Материалдар / Үйірме жоспары. Сиқырлы қылқалам
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Үйірме жоспары. Сиқырлы қылқалам

Материал туралы қысқаша түсінік
бастауыш класс мұғалімдеріне арналған үйірме жоспары. Көмекші құралы
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
01 Қараша 2018
30504
545 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Батыс Қазақстан облыстық білім басқармасыныңмектепке дейінгі, жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының облыстық оқу-әдістемелік кабинеті











«Сиқырлы қылқалам»үйірме жұмысының бағдарламасы(2-4 сыныптарға арналған)

























































Орал, 2017

Батыс Қазақстан облыстық білім басқармасының мектепке дейінгі, жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің сараптама кеңесінде қаралып, облыс педагогтарына таратуға ұсынылды. Хаттама № 4 8.12.2017 жыл























Құрастырған: Л.Ш.Тулепкалиева, Зеленов ауданы Новенький ЖОББМ бастауыш сынып мұғалімі

Рецензенттер:Ж.К.Мухангалиева, М.Өтемісов атындағы БҚМУ аға оқытушысы, Б.Ж.Есенгалиева, Зеленов аудандық білім беру бөлімінің әдіскері

































Бағдарлама оқушыларға халықтың тұрмыс-тіршілігімен танысуға, қолданылған әдістерді оқып-үйренуге, құрбыларының алдында өзінің шығармашылық жұмысын көрсете алып, өзіндік идеяның маңыздылығын түсініп, өзгеге және өзіне баға бере алуына мүмкіндік береді.

Мазмұны

І. Түсінік хат ....................................................................................ІІ. Негізгі бөлім
  • Бағдарламаның басты мақсаты ..........................................
  • 2-класқа арналаған күнтізбелік-тақырыптық жоспар
  • 3-класқа арналаған күнтізбелік-тақырыптық жоспар
  • 4-класқа арналаған күнтізбелік-тақырыптық жоспар
ІІІ. Қорытынды ................................................................................Қосымша материалдар ...................................................................Қолданылған әдебиеттер ...............................................................















































































































Түсінік хатҚазақстан Республикасы мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының негізгі ережелеріне сәйкес еліміздің жалпы білім беретін мектептерінің бастауыш сатысында таңдау курстары енгізілді. Жалпы білім беретін оқу орнының бастауыш сатысында «Бейелеу өнері» пәні оқытылады. Осыған орай үйірме жұмысы оқушылардың қызығушылығы мен шығармашылық деңгейін қалыптастыру үшін жас ерекшеліктерін ескере отырып жүзеге асыруға беріледі.Бағдарламаның бағытталуы «Сиқырлы қылқалам» көркем-эстетикалық бағыттағы үйірме жұмысы ұзақ мерзімде жүргізілетін бағдарлама болып есептеледі. Бастауыш буынның 2-4 сынып оқушыларына арналаған. Аптасына 1 сағаттан, жылына 34 сағатты құрайтын бағдарламада оқушылар бейнелеу өнері туралы терең білім ала отырып, іс жүзінде қолдана алуды меңгереді. Бағдарлама 1-4 сынып оқушыларына арналаған оқулықтарын, әдістемелік құралдарын негізге ала отырып дайындалды.Сонымен қатар бағдарламада пішіндердің салыну заңдылықтары, түстермен жұмыстану, қылқаламмен және бейнелеу өнерінде қолданылатын басқа да құралдарымен жұмыс жасау, бояу түрлерін меңгере отырып, қолдану тәсілдерін оқып, үйренетін болады. Еліміздің танымал суретшілерінің жұмыстарымен танысып, суреттер бойынша талдау жүргізіп сақталған заңдылықтарды ескеруді меңгереді.Бағдарламаның маңыздылығы берілген тақрырыптардың өмірмен байланысты болып келуінде. Қазіргі таңдағы тұлғаның шығармашылықпен жұмыстанып, сыни көзқараспен өз ойын тереңнен жеткізе алатындай болуы қажет екенін білеміз. Міне, осыны ескере отырып, мен өз бағдарламамда жаңа үлгідегі талаптармен жұмыстануды қажет ететін тұлғаға бағытталған жұмыс түрін ұсынғым келеді. Қоршаған ортаның әсемдігін түсініп, көріп, мәдени көз-қарас қалыптасып, көркемдік-эстетикалық талғамын дамытып, еңбекқорлық және шығармашылық белсенділігін арттырып, мақсатқа жетуде табандылық, көмек көрсету, сонымен қатар, тұлғаның өзін-өзі дамытуға арналаған тақырыптар бойынша жұмыстануға бағытталған іс-әрекеттер жиынтығынан құралады.Бағдарлама оқушыларға халықтың тұрмыс-тіршілігімен танысуға, қолданылған әдістерді оқып-үйренуге, құрбыларының алдында өзінің шығармашылық жұмысын көрсете алып, өзіндік идеяның маңыздылығын түсініп, өзгеге және өзіне баға бере алуына мүмкіндік береді. Оқушының абстрактілі, логикалық және эмоцианалды ойлау, көңіл бөлу, бағалау және елестету қабілеттері дұрыс бағытта дамыған жағдайда тәрбие процесінің оң нәтижесін көруге болады. Осы орайда бағдарлама тақырыптарымен жүргізілетін жұмыстар маңыздылығы ескерілді.«Сиқырлы қылқалам» үйірме жұмысы математика, дүниетану, әдебиеттік оқу пәндерімен байланыстыра отырып оқытылады.Бағдарламаның басты мақсаты: Бейнелеу өнері пәні бойынша оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру, теориялық және тәжірибелік іскерліктерін шыңдау. Оқушыға әр нәрсенің құрылысын айқындап, бейнелеу, заттың көлемі, пішінін дәл беруге оқыту және әдіс-тәсілдерін игерту, көркемдік білім беру, бейнелеу сауаттылығын арттыру.Мақсатқа жету үшін төмендегідей міндеттер алға қойылады:
  • Қызығушылығын ояту, құралдармен жұмыс жасау, бейнелеу өнерінің түрлерімен танысу, алған білім-білік дағдыларын бекіту және қолдану аясының кеңдігін көрсету;
  • Көркемдік-шығармашылық – сыни ойларын іске асыруда шығармашылықпен ойластыру және елестету, түстерді қолдану, оқушылар үшін қолжетімді техникалармен сурет салу тиімділігін анықтау
  • Еңбексүйгіштікке, ұқыптылыққа, тазалыққа, әсемдікке сүйсіне білуге, талғампаздыққа тәрбиелеу
Бағдарламаны оқытудағы күтілетін нәтиже:Бейнелеу өнерінің барлық әдіс-тәсілдерін танып білген тұлға өз жұмысының жетістігін көріп, оны критерилер арқылы бағалай алатындығында. Олар керемет суретші болып, кереметтей сурет салмаса да еңбекқорлығымен қажетті жетістікке жетуде жұмыстанатындығында.Әр түрлі дәстүрлі емес техникаларды меңгере отырып, бейнелеу өнерінің адам өміріндегі орнын анықтай алуы.



























































































2-сыныпқа арналаған күнтізбелік-тақырыптық жоспарБұл жастағы балаларға бейнелеу өнерінің бастапқы этаптары ғана меңгеруге беріледі. 7 жастағы балалар түстерді танып, олардың қолдану кеңістігін білуді үйренедіСаусақтарының жетіліп жұмыстануына бағытталған сызықтар, нүкте, дақтар секілді жұмыс түрлері ұсынылады. Тақырыптарға сай оқушылырға түсінікті тілмен бейнелеу өнерінің тарихы түсіндіріледі. Сондай-ақ еліміздің суретшілерімен танысып, өздерінің де жұмыстарының жетістігінен көрме ұйымдастырып бір-біріне баға беруіне мүмкіндік береді.Әр сабақтың соңында оқушылардың жеткен жетістіктерін анықтап кері байланыс беріліп отырылады. Бағдарлама бөлімінде.
ТақырыбыСағат саны
1.Бояулар, түстер әлемі30
2.Көрме, экскурсия, табиғат аясында сурет салуБайқаулар, фестивальдар4


Қорытынды 34


2- сынып оқушыларына арналаған тақырыптық жоспарТеориялық бөлімінде.
  • Әр түрлі бейнелеу өнеріне қажетті материалдармен танысу, олармен жұмыс жасайды.
  • Түстану. Негізгі түстер. Түстерді араластыру. Салқын және жылы түстер.
  • Бейнелеу өнерінің көркемдік сөздерімен танысу: дақ, сызықтар, бояуларды жағу т.б.


Бағдарлама соңында күтілетін нәтиже:Білуі қажет:
  • Негізгі және құрамды түстердің атын білу;
  • Термин сөздердің мағынасын білу: палитра, композиция, суретші, сызықтар, оюлар; тепе-теңдік, теңсіздік, сұлба, дақтар;
  • Құралдардың аты мен қолданылуын білу.
Жасай білу керек:
  • Палитрамен, қарындашпен, қылқаламмен жұмыс жасай білу;
  • Сурет салу бетін түгелдей пайдаланып және заттарды үлкейтіп салуды;
  • Суретке қажетті түстерді танып, анықтап бояуды;
  • Негізгі түстерді араластырып, қандай түстер шығатынын біледі;
  • Табиғаттағы заттардың пішінін анықтап сала алады;
  • Материалдарды орнымен қолдануды.
















Тақырыптық-күнтізбелік жоспар 2 сынып


ТақырыбыСағат саныМерзімі
1«Қылқалам патшайымымен танысу». Ойын-сабақ Қауіпсіз жұмысты меңгерту.

1


2

3
«Бояулар құпиясы» Акварель бояуының сырын ашу Негізгі түстер. Бояуларды араластыру. Кемпірқосақ суретін салу.

2


4«Дақтар да сыр шертеді». Акварель, бояуымен дақтар түсіру немесе шашыратып салу арқылы. Жай қимыл жасау. Шашыратып дақтарды салу арқылы «Ағаш» суретін салу

1


5.«Дақтармен сурет саламыз». Қара түспен тамызып дақ түсіру арқылы жануарлар суретін салу.

1


6.«Күз». Жылы түстерді араластыру. Акварель бояумен ашық түстен қою түстерге ауысу үшін қылқаламмен жұмыс жасау техникасы.

1


7.«Ағаш келбеті». Берілген суреттердің пішінін көре отырып, сұлбасының ұқсастығын келтіріп салу

1


8. «Мұңайған жаңбыр тамшысы». Жаңбыр келбетін берілген бояу түстермен үйлестіріп салу.

1


9.«Жапырақтарды бастырмалау». Мақтаға жағылған бояу түстері арқылы жапырақтың бейнесін бастырмалау арқылы шығару

1


10.Саяхатқа шығу «Сәлем, менің әлемім1

11.«Әсемдікті көре білу қажет». Табиғат аясындағы әсемдікті көре отырып, пленэрді қолданып суреттер салу. Пейзаж. Гуашь бояуын қолдану.

1


12. «Қар бүршігі өрнегі». Ырғақ. Шеңбердегі ою. Гуашь. Қолданылуы: ақ түспен араластырып салу

1


13.Ағашты мақта түйіншектерімен салу. Бейнелеу өнеріне қажетті құралдарды қолдана отырып, өз ойларынан суреттер салу.

1


14.«Қысқы орман». Гуаштың санаулы түстерін ғана пайдаланып, қаһарлы қыс бейнесін келтіру

1


15. «Ақшақар портреті». Адам бет келбетінің тепе-теңдігі. Салқын түстер. Ойын-сабақ: телефонмен сөйлесу.

1


16.«Аяз ата келе жатыр». Адам бейнесін киім кигізу арқылы салу. Жылы және салқын түстердің үйлесімі. Ойын-сабақ: телефонмен сөйлесу

1


1718«Қыстап қалатын құс бейнесі». Салқын түстер Гуашь. Оюлы композиция.

2


19-20.«Қысқы құстардың ұясы». Геометриялық дақтар ырғағы. Қолданылуы: ұя салу кезінде ирек сызықтарды қолдану.

2


21. «Әсем шырша». Өткен мейрамнан қалған әсерлері. Шығармашылық жұмыс. Қолданылуы: кез-келген материалды қолдана отырып салуға мүмкіндік болады

1


22.«Қар астында нелер бар». Ой-қиялдарын дамытуға арналған ойын-сабақ. Салқын және жылы түстер. Гуашь, акварель (өз таңдаулары бойынша).

1


23. «Әдемі балықтар». Гуашь. Қолданылуыирек сызық. Алған білімдерін тиянақтауқылқалам түрлері. Үлестірмелі және табиғи материалдарды пайдаланып жұмыстану.

1


24-25.«Біз цирктеміз». Геометриялық дақтар ырғағы. Гуашь. Негізгі түстер. Сурет саламыз және ойнаймыз.

2


26.«Көктемнің сиқырлы құстары». Жылы палитра. Гуашь. Дақ, сызық, нүкте.1

27.«Менің анам». Шығармашылық жұмыс. Балалар шығармашылығымен таныстыра отырып, жұмыстану, талдау, баға беру.

1


2829.«Гүлдер және шөптер». Бейнелеу өнерінің құралдары: фломастер, бор. Дақтар мен сызықтар ырғағы. Ойын «Біз-сиқыршымыз».

2


30-31.«Гүлдер және көбелектер». Сәндік бейнелеу. Шеңбердегі композиция. Гуашь. 2

32-33.«Кілемшені безендіру үшін гүлдер, көбелектер оюын салу». Табиғи пішіндерді пайдалануда сәндік түсінікті «стил» ұғымымен байланыстыру.

2


34.Қорытынды сабақ: жұмыстар көрмесі, үйірме белсенділерін мадақтау1



Барлық сағат саны:34



















































3-сыныпқа арналған күнтізбелік-тақырыптық жоспарБейнелеу өнерін-баланың көңіл-күйін, шығармашылығын, ой-қиялының ұшқырлығын бағалай алуға мүмкіндік беретін бірден-бір пән ретінде де қарастыруға болады. Әлемнің үздік шығармаларымен таныса отырып, өздері бұрын соңды қолданып көрмеген материалдармен жұмыс жасап, тәжірибеде қолдана алады. Өз ойларын шыңдауға, сыни ойлауға мүмкіндік беретін еркін тақырыптар төңірегінде жұмыстанады.Бағдарлама бөлімінде
ТақырыпСағат саны
1.Бейнелеу өнері сауаттылығы17
2.Графика.9
3.Экскурсия, көрмелер, байқаулар, фестивальдар, ашық сабақтар8


Барлығы:34
Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!