400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Үйірме жұмысы: «Ойы таяздың, тілі таяз»

Материал туралы қысқаша түсінік
Үйірме жұмысы: «Ойы таяздың, тілі таяз»
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бекітемін:

МКҚК «Бөбек» с/б

меңгерушісі _________ С.Ж.Кушанова

«04»_09_2017/2018 жыл












Үйірме жұмысы:

«Ойы таяздың, тілі таяз»









Тәрбиеші: Мыңжанова Г.К.








Қыркүйек

1-апта

«Сиқырлы қалта»

Мақсаты:Балалар заттарды қолымен ұстап, сипап сезу арқылы, заттарды сипаттау. Қысқаша әнгіме құруға үйрену. Ол затты жекеше және көпше түрде айта білуге дағдыландыру. Сөздік қорын молайту. Сұрақты түсініп, толық жауап беруге үйрету.

Ойын барысы: Балалардың арасынан бір баланы таңдап алынады. Ол бала көзін жұмып, сиқырлы қалтаға қолын салып, бір затты алып, сол зат туралы айтады.

2-апта


 «Суретші қай жерде қателесті»

Мақсаты: Балалардың ойлау қабілетін дамыту. Суреттегі сәкессіздікті таба білуге, зерек болуға үйрету. Өз ойын анық жеткізе білуге дағдыландыру.

Ойын барысы: Тәрбиеші «Күз» тақырыбында сурет салғанын айтады. Балалардан суретке қарап, не дұрыс еместігін табуды сұрайды. Балалар күз мезгілінде болмайтын көріністі тауып, оның қай мезгілде болатынын айтады

3-апта


«Ертегі кейіпкер- лерінің жұбын тап»

Мақсаты: Балаларды « жұп» ұғымымен таныстыру. Ертегілерді естеріне түсіруп, ертегі не туралы екендігін өз беттерімен қысқаша әнгімелеп беруге үйрету. Байланыстыра сөйлеуге дағдыландыру.

Ойын баысы: Балалар бір ертегінің екі кейіпкерін тауып, оларды жұптастырып қоюлары тиіс. Қайсысы жұпсыз екендігін анықтау.


4-апта

«Қайсысы жоқ?»

Мақсаты: Балаларға үй жиһаздары туралы түсінік беру. Әр жиһазды өз атауымен дұрыс атауға үйрету. Создік қорын молайту.Үй жиһаздарын ұқыпты,таза ұстауға тәрбиелеу.

Оын барысы: Балалар ойыншық жиһаздарды пайдалана отырып, жетпей тұрған жиһазды табу керек. Атауларын атау.


Қазан

1-апта


«Үйде кім тұрады? »

Мақсаты: Балаларға отбасы туралы жалпы түсінік қалыптастыру. Отбасы мүшелері туралы әнгімелей білуге үйрету. Тілде сын есімдерді, (меймімді, тату)етістіктерді (қамқорлық жасау, көмектеседі) дұрыс қолдана білуге үйрету.

Ойын барысы: Үйшіктегі алты терезеге отбасы мүшелерінің суретін жапсырады. Сұрақтарға толық жауап береді.

2-апта


«Ертегіні ойнайық»

  Мақсаты: Ертегілер туралы білімдерін кеңейте отырып, балалардың фонетикалық есту қабілетін және сөйлеу тілін  жетілдіру. Қажетті құралдар: ертегі кейіпкерлерінің суреті. Ойын барысы: Тәрбиеші балаларға өткен ертегілерін естеріне түсіріп, содан кейін ертегі кейіпкерлерінің дауысын өзгерте отырып,қандай ертегі кейіпкерінің дауысы екенін анықтауын сұрайды.Мысалы «Қызыл телпек» ертегісін естеріне түсіреді.Қызыл телпектің дауысы төмен дауыс,әженің дауысы ортаңғы дауыспен,ал қасқырды жоғары дауыс ырғағына сала отырып,ертегіні айтып береді.

3-апта

«Қай ертегі?»

 Мақсаты:Балаларды ертегілерді айырып,атай білуге үйрету.Күрделі сөйлемді грамматикалық тұрғыдан дұрыс құра білуін қалыптастыра отырып өз ой-пікірлерін айта білуге  үйрету және жинақтау,талдау қабілеттерін  жетілдіру. Қажетті құралдар: суреттер Ойын барысы Балаларға  бірнеше  ертегілердің  суретін көрсетеді. Суреттегі ертегілерді қарай отырып, ертегі  кейіпкерлерді атап және оларды  сиппаттайды.

4-апта

«Жеміс бағы»

 Мақсаты: Жемістер туралы білімдерін жетілдіру алма,алмұрт-олар жеміс деп түсіндіру.Қызыл ,сары,сопақ,үлкен ,кішкене пішінге байланысты сөздерді дұрыс айтқызу. Шырыны ,дәмі, қабығы деген сөздерді дұрыс айтуға үйрету..Ойлау қабілеттерін дамыту.Жемістер туралы түсінік беру.Сөздік қорын молайту.

Ойын барысы: көкеніс пен жемісті ажырату. Дәм тату арқылы қандай жеміс екендігін табу.

Қараша

1-апта

«Фермаға саяхат»

Мақсаты:Үй жануарлар туралы түсініктерін кеңейту. Ойыншық пішіндерін көрсетіп әңгімелесу.Осы жануарлардың адамға пайдасы диалог түрінде сөйлесу.Балаларды үй жануарларын сүюге қамқорлық жасауға үйрету. Балалардың ойын дамыту, сөздік қорын молайту. 
Қажетті құралдар:үй жануарларының суреті

Ойын барысы: үй жануарларының суретін көрсетіп, оларды дұрыс атап және олардың пайдасын айту.

2-апта

«Құртақандар»

Мақсаты:Апта күндерін рет-ретімен дұрыс айтуға үйрету.Кеше, бүгін, ертең деген ұғымдары туралы білімдерін кеңейту.Балалардың логикалық ойларын зейінін,тіл байлығын дамыту. 

Қажетті құралдар: суреттер
Ойын барысы: «Қандай гномик жоқ» Балалар көздерін жұмады,бір гномикті тәрбиеші тығып қояды . 

3-апта

«Көліктер»

Мақсаты:Балаларға көлік түрлері туралы түсінік беру. Сурет бойынша әнгімелеуге үйрету. дауыс ырғағын дұрыс сақтап сөйлеулерін дамыту. Ойыншық көліктерді ұқыпты, таза ұстауға уйрету.

Ойын барысы: көлік түрлерін ажырату, топтастыру. 

4-апта

«Ертегіде қонақта»

Мақсаты:ертегі бойынша әнгімелеуге дайындау. Ертегінің мазмұны бойынша сахналауға үйрету.

Ойын барысы: Балалар өздеріне таныс ертегіні мазмұндау және рөлге бөлініп сахналау.


Желтоқсан

1-апта



«Дүкен»

 Мақсаты:Киімдердін атын атай отырып білімдерін кенейту, рет-ретімен қоюға үйрету.Бұл ойын арқылы балалардың тілдері дамиды,сөздік қорлары жетіледі.Киім аттарына байланысты сөздерді дұрыс айтуға үйрету .Үйренген сөздерді бекіту.Сұрақ-жауап ретінде сөйлеу дағдыларын жетілдіру.Ойын кезінде дұрыс қолдана білуге үйрету. 

Қажетті құралдар: суреттер

Ойын барысы: киім дүкенінен ауа райына байланысты қажетті киімдерді сатып алу.

2-апта

«Қыста не болады?»

Мақсаты: қыс мезгілін сипаттай білуге үйрету. Сөздік қорын дамыту. Сөз тіркестерін дұрыс айта білуге жаттықтыру.


Ойын барысы: Шеңбер бойына тұрып, допты бір біріне бере отырып, қыс мезгілінің ерекшелігін айту.

3-апта

«Сиқырлы суреттер»

Ойынның мақсаты: балалардың ойлау қабілетін, ес, зейін, қабылдау процесстерін дамыту. Байланыстыра сөйлеуге, әнгіме құрап айтуға үйрету.
Ойынның кұрал-жабдықтары: әр түрлі сурет бөлінділері.
Ойынның мазмұны: Балалар алдарындағы үлгі бойынша бөлінділерден сурет құрайды. Сурет бойынша әңгіме құрауды ұсыну.


4-апта

«Дәрігер Айболит» ертегісі

Мақсаты: Балаларды мейрімділікке, жануарларға қамқорлық қатынас білдіруге талаптандыру. Әдеби тілмен сөйлеуге дағдыландыру.


Ойын барысы: Рөлдерге бөлініп ертегіні сахналау.

Қаңтар

1-апта

«Кімге не керек?» 


Балалардың ойлау қабілетін дамыту. Құралдарды дұрыс атап, сөйлеу барысында орынды қолдана білуге үйрету. Сөздік қорларын көбейту,тілдерін дамыту.

Қажетті құралдар: әт түрлі мамандақ иелері және оларға қажетті құралдар.

Ойын барысы: сурет арқылы кімге қандай құрал қажет екенін сызық арқылы көрсету.

2-апта

«Қандай құс ұшып кетті?»

Балалардың есте сақтау қабілетін дамыта отырып, тілдерін дамыту. Сөздік қорларын байыту.

Қажетті құралдар: құстардың суреті


Ойын барысы: алдымен құстарды атап шығу, бір құсты жасыру, балалар ол жерде қандай құстың жоғын табу керек.

3-апта

«Мұқият тыңда!»

Балалардың ойлауын, зейінін арттыру. Мұқият тыңдап, дұсыс жауап беруге дағдыландыру. Сөйлемді толық айтуға үйрету.

Қажетті құралдар: жабайы жануарлардың,аңдардың суреті немесе ойыншықтар.

Ойын барысы: белгілі бір жабайы жануарды, аңдарды пішініне немесе ерекшеліктеріне байланысты сипаттау. Ал балалар мұқият тыңдап, қандай жануар немесе аң екенін табу керек.

4-апта

«Мен қандаймын?»

Мақсаты: Адам бойындағы жақсы қасиеттерді дамыту. Әдептілікке байланысты сөздердің мағанасын ашып түсіндірду. Өзара сөйлесу барысында сөздерді дұрыс пайдалану.

Ойын барысы: Бала шеңберге тұрып, бір біріне допты бере отырып, сол бала турлы пікірін білдіреді. Мысылы: Інжу сен мейрімдісің, ақылдысың т.б.

.

Ақпан

1-апта

«Болашақта кім болам??»

Балалардың мамандықтар турлы білімдерін арттыру. Ойлау қабілетін, тілін дамыту. Қойылған сұраққа толық жауап беруге дағдыландыру.

Қажетті құралдар: әр түрлі мамандақ иелелерінің суреті.

Ойын барысы: сурет бойынша, қандай мамандық иесі екендігін, қандай қызмет атқаратынын айту. Болашақта кім болғысы келетіні туралы шағын әнгіме құру.

2-апта

«Ертегіні тауып айт»

Мақсаты:Сұраққа жауап беруде, ертегі жолдарынан қолдану арқылы, толық сөйлеммен айта білуге үйрету.


Ойын барысы: Қысқаша оқылған ертегіні мұқият тыңдап, қай ертегі екенін табу. Ертегінің жалғасын мазмұндау.

3-апта

« Бір тәулік»

Мақсаты: тәулік бөліктері жайлы білімдерін бекіту; тәулік бөліктерін атауға, ажыратуға жаттықтыру.
Ойынның құрал-жабдықтары: суреттер
Ойынның мазмұны: Балалар кезектесіп суретті алып, тәуліктің қай бөлігі екенін айтады, сол сурет бойынша әңгіме құрайды.

4-апта

«Аңдарды қоректендір»

Мақсаты:жабайы аңдар туралы білімдерін бекіту. Олардың тіршілігі туралы мағұлмат беру. Қоршаған орта туралы білімдерін кеңейту.

Ойын барысы: тақтада аңдардың суреті ілінеді, ал тамақтың суреті үстел үстіне қойылған, кім немен қоректенетінін тауып, тақтаға ілу.

Наурыз

1-апта

«Менің досым»

Мақсаты: Балаларға достық туралы білім беру. Сөздік қорларын молайту. Тіл байлығын мақал мәтел арқылы кеңейту.


Ойын барысы: Достық туралы мақал мәтелдер айту, жаттау.

2-апта

«Кемпірқосақ»

Мақсаты: Балаларды түстер жүйесімен таныстыру. Спектрдегі түстердің орналасуымен таныстыру
Көрнекіліктер: «Кемпірқосақ» суреті.
Толық аяқталмаған кемпірқосақ қағаздары. Жапсыруды аяқтауға жеті түсті жолақшалар. Жапсыру құралдары.
Ойын барысыі: Балалардан жауыннан кейінгі шығатын кемпірқосақты кімнің көргенін, онда қандай түстер бар екенін сұрап, ойын құралдарын тақтаға іледі, түстерді толық атын атап орналастырады. Жеке балалардың алдарына ойын құралдары үлестіріліп балалар өз бетімен жұмысты үлгіге қарай отырып орналастырады.

3-апта

«Не артық?»


Балалардың зейінін арттыру, есте сақтау қабілетін дамыту. Оларды топтастырып айта білуге және айырмашылықтарын анықтай білуге уйрету.

Құрал жабдықтары: суреттер, ойыншықтар, мазмұны: артық тұрған суретті немесе артық тұрған ойыншықты табу. Қалған бірдей заттарды топтастыру


4-апта


«Төлін тап»


Мақсаты: Үй жануарлары туралы білімдерін кеңейту. Олардың төлдерін дұрыс тауып, атай білу.

Құрал жабдықтар: үй жануарларының суреті немесе ойыншықтар төлдірімен.

Мазмұны: сызық арқылы жануарларға төлдірін дұрыс тауып, қосу

Сәуір

1-апта


Тәулік бөліктері»

Ойынның мақсаты: тәулік бөліктері жайлы білімдерін бекіту; тәулік бөліктерін атауға, ажыратуға жаттықтыру.
Ойынның құрал-жабдықтары: суреттер
Ойынның мазмұны: Балалар кезектесіп суретті алып, тәуліктің қай бөлігі екенін айтады, сол сурет бойынша әңгіме құрайды.

2-апта


«Қателікті тап!»


Мақсаты: Балалардың ойлау қабілетін дамыту. Суреттегі сәкессіздікті таба білуге, зерек болуға үйрету. Өз ойын анық жеткізе білуге дағдыландыру.

Ойын барысы: Тәрбиеші «Көктем» тақырыбында сурет салғанын айтады. Балалардан суретке қарап, не дұрыс еместігін табуды сұрайды. Балалар көктем мезгілінде болмайтын көріністі тауып, оның қай мезгілде болатынын айтады

3-апта

«Бауырсақ »ертегісі

Мақсаты: «Қ» дыбысы кездесетін сөздерге мысалдар келтіру арқылы «қ» дыбысын айтылуын меңмерту.Ертегі мазмұны арқылы достыққа тәрбиелеу

Балалар «Бауырсақ» ертегісін сахналайды.

4-апта

«Ойлан -тап»

Мақсаты: Жұмбақ шешу арқылы тілдерін дамыту. Сөздік қорларын байыту. Зерек болуға тәрбиелеу.

Ойын барысы: Жасырылған жұмбақтың шешуін табу. Бір біріне жұмбақ жасыру.

Мамыр

1-апта

« Тауып көр»

Мақсаты: Балаларға үй жиһаздары туралы түсінік беру. Әр жиһазды өз атауымен дұрыс атауға үйрету. Создік қорын молайту.Үй жиһаздарын ұқыпты,таза ұстауға тәрбиелеу.

Оын барысы: Балалар ойыншық жиһаздарды пайдалана отырып, жетпей тұрған жиһазды табу керек. Атауларын атау.

2-апта

«Өз үйдіңді тап»


3-апта

«Қай қолымда көп»


4-апта

«Тәулік бөліктері»

.







Баланың ойлау қабілетін дамытуға арналған дидактикалық ойындардың мақсаты:
Ойын балалардың негізгі іс-әрекеті ретінде маңызы зор қызметтер атқарады. Ойын баланың даму құралы, таным көзі, тәрбиелік дамытушылық мәнге ие бола отырып, адамның жеке тұлға ретінде қалыптасуына ықпал етеді. Ойын үрдісінде балалардың білімі тереңдей түседі, осыған дейінгі білімдері мен түсініктері баянды болып жаңа білім игеріледі. Ойын - адамның өміртанымының алғашқы қадамы деп білеміз. Оның басты ерекшелігі баланың ойлау қабілетін жетілдіру болып табылады. Ойында балалар әр нәрсеге жақсы зейін қояды және көбірек есіне сақтайды. Ойын үстінде ол алға қойылған мақсатты шұғыл және оңай жүзеге асырады. Ойын негізінде ойлай отырып, тапсырмалары өзінше зерттеп, орындау, өзінше шешім жасау өз ойындағысын айту жағдайларына мүмкіндік туғызылса ғана бала еркін ойлы, өзіне сенімді, ерік-жігерлі, дүние танымы кеңейген, сөйлеу тілі жақсы қалыптасқан, болашаққа қызығушылығы оянған дара тұлға ретінде жан-жақты дами алады.Баланың ақыл-ойының дамуы тек белгілі бір білім көлемін ғана емес, жалпы тәлім-тәрбиелік іс-әрекеттерді игерумен бірге, ойлау, қиялдау, есте сақтау, елестету және т.б. қабілеттерінің; танымдық, іскерлік, шығармашылық қасиеттерінің дамуын қамтиды.





















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
21 желтоқсан
984
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі