Материалдар / "Үйден оқытылатын оқушылардың ойлау қабілетін зерттеу"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Үйден оқытылатын оқушылардың ойлау қабілетін зерттеу"

Материал туралы қысқаша түсінік
Үйден оқытылатын оқушылардың ойлау қабілетін зерттеу Үйден оқытылатын оқушыға арналған психологиялық ойындар ХХ ғасырдың басында неміс педагог-дефектологы П.Шуманның «бала кемістігінің даму деңгейі неғұрлым төмен болса, соғұрлым мұғалімнің білім деңгейі жоғары болу керек» деген асыл сөзінен даму мүмкіндігі шектеулі баламен жұмыс істеу өте қиын екенін рас. Қазіргі кезде мектептерде кемтар балаларды қамқорлыққа алып, олардың қалыптасуына және айығуына мүмкіндік жасап, өз бетімен өмір сүруіне бағыт бағдар беруге арнайы дайындық жүргізілуде. Кемтар балалардың білім деңгейін көтеріп, өмірге қажетті білім білік дағдысын, тәртібін қалыптастыруға байланысты түрлі шаралар жасалуда. Бұл балаларды оқытатын мұғалімдердің алдына мынадай міндеттер қойылады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Желтоқсан 2017
3744
3 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Үйден оқытылатын оқушылардың ойлау қабілетін зерттеу

Үйден оқытылатын оқушыға арналған психологиялық ойындар

ХХ ғасырдың басында неміс педагог-дефектологы П.Шуманның «бала кемістігінің даму деңгейі неғұрлым төмен болса, соғұрлым мұғалімнің білім деңгейі жоғары болу керек» деген асыл сөзінен даму мүмкіндігі шектеулі баламен жұмыс істеу өте қиын екенін рас. Қазіргі кезде мектептерде кемтар балаларды қамқорлыққа алып, олардың қалыптасуына және айығуына мүмкіндік жасап, өз бетімен өмір сүруіне бағыт бағдар беруге арнайы дайындық жүргізілуде. Кемтар балалардың білім деңгейін көтеріп, өмірге қажетті білім білік дағдысын, тәртібін қалыптастыруға байланысты түрлі шаралар жасалуда. Бұл балаларды оқытатын мұғалімдердің алдына мынадай міндеттер қойылады.

1. Баланың мектепке дайындығын анықтау.

2. Тәрбиесіндегі кемістігін жою

3. Сабақты жүйелі жоспарлау

Дамуында әр түрлі кемшіліктері бар балаларды арнайы оқытуға деген сұраныс, әсіресе олардың танымдық процестерін психологиялық жағынан зерттеу қазіргі таңда өзекті мәселе болып отыр. Оқыту үрдісінде мұндай балаларға оқу материалын меңгерту үшін арнайы мектептер мен мекемелерде арнайы білім берудің мазмұны мен әдістерін жасау және оны негіздеу қажет. Әсіресе ауылдық жерлерде туа біткен, сонымен қатар еліміздегі экологиялық тепе-теңдіктің бұзылуынан, тұқым қуалаған, жүре пайда болған аурулар салдарынан, мектепке бару бақыты бұйырмаған балалар бар. Осы балаларды психологиялық ойындар көмегімен дене кемістігін қалпына келтіріп, сол арқылы психологиялық саулығын сақтап, бала мүгедектігінің деңгейін төмендетуге мектеп психологтары аз да болса өз үлесімізді қосып алдымызға мақсат етіп келеміз. Әр психолог үйден оқитын балаға барғанда біріншіден баланың көңіл күйіне қарап, динамикалық бақылау күнделігін жүргізіп отырады. Баланы мектепішілік іс-шараға қатыстырады немесе көрермен ретінде көруге шақырады. Екіншіден баланың үйіне барғанда ата-анасымен сөйлеседі, пікірлеседі, кеңес беріп отырады. Тек қана баланың өзімен жұмыс жасағаннан көрі ата-анасымен қосылып, жұмыс жасаған балаға қатты ұнайды. Ол үшін үйден оқитын оқушының отбасылық әлеуметтік жағдайын, жас ерекшелігін ескере отырып, балаға ешқандай қиыншылық туғызбайтын өз іс-тәжірибемде қолданып жүрген, ата-анасымен бірлесе жүргізген, баланың өзіне арналған коррекциялық ойындарды ұсынамын. Әрбір мұғалім жеке балаға сабақ бергенде сабағына қолдануға болады. Баланың қуанышы мен реніші ойында анық байқалады. Ойын кезінде баланың психологиялық ерекшелігі мынадан көрінеді:

1. Олар ойланады.

2. Эмоциялық әсері ұшқындайды, белсенділігі артады, қиял елестері дамиды, баланың шығармашылық қабілеті мен дарыны ұшталады.

3. Ұжымдық сезімі қалыптасады.

4. Ерік қасиетін бекітеді, адамгершілік сапаны жетілдіреді.

Коллаж «Менің қазіргі отбасым» және «Менің болашақтағы отбасым»

Отбасының барлық мүшелері қатысады. Оларға осы тақырыптарда екі коллаж жасау ұсынылады немесе қалаулары бойынша бір тақырыпты таңдайды. Коллажбен жұмыс жасау үшін бір көлемдегі қатты қағаз, түрлі-түсті қағаздар, ескі кітаптар, газет, журналдар қажет. Коллаж жасап болғаннан кейін жанұя мүшелері өз жұмыстары туралы әңгімелейді. «Пілдің аяғы» жаттығуы. 

Мақсаты: ата-аналармен және балалардың дене деңгейінде өзара әрекеттесу; өзара әркеттесудің дағдыланған тәсілдерін сезіну, қажет болған жағдайда қарым-қатынасты жүзеге асыру үшін ыңғайлы жағдайларды іздестіру; негізгі мүмкіндіктерді ашу; күрделі жағдайларды шешуде одан шығу жолдарын игеру; ішкі мазасыздануларды көрсету, әсіресе қоғамда қабылданған мінез-құлыққа сәйкессіздіктен туындаған мазасыздануларды, яғни түрлі қарсылықтарды көрсету. Топ қатысушылары жұптарға бөлінеді (ата-ана- бала). Олардың біреуі өзін пілдің аяғы ретінде көрсетеді және осы рөльде өз көзқарасы бойынша сәйкес әрекеттер жасайды. Екіншісіне «Аяқты» кез-келген тәсілмен қозғалту ұсынылады. Әрі қарай жұптағы рөлдер алмастырылады.

Менің және анамның қолы. Мақсаты: Ең алдымен дене және эмоционалды есте сақтауға сүйене отырып, қатысушылардың дене сызбасы туралы түсініктерін нығайту. Сол жұпта дене деңгейіндегі өзара қарым-қатынасқа әсерлену, қайта жасау; ата-аналардың осы тәжірибені сезіну. Бала-ата-ана жұптарына бір-бірлеріне қарама-қарсы тұрып және жүргізушінің айтқанын орындау ұсынылады. Психолог тізбекті түрде келесілерді ұсынады:

1. Бір-бірлерімен сұқ саусақтарымен «Сәлемдесу»

2. Шынтақтарымен бір-бірлерінің шынтақтарын сипалау.

3. Ортаңғы саусақтар көмегімен күш сынасу.

4. Серіктестің біреуі алақанымен екінші қатысушының бармағын ұстап тұру қажет. Содан кейін орындарын ауыстыру

5. Бір-бірлерімен шынтақпен қоштасу.

Сабақта жаттығу тек сол қолмен орындалады. Үй тапсырмасы ретінде қатысушыларға тура осыны қарама-қарсы саусақтармен жасау ұсынылады.

«Көліктер» Мақсаты: ата-ана мен бала арасындағы физикалық контактіні реттеу, тактильді түйсіктерді дамыту.  Жаттығу жұппен жүргізіледі: ата-ана және бала. Бала «көлік» рөлінде болады- ата-ана «көлікті жуушы». «Жуушының» көздері жабық немесе байланған. Бес минут ішінде «көлікті» ретке келтіреді:  барлық әрекеттерін айта отырып жуады, сүртеді, мүмкіндігінше мейірімді сөздер көбірек қолданылады. Содан кейін ата-аналар мен балалар орындарымен алмасады.

«Ия-жоқ» өзін қабылдауға арналған жаттығу. Мақсаты: Ата-аналар мен балалар арасында жақындық сезімдерін, бір-бірлерін қабылдауды қалыптастыру, қарым-қатынас дағдыларын дамыту.Ата-аналар мен балалар бір-бірлеріне иықтарымен сүйеніп кілемнің үстінде отырады. Сенімді түрді «Ия-жоқ», «Жоқ- ия» сөздерін айтады. Жаттығудан кейін талдау жасалады: «ия» немесе «жоқ» сөздерінің қайсысын айту қиын?

Бірлесіп сурет салу. Мақсаты: Ата-аналар мен балалар арасында жақындық сезімдерін, бір-бірлерін қабылдауларын қалыптастыру, қарым-қатынас дағдыларын дамыту. Қатысушыларға жұпта бір қаламмен сурет салу ұсынылады, бірақ өзара сөйлесіп, келісім жүргізуге болмайды. Аяқтап болғаннан кейін әр жұп өз шығармасы туралы әңгімелейді: сурет қалай салынды. Қатысушылар сурет салудың түрлі кезеңдеріндегі өзара қарым-қатынас ерекшеліктерін көрсете алады: бірлескен, бір қатысушының екінші қатысушыны басынуы, бәсекелестік, келісім, серіктес қызығушылықтарына бағдарлану.

Баланың өзімен жүргізілетін жұмыс түрлері

Жағымды ойлауға үйрену. Жақсы нәрсе туралы ойлап, соны күту, соған сену. Өз ойыңда үйлесімділік пен тепе-теңдікті құра отырып, біз де соны өмірден таба бастаймыз.

Өзің туралы жағымсыз ойлардан құтылу.

Сіздің саналы түрдегі Өзіңізді мейлінше жақсы емеспін деген сеніміңіз, сіздің іс-әрекетіңіз бен қылықтарыңызды басқарады да, әрдайым ол өмірде көрініс береді.

Өзіңді сүй. Біз өзімізді бар жанымызбен сүйіп және өзімізді құрметтесек, сонда өз іс-әрекеттеріміз бен қылықтарымызды қоштаймыз, біз адамдармен ең ғажап қарым-қатынас тудыра алатындай, жаңа қызықты жұмыс табуға мүмкіндік беретіндей, дене салмағымызды тұрақтандыра алатындай, денсаулығымызды нығайта алатындай етіп ақылымызды нақты ұйымдастыруды құрамыз. Өзіңді қабылдау және өзіңді қоштау – бұл жағымды өмірлік өзгерістер жасаудың кілті. Өзіңді неғұрлым азырақ сынауға тырыс. Сын біз құтылуға тырысып жатқан сол ой бейнелеріне тоқтау сап қояды. Өз жеткен биігіңізді өзіңіз теріске шығармаңыз және басқалардың теріске шығаруына жол бермеңіз. Мұны балалар керемет орындайды. Өмірдегі бар жақсы нәрсе өзіңнің сыртқы “Меннен” айырмашылығы болатын ішкі “Менді” қабылдаудан басталады. Біздің жүрегімізде барлық планетаны емдеп жазарлық махаббат жетерлік екенін ұмытпаңыздар. Өз бойыңыздан жақсы қасиеттерді іздеңіз. Осыдан сіздің өміріңізде айтарлықтай прогресс басталады. “Мен өзімдегінің бәрін қолдаймын” деген жаттығу бар. Сіз мұны неғұрлым көбірек айтсаңыз, соғұрлым жақсы болады.  Басқалардың сіз туралы айтқанына көп көңіл бөлмеңіз. Әр адам –қайталанбас және ерекше. Біз осы планетаға біреуге ұқсау үшін емес, өзімізді көрсету, жеткізе білу үшін келгенбіз.

Қарым-қатынасты дамытуға арналған жаттығулар

Бет-әлпетті еске сақтау” Өзіңді қоршаған адамдардың бет-әлпетін сақтауға дағдылан. Қарап ал да, көзіңді жұм, көргеніңді түгелдей еске түсір. Толық еске түсіруге қиналсаң, қайта қара. Осылайша бірнеше рет қайтала.

Ол қалай күледі?” Бет жүзіне қарап, адамның қалайша күлетінін, жылайтынын көз алдыңа елестет. Өзінің жақсы көргенін, сүйіспеншілігін, махабатын қалай білдіреді? Абыржып, сасқан кезде қандай? Ол қулана ма, әлде сытылып, құтылып шыға ма? Қалай дөрекілік көрсетеді? Ұрсыса ма? Өкпелегенде қандай? Ол бұрын қалай көрінетін еді? Кейін қандай болады? “Мен басқалардың көзімен” Әр түрлі жағдаяттарда және әр түрлі адамдармен өзіңнің әңгімелесушінің көзімен қарағанда қалай көрінетініңді елестуге тырыс. Сен қалай әсер етесің? Ол сен туралы не ойлайды?

Өзіңді бағалау” Неғұрлым бағалаушы болудан гөрі, бағаланушы болған жөн. Айналаңдағылар сенен не күтеді? Оған сенімен жақсы ма? Нгер біреу қателік жіберсе, сол қателікке емес, оған өзіңнің реакцияңды қалай болатынына назар аудар. “Көңіл-күйге ортақтасу” Жеке тақырыпта әңгімелесе отырып, өзіңмен әңгімелесушіні ұқыпты тыңдауға тырыс. Егер ол саған көңіл сырын сеніп ашса, өзіңдікін айтып жарыспа, бөліп тастама, көңіл-күйіне ортақтас, өзіңді оның орыныа қойып көр. “Қоштау” Балаларға көз салып қара, олардың іс-әрекеттерін бақыла, оны қоштау мүмкіндіктерін жіберме.  “Күлкі” Бет-жүзіңде әрдайм күлкінің табы тұруын, жылы кейіпті, мейірімді жүзді, ақжарқын қалрыңды сақтауға үйрен. Күлкің келмесе де, оған әруақытта дайын бол. Әрдайым ішкі дүниең күліп тұрғаны жөн. “Саған аманшылық тілеймін” Кез-келген адаммен кездескен кезде алғашқы сөзің (ішкі тілегің) “Саған аманшылық тілеймін” болуы керек. Мұны оған бар жан-жүрегіңмен сыйла! Егер сен біреумен дау-жанжалға түсіп, ұрсысып қалатын болсаң, “Саған аманшылық тілеймін” дегенді дереу есіңе түсіріп, қайталайтын бол. “Жаңа түрге ену” Өзіңді басқа адамның орнында сезініп көр. Сен – ол екенін көз алдыңа елестет. Оның сырт келбетін тауып ал, оның ішкі әлеміне аз-маз еніп байқа. Оның жүріс-тұрысын, мимикасын, қозғалыстарын салып көр. Жаңа түрге түс, оның сезімдері мен ойларымен астасып өмір сүруге тырыс. “Нажағай қаупі жоқ” Өзіңнің жағымсыз эмоцияңды тежеуге тырыс. Саған оны тежеу қандай қиын болса, айналаңдағыларға оны бастан кешіру сондай қиын. Ұрысысып-керіспеуді, күңкілдеп-жыламауды үйрен. Бір апта бойы барлығын кешіруге, бәрін түсінуге, ешкімді сынамауға, ескерту айтпауға, кінәламауға тырыс. Мүмкін одан да ұзағырақ осылай істерсің? “Мен –ғажаппын!” Әр адам өзіне қаншалықты баға берсе, соған соншалықты лайықты болады. Тұлға ретінде қалыптасуың үшін өзіңді, өмірлік іс-әрекетіңді лайықты бағалай білуің керек. Өзіңе арнап неғұрлым жақсы, жағымды, жылы сөздерді көбірек айту керек. Өзіңді-өзің дұрыс бағалағаның жөн. Әр адамның өзіне арнаған жақсы, жағымды қолдау, мадақтау, мақтау сөздері болуы тиіс.Мысалы:

- Мен осы өмірге келуіммен кереметпін.

- Мен сияқты бұл өмірде ешкім де болған емес, болмайды да.

- Мен ғажаппын, мен кереметпін.

- Менің күш-жігерім көп, денсаулығым мықты.

- Мен өмірді сүйемін, өмір мені аялайды.

- Мен тамаша жанмын.

- Мен мейірімді, жылы жүректі адаммын.

- Мен сабырлымын, салмақтымын.

- Мен ешкім жолымнан тайдыра алмайды.

- Мен әділетті, адал жанмын.

- Мен айналама бақыт шуағын шашамын.

- Мен алдыма қойған мақсатыма жетемін.

- Менің қолымнан бәрі келеді.

- Мені тек жақсы адамдар қоршаған.

- Мен үшін өмірдің қызығы мол.

- Мен бәріне ризамын.

- Мен бақытты адаммын.

Ойындар түрлері

«Кімде қандай қасиет бар»

Малдың түрі бейнеленген карточкаға бала оның қасиетін көрсететін сөз жазылған басқа карточканы таңдап алады. Мысалы, ит және иесіне берілгендік, түлкі және айлакерлік, түйе және тәкаппарлық және т.б.

«Өзің жалғастыр….»

Мақсат сабаққа кешіккенін енді ғана ұқты….

Айнұр досын ренжітіп алғандай болды…

Оспан ағасына бір нәрсені айтуды ұмытып кетті….

Әңгімелерді одан әрі жалғастырып, өз бетінше аяқтауын тапсырып, соңынан баланың ойын талқылауға болады.

«Түспен ажырату»

Ойынның мақсаты: адамның мінез-құқын бояумен көрсетіп, жағымды, жақтарын түспен ажырату.

Жүргізуші: балаға адамның қасиеттерін кемпірқосақ тәрізді етіп бояуды тапсырады. Қандай қасиетті қай түспен бояуды баланың өзі шешеді. Ойынсоңында адамның мінез-құлқын көрсету үшін қай түсті неге таңдағанын өзі түсіндіріп береді.

«Баға беру»

Ойын тапсырмаға қорытынды жасап, баға беруге негізделген.

Жүргізуші баладан портретке немесе суретке қарап, ондағы адамдардың мінез-құлқын, қасиеттерін ажыратып беруді тапсырады. Балалар ойын жинақтау үшін баяу музыка қойылып, белгілі бір уақыт беріледі. Бұл ойын баланың адамды тани білуіне, келбетіне қарап, мінез-құлқын ажырата білуіне көмектеседі.

Ойын-пантомима

Бұл ойын баланың мінез-құлықты эмоция арқылы танып білуін көздейді. Мысалы, балаға түрлі мимикамен түсіндірілетін түрлі тапсырмалар беріледі:

- ауырған, немесе шаршаған шешесін баласы қалай аялайды;

- оқушы қартты жолдан қалай өткізу керек;

- әжесінің алдында бала өз кінәсін қалай жуып-шаяды;

- ренжіскен екі дос бір-бірімен қалай татуласарын білмейді.

Жанұя мүшелерінің көмегімен музыканың сүйемелдеуімен өздері құрастырған сюжетті көрсетеді. Соңынан тапсырмалардың мазмұны ашылған соң, олар берілген сұрақтарға жауап дайындап, қысқаша мәтіндер құрастарады.

Ойын «Өз есіміңді ерекше ата»

Адамның есімі-оның бетке ұстар құралы.Біздің есімдеріміз өмір бойы бізбен бірге,олар біздің мінезімізге,сезімдеріміз бен ойымызға өз ізін қалдырады. Кәнеки,өзіміздің есімімізді еркелей әрі ардақтап айтып көрейік.Жаттығып алайық. Мұғалім баланы ортаға шақырады. Бала өз есімін атаған кезде қандай сезімде болғанын сұрауға немесе осы айтқандарын қағаз бетіне түсіруіне болады. Қорыта айтқанда: Психологтар «Әрбір бала-бір жұлдыз, жарқырауына көмектес!» қағидасын бекем ұстанайық.. Өздері кемтар болып келген баланың көңіліне кірбің түсірмейік. Мен сабақ беретін оқушы 11-сыныпта оқиды. Мені оның алдағы өмірі ойландырады.?

Осы жұмысымды қорытындылай келе мынадай ұсыныстар жасағым келеді.

1. Мүмкіндігі шектеулі балалардың (аудан көлемінде) кәсіптік білім алуына мүмкіндіктер жасалса

2. Ауылдық жердегі даму мүмкіндігі шектеулі балаларға мемлекет тарапынан әлі де болса көмектердің ұйымдастырылуы аса қажет.

3. Осы топтағы баланың ата-анасымен, балаға көбірек көңіл бөлініп, ұдайы қамқорлыққа алынса

4. Ауылдық жердегі мектепте даму мүмкіндігі шектеулі жоғары сынып оқушысына ағылшын тіліжүргізіледі, неге орыс тілі пәні оқытылмасқа? Әрине бұл ұсыныстар аз, дегенмен ауылдық жердегі осы топтағы балаларға аса мән берілсе…

Даму мүмкіндігі шектеулі баламен сабақ жүргізгенімде ол өз арманын мына өлең жолдарымен жеткізген еді.

Дәрігер болу арманым

Болашақтағы ал менің

Дәрігер болу арманым.

Тигізіп көпке жәрдемін,

Белгілі қарап қалмағым.

Жылаған балғын бөбек пен,

Қиналған ана болмасын.

Жебесін көп жан көмекпен.

Құдайым жебеп қолдасын.

Мақсатты биік бәрінен,

Қияны іспен шоламын.

Болашақ күнде әлі мен,

Жақсы бір тұлға боламын.

Елбасым өзі бастаған,     «Нұр Отан» алсын жүлдесін,    Мен неге жасып жасқанам,       Отаным жайнап гүлдесін.





ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ОЙЫНДАР

  • Жариялады: umka

  • |

  • Пікірлер: 0

  • |

  • Оқылды: 46129

Психологиялық ойындар

Екібастұз қаласы
№23 Балауса мектепке дейінгі гимназия тәрбиеші- психологы


« Суреттерді аяқтайық » жаттығуы
 

Мақсаты : Оқушылардың логикалық ойлауын , көру арқылы есте сақтауын , ойша жұмыс істей білуін дамыту .
 

Алдын-ала тақтаға мысықтың және қоянның құлақтары салынған плакат ілініп дайындалады . Оқушылардың көздері шарфпен байланады да , олар кезек-кезекпен шығып , бірі денесін , бірі басын , бірі аяғын салады , осылайша жалғаса береді .
 


«Түрлі –түсті доптар» жаттығуы
 

Мақсаты : оқушылардың есту арқылы есте сақтауын дамыту
 

Қағаз бетіне екі кішкентай қызыл және жасыл доп , қызыл доп пен жасыл доптың ортасына үлкен көк доп сал , ал жасыл доптың жанына кішкентай сары доп сал .
 






« Менің көңіл-күйім » жаттығуы
 

Мақсаты : көңіл-күйін игере білуге және басқаруға , қадағалауға , дұрыс бағалай білуге тәрбиелеу
 

Алдарыңдағы бланкіге өз көңіл-күйлеріңді суреттеп салыңдар .
 

«Мен басқаның көзімен»
 

Ортаға бір оқушыдан кезекпен шығып ,қалған қатысушылар ол жайлы қандай ой- пікірде екенін айтады . Оқушы өзін басқаның көзімен қандай адам екенін анықтайды .
 


« Атомдар мен молекулалар »
 

Әр қатысушы- жеке атомдар .Жүргізушінің айтуы бойынша атомдар қозғалысқа түседі , бір-бірімен жеңіл қақтығысқа түседі . Жүргізуші қанша атомның қосындысынан молекула құралатынын айтады , сол кезде сол санға сай бірігіп тұра қалу керек . Молекула құрамына кірмей қалғандар ойыннан шығады .
 



Афирмациялар
 

« Ол жасаған іс менің де қолымнан келеді » ,« Мен жетістіктің адамымын » ,« Менің жағдайым күннен –күнге жақсаруда »
 

« Таңғажайып дорба » ойыны
 

Дорбада бірнеше жеміс , көкөніс бөліктері бар .Бала көзі жабылып , дорбадағы заттың дәмін татып , оның қай жеміс екенін ,дәмі , исі , формасы , түсі жайында ажырата баяндайды .
 

Мен қандай адаммын ?
 

Әр қатысушы өзінің жағымды , жағымсыз қасиеттерін айтады . Сол бойынша қорытынды жүргізіледі .
 

Менің қиыншылықтарым
 

Қатысушылар бастарынан өткен қиыншылықтарды естеріне түсіріп , ортаға салады , өзгелермен ой бөліседі .
 

Есте қалған қызықты оқиға
 

Топ дөңгеленіп отырып , қатысушыларға доп беріледі Допты бір-біріне кезектесіп беріп , есте қалған қызықты оқиғаларды айтады .
 

Ұқсастық шегі
 

Қатысушылар жұптасып отырады . Жұбына қарап , ұқсастықты тауып жазады .Ұқсастығын оқып , ой бөліседі
 



Мен саған сенемін
 



Әуен ойнап тұрады .Жұп құрып , бір- бірінің көздеріне қарап отырады . «Мен саған сенемін ...» өйткені сен жақсы адамсың .
 



« Сиқырлы сөздер » ойыны
 

Мұғалім кез-келген өтінішті айтады , ал оқушы оны әдепті түрде айтуы керек . Мысалы : Айнаш , дәптерді бер . «Айнаш , өтінемін дәптерді берші » Ізеттілік туралы ертегі тыңдау
 

« Ең жақсы » ойыны

Қатысушылар екі топқа бөлінеді . Әр топқа мынадай нұсқау беріледі .Берілген мінездеме қай мамандыққа сай екендігін айту қажет . Ең ақшалы , ең жасыл , ең тәтті , ең күлкілі , ең ұсқынсыз, ең қарым-қатынасы күшті , ең жауапты , ең салмақты
 

«Жағдайлы волейбол» ойыны
 

Мұғалім әділдік пен әділетсіздікті көрсететін жағдайларды айтады , сол арада дұрыс жауапқа бала допты қағып алады , бұрыс жауапқа қағып алмайды
 



« Кездесу » ойыны
 

Жай әуенмен екі шеңбер болып қарама –қарсы айналады , әуен тоқтаған кезде бір-біріне қарап , баланың қасиетін айтады .
 


Ассосация « Жанұя »
 

Психолог допты лақтыру арқылы ата-анаға сұрақ қояды , олар жауап береді .
 


« Сиқырлы жұмыртқа» ойыны

Әр оқушы жұмыртқа бейнесінде берілген формаларға жаңа зат пайда болатындай етіп, аяқтап сурет салады .
 



« Әрқашан күн сөнбесін ! » жаттығуы

Тақтаға бұлт басқан күннің суреті ілінеді . әр бұлтта тапсырмалар берілген . Соларды орындау барысында күннің көзі ашылады .
 

« Өкпені еріту » жаттығуы

Тып- тыныш денеңізді бос ұстап отырыңыз .Өзіңізді қаракөлеңкеде театрда отырмын деп есептеңіз Алдыңыздағы шағын сахнаға ( ең жек көретін , көргіңіз келмейтін ) сіз кешіруге тиісті адамды қойыңыз. Мейлі ол сізді қазір ренжітсін , бұрын ренжітсін ,қазір өмірде бар болсын , әлде өмірден өтіп кетті ме , оған мән бермеңіз .Көз алдыңызға елестеткенде оның жағдайы жақсы , жүзіне күлкі үйірілген жағдайда болуы керек . Оны бақытты деп біліңіз . Бірнеше минут оның жүзін анық көз алдыңызда ұстап тұрыңыз . Сонан соң барып ол бейнемен қоштасыңыз . Сіз кешірген адам кетісімен сіз өзіңізді сахнаға қойыңыз. Өзіңізді де тек жақсы жағдайда елестетіңіз .Бақытты , күлкі үйірілген жүзбен тұрыңыз . Бұл әлемдегі жақсылық барлығыңызға да тең жететінін ұғыңыз .
 


«Тазару» жаттығуы

Терең дем алып , демді барынша қайта шығарыңыз . Денеңізді босатыңыз . Өзіңізге былай деңіз : Мен өмір сүруіме кедергі келтіретін барлық өкпе , реніштен тазарғым келеді . Мен барлық қысымнан осылайша босаймын . Барлық ескі реніш , өкпелерден құтылғым келеді . Мен жанға рахат жайбырақаттылықты сезінемін . Мен өз қалпымдамын . Өз өмірімнің ағынымен барамын Бірақ өкпені ұмыттым , кештім .
 







Жас мамандарға арналған кәсіби бейімделуге көмектесетін тренингтің өткізілуі бойынша анықтама

Мақсаты: жас мамандардың кәсіби сана шеңберін кеңейту, кәсіби іс-әрекеті барсында пайда болатын қиындықтарды шешу дағдыларын дамыту, олардың психикалық қысымдарын төмендету, ішкі психикалық күшті дамыту.

Барлығы алты жас маман қатысты. Алдымен өткізілетін іс-шараның мақсат-міндеттері ескеріліп өткен соң, әрбір қатысушымен амандасу рәсімі өткізілді. Қатысушылар өздері туралы толығырақ айтып кетті, сөйтіп бір-бірімен жақынырақ танысты.

«Ұжымд Сергіту сәтінде
 
оқушылардың көңіл-күйін
 
және есте сақтауын дамытуға
 
арналған психологиялық
 
жаттығулар

1.«Жунглидағы жаңбыр»

Нұсқау; -Бір-біріңіздің соңынан шеңбер жасап тұрыңыздар. Жунглида жүрміз деп елестетіңіздер. Ауа райы өте тамаша, күн жарқырап, ыстық және қапырық болып тұр. Бір уақытта самал жел соқты, (алдыңызда тұрған адамның арқасына жұғысып жеңіл қимылдар жасаңыз).

Жел көтеріліп желкіді ( арқаны қаттырақ басамыз) .

Қатты дауыл соқты (қимылдарыңыз күшейіп шеңбер бойында жүргізіледі)

Ұсақ жаңбыр сіркіреді (серіктесіңіздің арқасын саусағыңызбен басасыз)

Кенет нөсер жауын құйды (алақандарыңызбен жоғарыдан төмен қимылдар жасаңыздар).

Бұршақ жауды (арқаны қаттырақ соғамыз).

Тағы да нөсер жауын жауды.

Ұсақ жаңбыр сіркіреді.

Дауыл соқты.

Жел соқты.

Жел басылып келеді.


2. Жағымды сөздер.
Мақсаты: Өзін-өзі одан әрі ашу, өзін-өзі тану, өзінің және айналасындағылардың психологиялық мінездемесін анықтау және талдау іскерлігін дамыту. Қатысушылар шеңбер бойымен отырады. Жүргізуші жағымды сөздер айта отырып, кез келген біреуге доп лақтырады. Допты алған ойыншы шеңбердегі қатысушылардың кез-келгенін таңдайды да, оған өз жағымды сөзін айтады, ойын жалғаса береді. Жағымды сөздер қысқа бір сөзден тұрса болады.


3. «Сәлемдесу» ойыны:
Қазір біз сендермен ойын ойнаймыз, қимылды тез жасауларың керек. «Бастаймыз» деген белгі берілгенде, мен қалай амандасу керек екенін айтамын, сонда сендер бір-бірлеріңмен тез-тез амандасасыңдар. Әр адаммен әртүрлі амандасасыңдар. Сонымен, көзбен… қолмен… иықпен… құлақпен… тіземен… иекпен… өкшемен… арқамен.



4. «Кім, нені жақсы көреді?» жаттығуы.
Барлығы орындықтарға отырады. Кім, нені жақсы көреді солар орындарынан тұрады. Мысалы: Кім балмұздақты жақсы көреді, сол орнынан тұрсын…Кім өзін батырмын деп есептейді?… Кім сары түсті жақсы көреді?… Кім көп тамақ жегенді жақсы көреді?… Кім айнаға қарағанды жақсы көреді? т.б. сұрақтар қоюға болады.

5. «Сөзден сөзді ізде» ойыны.
Сөз беріледі, сол сөзден басқа сөздер құрастыру керек. Кім көп құрастырса, сол жеңімпаз. Мысалы:

«Трансформатор» «Талдықорған»

форма қорған

матор тал т.б.

6. «Сантики, Фантики, Лимпопо».
Барлығы шеңбер бойымен тұрып, бір баланы таңдайды да бөлменің сыртына шығарады. Шеңбердегі балалардың ішінен бір баланы жүргізуші етіп сайлайды, ол шенбердегі балаларға қозғалыстарды көрсетіп тұрады. Барлық ойыншылар жүргізушінің артынан көрсеткен қимылдарды қайталау керек. Қимылдарды қайталаған кезде жүргізушіге қарамай, білтіртпей жасау керек. Шеңбердегі балалар шапалақ ұрып, «САНТИКИ, ФАНТИКИ, ЛИМПОПО» деп айтып ойынды бастайды. Бөлме сыртында тұрған бала ойыншылардың дауыстарын естіп, бөлмеге кіреді де шеңбердің ортасына тұрып, кім жүргізуші екенін табу керек. Егер жүргізушіні тапса, жүргізуші есіктің сыртына шығады. Ойын сол ретімен жалғасып отырады.
 

7. «Қолдағы хат».
Әрқайсысы өзіне серігін таңдап, қарама-қарсы тұра қалады. Бойы ұзындау бала, көзін жұмып тұру керек. Егер бойлары бірдей болса, кімнің жасы үлкен (туған күні 1-2 айға ертерек) бала көзін жұмады. Көзін жұмып тұрған бала қолын алға созып тұрады. Көзі ашық бала соның алақанына хат жаза бастайды, жеке тұрған баспа әріптерді. «Соқыр» ойыншы сол әріптерді табуға тырысып, не оқығанын айтып беру керек. Бір әріпті жазғаннан кейін клесіні жазар алдында бұрын жазылған әріпті өшіріп тастап отыру керек.

8. «Көңіл-күй неге ұқсас».
Ойыншылар олардың бүгінгі көңіл-күйлері неге (қай жыл мезгіліне, ауа райына, табиғаттың құбылысына) ұқсас екенін айтып береді. Ойынды үлкен дер бастаса жақсы болар еді: «Менің қазіргі көңіл-күйім көгілдір аспандағы жылы, жұмсақ күннің көзіне ұқсайды, ал сенің ше?». Жаттығу шеңбер бойымен жалғаса береді. Ойынның сонында жауаптар қорытындыланады, бүгінгі шеңберіміздегі балалардың көңіл-күйі қандай екен: қайғылы, көңілді, күлкілі, ызаланған т.б.Жауаптардың қорытындысын шығарған кезде, жаман ауа райы, суық, жанбыр, түнерген аспан сияқты элементтер агрессивті, қобалжу күйлердің көрсеткіштеріне назар аударыңыз.

9. «Тасбақалардың жүгірісі».
Бұл жүгірудің еркекшелігі, мәреге ең соңғы келген ойыншы жеңеді. Ойыншылар бөлменің бір жағына қатарлап тұрады, содан соң қарама-қарсы жаққа «жүгіреді». Бір орында тұруға болмайды. Барлығы қимыл-қозғалыста болуы қажет. Қимылдары баяу болады. Ең соңғы мәреге жеткен «тасбақа» жеңіске ие болады.

10. «Көкөністер арқылы ұрысамыз»

Бұл ойында балалар ұрысқан кезде бір-біріне жаман сөздердің орнына көкөністердің атаулары арқылы ұрысады.

11. «Тыныштықты жақсы көретін патша» Патша шуды жек көреді, сондықтан ханзаданың көңіл-күйін бұзбау үшін барлығымыз шуламай тыныш қозғаламыз. Патша аяқтың ұшымен жүреді, оның жүрісі жеңіл, баяу. Бұл ролді бір бала атқарады.

Жүргізуші келесі сөзді айтады: «Барлық балалар, патшадан басқа бөлменің әр жеріне тұра қалады. Патша саусағын ауызына тигізіп, «Ш-ш-ш, ханзада келе жатыр!» деп, бөлмені аралай бастайды. Барлығы «қатып» қалу керек, ал патша әрқайсысын айналып шығады. Кез келген баланың қасына келіп, саусағын баланың мұрнына тигізеді. Сол бала аяқтың ұшымен патшаның артынан жүре бастайды. Келесі балаға жақындаған патша саусағын баланың мұрнына тигізеді, ол бірінші баланың соңына тұрып, аяқтың ұшымен патшаның артынан жүре бастайды. Сол тәртіппен ойын жалғаса береді. Барлық балалар патшаның артына жиналғаннан кейін, патша кез келген артындағы балаға қарап, «Ш-ш-ш» дейді, сонда сол бала өз орнына тыныш, аяқ ұшымен оралады. Барлығы орнына тұрғаннан кейін ойын аяқталады.
 
ық сурет» атты суретті жаттығу өткізіліп, оң және сол жарты шарлар басымдылығын анықтауға арналған қысқаша тест, сонымен қатар оптимистік бағдарды анықтауға арналған сауалнама алынды.

Жаттығудан кейін қатысушылардың көңіл-күйлері көтеріліп, дем алып, рухани толысты.

--------------------------------------------------------------------------------------

Тақырыбы: Таңғажайып көбелектің түсі.
Сабақтың әдіс-тәсілі: ертегітерапия, арт-терап, құмтерапиясы.
Мақсаты: Балалардың шығармашылық әлеуетін дамыта отырып, психоэмоционалдық жағдайды жайландыру. Ішкі күйзелісті түсіру,релаксация. Қолдарының ұсақ моторикасын дамыту. Өзіне деген позитивтік көзқарасты қалыптастыру.

Сабақтың барысы
Міне сендерді өзімнің сабағымда көріп тұрғаныма қуаныштымын.

Балалар оң қолдарымен жүректеріңді ұстаңдаршы. Естіп тұрсыңдар ма? Тук- тук дейді. Енді осы кішккене жүрегімізде кішкентай ғана мейірім шуағы бар деп сезінейік. Сол шуақпен бір- бірімізді жылытайық. Бір –бірінің қолдарын ұстасады. Міне кішкене күн шуағы үлкен күнге айналды. Осы күннің жылуын таңғажайып әлеміндегі тұрғындарға апарып көмектесейік. Ал ол үшін біз ештеңеден қорықпайтын күшті де епті батыл болымыз керек.Балалар , мен сіздерді бүгін сиқырлы орманға, саяхатқа шақырамын қараңдаршы, айнала қандай әдемі.

Ойын: Жаңбыр (интерактивті тақтамен)
 

Психолог: Балалар сендер шыныққан сайын таңғажайып әлеміне жан біте бастады.
1. Жылы жаңбыр да жауды (екі қол артта, кезек-кезек алдыға созу).
2. Жаңбырдан соң әдемі кемпірқосақ та көрінеді (екі қолды қанатша екі жақта ұстап, иіліп бір қолды бір қолға жеткізу).
3. Жылы жаңбырға жуынып, өсімдіктер де жапырақтарын күнге жая бастады. (Аяқты артқа созып қолды жоғары көтеріп, денені жоғары созу).
4. Ал құстар қанаттарын қағып, ұшуға дайындалып жатыр. (Қолды қанатша қағып, отырып-тұру).
5. Жан- жануарлар да ояна бастады. (Жерге тіземен тұрып аяқтарын созу).
6. Көбелектер де ұшуға дайындалып жатыр. (Лотос қимылы)

Мына әдемі көбелек біздерді қайда шақырып тұр ? кәне артынан барайықшы

Құм салынған үстелге жақындайды.

-Құм терерапия жаттығуы.

-Қолды құмға салу.

-Саусақтарының арасынан құмды уқалау.

-Қолды құмға жасыру.

-Құмды себелеп құю.

Балалар, енді кілемге жайғасып отырайық, ертегі тыңдайық «Ғажайып көбелектің түсі » ертегіні айтады, Бір таңғажайып елде, үлкен гүл алаңында түстер көбелектері өмір сүреді. Күндіз олар ұйықтап жатады, ал түн болғанда оянып, жан-жаққа ұшады. Әр көбелек өз адамына, үлкенге де кішіге де ұшып барады. Түстер көбелегінің қанаттары ғажайып. Оның қанатынан гүлдің, жаңбырдың иісі шығып тұрады. Көбелек қанатымен қағып қалса, сол адамға жақсы түс кіреді, ал қара көбелек қанатымен қақса қорқынышты түстер кіреді. Өз түстеріңді естеріне түсіріңдерші, сіздер қандай түстер көресіңдер? Қорқынышты түстер көресіңдер ме?

Психолог: Балаларға қорқынышты түстер көрсететін көбелектердің көрсетіп оларды жыртып тастауға ұсынады. Балалар қара көбелектерді жыртады.

Психолог : Міне ,біз енді ондай түстерден қорықпайтын боламыз. Балалар біз мына көбелектерге қандай түс көргілерің келеді? Соның суретін салып бояйық. Балалар сурет салады.

Тренинг: қорқыныш
Орманда қараңғы, түрлі дыбыстар шығады. Ол не екен? Қорқып кеттік.Балалар, қорыққанда не істейміз? Тұрып қаламыз. (Мимикамен көрсетеді) көзін жұмады. Ой, қорқынышты болып кетті, бұл қорқынышты жануар шығар, бір дауыс естіледі. (Мәу) Көзімізді ашып қарайық. Ол кішкентай мысық екен. Оны қолымызға алайық, жылытайық, сипайық. Міне, мысықпен дос боламыз, енді қорықпаймыз.





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!