жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Үйірме оқушыларына жасанды киізден (фетра материалынан) ойыншық тігуді үйрету .
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Оңтүстік Қазақстан облысы, Созақ ауданы
«Созақ» жалпы орта мектеп –гимназиясы
Тақырыбы: Үйірме оқушыларына жасанды киізден (фетра материалынан) ойыншық тігуді үйрету
.
Технология пәні мұғалімі:
Исаева Нагира Мухитқызы
Секциясы: Технология
2017-2018 оқу жылы
Жоспар:
І Кіріспе
1.Эстетикалық тәрбиені арқау ете отырып, қолөнерді жас ұрпақтың бойына тәрбиелеуге ықпал жасау.
ІІ Негізгі бөлім
1. Жұмсақ ойыншық тігу арқылы үйірме оқушыларының шығармашылығын дамыту
ІІІ Қорытынды
Кіріспе
Білім саласындағы кез келген пән-қандай ортада болмасын өзінің айтар ойы, өмірге деген көзқарасы, нақты жеке тұлғаны қалыптастыруға өзіндік үлес қосары анық. Көркем еңбек пәнінің басты мақсаты-оқушылардың шығармашылықпен жұмыс жасауына ықпал ете отырып, қазіргі заманның технологиялық мәдениетіне, яғни бұйымдарды көркем жобалауға, өңдеп, өндіруге бейімдеу болып табылады.
Бұл мақсаттарға бір қатар міндеттерді орындау арқылы қол жеткізіледі. Негізгі міндеттер мыналар:
заттар әлемін құрастырудың ережелері мен заңдары туралы білімді тереңдету және оның табиғат әлемімен байланысы;
әр түрлі материалды өңдеу дағдыларын дамыту;
құрал-саймандарды пайдалану;
көркем- графикалық сауаттылықты кеңейте түсу;
технологиялық біліктілікті қалыптастыру арқылы қол икемділігін, көзбен мөлшерлеуді дамыту;
ұйымшылдылыққа тәрбиелеу;
оқулықпен жұмыс істеуді жетілдіру;
оқуға ынталықты қалыптастыру.
Қазіргі таңда жеке тұлғаны қалыптастыру технология пәні мұғалімдерінің алдарына қоятын мақсаттар мен міндеттеріне өте жауапкершілікпен қарауды талап етеді. Оқушыларға білім, білік және кәсіптік бағдар беру барысында мұғалім әр оқушының алдында оның келешегіне шын мәнінде жауапты екендігін сезіну қажет. Осы үлкен міндетті атқару үшін технология пәнінің мұғалімінің өзі білімді, мәдениетті, жаңашыл болуы қажет деп ойлаймын. Әрине, көптеген мектептерде бұрынғы ізбен «еңбек сабағы» деп көңіл бөлмеуі де мүмкін, бірақ өз пәнін жоғары бағалайтын мұғалім парызын ұмытпауы керек. Эстетикалық тәрбие мәселесі ерте заманнан бастау алады. Эстетикалық тәрбие туралы ойлар, оның міндеттері мен мақсаттары Платон мен Аристотель заманнан күні бүгінге дейін адам баласын толғандырып келеді. Қазіргі заманда эстетикалық тәрбие мәселесі жеке тұлғаның дамуында, оның эстетикалық мәдениетінің қалыптасуында тәрбие алдындағы өзекті мәселелердің бірі болып отыр. «Эстетикалық тәрбие» ұғымына әр-түрлі анықтама берілген, соның бірнешеуін алып қарасақ, атының өзінен –ақ мәнін аңғартатын негізгі қағидаларды бөліп айтуға болатынын аңғаруға болады. Біріншіден, бұл-тікелей әсер етуге бағытталған үрдіс. Екіншіден, бұл-өмір мен өнердегі әдемілікті сезіну мен көре білуді, бағалай білу қабілеттерін қалыптастыру. Үшіншіден, эстетикалық тәрбиенің міндеті: жеке тұлғаның эстетикалық талғамы мен арман мұраттарын қалыптастыру. Төртіншіден, әдемілікті жасауға және жеке дара шығармашылық қабілеттерін дамыту. Оқушыларды дәстүрлі халықтық көркемөнерге тартуда үйірме жұмысы маңызды рөл атқарады. Осы үйірме жұмыстарында оқушылардың шығармашылық белсенділіктері мен дербестіктерін дамытуға жағдай жасалып, оқушылардың бейімділігі мен қабілеттерінің қалыптасуының кепілі бола алады. Мектептегі үйірме жұмысының нәтижелерін өткізілетін көрмелерден байқауға болады. Мектепте балаларды өнерге баулуда, көркемдік шеберліктің тәсілдеріне үйретуде "Шебер қолдар" үйірмесжұмыс жасайды. Үйірмелерде оқушылар өз шеберліктерін іс жүзінде қолдана алады. Осы үйірмелер арқылы, оқушыларды өнерге баулып, эстетикалық талғамын дамытып, қабілеттерін арттырып, іскерлік дағдыларын қалыптастыру жолында жұмыс жүргізілуде. Осы мақсаттарды жүзеге асыруда «Шебер қолдар» үйірмесінің жетекшісі ретінде оқушылардың білімі мен шеберлігін жетілдіру негізінде жұмыс жүргізіп келемін. Менің ізденістерім – жаңа технологиялар. Соның ішінде фетр материалынан жұмсақ ойыншық тігуді үйрету. Үйірме жұмысындағы әрбір сабақты тиімді ұйымдастырып,оны оқушылар зерікпейтіндей етіп өткізу керек.Оқушының сол уақытта ғана пәнге деген қызығушылығы артып, тіпті нашар оқитын оқушының бойында да бір қозғалыс болатынын байқадым. Өз әдістерімде қосымша әдебиеттерді, жаңа ақпараттық технологияларды, әлем журналдарын, интернет ақпараттарын кең пайдаланамын. «Еңбектен аянбасаң, еңбегің жанады» деп ата-бабаларымыздың нақыл сөздерін жерге тастамай, бағалауға оқушылардың сезіміне сіңіру, оқушыны табысқа жеткізу мұғалімнің еңбегі.
Негізгі бөлім
Осы мақсатта күнтізбелік жоспар бойынша үйірме оқушыларымен "Шебер қолдар" үйірмесінің " Жұмсақ бейне ойыншықтар" тарауы бойынша "Фетр материалынан жұмсақ ойыншықтар тігу" тақырыбы бойынша жұмыс жүргіздім.
" Фетр материалынан жұмсақ ойыншықтар тігу " технологиясының тақырыптық жоспары .
Қ/с |
Сабақтың тақырыбы |
Сағаты |
|
Теория |
Сарамандық |
||
1 |
Кіріспе.Жұмасақ ойыншықтар туралы мағлұмат беру, қажетті жабдықтар.
|
2 |
|
2 |
Сурет таңдау, эскиз дайындау. Материал дайындау.
|
1 |
|
3 |
Сызба бойынша пішу, тор тігісін тігуге машықтау.
|
|
2 |
4 |
Құрастырып тігу. |
|
4 |
5. |
Өңдеу жұмыстары. Синтепон салып тігу |
|
3 |
6. |
Әсемдеу жұмыстары |
|
3 |
" Фетр материалынан жұмсақ ойыншықтар тігу " технологиясы тақырыбындағы сабақтың мақсаты:
Білімділік. Жұмсақ ойыншықтар тігу туралы түсінік беру, білімдерін дамыту;
Дамытушылық. Жұмыс барысында оқушының шеберлігін, ой-өрісін, көркемдік талғамдарын арттырып, көрсету үлгісі бойынша жұмыс жасай білуге баулу.
Тәрбиелік. Халқымыздың қолөнерін сүйе білуге,құрметтеуге тәрбиелеу.Оқушыларды ұқыптылыққа,тиянақтылыққа баулып, жұмсақ ойыншық тігу арқылы әсемдікке тәрбиелеу
Міндеттері:
-заманауй материалдардан бұйымдар жасаудың жаңа технологиясын үйрету.
-қазіргі заманғы сұранысқа сай қолөнер бұйымдарын жасап үйрену.
-шеберлікті, ұқыптылықты , белсенділікті арттыру.
-техника қауіпсіздігі мен еңбек мәдениетін меңгертуге бағыттау.
-материалды ұқыпты, үнемді пайдалану, композиция негізін жасап үйрету.
-өз қалауынша бұйымдарды заман талабына сай түрлендіру.
- талдау, талқылау арқылы еңбекке деген шығармашылық көзқарасын қалыптастыру.
Көрнекілігі: интерактивті тақта(көрсетілім арқылы)
панно,картиналар,жұмсақ ойыншықтар жиынтығы
Cабақтың кіріспе бөлімінде: Кіріспе.Фетр материалынан ойыншық тігу жайлы мағлұмат бердім.
cлайд.
Фетр
материалынан жасалатын жұмсақ ойыншықтар
балалардың ойнауына арналады. «Өнерлінің
алтыны қолында, байлығы жатыр жолында»-
деген, ойыншық пішу үшін, фетр материалын
қолдануға болады.
XIX - XX ғасыр ойыншықтар
тарихындағы ерекше кезең. Әр халықтың
ойыншықтарының өзіндік өрнектері, яғни
әр ұлтқа тән нақыштары болған.
Ойыншық
дегеніміз не? Бұл сұраққа «ойыншық деген
балалар ойнау үшін жасалған зат» деп
жауап беруге болады. Әйткенмен, ойыншықтар
балалар әлеміне, тіпті үлкендер әлеміне
де тән зат. Демек, ойыншық ежелден келе
жатқан қол өнердің бір түрі. Белгілі
суретші Н. Д. Бартрам «Ойыншық – өмір
айнасы» деген.
.
Жүн дегеніміз жануарлардың мата, киіз-шұға бұйымдарын жасауға жарамды және белгілі бір физикалық қасиеттері бар түк. Жүннен жасалған бұйымдар гигиеналық тазалығымен, сыртқы түрінің әдемілігімен көзге түседі және оларды халық көп тұтынады. Қойдан немесе тері шикізаты өңдеуге жіберілетін қой терісінен қырқып алынған жүн табиғи жүн деп аталады.
Фетр матаны өңдеу технологиясы жүнді өңдеу технологиясымен бірдей болып келеді. Фетраға көбіне синтетикалық маталар көп араластырады. Бұл материалды көбіне әйел адамның аксессуарларларына, түйреуіш, қалпақ , сөмке, ойыншықтар, сырмақ, паннолар, картиналар жасауға қолданады. Фетр әр түрлі болады: таза жүні, жартылай жүнді, эко фетр, акрилді ферт, жасанды фетр, синтетикалық фетр және пішінді жақсы ұстайды.
Фетр материалынан жұмсақ ойыншық тігу мына кезеңдерден тұрады.
1.Сурет таңдау, эскизін салу.
2. Материал дайындау.
3. Сызбасын сызу, пішіп алу.
4. Тігістер жайлы мағлұмат беру. 5. Пішім бойынша ойыншықты тігу. 6. Синтепон материалмен ішін толтырып тігу. 7. Әсемдеу жұмыстары.
"Фетра материалынан жұмсақ ойыншық тігу" нұсқау карта
|
Жұмыстың мазмұны |
Дайындалуы |
Қажетті жабдықтар |
1 |
Суретті таңдау,эскиз жасау
|
|
А 4 форматтағы қағаз, қарындаш, өшіргіш, қайшы |
2 |
Материалдарды дайындау |
|
Түрлі түсті фетра материалы, қайшы, ине, жіп, синтепон. |
3 |
Сызбасын сызу, пішу
|
|
Дайын сызба, қайшы |
4 |
Тігістер жайлы мағлұмат беру |
|
|
5 |
Пішім бойынша жұмсақ ойыншықты тігу |
|
Түрлі түсті фетра, жіп, ине, қайшы |
6 |
Дайын жұмысты синтепонмен немесе мақтамен толтыру Дайын ойыншық. |
|
Синтепон |
Қажет материалдар
-фетр материалы (синтетикалық фетр);
-ине, жіп, қайшы;
-синтепон.
Сарамандық жұмыс.
1. Техника қауіпсіздік ережелерін естеріне салу.
2.Эскиз бойынша қажетті сызбаны пішу.
3. Сарамандық жұмыс барысында суреттердің дұрыс салынуын, қателіктерді болдырмау жолдарын қадағалау.
4. Жеке оқушылармен жұмыс.
Инемен,
қайшымен жұмыс кезіндегі қауіпсіздік
ережелері:
•
Қайшы өткір болу керек.
• Қайшының
жүзін жабық түрге келтіріп, партамыздың
оң жағына қоямыз.
• Қайшыны ұсынар
кезде сабымен ұсын.
• Инені арнайы
жастықшаға шаншы, өйткені инені жоғалудан
сақтайды, егерде инені жоғатып алсаң
мұғалімге ескертіп тауып ал.
• Инемен
тіккенде аузыңа салма, киімге қадама.
•
Сынған инені жерге тастама, ешкімді
зақымдамайтын жерге таста.
• мата,
былғары, тағы басқа жұмсақ материал
қалдықтары, фурнитура - түймелер,
ілгектер, ойыншықтың көзін, мұрнын салу
үшін қолданылатын арнайы фурнитуралар,
инелер (ойыншықтың көлеміне байланысты),
қайшылар, біз, түймелер, картон (фурнитураны
монтаждауға).
• тігінге арналған
бор, сызғыш, үшбұрыш, метр, жіп, мақта,
синтепон, паралон.
Сабақтың тақырыбы: «Фетр материалынан жұмсақ ойыншық тігу » қорытынды сабақ.
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Ойыншық тігудің жаңаша әдіс-тәсілі жайлы алған білімдерін қорытындылап,өнерге деген қызығушылығын ояту.
Дамытушылығы: Оқушылардың ізденушілігін, шығармашылық
қабілетін дамыту, сөйлеу мәдениетін
қалыптастыру.
Тәрбиелігі: Қолөнер туындыларын қастерлеуге,
ұжымшылдыққа, әсемдікке, біткен бұйымға
талдау жасауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Қорытынды сабақ
Сабақтың әдіс- тәсілі: Сұрақ- жауап, шығармашылық жұмысты
қорғау,топпен жұмыс.
Көрнекілігі: Интерактивті тақта (көрсетілім арқылы )
Панно, картина,фетрадан жасалған бұйымдар.
Керекті құрал жабдықтар: Оқушылардың жасаған ойыншықтары.
Пайдаланған техникалық
құрал: Интерактивті тақта
Пәнаралық байланыс: Әдебиет, тарих, бейнелеу,музыка.
Барысы: Ұйымдастыру кезеңі
а) Оқушылардың қатысын тексеру.
ә) Керекті құрал- жабдықтар дайындау.
б) Оқушылардың жеке жұмыстарын талдау жасау.
1.Кіріспе. Бейне ролик. Ойыншықтар әлеміне саяхат (фетр материалынан жасалған жұмсақ ойыншықтар көрсетіледі)
Слайд
Фетрден жасалған жұмсақ ойыншықтардың суреттері
Ойыншық – баланы жан-жақты тәрбиелеу мақсатына пайдаланылады. Баланың дүниетанымын кеңейтуге көмектеседі,белгілі бір мақсаттағы, ойластырылған әрекетке үйретеді, қиялын дамытып, еңбекке сүйіспеншілігін, техникаға қызығушылығын, білуге құмарлығын, аңғарғыштығын қалыптастырады, талғампаздыққа тәрбиелейді, өнерге ынталандырады. Ойыншықпен ойнауға белгілі жағдайда педагогикалық, эстетикалық, гигиеналық, техникалық талап қойылады,сондай-ақ ол баланың жас ерекшілігіне қарай өзгеріп отырады.
Жүн дегеніміз жануарлардың мата, киіз-шұға бұйымдарын жасауға жарамды және белгілі бір физикалық қасиеттері бар түк. Жүннен жасалған бұйымдар гигиеналық тазалығымен, сыртқы түрінің әдемілігімен көзге түседі және оларды халық көп тұтынады. Қойдан немесе тері шикізаты өңдеуге жіберілетін қой терісінен қырқып алынған жүн табиғи жүн деп аталады.
Фетр матаны өңдеу технологиясы жүнді өңдеу технологиясымен бірдей болып келеді. Фетрға көбіне синтетикалық маталар көп араластырады. Бұл материалды көбіне әйел адамның аксессуарларларына, брош, қалпақ , сөмке, ойыншықтар, сырмақ, паннолар, картиналар жасауға қолданады. Фетр әр түрлі болады: таза жүні, жартылай жүнді, эко фетр, акрилді ферт, жасанды фетр, синтетикалық фетр.
Сұрақтар
Шеңберге тұру
1.Жұмсақ ойыншықты қандай материалдардан тіккен дұрыс?
2.Қонжық ойыншығы қандай бөлшектерден тұрады?
3. Қонжын ойыншығын тігуді рет-ретімен атап өт.
4.Жұмсақ ойыншықты тігуге қажетті құралдарды ата.
5.Қандай тігіс түрлерін білесің?
6.Инеге жіпті сабақтағанда ұзындығы қандай болу керек?
7.Қайшыны қалай ұсынған дұрыс деп ойлайсың?
8.Матаның қандай түрлерін білесің?
Оқушылардың жеке шығармашылық жұмыстарына талдау жасау.
Шығармашылық жұмыс ,интерактивті тақтамен көрсетілім арқылы қорғалады.
1.Оқушылар ойыншықтар туралы мәліметтер береді.
2.Оның пайдасы немесе зины туралы айтады.
3. Жасалған ойыншық.
Сабақты қорытындылау.
Қорытынды сабақтың қай кезеңі қызықты болды? (оқушы пікірін тыңдау ).
Сендердің жасаған ойыншықтарың қазіргі таңда, үлкен сұранысқа ие болады деп сенемін. Бұл уақыт талабы,сондықтан жастар өнерді сұраныспен жұмыс жасап, ізденіс үстінде болу қажет.
Оқушылардың жасаған жұмыстары ерекше аталып, оқушылар марапатталды.
Қорытынды
Оқушыларды өнерге баулу, өз елін,жерін, халқын сүю, салт-дәстүрін бағалай білуге үйретеді. Қол өнерді жасап байыту арқылы адамның жан дүниесі, ақыл-ойы, ой-қиялы, іскерлігі, шеберлігі, ұқыптылығы дамып отырады. Бүгінгі таңда, халық шеберлері тың ойларды туғызып, оны жаңа мазмұнмен жаңаша әдіспен жасап, жетілдіріп, жаңғыртып келеді. Үйірме жұмысында әрбір сабақты көрсетілім жасау арқылы және жасаған жұмыстарынан көрмелер ұйымдастыру, оқушылардың еңбекке деген құлшынысын арттырады. Қорыта келгенде , еңбекке үйрету, іс әрекетті ойлау, есте сақтау, жан- жақты дамыған тұлғаны , шығармашылық қабілетті , көркем өнерлік талғамды қалыптастыруға тәрбиелейді.
Пікір
«Созақ» жалпы орта мектеп- гимназиясының технология пәнінің мұғалімі Исаева Нагира Мұхитқызы 4 жылдан бері еңбек етіп келеді. Осы жылдар ішінде өз пәнін жетік меңгерген, ұстаз ретінде танылып, оқу бағдарламасын талапқа сай меңгертіп, өмірде алған білімдерін пайдалануға баса назар аударады. Қыры мен сыры мол технология мамандығына мектептен бастап қызығушылығын арттыру мақсатында жаңа ақпараттық технолгияны пайдалана отырып, түрлендіріп сабақ өтеді.
Созақ ауданының 90- жылдығына орай "Гүлденген құтты мекен Созағым" атты өнер байқауында ІІІ-орын, аудандық "Туған жерге тағзым" айдарымен өткізілген өнер фестивалінде мадақтамамен марапатталды. Сонымен қатар "Сабаннан жасалған панно", " Табиғи материалдан композиция құрастыру " ашық сабақтары мақсатына жеткен сабақтар болды. "Шебер қолдар" үйірмесіне өткен «Фетр материалынан жұмсақ ойыншық тігу» қорытынды ашық сабағы фетрден ойыншық жасау жайлы білімдерін тиянақтау, оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту, жан-жақты ізденуге негізделген. " Үйірме оқушыларына жасанды киізден (фетра материалынан) ойыншық тігуді үйрету "тақырыбындағы баяндамасы эстетикалық пән -әдіс бірлестігінде талқыланып, аудандық педагогикалық оқуға ұсынылды.
Эстетикалық пән- әдіс бірлестік жетекшісі: Тұрсынбаева.П
Пайдаланған әдебиеттер:
1. "Шаңырақ энциклопедиясы" 1991 жыл.
2. Қазақстан мектебі. Алматы, Дәуір, 2009ж. № 6.
З. Әбілова. Оқушыларға эстетикалық тәрбие беру. Алматы 1986.
4.
К. Кожахметова, С. Ұзақбаева. Эстетикалық
тәрбие берудің ұлттық негіздері. Алматы
1985.
5.
М. Касымов, Г. Райымбекова. Оқушыларға
рухани эстетикалық тәрбие берудің
мазмұны. http.www.tarsu.kz
6.
Мектептегі технология 2018 ж. №2, 9 бет.
Аңдатпа
Мемлекеттік жалпы білім беру стандартының талабына сәйкес технология сәндік қолданбалы өнер пәнінен қолөнер бұйымдарын жаңаша әдіс- тәсілдермен үйрету және халықтық педагогикамен ұштастыру, қазіргі таңдағы мұғалімдердің өзекті мәселесі.
Аннотация
По требованиям Государственного общеобразовательного стандарта главной проблемой учителей технологии является организация различных методов и использованые их на уроках, учить новым технологиям ручного изделия, связывая с народной педагогикой.
Annotation
According to requirements of the state general education standard the main problem of teachers of technology is the organization the various of methods and their use at lessons, to teach new technologies manual product, connecting with national pedagogics
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Оңтүстік Қазақстан облысы, Созақ ауданы
«Созақ» жалпы орта мектеп –гимназиясы
Тақырыбы: Фетр материалынан стильденген ұлттық баскиім тігу
Технология пәні мұғалімі:
Тұрсынбаева Пакизат Кадиркулқызы
Секциясы: Технология
2018-2019 оқу жыл
Жоспар:
І Кіріспе
1.Эстетикалық тәрбиені арқау ете отырып, қолөнерді жас ұрпақтың бойына тәрбиелеуге ықпал жасау.
ІІ Негізгі бөлім
Жұқа киіз (фетр матасынан) әртүрлі бұйымдар бас киімдер,гулдер ,кәде сыйлар жасата отырып оқушыларының шығармашылығын дамыту
ІІІ Қорытынды
Кіріспе
Білім саласындағы кез келген пән-қандай ортада болмасын өзінің айтар ойы, өмірге деген көзқарасы, нақты жеке тұлғаны қалыптастыруға өзіндік үлес қосары анық. Көркем еңбек пәнінің басты мақсаты-оқушылардың шығармашылықпен жұмыс жасауына ықпал ете отырып, қазіргі заманның технологиялық мәдениетіне, яғни бұйымдарды көркем жобалауға, өңдеп, өндіруге бейімдеу болып табылады.
Бұл мақсаттарға бір қатар міндеттерді орындау арқылы қол жеткізіледі. Негізгі міндеттер мыналар:
заттар әлемін құрастырудың ережелері мен заңдары туралы білімді тереңдету және оның табиғат әлемімен байланысы;
әр түрлі материалды өңдеу дағдыларын дамыту;
құрал-саймандарды пайдалану;
көркем- графикалық сауаттылықты кеңейте түсу;
технологиялық біліктілікті қалыптастыру арқылы қол икемділігін, көзбен мөлшерлеуді дамыту;
ұйымшылдылыққа тәрбиелеу;
оқулықпен жұмыс істеуді жетілдіру;
оқуға ынталықты қалыптастыру.
Қазіргі таңда жеке тұлғаны қалыптастыру технология пәні мұғалімдерінің алдарына қоятын мақсаттар мен міндеттеріне өте жауапкершілікпен қарауды талап етеді. Оқушыларға білім, білік және кәсіптік бағдар беру барысында мұғалім әр оқушының алдында оның келешегіне шын мәнінде жауапты екендігін сезіну қажет. Осы үлкен міндетті атқару үшін технология пәнінің мұғалімінің өзі білімді, мәдениетті, жаңашыл болуы қажет деп ойлаймын. Әрине, көптеген мектептерде бұрынғы ізбен «еңбек сабағы» деп көңіл бөлмеуі де мүмкін, бірақ өз пәнін жоғары бағалайтын мұғалім парызын ұмытпауы керек. Эстетикалық тәрбие мәселесі ерте заманнан бастау алады. Эстетикалық тәрбие туралы ойлар, оның міндеттері мен мақсаттары Платон мен Аристотель заманнан күні бүгінге дейін адам баласын толғандырып келеді. Қазіргі заманда эстетикалық тәрбие мәселесі жеке тұлғаның дамуында, оның эстетикалық мәдениетінің қалыптасуында тәрбие алдындағы өзекті мәселелердің бірі болып отыр. «Эстетикалық тәрбие» ұғымына әр-түрлі анықтама берілген, соның бірнешеуін алып қарасақ, атының өзінен –ақ мәнін аңғартатын негізгі қағидаларды бөліп айтуға болатынын аңғаруға болады. Біріншіден, бұл-тікелей әсер етуге бағытталған үрдіс. Екіншіден, бұл-өмір мен өнердегі әдемілікті сезіну мен көре білуді, бағалай білу қабілеттерін қалыптастыру. Үшіншіден, эстетикалық тәрбиенің міндеті: жеке тұлғаның эстетикалық талғамы мен арман мұраттарын қалыптастыру. Төртіншіден, әдемілікті жасауға және жеке дара шығармашылық қабілеттерін дамыту. Оқушыларды дәстүрлі халықтық көркемөнерге тартуда үйірме жұмысы маңызды рөл атқарады. Осы үйірме жұмыстарында оқушылардың шығармашылық белсенділіктері мен дербестіктерін дамытуға жағдай жасалып, оқушылардың бейімділігі мен қабілеттерінің қалыптасуының кепілі бола алады. Мектептегі үйірме жұмысының нәтижелерін өткізілетін көрмелерден байқауға болады. Мектепте балаларды өнерге баулуда, көркемдік шеберліктің тәсілдеріне үйретуде мұғалім жұмыс жасайды. Сабақта оқушылар өз шеберліктерін іс жүзінде қолдана алады. Осы үйірмелер арқылы, оқушыларды өнерге баулып, эстетикалық талғамын дамытып, қабілеттерін арттырып, іскерлік дағдыларын қалыптастыру жолында жұмыс жүргізілуде. Осы мақсаттарды жүзеге асыруда 5-9 сыныптар арасында оқушылардың білімі мен шеберлігін жетілдіру негізінде жұмыс жүргізіп келемін. Менің ізденістерім – жаңа технологиялар. Соның ішінде фетр материалынан бас киім, тұмарша ,кәде-сый,паннолар ,гүлдер,жұмсақ ойыншық тігуді үйрету. Үйірме жұмысындағы әрбір сабақты тиімді ұйымдастырып,оны оқушылар зерікпейтіндей етіп өткізу керек.Оқушының сол уақытта ғана пәнге деген қызығушылығы артып, тіпті нашар оқитын оқушының бойында да бір қозғалыс болатынын байқадым. Өз әдістерімде қосымша әдебиеттерді, жаңа ақпараттық технологияларды, әлем журналдарын, интернет ақпараттарын кең пайдаланамын. «Еңбектен аянбасаң, еңбегің жанады» деп ата-бабаларымыздың нақыл сөздерін жерге тастамай, бағалауға оқушылардың сезіміне сіңіру, оқушыны табысқа жеткізу мұғалімнің еңбегі.
Негізгі бөлім
Осы мақсатта күнтізбелік жоспар бойынша 8 сынып оқушыларымен Дизайн және технология тарауы бойынша "Фетр материалынан стильденген ұлттық бас киім тігу" тақырыбы бойынша жұмыс жүргіздім.
" Фетр материалынан стильденген ұлттық бас киім тігу " тақырыптық жоспары .
Қ/с |
Сабақтың тақырыбы |
Сағаты |
|
Теория |
Сарамандық |
||
1 |
Кіріспе.фетр матасы ,бас киім туралы, мағлұмат беру, қажетті жабдықтар.
|
1 |
|
2 |
Сурет таңдау, эскиз дайындау. Материал дайындау.
|
|
1 |
3 |
Сызба бойынша пішу, тор тігісін тігуге машықтау.
|
|
1 |
4 |
Құрастырып тігу. |
|
1 |
5. |
Әсемдеу жұмыстары. |
|
1 |
" Фетр материалынан тігілетін шығармашылық жұмыстар " тақырыбындағы сабақтың мақсаты:
Білімділік. Бас киім,тұмарша, гүл тігу туралы түсінік беру, білімдерін дамыту;
Дамытушылық. Жұмыс барысында оқушының шеберлігін, ой-өрісін, көркемдік талғамдарын арттырып, көрсету үлгісі бойынша жұмыс жасай білуге баулу.
Тәрбиелік. Халқымыздың қолөнерін сүйе білуге,құрметтеуге тәрбиелеу.Оқушыларды ұқыптылыққа,тиянақтылыққа баулып, шығармашылық бұйым жасау арқылы әсемдікке тәрбиелеу
Міндеттері:
-заманауй материалдардан бұйымдар жасаудың жаңа технологиясын үйрету.
-қазіргі заманғы сұранысқа сай қолөнер бұйымдарын жасап үйрену.
-шеберлікті, ұқыптылықты , белсенділікті арттыру.
-техника қауіпсіздігі мен еңбек мәдениетін меңгертуге бағыттау.
-материалды ұқыпты, үнемді пайдалану, композиция негізін жасап үйрету.
-өз қалауынша бұйымдарды заман талабына сай түрлендіру.
- талдау, талқылау арқылы еңбекке деген шығармашылық көзқарасын қалыптастыру.
Көрнекілігі: интерактивті тақта(көрсетілім арқылы)
панно,картиналар,жұмсақ ойыншықтар жиынтығы
Cабақтың кіріспе бөлімінде: Кіріспе.Фетр материалынан бас киім ,гүлдер, тұмаршалардың жасалу жайлы мағлұмат бердім.
cлайд. Киіз - (ағыл. Felt, нем. Filz) (түрікше ajlyk – жамылғы, жапқыш) – қойдың күзем жүнінен басылған, үй тұрмысында пайдаланылатын бұйым. Көшпелі халық өмірінде киіздің алатын орны ерекше. Киіз қазақ жеріндегі көшпелі тайпаларда б.з.б. 1- мыңжылдықта белгілі болған. Киіз Басу – дәстүрлі қазақ қоғамында дамыған киіз жасау өнері. Оған жүн талшықтарының бір-бірімен ұйыса байланысатын қасиеті негізге алынған. Фетр - (қалпақтық биязы киіз) басу процестері де Киіз Басу дәстүрлі технологиясымен бірдей. Жүн – ұйысуға бейім бірден-бір талшық. Ол ылғал мен температура әсерінен және механиклық әрекет нәтижесінде ширайды да, жасалып жатқан бұйымның көлемі кішірейіп, тығыздығы артады: Киіз Басудағы ең жоғары тығыздық 0,55 г/см3 (байпақтың табаны 0,42 г/см3), тығыздығын бұдан әрі арттырса, жүн талшықтары үзіліп, материал ыдырай бастайды. Қазіргі кезде киіз бұйымдары қауырт өркендеу үстінде, шеберлер бұйымды жасауда өте кең ауқымды киізді пайдаланады. Қазіргі заманғы әр түрлі технологияларды пайдалана отырып, сан түрлі фактуралар мен маталарды – жібек, мақта, кендір, тоқыма заттарды уйлестіре отырып, нағыз өнер жауһарларын жасап жур. Олардың ішінде – моншақ, сәнді түйме, шаш қыстырғыш, білезіктер мен белдіктер, сөмкелер, әмияндар, ұялы телефондарға арналған қаптамалар, жеңіл аяқ киім, тіпті етіктер де бар.
Киіз
басу өнері көне заманнан бүгінге дейін
жетіп отыр. Киіз басу да киіз үйдің
тұрмысқа пайдалануға келуімен тұтас.
Тіпті одан бұрынырақ келген деуге де
болады. Оған дәлел киіз үй біздің
заманымыздан бұрынғы 3000 –жылдықта
пайда болды деген деректер бар. Ал,
Шыңжаң өңірінде киіздің қай замандардан
бастап пайдаланғанын мөлшерлеуге
болатын тарихи қазба деректер де табылған
екен. Шыңжаң өлкесінің шығысындағы
бұрыңғы үйсіндердің мекені – Құмыл
өңіріндегі қара төбе қабірыстанына
зерттеу жүргізілгенде бұдан 3000 –
3600 жыл бұрын астына киіз төселіп, тері
киімдермен оралып көмілген әйелдің
мүрдесі табылған. Тіпті таңғаларлығы
сол қабірлерден қазір де әжелеріміз
істейтін ызылған құрлар, жіптер, ақ,
қара, жолақты ұсақ шақпақты жүн кездеме,
шұғалар табылған. Міне осы деректерге
қарап халқымыздың жүнді пайдаланып
киіз басу, арқан, жіп есу, құр
ызу сияқты қолөнерінің тарихының әріден
басталғанын көреміз. Демек, киіз басу
өнері Орта Азияны қоныстанған көшпенді
ұлттардың шаруашылығының тұрмыс
мәдениетінің туындысы.Бұл халқымыздың
атадан балаға ертеден бүгінге дейін
жалғасқан тарихи тума мамандығы.Киізді
халқымыз көшпенді тұрмысының барлық
қажетіне жаратты. Мәселен, баспанасына
жабынды, басына сая, еденіне
төсеніш, үстіне киім, өлісін арулайтын,
тірісіне сән – салтанат бағыштайтын
аса қажетті тұтыну материалы болды.
Халқымыз тарихтағы хандарын да ақ киізге
көтеріп тағына отырғызған.
Фетр материалынан жасалатын бұйымдар өте әдемі тартымды көрінеді«Өнерлінің алтыны қолында, байлығы жатыр жолында»- деген, бас киім тұмарша гулдер пішу үшін, фетр материалын қолдануға болады. Қолдан тігілген бұйымдар кімді де қызықтырмай қоймайды. Сондықтан үлгі сызбасын қағазға түсіру арқылы фетр материалынан әртүрлі бұйымдар жасаймыз жасаймыз.
Жүн дегеніміз жануарлардың мата, киіз-шұға бұйымдарын жасауға жарамды және белгілі бір физикалық қасиеттері бар түк. Жүннен жасалған бұйымдар гигиеналық тазалығымен, сыртқы түрінің әдемілігімен көзге түседі және оларды халық көп тұтынады. Қойдан немесе тері шикізаты өңдеуге жіберілетін қой терісінен қырқып алынған жүн табиғи жүн деп аталады.
Фетр матаны өңдеу технологиясы жүнді өңдеу технологиясымен бірдей болып келеді. Фетраға көбіне синтетикалық маталар көп араластырады. Бұл материалды көбіне әйел адамның аксессуарларларына, түйреуіш, қалпақ , сөмке, ойыншықтар, сырмақ, паннолар, картиналар жасауға қолданады. Фетр әр түрлі болады: таза жүні, жартылай жүнді, эко фетр, акрилді ферт, жасанды фетр, синтетикалық фетр және пішінді жақсы ұстайды.
Фетр материалынан әртүрлі бұйымдар тігу мына кезеңдерден тұрады.
1.Сурет таңдау, эскизін салу.
2. Материал дайындау.
3. Сызбасын сызу, пішіп алу.
4. Тігістер жайлы мағлұмат беру. 5. Пішім бойынша бұйымды тігу. 6. Синтепон материалмен ішін толтырып тігу. 7. Әсемдеу жұмыстары.
"Фетра материалынан жұмсақ ойыншық тігу" нұсқау карта
|
Жұмыстың мазмұны |
Дайындалуы |
Қажетті жабдықтар |
1 |
Суретті таңдау,эскиз жасау
|
|
А 4 форматтағы қағаз, қарындаш, өшіргіш, қайшы |
2 |
Материалдарды дайындау |
|
Түрлі түсті фетра материалы, қайшы, ине, жіп, синтепон. |
3 |
Сызбасын сызу, пішу
|
|
Дайын сызба, қайшы |
4 |
Тігістер жайлы мағлұмат беру |
|
|
5 |
Пішім бойынша жұмсақ ойыншықты тігу |
|
Түрлі түсті фетра, жіп, ине, қайшы |
6 |
Дайын жұмысты синтепонмен немесе мақтамен толтыру Дайын ойыншық. |
|
Синтепон |
Қажет материалдар
-фетр материалы (синтетикалық фетр);
-ине, жіп, қайшы;
-синтепон.
Сарамандық жұмыс.
1. Техника қауіпсіздік ережелерін естеріне салу.
2.Эскиз бойынша қажетті сызбаны пішу.
3. Сарамандық жұмыс барысында суреттердің дұрыс салынуын, қателіктерді болдырмау жолдарын қадағалау.
4. Жеке оқушылармен жұмыс.
Инемен,
қайшымен жұмыс кезіндегі қауіпсіздік
ережелері:
•
Қайшы өткір болу керек.
• Қайшының
жүзін жабық түрге келтіріп, партамыздың
оң жағына қоямыз.
• Қайшыны ұсынар
кезде сабымен ұсын.
• Инені арнайы
жастықшаға шаншы, өйткені инені жоғалудан
сақтайды, егерде инені жоғатып алсаң
мұғалімге ескертіп тауып ал.
• Инемен
тіккенде аузыңа салма, киімге қадама.
•
Сынған инені жерге тастама, ешкімді
зақымдамайтын жерге таста.
• мата,
былғары, тағы басқа жұмсақ материал
қалдықтары, фурнитура - түймелер,
ілгектер, ойыншықтың көзін, мұрнын салу
үшін қолданылатын арнайы фурнитуралар,
инелер (ойыншықтың көлеміне байланысты),
қайшылар, біз, түймелер, картон (фурнитураны
монтаждауға).
• тігінге арналған
бор, сызғыш, үшбұрыш, метр, жіп, мақта,
синтепон, паралон.
Сабақтың тақырыбы: «Фетр материалынан тұмарша тігу » қорытынды сабақ.
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Ойыншық тігудің жаңаша әдіс-тәсілі жайлы алған білімдерін қорытындылап,өнерге деген қызығушылығын ояту.
Дамытушылығы: Оқушылардың ізденушілігін, шығармашылық
қабілетін дамыту, сөйлеу мәдениетін
қалыптастыру.
Тәрбиелігі: Қолөнер туындыларын қастерлеуге,
ұжымшылдыққа, әсемдікке, біткен бұйымға
талдау жасауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Қорытынды сабақ
Сабақтың әдіс- тәсілі: Сұрақ- жауап, шығармашылық жұмысты
қорғау,топпен жұмыс.
Көрнекілігі: Интерактивті тақта (көрсетілім арқылы )
Панно, картина,фетрадан жасалған бұйымдар.
Керекті құрал жабдықтар: Оқушылардың жасаған ойыншықтары.
Пайдаланған техникалық
құрал: Интерактивті тақта
Пәнаралық байланыс: Әдебиет, тарих, бейнелеу,музыка.
Барысы: Ұйымдастыру кезеңі
а) Оқушылардың қатысын тексеру.
ә) Керекті құрал- жабдықтар дайындау.
б) Оқушылардың жеке жұмыстарын талдау жасау.
1.Кіріспе. Бейне ролик. Ойыншықтар әлеміне саяхат (фетр материалынан жасалған жұмсақ ойыншықтар көрсетіледі)
Слайд
Фетрден жасалған жұмсақ ойыншықтардың суреттері
Ойыншық – баланы жан-жақты тәрбиелеу мақсатына пайдаланылады. Баланың дүниетанымын кеңейтуге көмектеседі,белгілі бір мақсаттағы, ойластырылған әрекетке үйретеді, қиялын дамытып, еңбекке сүйіспеншілігін, техникаға қызығушылығын, білуге құмарлығын, аңғарғыштығын қалыптастырады, талғампаздыққа тәрбиелейді, өнерге ынталандырады. Ойыншықпен ойнауға белгілі жағдайда педагогикалық, эстетикалық, гигиеналық, техникалық талап қойылады,сондай-ақ ол баланың жас ерекшілігіне қарай өзгеріп отырады.
Жүн дегеніміз жануарлардың мата, киіз-шұға бұйымдарын жасауға жарамды және белгілі бір физикалық қасиеттері бар түк. Жүннен жасалған бұйымдар гигиеналық тазалығымен, сыртқы түрінің әдемілігімен көзге түседі және оларды халық көп тұтынады. Қойдан немесе тері шикізаты өңдеуге жіберілетін қой терісінен қырқып алынған жүн табиғи жүн деп аталады.
Фетр матаны өңдеу технологиясы жүнді өңдеу технологиясымен бірдей болып келеді. Фетрға көбіне синтетикалық маталар көп араластырады. Бұл материалды көбіне әйел адамның аксессуарларларына, брош, қалпақ , сөмке, ойыншықтар, сырмақ, паннолар, картиналар жасауға қолданады. Фетр әр түрлі болады: таза жүні, жартылай жүнді, эко фетр, акрилді ферт, жасанды фетр, синтетикалық фетр.
Сұрақтар
Шеңберге тұру
1.Жұмсақ ойыншықты қандай материалдардан тіккен дұрыс?
2.Қонжық ойыншығы қандай бөлшектерден тұрады?
3. Қонжын ойыншығын тігуді рет-ретімен атап өт.
4.Жұмсақ ойыншықты тігуге қажетті құралдарды ата.
5.Қандай тігіс түрлерін білесің?
6.Инеге жіпті сабақтағанда ұзындығы қандай болу керек?
7.Қайшыны қалай ұсынған дұрыс деп ойлайсың?
8.Матаның қандай түрлерін білесің?
Оқушылардың жеке шығармашылық жұмыстарына талдау жасау.
Шығармашылық жұмыс ,интерактивті тақтамен көрсетілім арқылы қорғалады.
1.Оқушылар ойыншықтар туралы мәліметтер береді.
2.Оның пайдасы немесе зины туралы айтады.
3. Жасалған ойыншық.
Сабақты қорытындылау.
Қорытынды сабақтың қай кезеңі қызықты болды? (оқушы пікірін тыңдау ).
Сендердің жасаған ойыншықтарың қазіргі таңда, үлкен сұранысқа ие болады деп сенемін. Бұл уақыт талабы,сондықтан жастар өнерді сұраныспен жұмыс жасап, ізденіс үстінде болу қажет.
Оқушылардың жасаған жұмыстары ерекше аталып, оқушылар марапатталды.
Қорытынды
Оқушыларды өнерге баулу, өз елін,жерін, халқын сүю, салт-дәстүрін бағалай білуге үйретеді. Қол өнерді жасап байыту арқылы адамның жан дүниесі, ақыл-ойы, ой-қиялы, іскерлігі, шеберлігі, ұқыптылығы дамып отырады. Бүгінгі таңда, халық шеберлері тың ойларды туғызып, оны жаңа мазмұнмен жаңаша әдіспен жасап, жетілдіріп, жаңғыртып келеді. Үйірме жұмысында әрбір сабақты көрсетілім жасау арқылы және жасаған жұмыстарынан көрмелер ұйымдастыру, оқушылардың еңбекке деген құлшынысын арттырады. Қорыта келгенде , еңбекке үйрету, іс әрекетті ойлау, есте сақтау, жан- жақты дамыған тұлғаны , шығармашылық қабілетті , көркем өнерлік талғамды қалыптастыруға тәрбиелейді.
Пікір
«Созақ» жалпы орта мектеп- гимназиясының технология пәнінің мұғалімі Исаева Нагира Мұхитқызы 4 жылдан бері еңбек етіп келеді. Осы жылдар ішінде өз пәнін жетік меңгерген, ұстаз ретінде танылып, оқу бағдарламасын талапқа сай меңгертіп, өмірде алған білімдерін пайдалануға баса назар аударады. Қыры мен сыры мол технология мамандығына мектептен бастап қызығушылығын арттыру мақсатында жаңа ақпараттық технолгияны пайдалана отырып, түрлендіріп сабақ өтеді.
Созақ ауданының 90- жылдығына орай "Гүлденген құтты мекен Созағым" атты өнер байқауында ІІІ-орын, аудандық "Туған жерге тағзым" айдарымен өткізілген өнер фестивалінде мадақтамамен марапатталды. Сонымен қатар "Сабаннан жасалған панно", " Табиғи материалдан композиция құрастыру " ашық сабақтары мақсатына жеткен сабақтар болды. "Шебер қолдар" үйірмесіне өткен «Фетр материалынан жұмсақ ойыншық тігу» қорытынды ашық сабағы фетрден ойыншық жасау жайлы білімдерін тиянақтау, оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту, жан-жақты ізденуге негізделген. " Үйірме оқушыларына жасанды киізден (фетра материалынан) ойыншық тігуді үйрету "тақырыбындағы баяндамасы эстетикалық пән -әдіс бірлестігінде талқыланып, аудандық педагогикалық оқуға ұсынылды.
Эстетикалық пән- әдіс бірлестік жетекшісі: Тұрсынбаева.П
Пайдаланған әдебиеттер:
1. "Шаңырақ энциклопедиясы" 1991 жыл.
2. Қазақстан мектебі. Алматы, Дәуір, 2009ж. № 6.
З. Әбілова. Оқушыларға эстетикалық тәрбие беру. Алматы 1986.
4.
К. Кожахметова, С. Ұзақбаева. Эстетикалық
тәрбие берудің ұлттық негіздері. Алматы
1985.
5.
М. Касымов, Г. Райымбекова. Оқушыларға
рухани эстетикалық тәрбие берудің
мазмұны. http.www.tarsu.kz
6.
Мектептегі технология 2018 ж. №2, 9 бет.
Аңдатпа
Мемлекеттік жалпы білім беру стандартының талабына сәйкес технология сәндік қолданбалы өнер пәнінен қолөнер бұйымдарын жаңаша әдіс- тәсілдермен үйрету және халықтық педагогикамен ұштастыру, қазіргі таңдағы мұғалімдердің өзекті мәселесі.
Аннотация
По требованиям Государственного общеобразовательного стандарта главной проблемой учителей технологии является организация различных методов и использованые их на уроках, учить новым технологиям ручного изделия, связывая с народной педагогикой.
Annotation
According to requirements of the state general education standard the main problem of teachers of technology is the organization the various of methods and their use at lessons, to teach new technologies manual product, connecting with national pedagogics

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген