Материалдар / Үйірме жұмысы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Үйірме жұмысы

Материал туралы қысқаша түсінік
Үйірме жоспарын бастауыш сынып мұғалімдері пайдалануға болады.Білім алушылардың пәндерден білімдерін арттыру мақсатында пайдалануға болады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
01 Желтоқсан 2021
2105
5 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қарқаралы қаласы академик Орынбек Жәутіков атындағы № 1 жалпы білім беретін мектебі



Қарастырылды Келісілді Бекітемін

Әдістемелік бірлестік Директордың оқу ісі Академик Орынбек.Жәутіков

отырысы жөніндегі орынбасары атындағы №1жалпы білім

Хаттама № _________О.А Аменова беретін мектебі КММ ___________С.К.Кусаинов директоры «__»______2021 жыл «___» ________2021 жыл «____»______2021 жыл

Әдістемелік бірлестік

жетекшісі

______Г.М Қонақбай



«Сөз шебері» мәнерлеп оқу үйірмесі

2 «В» сыныбына арналған ақысыз үйірме жоспары

2-сынып,34 сағат

2021-2022оқу жылы




Үйірме жетекшісі:

АмринаМ.Б

бастауыш сынып мұғалімі





Қарқаралы қаласы





Түсінік хат

Мәнерлеп оқу үйірмесі 2-сынып оқушыларына арналған. Үйірме аптасына 1 сағат, жылына 34 сағатқа берілген. Бұл үйірме оқушылардың әдеби мұраларға деген талғамын тәрбиелейді, рухани дүниесін кеңейтеді, ақыл-ойы мен ұлттық сана сезімін дамытуға ықпал жасап, ауызекі және жазба тілде байланыстырып сөйлеуін дамытады. Оқушылардың қазақ тілі, әдебиет сабақтарына қызығушылықтарын арттырады. 

        Үйірмеге тілге шешен, өз беттерімен шығарма жазуға, өлең шығаруға икемдері бар, шығармадағы көркем бейнелердің ерекшеліктерін сезініп  аша білетін оқушылар тартылады.

        Үйірменің оқу материалына  халық ауыз әдебиеті үлгілерін (аңыз-әңгімелер, өлең-жыр, шешендік сөздер, мысал,  жұмбақ,  жаңылтпаш, мақал-мәтелдер, ертегі т.б.) сабақ мазмұнына сай енгізу баланың алған білімін толықтырып, байытып жан-жақты дамуына дәйекті ықпал етеді. 

       Сондықтан сыныптан тыс үйірме сағатында ұлтымыздың асыл мұраларын дәріптейтіндей,  жеке тұлғаны дамытып, оқуға деген қызығушылықтарын оятып, адамгершілікке,  ізгілікке, сыйластыққа тәрбиелеп, еркін дамуына жол ашу  көзделеді.

























Үйірменің мақсаты: 

      Оқушылардың  сыныптан тыс уақытта шығармашылық ізденістерін, өзіндік қабілеттерін және қоғамдық қарым-қатынасын қалыптастырып, өзіндік талдау, жинақтау,  жұмыста шапшаңдық таныту, өз ойын әдеби тілмен өрнектей білуге машықтандыру.

Үйірменің міндеті:

- Оқушылардың оқу-тәрбие үрдісінде алған білімдерін әрі қарай дамытуға мүмкіндік жасап, қабілеттерін шыңдау;

- Көркем әдебиет жанрына байланысты өлең, шығарма жазуға дағдыларын қалыптастыру;

- Оқушылардың қоғамдық белсенділігін дамыту;

- Оқушылардың өзара қарым-қатынастарын қалыптастыру, белгілі бір еңбек түріне баулу, оны дамытуға ықпал ету.


Күтілетін нәтиже:

      Оқушылар ертегі, әңгіме, өлең тыңдауға, шығарманың мағынасын түсінуге, кейіпкерлерді бағалауға, адамгершілік қасиеттерді сипаттауға ниеттенеді. Өлеңдерді нақышына келтіріп, жатқа, мәнерлеп оқуға үйренеді. Оқуға деген қызығушылықтары артады.















«Сөз өнері» мәнерлеп оқу үйірмесінің жылдық жоспары



Тақырыбы

Сағат саны

 Мерзімі

І тоқсан

1

Сөз сырына үңілсем...

1


2

Абай Құнанбаевтың өлеңдерін оқу, жаттау.

1


3

Абайдың қара сөзін оқу, талдау.

1


4

Ы.Алтынсариннің өлеңін оқыту, жаттау.

1


5

М.Мақатаевтың өлеңін оқыту.

1


6

Туған жер, тіл туралы өлендер жаттату.

1


7

Т.Айбергеновтың өлеңін оқу, жаттау.

1


8

«Өлең, мен сені аялап өтем» (мәнерлеп оқу сайысы)

1


ІІ тоқсан

9

Шешендік сөздерді оқыту, жаттау.

1

.

10

Билердің сөзі- ақылдың көзі.

1


11

Монолог оқуға үйрету.

1


12

Шығармадан үзінді оқуға үйрету.

1


13

Сырбай Мәуленовтің шығармасын мәнерлеп оқу.

1


14

Тәуелсіздікке байланысты өлеңдер оқу, жаттау.

1


15

Ғ.Мүсіреповтың шығармасынан үзінді оқу.

1

.

16

Мәнерлеп оқу сайысы.

1


ІІІ тоқсан

17

Жұмбақтар жинақтау, жаттау, оқу.

1


18

Мақал-мәтелдер жаттау.

1


19

Төрт түлікке байланысты жырлар жаттау, оқу.

1


20

Ертегілер еліне саяхат. Ертегілер оқуға үйрету.

1


21-22

Аңыз әңгімелер оқуға үйрету.

2


23

Абайдың табиғат туралы өлеңдерін оқу, жаттау.

1


24

Ш.Құдайбердіұлының өлеңін оқу, жаттау.

1

.

25

С.Сейфуллиннің өлеңін оқу, жаттау.

1


26

Мәнерлеп оқу сайысы.

1


IV тоқсан

27

Драмалық шығармалардан үзінді оқуға үйрету.

1


28-29

Жеңіс күніне байланысты өлеңдер жаттау.

2


30

«Ешкімде ешқашанда ұмытылмайды!» эссе жазу.

1


31

Ыбырай Алтынсариннің өлеңдерін мәнерлеп оқу.

1


32

Мұқағали өлеңдерін мәнерлеп оқу.

1


33-34

Қорытынды.

1































Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!