жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Үйірме Дәстүрлі ән
Ғ№39 инновациялық үлгідегі гимназия сыныптары бар жалпы орта білім беру мектебі
BANI ӘЛЕМІНДЕГІ ДӘСТҮРЛІ ӘНДЕР
(5-6 сынып)
Павлодар, 2023 жыл
Акпарова А
BANI әлеміндегі дәстүрлі әндер, білім беру ұйымдарының музыка мамандарына арналған үйірме жұмысы бағдарламасы.
Павлодар, 2023ж
Бүгінгі күні елімізде ұлттық құндылықтар, оның ішінде дәстүрлі әндерді білім алушыларға үйретудің біртұтас жүйесін жасау қажеттілігі туындап отыр. Ұсынылып отырған үйірме жұмысының бағдарламасында дәстүрлі әндерді заманауи нақышта ұйымдастырудың бағыт-бағдары, сонымен бірге ұзақ мерзімді жоспар, қысқа мерзімді жоспар қоса беріліп отыр.
Дәстүрлі әндердің қайнар бұлағынан нәр алып, сусындаған әрбір жас болашақта өз Отанының жанашыр азаматы, елін, жерін қорғайтын ері болып өсері сөзсіз.
Бұл бағдарлама ұстаздар қауымына арналады.
Мазмұны:
Алғы сөз..............................................................................
BANI әлеміндегі дәстүрлі әндер бағдарламасы....................
Бағдарламаның мақсаты мен міндеті...............................
Оқушылармен жүргізілетін жұмыс жоспары..................
Тақырыптық қысқа мерзімді жоспар................................
Пайдаланылған әдебиеттер..............................................
Алғы сөз
Қазақ халқының дәстүрлі мұрасы өте бай. Ол нотаға түсіру сауаты болмағандықтан ғасырлар бойы ел аузында , біреуден біреу үйрену арқылы рухани қазынаға айналып, ұмытылмай келді.Халық арасынан шыққан дарынды әншілер керемет туындылар шығарып тамаша шығармаларды халық арасына таратуда зор еңбек сіңірді. Дарынды адамдар арқылы ұрпақтан ұрпаққа жетіп отырған әндердің мазмұны арқылы халқымыздың табиғи өсу, әдет-ғұрып, тұрмыс-салт, мәдени өрлеу, тарихи даму кезеңдерімен танысамыз.
Бұл әншілік өнер әр өңірдегі өзіне тән әншілік мәнеріне, табиғат-танымына, ойын-сауық үрдістері мен тұрмыс-салт ғұрыптарына байланысты алуан түрлі. Ал халық әндері бізге Күләш, Манарбек, Құрманбек, Әміре, Жүсіпбек, Кенен сияқты әншілер арқылы жетті.
Өнер – халық тарихының шежіресі. Өнерде өмір,тіршілік құбылыстары, адамның қуанышы мен қайғысы бейнеленеді. Қазақ музыка өнерінің халықпен бірге жасасып, тарихи әлеуметтік өмірі мен толғаныс тебіреністері үздіксіз баян етіп келе жатқан саласы ән мен күйі. Халық дүниеге келген сәби қуанышынан бастап, адамзат тіршілігіндегі оқиғаларды, алуан түрлі ойларды ән әуенімен жеткізе білген өмірдің бүкіл тауқыметін, ауыртпашылығын көтере жүріп бесік тербеткен аналар да жанына әнді серік еткен. Қазақтың тойы, ойын – сауығы ән-күй аясында өткен. Қазақтың қасиетті домбырасымен ән өнерімен зор үлес қосқан әнші – композиторларымыз Біржан салды, Мұхитты, Ақан серіні, Жаяу Мұсаны, Абайды, Үкілі Ыбырайды, Әсетті, Естайды, Ғазизды, Шәкәрімді, Мәдиді, Нартайды, Майраны ерекше атауға болады. Дәстүрлі ән өнерінде ұлттық болмыс көрініс тапқан. Қазақ халқының рухани жан-дүниесі ән өнері арқылы шебер бейнеленген.
Мектеп оқушыларына музыка пәні сабағында дәстүрлі әндерді үйрету – үлкен ізденіс пен жауапкершілікті талап етеді. Дәстүрлі әншілер туралы мәліметтер жинақталып, дәстүрлі әннің шығу тарихына көз жүгіртіп жан-жақты зерттеу жұмыстары жасалады. Әннің орындалу әдісін ең алдымен дәстүрлі әншінің орындауында, одан соң мұғалімнің орындауында тыңдату – оқушы бойына шабыт беріп, кеңге қанат жоюына зор әсерін тигізеді. Сонымен қатар әр жердің, яғни әр аймақтың орындаушының дәстүріне көп көңіл бөлу қажет. Ән мақамындағы өзгешілікті түсіндіру арқылы оқушылардың талғам – танымын қалыптастырамыз.
«BANI әлеміндегі дәстүрлі әндер» бағдарламасының мақсаты мен міндеттері
Мақсаты: Оқушыға музыкалық білім беріп, оның эстетикалық талғамын жан-жақты тәрбиелеу, музыка мәдениетімен таныстырып, болашақ кәсіби өнер жолына баулу. Музыкалық сауатын кеңейтіп, теориялық білімі мен халық музыкасына және дәстүрлі әндеріне деген сүйіспеншілігін оятып жалпы әнді естіп ойлау қабілеттерін дамыту.
Міндеті: Оқушының
-
дербес,
-
инабатты
-
шығармашыл тұлға болу
-
ұлттық құндылықтарды құрметтеу
Күтілетін нәтиже:
Ұлттық құндылықты бағалай білетін, шығармашыл дара тұлға, жауапкершілігі мол азамат, салауатты да салиқалы тұлға қалыптасады.
«BANI әлеміндегі дәстүрлі әндер» бағдарламасының жылдық жұмыс жоспары
|
Р/с |
Сабақ тақырыбы |
Сағат саны |
Мерзімі |
Жауапты
|
|
1 |
Майра Уәлиқызы «Майра» әні |
1 |
- |
А.Акпарова |
|
2 |
Халық әні «Гүлдерайым» |
1 |
- |
А.Акпарова |
|
3 |
«Гауһартас» |
1 |
- |
А.Акпарова |
|
4 |
«Қарқаралы» |
1 |
- |
А.Акпарова |
|
5 |
«Илигай» |
1 |
- |
А.Акпарова |
|
6 |
«Сусамыр» |
1 |
- |
А.Акпарова |
|
7 |
«Дайдидау» |
1 |
- |
А.Акпарова |
|
8 |
«Айжан-ай» |
1 |
- |
А.Акпарова |
|
9 |
«Ақкербез» |
1 |
- |
А.Акпарова |
|
10 |
«Ахау,Семей» |
1 |
- |
А.Акпарова |
|
11 |
«Япырай» |
1 |
- |
А.Акпарова |
|
12 |
«Шынар-ай» |
1 |
- |
А.Акпарова |
|
13 |
«Дедім-ау» |
1 |
- |
А.Акпарова |
|
14 |
«Қамажай» |
1 |
- |
А.Акпарова |
|
15 |
«Көкем-ай» |
1 |
- |
А.Акпарова |
|
16 |
«Құдаша» |
1 |
- |
А.Акпарова |
|
17 |
«Ғайни» |
1 |
- |
А.Акпарова |
|
18 |
«Ыңғай-ау» |
1 |
- |
А.Акпарова |
|
Сыныбы: |
Күні: |
|||
|
Тақырыбы |
Майра Уәлиқызының «Майра» әнін |
|||
|
Мақсаты |
Білім алушыларға дәстүрлі әнді заманауи нақышта үйрету |
|||
|
Күтілетін нәтижелер |
Рухы биік, сөз қадірін түсінетін тұлға қалыптасады |
|||
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы: docx 05.04.2024 515
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз, шағым қалдыра аласыз Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз! ![]() Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз! ![]() Министірлікпен келісілген курс саны 12 | ||||



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген