400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Үйлесімділік- оқушылардың табысты оқуының алғышарты

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімдерге əдістемелік көмек ретінде
Материалдың қысқаша нұсқасы

Білім беру бағдарламасын жаңарту тұрғысынан «үйлесімділік» - оқушылардың табысты оқуының алғышарты

Бүкіл әлемде білім беру жүйелерінің келешек ұрпаққа қандай білім беретіні туралы мәселе қайта қаралуда. Осы мәселе аясында «Балалар ХХІ ғасырда табысты болу үшін нені оқыту керек?» және «Оқытудың тиімді әдістері қандай?» деген сияқты негізгі сауалдар туындайды. Бұл сауалдар білім беру бағдарламасымен және білім беру бағдарламасын жүзеге асыруда пайдаланылатын педагогикалық әдістемелермен тығыз байланысты.

Оқушылар табысты оқуы үшін мұғалімдер бұл үш компонент – оқу бағдарламасы, оқыту тәсілдері мен бағалау жүйесі қалай үйлесетінін толық білуі маңызды.

Орта білім мазмұнын жаңарту аясында әзірленген оқу бағдарламалары оқушылардың бір сыныптан екінші сыныпқа өтуі кезінде білімі мен дағдылары қайталанып тексеріліп отыратын спиральділік қағидаты бойынша құрылған оқу бағдарламасы моделіне негізделген.

Спиральді білім беру бағдарламасының басымдықтары:

• оқушы пәнді қайталап оқыған сайын ақпарат толықтырылып бекітіліп отырады;

• спиральді білім беру бағдарламасы жеңіл идеялардан анағұрлым күрделі идеяларға қисынды жолмен ауысуға мүмкіндік береді;

• оқушыларды соңғы оқу мақсаттарына қол жеткізу үшін бұрын алған білімдерін қолдануға жетелеу ұсынылады.

Спиральді білім беру бағдарламасының құрылымы орыс тілінде оқытатын мектептердегі қазақ тілі бойынша оқу бағдарламаларындағы (1-11-сыныптар) бөлімдерден және Жалпыеуропалық тіл құзыреттілігін бағалау жүйесінен анық көрінеді.

Оқу жоспары көптеген орта мерзімді жоспарлардан, яғни бөлімдерден тұрады, олардың әрқайсысы оқу кезеңінің бірнеше аптасына дейін қамтуы мүмкін. Бұл мұғалімге оқушылардың осы уақыт ішінде тізбектелген сабақтар топтамасы аясында қалыптастырып, дамытуы тиісті білім мен дағдыларды толық меңгеруге мүмкіндік береді.

Орта мерзімді жоспардың бірінші парағында осы бөлімді бастардың алдында оқушылар біледі деп күтілетін алдыңғы білімі, бөлімнің мәнмәтіні және бөлімнің қысқаша сипаттамасы жазылады. Бұл оқу бағдарламасынан алынған оқу мақсаттарына сәйкес келетін, сабақ кезінде қолдануға ұсынылған бірқатар жаттығумен бірге беріледі. Белгілі бір тақырып үшін ұсынылған барлық жаттығуларды бірден алдын ала зерделеп шығу пайдалы болмақ. Бұл ретте өз оқушыларыңыздың қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында кез келген жаттығуды өзгертуге болатынын естен шығармау қажет. Сонымен қатар, оқушыларға орындау оңай немесе қиын болатындығын ескере отырып, белгілі бір жаттығуларды орындауға көбірек уақыт беріп, ал кейбіреулеріне аз уақыт беру мәселесін де алдын ала шешіп алған дұрыс болады. Сабақ жоспарына орындау міндетті болып табылатын бұйрық нысанындағы құжат ретінде емес, жолсілтер көмекші ретінде қараған маңызды екенін айта кеткен орынды болар.

Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағында қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар үлгілері мен әр пән бойынша тапсырманы орындау үшін нақты қадамдарды анықтайтын дескрипторлар көрсетіледі. Сонымен қатар, жинақта қалыптастырушы бағалау үдерісі туралы анықтама беріліп, тапсырмаларға арналған дескрипторлар көрсетіледі, белгілі оқу мақсаттарына сәйкестендіріліп жасалған бағалау критерийлері ұсынылады және қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырма құрастыру кезеңдері анықталады.



«Қазақ тілі» пәнінің маңыздылығы

Қазақ тілі – Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі. Мемлекенттік тіл – еліміздегі халықтар бірлігінің негізгі факторы, ұлтаралық қарым-қатынастың ұйытқысы. Қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде құрметтеу- Қазақстанда тұратын барлық халықтың негізгі міндеті. Тіл- халақтың жеңістері мен жетістіктерінің, ұлттық құндылықтыры мен өмір сүру салтының көрінісі.

Мектепте оқытылатын «Қазақ тілі» пәнінің білім деңгейі, ой-өрісідамыған, өз ойын еркін жеткізе алатын, туындаған мәселелерді шеше білетін, өмірге бейім, жаңашыл ұрпақ тәрбиелеуге негіз қалайды. Бүгінгі қоғам еліміздің білім беру жүйесінен көп тілді меңгерген дара тұлғаны қалыптастыруды талап етуде. Әрбір қазақстандықтың үш тілді қатар білуіне арналған тіл саясатына сәйкес, сол үдерістің өзегі болып табылатын мемлекеттік тілді оқыту үдерісін жетілдіруді қажет етеді.

«Қазақ тілі» пәніне арналған бағдарлама білім берудің ұлттық жүйесін халықаралық стандарттарға негіздей отырып, еліміздің алға қойып отырған іргелі міндеттеріне сай және қоғамдағы әлеуметтік –экономикалық үдерістерді, ұлттардың бейбітшілік пен келісім өмір салтын қалыптастыру саясатын ұстану қағидаларын басшылыққа ала отырып, мемлекеттік тілді оқытудың тиімді әрі сапалы жүйелерін қалыптастыруды көздейді.

Бастауыш сынып оқушыларына қазақ тілін сөйлесім әрекеті арқылы мәдениетаралық қатысым құралы ретінде меңгерту, оқушылардың сыни тұрғыдан және ойлау дағдыларын қалыптастыру, олардың әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік- қоғамдық, әлеуметтік - мәдени орталарда тілдік шектеуді сезінбей, өзін еркін ұстауына мүмкіндік туғызу- негізгі ұстаным болып табылады.

Қазақ тілі пәнінен оқыту үдерісі тыңдалым, оқылым, жазылым, айтылым әрекеттері арқылы жүзеге асырылады. Оқу үдерісінде жүйелі жүргізілетін сөздік жұмысы, әңгіме оқу, мәтінмен жұмыс жасау, өлеңдер жаттау, жағдаяттық тапсырмалар орындау, постерлермен жұмыс істеу, сақналық қойылым дайындау т.б. белсенді әдістерді қолдану барысында оқушылардың сөздік қоры жетілдіріледі. Бастауыш сыныптардағы қазақ тілі пәнін оқытуда оқушылардың жас ерекшеліктері және қоршаған ортаны қабылдауға қатысты психологиялық жай- күйі ескеріледі.

«Қазақ тілі» пәні бойынша оқу бағдарламасының мақсаты

«Қазақ тілі» пәнін оқытудың түпкі мақсаты – мемлекеттік тілді қадірлейтін, оның қоғамдық мәнін түсінетін және тіл нормаларын сақтап дұрыс қолдана білетін жеке тұлға қалыптастыру.

«Қазақ тілі» пәні бағдарламасы оқушының тіл сауаттылығы мен сөз байлығын, басқалармен қарым-қатынасқа еркін түсуді және оқушының ойлау қабілеті мен дүниетанымдық дағдыларын кеңейтуді көздейді.Бағдарламаның білім мазмұны қазақ тілі арқылы оқушыларға қазақ халқының материалдық және рухани мәдениетін, қазақ халқының салт – дәстүрін, қазақша сөйлеу әдебін, қазақ әдебиеті үлгілерін меңгертуді көздейді және алған білімдерін өмірдің қажетті жағдайларына сай қолдана бюілуге үйретеді.

«Қазақ тілі» пәні оқушыларды қазақша өз ойын, сезімін білдіруге, танып- білген нәрселерін қазақша санасына түюге пікір алысуға, оқыған, көрген не білген нәрселері туралы достарымен, үлкендермен өз ойымен бөлісуге армандары мен мақсаттары туралы ойын еркін жеткізіп айта білуге репродуктивтік, продуктивтік, проблемалық, шығармашылық жаттығуларды орындата отырып үйретеді.Аудиовизуалды оқу материалдарын тыңдап, түсініп, көріп берілген мазмұндағы негізгі ойды анықтайды және оған қатысты өз көзқарасын ауызша немесе жазбаша түрде білдіреді. Көркем –әдеби, ақпараттық таным

ымдық сипаттағы мәдениеттерді өзінің оқу мақсатына сай іріктеп, оқу тапсырмасы бойынша талдаулар жасап, ой қорытындысын жасауға үйренеді, қысқа мәтіндерді жазуға дағдыланады.

«Қазақ тілі» пәнін оқытудың түпкі мақсаты – мемлекеттік тілді қадірлейтін, оның қоғамдық мәнін түсінетін және тіл нормаларын сақтап, дұрыс қолдана білетін жеке тұлға қалыптастыру.

«Қазақ тілі» пәнін оқу арқылы оқушылар:

  • Мемлекеттік тілге құрмет сезімін және Қазақстан халқына деген сыйластық сезімін қалыптастырады ;

  • Қазақша сөздік қорын үздіксіз дамыту әдістерін меңгереді;

  • Қазақша сауатты сөйлеу дағдыларын қалыптастырады;

  • Сөздерді тіркестіру және жай сөйлемдер құру, айту біліктері негізінде қазақша ойлау дағдылары қалыптасады;

  • Жалпы дүниетанымдық қабілеттерін дамытады;

  • Тұрмыстық, оқу, әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік-мәдени салаларда туындайтын түрлі сөйлеу жағдаяттарына сай қарым –қатынас жасауға дағдыланады;

  • Меңгерген қазақша тілдік білім мен комуникативтік іс-әрекеттеріне сүйене отырып, өзгелермен еркін қарым-қатынасқа түседі;

  • Қазақ тілінің қоғамдық- әлеуметтік қызметін түсінеді ;

  • Тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым дағдыларын дамытады;





Үштілдік саясатын жүзеге асыру

Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдары оқушылардың функционалдық сауаттылығын, комуникативтік, лингвистикалық құзіреттіліктің негізін қалыптастырады.

Бұл мақсатқа жету үшін білім беру ұйымдары үш тілді оқытуды жүзеге асырады.

1-сыныптан қазақ, орыс және ағылшын тілдерін оқыту жүзеге асырады.

Үштілді оқу оқушының сөйлеу әрекетінің (тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым) түрлерін дамыту арқылы қазақша еркін және сауатты сөйлеу, жазу камуникативтік дағдыларын қалыптастыруға бағытталған.

«Қазақ тілі» пәні мазмұны және оқу мақсаттарының жүйесі

«Қазақ тілі» пәні мазмұны

Бағдарлама «Біз пән бойынша не білеміз және білімді қалай меңгереміз?» ұстанымы аясында ұйымдастыруды талап етеді. Пән бойынша білімді меңгеру оқу бөлімдерінде тілдік дағдыларды қалыптастыру бойынша ұйымдастырылған. Оқу бөлімдері жинақталған білім мен түсінік және дағдыларды қалыптастыру мақсаттарын көздейтін бөлімшелерге бөлінген. Оқытудың мақсаттары әр бөлімше ішіндегі сабақтастықты айқындайды. Мұғалім мен оқушыға алдағы қадамдары жөнінде өзара ой бөлісуге, оларды жоспарлау мен бағалауға мүмкіндік береді.

Жаңа бағдарламаның өзгешелігі алуан түрлі.Жаңа бағдарламада ҰМЖ,ОМЖ дайын беріледі. Әрбір тақырапта бірнеше мақсаттары (дағдылары ) берілген . Мұғалімнің міндеті сол мақсаттарға сүйене отырып, түрлі әдіс-тәсілдерді пайдаланып, сабақты қызықты өткізу.Әр сабақта оқушыларды критериалды бағалау арқылы бағалап отыру.Әр оқушы өзін -өзі бағаласа да болады.



№

Бөлім (сөйлеу ірекетінің түрлері)

Бөлімше (дағдылар)

1

Тыңдалым

1.1 Тыңдалым тәсілдерін қолдану



1.2 Лексикалық бірліктердің мағынасын түсіну



1.3 Хабарлама мазмұнын түсіну



1.4 Мәтіндегі негізгі, қосалқы ақпараттарды түсіну



1.5 Аудиовизуалды материал мазмұнын түсіну

2

Айтылым

2.1 Лексикалық қорды меңгеру



2.2 Берілген тақырып бойынша сөйлеу



2.3 Түрлі жағдаяттарда қарым-қатынасқа түсу және тіл нормасын сақтау



2.4 Тыңдалған мәтінді мазмұндау



2.5 Аудтовизуалды материалдар бойынша тіл дамыту



2.6 Оқыған / тыңдаған материал бойынша өзіндік көзқарасын білдіру

3

Оқылым

3.1 Оқу түрлерін қолдану



3.2 Мәтін мазмұнын түсіну



3.3 Жанрды және мәтін түрлерін анықтау



3.4 Сұрақтар қоя білу және жауап беру



3.5 Түрлі дереккөздерден қажетті ақпарат алу

4

Жазылым

4.1Мәтінді түрлі формада ұсыну



4.2 Тыңдаған / оқыған материал негізінде жазу



4.3 Пунктуациялық нормаларды сақтау



4.4 Каллиграфиялық нормаларды сақтау

5

Тілді қолдану

5.1 Грамматикалық нормаларды сақтау



5.2 Орфографиялық нормаларды сақтау



Бағдарламада оқу мақсаттары төрт саннан тұратын кодтық белгімен белгіленген.Кодтық белгідегі бірінші сан сыныпты, екінші және үшінші сан бөлімше ретін, төртінші сан оқу мақсатының реттік номерін көрсетеді. Мысалы , 1.2.1.1.кодында «1» -сынып, «2.1» -бөлімше, «1» -оқу мақсатының реттік саны



















ІV тоқсан (Ұұ, Үү, ң, һ дыбысы мен әріпі)

7. Тағам және сусын


Мерекелік дастархан

1.1.3.1;1.1.4.1;1.1.5.1;1.3.2.1;1.3.3.1;1.3.4.1;1.3.5.1;1.2.6.1; 1.3.1.1;

Мерекелік дастархан мәзірі

1.1.3.1;1.1.2.1;1.1.5.1;1.2.1.1;1.2.3.1;1.5.1.2;1.5.2.1;

Жемістер мен көкөністер

1.3.2.1;1.3.3.1;1.3.4.1;1.3.5.1;1.2.3.1;1.2.1.1;1.2.4.1;1.2.5.;1.5.2.2

Жемістер мен көкөністер

1.1.3.1;1.1.2.1;1.1.5.1;1.2.1.1;1.2.2.1;1.2.6.1;

Жемістер мен көкөністер

1.4.2.1;1.4.2.1;1.5.2.2;1.4.2.1;

