400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ұйғырлар мен дүнгендердің Жетісу жеріне қоныс аударуы 8 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұйғырлар мен дүнгендердің Жетісу жеріне қоныс аударуы атты тақырып Қазақстан тарихы пәнінің оқытушыларына және студенттерге керек.
Материалдың қысқаша нұсқасы

№276 орта мектеп

Күні:

Мұғалім: Жамет Алдияр

Сыныбы: 8

Оқушы саны:

Пәні: Қазақстан тарихы

Тақырыбы

Ұйғырлар мен дүнгендердің Жетісу жеріне қоныс аударуы

Сабаққа негізделген оқу мақсаты:

Оқушыларды ұйғырлар мен дүнгендердің Қазақстан аумағына қоныс аудару тарихымен таныстырып, қоныс аударудың себептері олардың шаруашылық өміріндегі өзгерістер мен тұрмыс жағдайы түсіндіру.

Сабақ мақсаттары:


Барлық оқушылар: Ұйғырлар мен дүнгендердің Қазақстан аумағына қоныс аудару тарихы туралы біледі

Оқушылардың басым бөлігі: Ұйғырлар мен дүнгендердің негізгі айналысқан кәсіпшіліктерін және мәдениетін айта алады

Кейбір оқушылар: Ұйғырлар мен дүнгендердің Қазақстан аумағына қоныс аударуының себеп салдарын ажыратады

Тілдік мақсат

Дүнгендер, ұйғырлар

Көрнекілігі

Карта , суреттер,слайдтар

Алдыңғы оқу

Қазақ - қытай сауда қатынастары


Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығулар

Ресурстар

Басталуы

Кіріспе


1.Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу.

2.Топқа біріктіру

3.Үй тапсырмасы

«Ғажайып жетілік» ойыны

1.1851 жылға дейін Ресей мен Цинь империясы арасындағы сауда-экономикалық байланыс қай қала арқылы жүзеге асырылды.

  • Кяхта қаласы

2.Құлжа келісіміне қай жылы қой қойылды?

  • 1851 жылы шілде айының 25- інде

3. Құлжа шартына сай Қытаймен ертеден керуен саудасын дамытуда белгілі орталықтар?

  • Троицк, Орынбор, Семей, Өскемен

4. 1855 жыл Шәушекте орын алған оқиға?

  • Орыс көпестеріне жергілікті тұрғындарының шабуылы.

5. Петербург келісіміне қай жылы қол қойылды?

* 1881 жылы ақпан айында.

6. 1894 жылыдың басты оқиғаларының бірі?

  • «Сібір теміржолының іске қосылуы»

7. Қазақ саудагерлерінің Қытайға шығаратын басты тауар түрі?

  • Ірі қара (мал)

4.Ой қозғау

Дүнгендер,Ұйғырлар деген кімдер?

Дүнгендер – ислам дінін ұстанатын қытай тілдес халық

Ұйғырлар –Қытайдың батысын, Қазақстан мен Орта Азия аймағын мекендейтін түркі тілдес отырықшы халық. Маньчурлар оларды «тараншы» деп атаған, ол жер жыртушығ диқан деген мағынаны береді

Қоныс аударушылардың І толқыны-желтоқсан, 1877 ж., 4 мың адам; ІІ толқыны-қоныс аудару 1881 жылы күзде басталып, 1884 жылға дейн созылды








Интерактивті тақтада

Сұрақ - жауап





















Интербелсенді тақтада



Ортасы

Негізгі бөлім







































1.«Ойлан, жұптас,бөліс» арқылы бүгінгі тақырып бойынша 3 топқа мәтін бөліп беру және қорғау

І топ – Қоныс аударудың себептері мен барысы (постер арқылы қорғау)

ІІ топ – Ұйғырлардың шаруашылығы мен дүнгендердің кәсіпшілігі

(постер арқылы қорғау)

ІІІ топ – Ұйғырлармен дүнгендердің мәдениеті

(постер арқылы қорғау)

2. Жұптық жұмыс

  1. Жылдар сөйлейді

  • 1862-1877 жж

  • 1881-1844 жж

  • 1897 ж

  • 1905 ж

3. Жеке жұмыс

Кестені толтыр

Халықтар

Қоныс аударып келген жері

Тілі

Діні

Халқы

саны











4. Кім жылдам (Әр топтан  1 оқушы ортаға шығып сұрақтарға жауап береді)


1. Қазақстан тарихындағы белгілі оқиғалардың бірі? Ұыйғырлар мен дүнгендерің Жетісу өлкесіне қоныс аударуы.

2. Алғашында қоныс аударушылардың орналасқан аумағы? Жетісу өлкесі мен Солтүстік Қырғызстан

3.Алғашқы уақытта қоныс аударған ұйғырлардың саны қанша? 45 мың

4.Жетісудың қосымша күшті талап ететін қолмен суландырылатын жерлері кімдерге берілді? Ұйғырлар мен дүнгендерге

5.Ұлыбританиядан Вали Ахун Юлдашев өзінің қаражатына не алдырды? Кеме

6. Тараншы қандай мағына білдіреді? Жер жыртушы, диқан

7.Жетісуда алғаш күрішті еккен кімдер? Дүнген

8. 1905 жылы Қазан қаласында басылып шыққан Мусса бен Айса Сайрамидың еңбегі? «Он екі мұқам»

Маркер, плакат

Басбармақ әдісі














Кеспе қағаздар таратылады















Интербелсенді тақтада



Аяқталуы

Үйге: §46

Хронологиялық кесте жасау

8 сынып оқулығы


Қорытынды 26 жылдың ішінде тәуелсіз ел құрдық. Қазақстанымызды бүкіл дүние жүзіне әйгілі халық, әйгілі мемлекет жасадық. Экономикамыз көтерілді. Халықтың әл-ауқаты жақсарды. «Шығыстың барыстары» деп жүретін мемлекеттердің қатарына қосылды. Елдегі татулықтың берік тірегіне айналған мызғымас институт Қазақстан Халқы Ассамблеясы табысты жұмыс істеп келеді. Тілі басқа болса да тілегі, жүзі басқа болса да жүрегі бір жүз отыздан аса ұлт пен ұлыс үшін бір ғана мүдде –достық болса, олардың ортақ арманын бір ғана Отан орындайды. Ол Қазақстан

1995 жылдың 18 қазанында Қазақстан президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтің жарлығы бойынша 1 мамыр - Қазақстан халқының бірлігі күні деп жарияланды.

Қазақстан - көпұлтты мемлекет. ҚР -ң конституциясы 14 бап 2 тармағы

“ Тегіне, әлеуметтік , лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына нәсіліне, ұлтына,

тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне байланысты ешкімді

ешқандай кемсітуге болмайды.”

Саралау

Бағалау

Пән аралық байланыс

Дарынды балдарды анықтау мақсатында «жеке жұмыс» берілді

Басбармақ әдісі

Өзін-өзі бағалау парағы

Тарих, этносаралық қатынас, география

Кері байланыс

Бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма?
- Сабақ сендерге несімен ұнады?
- Бүгінгі сабақ тақырыбы қандай болды?
- Сабақта біз не үйреніп, не білдік?
- Алған ақпараттарыңды кімдермен бөлісесіңдер?











Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
7 қараша
915
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі