400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 17 материал табылды

Үйден оқыту 9-сынып, ҚМЖ, Биология №5

Материал туралы қысқаша түсінік
Үйден оқыту 9-сынып, ҚМЖ, Биология №5
Материалдың қысқаша нұсқасы

ҮО. 9 сынып №5

ДӘІЖО___________

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
«» КММ
(білім беру ұйымының атауы)
Қысқа мерзімді (сабақ) жоспары
Ағзалар мен мүшелер жүйесі (тірек-қимыл, ас қорыту, қанайналымы, шығару, тыныс алу, жүйке, көру және көбею)

(Сабақ тақырыбы)


Бөлім:

4.2 Адам ағзасының жалпы ерекшеліктері

Педагогтің аты-жөні:


Күні:


Сыныбы: 9 «Б»

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Ағзалар мен мүшелер жүйесі (тірек-қимыл, ас қорыту, қанайналымы, шығару, тыныс алу, жүйке, көру және көбею)

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

9.4.2.3 мүшелер жүйесін және адам денесінің қуыстарын атау; адам ағзасы

біртұтас екенін түсіну;

9.4.2.4 адам ағзасы мен қоршаған ортаның байланысын түсіну; адам денсаулығының қоршаған орта жағдайына байланысты екенін түсіндіру, табиғатта адамдардың өз тәртібіне жауапкершілігін түсіну;

Сабақтың мақсаты:

Мүшелер мен мүшелер жүйесін атайды;

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі

Мұғалімнің әрекеті


Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы



Оқушының назарын аудару





Оқушылармен амандасу, түгендеу, сынып тәртібін қадағалау.

«Стоп кадр» әдісінде оқу мақсатына сай сурет беріледі. Оқушы суретке қарап өз ойын айту. суретті сипаттау.


Оқушы мұғалімімен амандасады. Жаңа сабаққа дайындалады.


Оқушы суретке қарап өз ойын айтады.

Суретті сипаттайды.





Кері байланыс:

«Мадақтау» әдісі

«Жарайсың!»

«Тамаша жауап»

т.б

Үлестірме сурет


Сабақтың ортасы


Жаңа тақырыпты таныстыру

«Айырмашылығы неде?» әдісі.

Оқушыға екі, үш,төрт түрлі сурет көрсету. Суреттер арасындағы айырмашылықты айту.


Оқушы суреттерді қарайды. Сол қараған суреттердің айырмашылығын атайды.

Кері байланыс:

«Мадақтау» әдісі

«Жарайсың!»

«Тамаша жауап»

т.б

Сабақты таныстыруға арналған парақтар

Салыстырмалы үлестірме суреттер



Жаңа тақырыпты түсіндіру


«Teacher time» әдісі. мұғалім оқу мақсатына сай жаңа тақырыпты түсіндірме жасау.

Оқушы мұғалімді назар қойып тыңдайды.

Кері байланыс:

«Бас бармақ» әдісі арқылы бағаланады.

«Керемет!» және т.б

Сабақты түсіндіруге арналған парақтар

Бағалау

Жеке жұмыс:

1-тапсырма

Суреттен құрылымдық деңгейлерді анықтайды және әрбір құрылымдық деңгейдің анықтамасын беру.




Жеке жұмыс:

2-тапсырма.

Анықтамаларды ұғымдарына қарай сәйкестендіріңіз.

Суреттен құрылымдық деңгейлерді анықтайды және әрбір құрылымдық деңгейдің анықтамасын береді.







Оқушы жеке тапсырманы орындайды.

Суреттен құрылымдық деңгейлерді анықтайды және әрбір құрылымдық деңгейдің анықтамасын береді.


Анықтамаларды сәйкестендіреді.


Кері байланыс:

«Мадақтау» әдісі

«Жарайсың!»

«Тамаша жауап»

т.б

Жұмыс дәптері


Үлестірме парақтар


Сабақтың соңы


Кері байланыс


Кері байланыс.

Оқушы нысанадан қажетті деңгейді белгілеу арқылы сабаққа кері байланыс береді.

Оқушы бүгінгі сабақтың мақсатына жеткізетін тапсырмалар орындауына қарай, өз түсінгенін, пікірін, өз ойын айту арқылы сабаққа қорытынды жасайды.

Мұғалім оқушыларды

«Бас бармақ» әдісі арқылы бағалайды. Жарайсың!

Жақсы!

Талпын!



Кері байланыс парағы




ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАРҒА ҚОСЫМША


«Стоп кадр» әдісінде оқу мақсатына сай сурет беріледі. Оқушы суретке қарап өз ойын айту. суретті сипаттау.



«Айырмашылығы неде?» әдісі.

Оқушыға екі, үш,төрт түрлі сурет көрсету. Суреттер арасындағы айырмашылықты айту.




«Teacher time» әдісі. мұғалім оқу мақсатына сай жаңа тақырыпты түсіндірме жасау.


Ағза – біртұтас тіршілік иесі. Әр түрлі ұлпалар бір-бірімен қосылып мүше түзеді. Мүше дегеніміз – белгілі пішіні, құрылысы, орны бар бір немесе бірнеше қызмет атқаратын дене бөлігі. Ағзаның ішкі қуыстарында (мысалы, кеуде, құрсақ, жамбас) орналасқан мүшелерді – ішкі мүшелер деп атайды. Әрбір мүшеде барлық ұлпалар кездеседі, бірақ олардың біреуі ғана басым болады. Мысалы, дәнекер ұлпасы ағзаның ішкі ортасын, эпителий ұлпасы – асқорыту, тынысалу мүшелерінің кілегейлі қабықшасын түзеді. Бұлшықет ұлпасы – өңеш, ішектер мен қуықтың қабырғаларын құрайды. Жүйке ұлпасы – ми мен жұлынды және жүйкелер мен жүйке түйіндерін түзеді.


Мүшелердің пішіндері, мөлшері және орналасу орны жағынан бір-бірінен айырмашылығы бар. Шығу тегі, құрылысы және атқаратын қызметі ұқсас мүшелерді мүшелер жүйесі дейді.


Адам денесіндегі атқаратын қызметі бір-біріне байланысты мүшелер және мүшелер жүйесі бірігіп мүшелер жүйесін түзеді. Мысалы, тірек-қимыл, зәржыныстық, эндокриндік аппараттар бар.

Мүшелер мен мүшелер жүйесі

 

1. Эндокриндік жүйе – арнайы заттардың (гормондар) көмегімен ағзадағы барлық процестерді реттейді. Мүшелер қызметінің гормондар арқылы реттелуін гуморальдық реттелу дейді.

 

2. Жүйке жүйесі – барлық мүшелер мен мүшелер жүйесін біртұтас етіп біріктіріп, олардың жұмысын реттейді.

 

3. Сезім мүшелері (сенсорлық жүйе) – сыртқы ортадан тітіркендіруді қабылдайды әрі оған жауап қайтарады.

 

4. Тірек-қимыл жүйесіне (аппараты) бұлшықеттер мен қаңқа жатады. Олар тіректік, қозғалыстық және қорғаныштық қызмет атқарады.

 

5. Жүрек-қантамырлар жүйесі – жүрек пен қантамырлар ағзада қанайналымды қамтамасыз етеді.

 

6. Тынысалу жүйесі тынысалу мүшелері (мұрын қуысы, жұтқыншақ, көмекей, кеңірдек, бронхылар, өкпе) қан мен қоршаған орта арасындағы газалмасуға қатысады.

 

7. Асқорыту жүйесі – ағзада тағамның қорытылуы мен сіңірілуін қамтамасыз ететін асқорыту мүшелерінің жиынтығы.

 

8. Зәр шығару жүйесі – зат алмасудың нәтижесінде ағзада түзілген (тұз, несеп) өнімдерді ағзадан сыртқа шығарады.

 

9. Жыныс жүйесі – ағзаның артына ұрпақ қалдырып, тіршілігін жалғастыруды қамтамасыз етеді.












Жеке жұмыс:

1-тапсырма

Суреттен құрылымдық деңгейлерді анықтайды және әрбір құрылымдық деңгейдің анықтамасын беру.




Жеке жұмыс:

2-тапсырма.

Анықтамаларды ұғымдарына қарай сәйкестендіріңіз.


Анықтама

Ұғымдар

1. Тірі ағзалар құрылысының ең кіші бірлігі

А. ұлпа

2. Шығу тегі, құрылысы мен қызметі бірдей ұлпалар тобы

В. жасуша

3.Оқшауланып қызмет атқармайды, организмде нәтижеге жету үшін бірігіп қызмет етеді

С.мүше

4.Шығу тегі, құрылысы мен қызметі бірдей жасушалар тобы

Д. Мүшелер жүйесі


1____ 2 ____ 3____ 4____


Кері байланыс.

Оқушы нысанадан қажетті деңгейді белгілеу арқылы сабаққа кері байланыс береді.











Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
15 ұстаз жүктеп алған
07.11.2023
517
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі