12

Материал туралы қысқаша түсінік
Үйден оқыту 9-сынып, ҚМЖ, Биология №12
Материалдың қысқаша нұсқасы

ҮО. 9 сынып №12

ДӘІЖО___________

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
«» КММ
(білім беру ұйымының атауы)
Қысқа мерзімді (сабақ) жоспары
Ас қорытудың маңызы, ас қорыту ағзалары.

(Сабақ тақырыбы)


Бөлім:

4.4 Ас қорыту

Педагогтің аты-жөні:


Күні:


Сыныбы: 9 «Б»

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Ас қорытудың маңызы, ас қорыту ағзалары.

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

9.4.4.3 ас қорытудың маңызы туралы айту; ас қорыту жүйесінің құрылысын сипаттау; ас қорыту ағзаларының жұмысы туралы айту;

Сабақтың мақсаты:

ЕБҚ:(қабылдауы баяу) ас қорыту жүйесінің құрлысын және ас қорытуды маңызын сипаттайды;

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі

Мұғалімнің әрекеті


Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы



Оқушының назарын аудару





Оқушылармен амандасу, түгендеу, сынып тәртібін қадағалау.

«Стоп кадр» әдісінде оқу мақсатына сай сурет беріледі. Оқушы суретке қарап өз ойын айту. суретті сипаттау.


Оқушы мұғалімімен амандасады. Жаңа сабаққа дайындалады.


Оқушы суретке қарап өз ойын айтады.

Суретті сипаттайды.





Кері байланыс:

«Мадақтау» әдісі

«Жарайсың!»

«Тамаша жауап»

т.б

Үлестірме сурет



Оқушыға бағыт бағдар беру

«Қызығушылықты ояту»

Оқушының қызығушылығын ояту үшін өмірден мысалдар келтіру. Бейнефильм немесе мультфильмдер көрсету.

Оқушы ұстаздың тереңнен ойластырылған әдіс-тәсілдеріне сүйене отырып, жаңа ұғымдарды, түсініктерді игеруге қадам жасап, қызыға жұмыс істеп, өзінің бұрынғы білімін жаңа ақпаратпен толықтырады, кеңейте түседі.

Кері байланыс:

«Бас бармақ» әдісі арқылы бағаланады.

«Керемет!» және т.б

Бейнефильм немесе мультфильм ссылкасы:

https://www.youtube.com/watch?v=48uMwRNF2kI


Сабақтың ортасы


Жаңа тақырыпты таныстыру

«Айырмашылығы неде?» әдісі.

Оқушыға екі, үш,төрт түрлі сурет көрсету. Суреттер арасындағы айырмашылықты айту.


Оқушы суреттерді қарайды. Сол қараған суреттердің айырмашылығын атайды.

Кері байланыс:

«Мадақтау» әдісі

«Жарайсың!»

«Тамаша жауап»

т.б

Сабақты таныстыруға арналған парақтар

Салыстырмалы үлестірме суреттер



Жаңа тақырыпты түсіндіру


«Teacher time» әдісі. мұғалім оқу мақсатына сай жаңа тақырыпты түсіндірме жасау.

Оқушы мұғалімді назар қойып тыңдайды.

Кері байланыс:

«Бас бармақ» әдісі арқылы бағаланады.

«Керемет!» және т.б

Сабақты түсіндіруге арналған парақтар

Бағалау

Жеке жұмыс:

1-тапсырма

«Борт журналы» - тақырыпты оқып үйренуде өз ойларын жазуға үйретудің әртүрлі әдіс-тәсілдерін қамтитын жалпылама атауы. «Борт журналы» қарапайым түрде мәтінді оқу алдында және оқу материалымен танысқан соң қолданылады.



Жеке жұмыс:

2-тапсырма.

«Суретті сөйлет» әдісі

Суретті пайдаланып адамның асқорыту мүшелерінің атауын жазыңыз.

Оқушылар келесі сұрақтарға жауап жазады:

Берілген тақырып бойынша маған не белгілі?

Мен не білемін?

Мәтіннен қандай жаңалық туралы білдім?








Оқушы жеке тапсырманы орындайды.

Сабақтың оқу мақсаты бойынша өз ойын сипаттайды;



Суретті пайдаланып адамның асқорыту мүшелерінің атауын жазады;


Кері байланыс:

«Мадақтау» әдісі

«Жарайсың!»

«Тамаша жауап»

т.б

Жұмыс дәптері


Үлестірме парақтар


Сабақтың соңы


Кері байланыс


Кері байланыс «4 себеп» әдісі арқылы. Мұғалім сабақты қорытындылау мақсатында оқушының сабаққа деген көзқарасын, кері байланысын тыңдайды.


Оқушы бүгінгі сабақтың мақсатына жеткізетін тапсырмалар орындауына қарай, өз түсінгенін, пікірін, өз ойын айту арқылы сабаққа қорытынды жасайды.

Мұғалім оқушыларды

«Бас бармақ» әдісі арқылы бағалайды. Жарайсың!

Жақсы!

Талпын!



Кері байланыс парағы


1.Мен түсіндім, себебі ...

2.Мен түсінбедім, себебі ...

3.Мен қолдана аламын, себебі ...

4.Маған тиімді болмады, себебі .../ұсыныс……..



ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАРҒА ҚОСЫМША


«Стоп кадр» әдісінде оқу мақсатына сай сурет беріледі. Оқушы суретке қарап өз ойын айту. суретті сипаттау.


«Қызығушылықты ояту»

Оқушының қызығушылығын ояту үшін өмірден мысалдар келтіру. Бейнефильм немесе мультфильмдер көрсету.

https://www.youtube.com/watch?v=48uMwRNF2kI


«Айырмашылығы неде?» әдісі.

Оқушыға екі, үш,төрт түрлі сурет көрсету. Суреттер арасындағы айырмашылықты айту.







«Teacher time» әдісі. мұғалім оқу мақсатына сай жаңа тақырыпты түсіндірме жасау.

Адамның асқорыту жүйесінің құрылысы

Ауыз қуысы

Асқорыту жолының бірінші мүшесі

Тамақ тістер арқылы ұсақталады

Сілекеймен шыланады

Көмірсуларға ыдырайды

Тіл

Ауыз қуысында орналасқан бұлшық етті мүше

Жұтуға қатысады

Тамақты сілекеймен араластырады

Еріген заттардың дәмін анықтайды.

Жұтқыншақ

Бұлшық етті түтік

Тамақ өңешке, ол жерден асқазанға түседі

Асқазан

Бір бөлімді

Асқазан сөлі түзіледі

Нәруыздарды аминқышқылдарға дейін ыдыратады.

Тамақ асқазаннан ашішекке түседі

Ашішек

Бірінші бөліміне бауыр және ұйқы безінің өзегі ашылады Қоректік заттар қорытылады

Қан мен лимфаға сіңіріледі

Бұл ашішектің ішкі бетіндегі микроскопиялық ішек бүрлері арқылы жүреді

Тоқішек

Қанға су (95%-ға дейін)

Дәрумендер

Минералды тұздар сіңіріледі

Тоқішектің басталған жері: Соқырішек

Соқырішектің төменгі шетінде ұзындығы 8–9 см-дей құрттәрізді өсінді: Аппендикс

Ферменттердің әсерінен өсімдік жасұнығы ыдырайды

Кейбір дәрумендер синтезделеді (В тобы)

Тікішекпен аяқталады


Асқорыту бездері:

Үш жұп сілекей безі

Бауыр

Ұйқы безі

Үш жұп сілекей безінің өзектері ашылады: Ауыз қуысына

Ауызда болады: Көптеген ұсақ, біржасушалы сілекей бездері

Тамақтың оңай жұтылуына және дәмін анықтауға көмектеседі: Сілекейдегі шырыш

Бауыр – ағзадағы ең ірі без

Бауыр бөледі: Өт

Өттің қызметі маңызы:

Майды қорытуға қатысады

Ішектің жиырылуын күшейтеді

Ұйқы безі заттарының белсенділігін арттырады

Асқорытумен қатар, асқазаннан, ішектен, көкбауыр мен ұйқы безінен келетін қанды тазартады: Бауыр

Қан сүзіледі және зарарсыздандырылады: Бауырда

Көмірсулардың артық мөлшері гликоген түрінде қорға жинақ талады: Бауырда

Ұйқы безі – аралас секреция бездері

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
5 ұстаз жүктеп алған
07.11.2023
697
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі