400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 12 материал табылды

Үйкеліс күші. Үйкелістің түрлері

Материал туралы қысқаша түсінік
физикадан сабақ жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

7.3А Үйкеліс

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 7

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Үйкеліс күші. Үйкелістің түрлері (тыныштық, домалау, сырғанау)

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

7.1.2.4 зерттеу жүргізу кезінде айнымалы және тұрақты шамаларды анықтау;

7.2.2.14 тыныштық, домалау және сырғанау үйкелістерін ажырату

Сабақ мақсаттары

  1. Үйкелістің анықтамасын, өлшем бірлігін білу

  2. Үйкелістің түрлерін біліп, ажырату

  3. зерттеу жүргізу кезінде айнымалы және тұрақты шамаларды анықтау

Жетістік критерийлері

  1. Үйкелістің анықтамасын, өлшем бірлігін атайды

  2. Үйкелістің түрлерінің ұқсастығы мен айырмашылығын атайды

  3. зерттеу жүргізу кезінде айнымалы және тұрақты шамаларды анықтайды

Тілдік мақсаттар


Арнайы пәндік лексика және терминология: үйкеліс, тыныштық, домалау және сырғанау үйкелістері, үйкеліс коэффициенті, реакция күші.

Диалог үшін пайдалы сөйлемдер:

Бір дене басқа дене бетімен қозғалғанда…..Сырғанау үйкеліс күші –….пайда болады

Үйкеліс-жанасатын беттердің қандай материалдан жасалғандығына,…

тәуелді болады.

Менің ойымша, .....

Үйкеліс күші...................... тәуелді, бірақ ....

Құндылықтарды дарыту




  • Академиялық әділдікке тәрбиелеу;

  • Жауапкершілікті дамыту;

ЖА білу және түсіну:

  • Жаһандылық және тәуелсіздік

ЖА құндылықтары:

-Қоршаған ортаға қамқорлық және орнықты дамуға ынта

ЖА дағдылары:

Өз-өзіне сенімділік және рефлексия дағдылары

Пәнаралық байланыстар

математика

АКТ қолдану дағдылары

https://www.youtube.com/watch?v=lZp6OSH8JIw

Бастапқы білім


Серпімділік күші

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы


Сәлемдесу

Топ басшылары бір-біріне тілек айтады.

Үй тапсырмасы:

Жұптық жұмыс

ҚБ: Жұлдызша арқылы

Жаңа тақырыпты ашу үшін ахуал туғызу мақсатында мультфильм көрсетіледі.

Мультфильм көрген соң сұрақтарға жауап алынады.

  • Не байқадыңдар?

  • Неге шаңғының табанын майлайды?

Сұрақтардың жауаптарынан кейін сабақ тақырыбы мен мақсаттары айтылады.

Үйкеліс күші. Үйкелістің түрлері (тыныштық, домалау, сырғанау)

  1. Үйкелістің анықтамасын және өлшем бірлігін білу

  2. Үйкелістің түрлерін біліп, ажырату

зерттеу жүргізу кезінде айнымалы және тұрақты шамаларды анықтау



















https://www.youtube.com/watch?v=lZp6OSH8JIw


Сабақтың ортасы




























































































«Ойлан, топтас, талқыла» әдісі

Топтық жұмыс

1 топ: Оқулықты қолданып, кестені әр оқушы жеке толтырады.Жұмысты жеке орындағаннан соң жұпта тексеру,қорғау

  1. Анықтамасы

  2. Пайда болу себептері

  3. Түрлері

  4. Белгіленуі

  5. Өлшем бірлігі

  6. Бағыты

  7. Есептеу формуласы

  8. Қандай шамаларға тәуелді

Анықтамасы

Бір дене екінші дененің бетімен қозғалған кезде пайда болатын күш үйкеліс күші деп аталады

Пайда болу себептері

Себептері

-жанасатын беттердің кедірбұдырлығы;

- жанасатын беттер молекулаларының өзара тартылысы;

Түрлері

-сырғанау (шаңғышы қар бетімен сырғанағанда)

-тыныштық (денелер бір-біріне қатысты тыныштық қалпын сақтаса)

-домалау(доңғалақтардың айналуы жағдайында)

Белгіленуі

Fүйк

Өлшем бірлігі

1Н

Бағыты

Қозғалысқа қарама-қарсы

Есептеу формуласы

Fүйк=µN.

Қандай шамаларға тәуелді

- жанасатын беттердің қандай материалдан жасалғанына

- жанасатын беттердің өңделі сапасына

- бір беттің екінші бетке түсіретін қысым күшіне

2 топ: Үйкелістің түрлері, суреттер бойынша үйкелістің түрін ажыратады

3 топ:. Күнделікті өмірде үйкелістің пайдасы мен зияны туралы ой бөліседі


4 топ: Техникада үйкеліс әрекетін ескеру


ҚБ: Жұлдызша арқылы

Жеке жұмыс. Деңгейлік тапсырмалар

А деңгей

1. Массасы 50 кг денені орнынан жылжыту үшін қандай күш жұмсау керек? Үйкеліс коэффициенті 0,3

2. Жалпы массасы 1т болатын жүгі бар шананы ат мұзбен сүйретіп келеді. Шана табаны мен мұз арасындағы үйкеліс коэффициенті 0,05. Ат арбаны қандай күшпен тартып келеді?

3. Массасы 70 кг шкафты орнынан жылжыту үшін қандай күш жұмсау керек? Үйкеліс коэффициенті 0,3.

4. Егер дене мен горизонталь жазықтық арасындағы үйкеліс коэффициенті 0,2 болса, массасы 3 кг болса, үйкеліс күшін анықта?

В деңгей

1. Дененің нормаль қысым күші 600 Н сол дене 240 Н үйкеліс күш әсерінен бірқалыпты қозғалып келеді. Үйкеліс коэффициентін тап.

2. Шананы қар үстімен сүйрегенде жұмсалатын ең үлкен күш 0,5 кН болады. Үйкеліс коэффициенті 0,1. Осы күштің әрекетінен бірқалыпты қозғалатын жүк тиелген шананың массасын тап.

3. Массасы 500 г дене 200 Н күштің әсерінен жазық бетте бірқалыпты қозғалып келеді. Үйкеліс коэффициенті неге тең?

4. Егер динамометр 200Н күшті көрсетсе, үйкеліс коэффициенті неге тең. Дененің массасы 32 кг.

С деңгей

1.Көлемі 2м3  тіктөртбұрышты ағаш білеушені орнынан қозғалту үшін қандай үйкеліс күшпен итеру керек? Үйкеліс коэффициенті 0,5.

2. 10х20х20м болатын болат білеушені орнынан қозғалту үшін қандай үйкеліс күшпен итеру керек? Үйкеліс коэффициенті 0,8.

3. Ауданы 2м2 және биіктігі 4м болатын мұз кесегін орнынан қозғалту үшін қандай үйкеліс күшпен итеру керек? Үйкеліс коэффициенті 0,3 тең.

4. Көлемі 5см3 тіктөртбұрышты ағаш білеушені орнынан қозғалту үшін қандай үйкеліс күшпен итеру керек? Үйкеліс коэффициенті 0,7 тең.

Дескрипторлар:

1. Есептің шартын дұрыс жаза алады.

2. Формулаларды дұрыс таба алады.

3. Есептеуді дұрыс жүргізе алады.

«Сұрақ ілмегі» әдісі

1. Көктайғақта жолға неге құм себеді?

2. Футболшы киетін аяқкиімнің табанына үшкір шегелер қағылады. Оның қажеті не?

3. Неліктен тірі балықты ұстап тұру қиын?

4. Бәтеңкенің жібек бауы, мақта бауға қарағанда оңай шешіліп қалады. Неге?




















































































Топтарға тапсырма.doc

Сабақтың соңы



Кері байланыс. «Көңілді шырша.»

Оқушылар ҚБ қолданған жұлдызшалармен шыршамызды безендіреді.

Жұлдызшаға сабақтан алған әсерін жазады

Үй тапсырмасы: §18 оқу, 6-7 жаттығу, «Табиғаттағы үйкеліс» тақырыбына эссе



Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
24 желтоқсан
2247
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі