400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 26 материал табылды

Үйкеліс күші

Материал туралы қысқаша түсінік
ашық сабақ
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сыныбы: 7

Пәні: физика және астрономия

Сабақтың тақырыбы: §32. Үйкеліс күші

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға үйкеліс күшінің қандай күш екенін, түрлерін және оның табиғат заңдарындағы маңызын, өмірмен байланыстырып түсіндіру.

Дамытушылық: Мысалдар келтіре отырып, оқушылардың ой-өрісін ғылыми ой қорытындыларын жетілдіру, өз ойларын сөзбен жеткізуге дамыту.

Тәрбиелілік: Өз білімдерінің нәтижесінде өздерін бағалай білуге тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Жаңа тақырыпты түсіндіру

Сабақтың түрі: Аралас

Әдіс-тәсілдері: Ауызша баяндау, сұрақ-жауап.

Пәнаралық байланыс: Табиғаттану, техника

Сабақтың көрнекілігі: Слайдтар, суреттер.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру

ІY. Оқулықпен жұмыс

Y. Жаңа сабақты бекіту

YІ. Сабақты қорытындылау (бағалау)

YІ. Үйге тапсырма

І. Ұйымдастыру.

1. Оқушылармен сәлемдесу.
2. Оқушыларды түгелдеу

3. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару

4. Оқушыларды 3 топқа бөліп отырғызу


ІІ. Үй тапсырмасын сұрау


ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру

Шананы қара жолмен сүйрегеннен гөрі мұз бетімен, қар үстімен сүйреген ыңғайлы. Тетік - бөлшектері майланбаған велосипедті тебу де, тұрмыстық жиһаздарды еден бетімен жылжыту да қиынға түседі. Жол бойымен келе жатқан машинаның қозғалтқышын жүргізуші өшіргеннен кейін ол тоқтайды. Мұз айдынында коньки теуіп жүрген бала да, төбешіктен сырғанап түскен шана да, домалап келе жатқан доп та біраздан соң тоқтайтын болады. Бұл тәжірибелер бір дене екінші дененің бетімен қозғалған кезде қозғалыс жылдамдығына қарама – қарсы бағытталған және дененің қозғалысына кедергі жасайтын күш пайда болатынын көрсетеді.

Бір дене екінші дененің бетімен қозғалған кезде пайда болатын күш үйкеліс күші деп аталады. Үйкеліс күшін       әрпімен белгілейді.

Дененің өзі жанасып тұрған бетке (жанасу бетіне перпендикуляр) түсіретін күшін нормаль қысым күші деп атайды. Оны    әрпімен белгілейді.   

Үйкеліс күші қысым күшіне тура пропорционал:

        

үйкеліс күшінің модулі;

үйкеліс коэффициенті;
 – қысым күшінің модулі.

Әр түрлі материалдар жұбы үшін сырғанау үйкеліс коэффициентінің мәндері

Үйкелісетін денелер

Үйкеліс коэффициенті

Ағаш мұз бетімен

0,0035

Болат мұз бетімен

0,015

Ағаш ағаш бетімен

0,07-0,50

Металл ағаш бетімен

0,1

Металл металл бетімен

0,15-0,20

Техникада үйкеліс әрекетін ескеру

Үйкелетін денелер

Үйкеліс коэффициенті

Құрғақ асфальтта

0,6

Ылғал асфальтта

0,4

Құрғақ бетонда

0,95

Ылғал бетонда

0,85

Қара жолда

0,5 (0,3)

Құм төсеніште

0,7 (0,5)

Мұздақ жолда

0,15

IY. Оқулықпен жұмыс

14-жаттығу

  1. Неліктен ауыр дорба көтеріп келе жатқанда, тайғанақ жолда жүру оңайырақ?

  1. Жалпы массасы 1т болатын жүгі бар шананы ат мұзбен сүйретіп келеді. Шана табаны мен мұз арасындағы үйкеліс коэффициенті 0,05. Ат арбаны қандай күшпен тартып келеді?

  1. Массасы 70 кг шкафты орнынан жылжыту үшін қандай күш жұмсау керек? Үйкеліс коэффициенті µ=0,3.

Y. Жаңа сабақты бекіту

YІ. Сабақты қорытындылау

Сырғанау үйкеліс күші үйкеліске түсетін денелердің табиғатына тәуелді болады. Сырғанау үйкеліс күшінің модулі қалыпты қысым күшінің модуліне тура пропорционал: Fүйк.=μN Тәжірибелер үйкеліс коэффициенті жанасушы денелердің аудандарына тәуелсіз, жанасатын денелердің қандай материалдан жасалғанына тәуелді болады. Дененің жылдамдығы аз болса, жылдамдыққа тәуелсіз, ал жылдамдық артқан сайын үйкеліс жылдамдыққа тәуелді артады. Домалау үйкеліс күші де сол сырғанау үйкеліс күші бағынатын заңға шартты түрде бағынады.

YІІ. Үйге тапсырма:

§32. Үйкеліс күші.  14-жаттығу.

VІІI.Оқушыларды бағалау



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
28 желтоқсан
649
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі