Үйден оқытылатын оқушыға
арналған психологиялық ойындар
ХХ ғасырдың басында неміс
педагог-дефектологы П.Шуманның «Бала кемістігінің даму деңгейі
неғұрлым төмен болса, соғұрлым мұғалімнің білім деңгейі жоғары болу
керек» деген асыл сөзінен даму мүмкіндігі шектеулі баламен жұмыс
істеу өте қиын екенін рас. Қазіргі кезде мектептерде кемтар
балаларды қамқорлыққа алып, олардың қалыптасуына және айығуына
мүмкіндік жасап, өз бетімен өмір сүруіне бағыт бағдар беруге арнайы
дайындық жүргізілуде. Кемтар балалардың білім деңгейін көтеріп,
өмірге қажетті білім білік дағдысын, тәртібін қалыптастыруға
байланысты түрлі шаралар жасалуда. Бұл балаларды оқытатын
мұғалімдердің алдына мынадай міндеттер қойылады.
1.Баланың мектепке дайындығын
анықтау.
2.Тәрбиесіндегі кемістігін
жою.
3.Сабақты жүйелі
жоспарлау
Дамуында әр түрлі кемшіліктері
бар балаларды арнайы оқытуға деген сұраныс, әсіресе олардың
танымдық процестерін психологиялық жағынан зерттеу қазіргі таңда
өзекті мәселе болып отыр. Оқыту үрдісінде мұндай балаларға оқу
материалын меңгерту үшін арнайы мектептер мен мекемелерде арнайы
білім берудің мазмұны мен әдістерін жасау және оны негіздеу қажет.
Әсіресе ауылдық жерлерде туа біткен, сонымен қатар еліміздегі
экологиялық тепе-теңдіктің бұзылуынан, тұқым қуалаған, жүре пайда
болған аурулар салдарынан, мектепке бару бақыты бұйырмаған балалар
бар. Осы балаларды психологиялық ойындар көмегімен дене кемістігін
қалпына келтіріп, сол арқылы психологиялық саулығын сақтап, бала
мүгедектігінің деңгейін төмендетуге мектеп психологтары аз да болса
өз үлесімізді қосып алдымызға мақсат етіп келеміз. Әр психолог
үйден оқитын балаға барғанда біріншіден баланың көңіл күйіне қарап,
динамикалық бақылау күнделігін жүргізіп отырады. Баланы
мектепішілік іс-шараға қатыстырады немесе көрермен ретінде көруге
шақырады. Екіншіден баланың үйіне барғанда ата-анасымен сөйлеседі,
пікірлеседі, кеңес беріп отырады. Тек қана баланың өзімен жұмыс
жасағаннан көрі ата-анасымен қосылып, жұмыс жасаған балаға қатты
ұнайды. Ол үшін үйден оқитын оқушының отбасылық әлеуметтік
жағдайын, жас ерекшелігін ескере отырып, балаға ешқандай қиыншылық
туғызбайтын өз іс-тәжірибемде қолданып жүрген, ата-анасымен бірлесе
жүргізген, баланың өзіне арналған коррекциялық ойындарды ұсынамын.
Әрбір мұғалім жеке балаға сабақ бергенде сабағына қолдануға
болады.
Баланың
қуанышы мен реніші ойында анық байқалады. Ойын кезінде баланың
психологиялық ерекшелігі мынадан көрінеді:
1. Олар
ойланады.
2.
Эмоциялық әсері ұшқындайды, белсенділігі артады, қиял елестері
дамиды, баланың шығармашылық қабілеті мен дарыны
ұшталады.
3.
Ұжымдық сезімі қалыптасады.
4. Ерік
қасиетін бекітеді, адамгершілік сапаны
жетілдіреді.
Коллаж «Менің қазіргі отбасым» және «Менің болашақтағы
отбасым»
Отбасының
барлық мүшелері қатысады. Оларға осы тақырыптарда екі коллаж жасау
ұсынылады немесе қалаулары бойынша бір тақырыпты таңдайды.
Коллажбен жұмыс жасау үшін бір көлемдегі қатты қағаз, түрлі-түсті
қағаздар, ескі кітаптар, газет, журналдар қажет. Коллаж жасап
болғаннан кейін жанұя мүшелері өз жұмыстары туралы
әңгімелейді.
«Пілдің аяғы» жаттығуы.
Мақсаты: ата-аналармен және балалардың
дене деңгейінде өзара әрекеттесу; өзара әркеттесудің дағдыланған
тәсілдерін сезіну, қажет болған жағдайда қарым-қатынасты жүзеге
асыру үшін ыңғайлы жағдайларды іздестіру; негізгі мүмкіндіктерді
ашу; күрделі жағдайларды шешуде одан шығу жолдарын игеру; ішкі
мазасыздануларды көрсету, әсіресе қоғамда қабылданған мінез-құлыққа
сәйкессіздіктен туындаған мазасыздануларды, яғни түрлі
қарсылықтарды көрсету.Топ қатысушылары жұптарға бөлінеді
(ата-ана-бала). Олардың біреуі өзін пілдің аяғы ретінде көрсетеді
және осы рөльде өз көзқарасы бойынша сәйкес әрекеттер жасайды.
Екіншісіне «Аяқты» кез-келген тәсілмен қозғалту ұсынылады. Әрі
қарай жұптағы рөлдер алмастырылады.
Менің және анамның қолы.
Мақсаты: Ең алдымен дене және
эмоционалды есте сақтауға сүйене отырып, қатысушылардың дене
сызбасы туралы түсініктерін нығайту. Сол жұпта дене деңгейіндегі
өзара қарым-қатынасқа әсерлену, қайта жасау; ата-аналардың осы
тәжірибені сезіну. Бала-ата-ана жұптарына бір-бірлеріне
қарама-қарсы тұрып және жүргізушінің айтқанын орындау ұсынылады.
Психолог тізбекті түрде келесілерді ұсынады:
1.
Бір-бірлерімен сұқ саусақтарымен «Сәлемдесу»
2.
Шынтақтарымен бір-бірлерінің шынтақтарын сипалау.
3.
Ортаңғы саусақтар көмегімен күш сынасу.
4.
Серіктестің біреуі алақанымен екінші қатысушының бармағын ұстап
тұру қажет. Содан кейін орындарын ауыстыру
5.
Бір-бірлерімен шынтақпен қоштасу.
Сабақта
жаттығу тек сол қолмен орындалады. Үй тапсырмасы ретінде
қатысушыларға тура осыны қарама-қарсы саусақтармен жасау
ұсынылады.
«Көліктер» Мақсаты: ата-ана мен бала
арасындағы физикалық контактіні реттеу, тактильді түйсіктерді
дамыту.
Жаттығу жұппен жүргізіледі: ата-ана
және бала. Бала «көлік» рөлінде болады-ата-ана «көлікті жуушы».
«Жуушының» көздері жабық немесе байланған. Бес минут ішінде
«көлікті» ретке келтіреді: барлық әрекеттерін айта отырып
жуады, сүртеді, мүмкіндігінше мейірімді сөздер көбірек қолданылады.
Содан кейін ата-аналар мен балалар орындарымен
алмасады.
«Ия-жоқ» өзін қабылдауға арналған жаттығу.
Мақсаты: Ата-аналар мен балалар
арасында жақындық сезімдерін, бір-бірлерін қабылдауды қалыптастыру,
қарым-қатынас дағдыларын дамыту.Ата-аналар мен балалар
бір-бірлеріне иықтарымен сүйеніп кілемнің үстінде отырады. Сенімді
түрді «Ия-жоқ», «Жоқ-ия» сөздерін айтады. Жаттығудан кейін
талдау жасалады: «ия» немесе «жоқ» сөздерінің қайсысын айту
қиын?
Бірлесіп сурет салу. Мақсаты:
Ата-аналар мен балалар арасында жақындық сезімдерін,
бір-бірлерін қабылдауларын қалыптастыру, қарым-қатынас дағдыларын
дамыту.
Қатысушыларға жұпта бір қаламмен сурет салу ұсынылады,
бірақ өзара сөйлесіп, келісім жүргізуге болмайды.
Аяқтап
болғаннан кейін әр жұп өз шығармасы туралы әңгімелейді: сурет қалай
салынды. Қатысушылар сурет салудың түрлі кезеңдеріндегі өзара
қарым-қатынас ерекшеліктерін көрсете алады: бірлескен, бір
қатысушының екінші қатысушыны басынуы, бәсекелестік, келісім,
серіктес қызығушылықтарына бағдарлану.
Баланың
өзімен жүргізілетін жұмыс түрлері
Жағымды ойлауға үйрену. Жақсы нәрсе туралы
ойлап, соны күту, соған сену. Өз ойыңда үйлесімділік пен
тепе-теңдікті құра отырып, біз де соны өмірден таба
бастаймыз.
Өзің туралы жағымсыз ойлардан
құтылу.
Сіздің
саналы түрдегі Өзіңізді мейлінше жақсы емеспін деген сеніміңіз,
сіздің іс-әрекетіңіз бен қылықтарыңызды басқарады да, әрдайым ол
өмірде көрініс береді.
Өзіңді
сүй. Біз өзімізді бар жанымызбен
сүйіп және өзімізді құрметтесек, сонда өз іс-әрекеттеріміз бен
қылықтарымызды қоштаймыз, біз адамдармен ең ғажап қарым-қатынас
тудыра алатындай, жаңа қызықты жұмыс табуға мүмкіндік беретіндей,
дене салмағымызды тұрақтандыра алатындай, денсаулығымызды нығайта
алатындай етіп ақылымызды нақты ұйымдастыруды құрамыз. Өзіңді
қабылдау және өзіңді қоштау- бұл жағымды өмірлік өзгерістер
жасаудың кілті.
Өзіңді неғұрлым азырақ
сынауға тырыс. Сын біз құтылуға тырысып
жатқан сол ой бейнелеріне тоқтау сап қояды.
Өз жеткен биігіңізді өзіңіз
теріске шығармаңыз және басқалардың теріске
шығаруына жол бермеңіз. Мұны балалар керемет орындайды. Өмірдегі
бар жақсы нәрсе өзіңнің сыртқы “Меннен” айырмашылығы болатын ішкі
“Менді” қабылдаудан басталады. Біздің жүрегімізде барлық планетаны
емдеп жазарлық махаббат жетерлік екенін
ұмытпаңыздар.
Өз бойыңыздан жақсы
қасиеттерді іздеңіз. Осыдан сіздің өміріңізде
айтарлықтай прогресс басталады. “Мен өзімдегінің бәрін қолдаймын”
деген жаттығу бар. Сіз мұны неғұрлым көбірек айтсаңыз, соғұрлым
жақсы болады.
Басқалардың сіз туралы
айтқанына көп көңіл бөлмеңіз. Әр адам
–
қайталанбас және
ерекше. Біз осы планетаға біреуге
ұқсау үшін емес, өзімізді көрсету, жеткізе білу үшін
келгенбіз.