8.Дені саудың -жаны сау

Дене мүшелері

1.1.3.1;1.1.4.1;1.2.3.1;1.3.2.1;1.3.3.1;1.3.4.1;1.3.5.1;1.3.1.1;

Дене мүшелері

1.1.3.1;1.1.2.1;1.1.5.1;1.1.4.1;1.2.3.1;1.5.1.2;

Емханаға бару

1.1.4.1;1.1.5.1;1.2.4.1;1.1.3.1;1.3.1.1;1.3.4.1;

Дәрігер қабылдауында

1.1.4.1;1.1.3.1;1.2.2.1;1.2.3.1;1.3.1.1;

Дәрігер қабылдауында

1.2.4.1;1.4.1.1;1.4.2.1;






Бөлімше

Оқу мақсаттары

1-сынып

1А деңгей

бастапқы

2-сынып

1А деңгей

орта

3-сынып

1А деңгей

жоғарғы

4-сынып

А2 деңгей

бастапқы

1.1Тыңдалым тәсілдерін қолдану

1.1.1.1 Сөзді зейін қойып тыңдау, түсіну және оған сәйкес дұрыс әрекет ету (қимыл, ым-ишараны қолдану, іс-әрекет жасау)

2.1.1.1 Ауызекі тіл және аудиовизуалды материалды тыңдау және қарапайым фразаларды түсініп қайталау

.3.1.1.1 Ауызекі тіл және аудиовизуалды мсатериалды тыңдау және жеке фразалардың мағынасын анықтау үшін сұрақтар қою

4.1.1.1 Ауызекі тіл жіне аудиовизуалды материалдарды тыңдау жіне басқа формада өзгертіп айту

1.2.Лексикалық бірліктердің мағынасын түсіну

1.1.2.1 Күнделікті өмірде қолданылатын таныс сөздердің мағынасын түсіну

2.1.2.1 Күнделікті өмірде қолданылатын таныс сөздерден құралған қарапайым фразалардың мағынасын түсіну

3.1.2.1 Күнделікті өмірде қолданылатын таныс сөздер және сөз тіркестерінен құралған шағын мәтіндерді түсіну

4.1.2.1 Құрамында таныс емес сөздер мен сөз тіркестері бар мәтіннің мағынасын контексте анықтап түсіну

1.3 Хабарлама мазмұнын түсіну

1.1.3.1 Хабарламаны тыңдау және мұғалімнің көмегімен мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беру, сәйкес иллюстрация/ заттық сурет / сызба таңдау

2.1.3.1 Хабарламаны тыңдау және сұрақтарға жауап беру, түсінгенін хабарлама мазмұнына сәйкес иллюстрация/ заттық сурет/ сызба таңдау арқылы көрсету

3.1.3.1 Хабарламаны тыңдау, мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беру және оқиға желісі бойынша суреттерді орналастыру, кесте толтыру

4.1.3.1 Хабарламаны тыңдау, мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беру және негізгі тұстарын анықтау







Тыңдалым

Мұғалім сабақты түсіндіру керек.ІІІ деңгейлік оқу бойынша қазіргі таңда біршама мұғалімдер сабақта оқушы көбірек сөйлеу керек дегенді ұран етіп алған. Есесіне мүлдем сөйлемейтін яғни сабақты түсіндірмейтін мұғалімдер пайда болды.Жаңа сабақтың өзінде оқушының өзіне салып қояды,содан кейбір оқушылар сабақты түсінбей кетіп жатыр.Бұл педогогика саласындағы ең үлкен қателік деп білемін.Мына жоспардағы тыңдалым осы қателіктің орнын толтырады деп ойлаймын. Мұғалім түсіндірмесі білімнің нағыз бастауы деп түсінемін.Әрине 45 минут сөйлеу шарт емес, алайда, оқушы түсінбеген жайттарға, ережелерге түсініктеме беру, оқушының көзін жеткізу бұл мұғалімнің міндеті. Тыңдалым түрлі дағдыда болуы мүмкін және түрлі формада болуы мүмкін.

Айтылым

Айтылым тыңдалымның нәтижесі.Мұғалім қалай түсіндірді, қандай бағыт –бағдар ұсынды соның нәтижесі.Айтылымда тыныш отырған оқушыны да сөйлету керек.Өз ойын айта алмайтын жасқаншак баланы да түрлі әдіс-тәсілдер арқылы еркіндікке жетелеу керек. Сөйлету керек.

Жазылым

Жазылымда практикалық жұмыстар жүргізіледі. Оқушының түсінгенін, білгенін іс жүзінде іске асыру. Бұл орайда топтық, жұптық, жеке жұмыстар да атқарыла береді.Оқулықпен, тақтамен, дәптермен жұмыстар жүргізіледі.

Оқылым

Оқылым әрине сауат ашу. Оқушы қолдағы оқулықтан, түрлі кітаптар мен журналдардан оқыған деректің бәрі осы оқылымға кіреді.

Тілді қолдану

Тілді қолдану бұл сабақ тақырыбына сай соңғы тұжырымдар мен қорытынды пікірлердің айтылатын тұсы. Ауызша да жазбаша да сабақты бекіту мұғалімнің еркінде. Әдетте дәстүрлі сабақта бұл іс –әрекет мұғалім тарапынан іске асырылушы еді, қазіргі таңда оқушы тарапынан іске асқаны жөн.





ІVтоқсан

Тарау: Тағам және сусын

Тақырып: Жемістер мен көкөністер


Күні:

СЫНЫП: 1 “В”

Мұғалімнің аты:

Атабекова Шолпан


Қатысқан оқушылар

саны: 12


Қатыспаған

оқушылар саны:

Сабақ негізделген оқу

мақсаты (мақсаттары)

1.3.2.1; 1.3.3.1; 1.3.4.1; 1.3.5.1; 1.2.3.1; 1.2.1.1; 1.2.4.1; 1.2.5.1; 1.5.2.2;

Сабақ мақсаттары

1341;Мұғалімнің көмегімен мәтіннің мазмұны немесе иллюстрация бойынша қарапайым ( кім? Не? қандай? Қанша? ) сұрақ қоя білу

1.2.1.1:Танысу, өзі туралы айту, затты сипаттау үшін таныс сөз және сөз тіркестерін қолдану

1.2.5.1: Қысқа фильмдер мен тыңдалым материалдарының сюжетін өз сөзімен сипаттау

1.5.2.2: Мұғалімнің көмегімен Ә, Ө, Ү, Ұ, І, Ң, Қ, Ғ, Һ әріптері кездесетін сөздерді анықтау және жазу.




Тілдік мақсат

Жемістер мен көкөністерді ажырата алады, сөздікпен жұмыс жасай алады, сөз тіркесін жасай алады.

Қазақ тіліне тән дыбыстарды жатқа біледі.Сұрақтарға жауап бере алады.

Алдыңғы оқу

Қазақ тіліне тән дыбыстарды ажырата алады.Жемістер мен көкөністер жайында хабардар.

Жоспар

Жоспарланған

уақыт

Жоспарланған жаттығулар

Ресурстар





2 минут









10 минут

























10 минут



















10 минут











10 минут















3 минут

СЫНЫПТАҒЫ ƏРЕКЕТТЕР ТƏРТІБІ:

Оқушыларға жағымды ахуал туғызу, сәлемдесу, шаттық шеңберін құра отырып оқушыларға сәттілік тілеу.

Ширату жаттығулары:

1.3.4.1: Мұғалімнің көмегімен мәтіннің мазмұны немесе иллюстрация бойынша қарапайым (кім? Не? қандай? Қанша?) деген сұрақ қоя білу

АКТ-ны пайдалана отырып, жемістер мен көкөністердің араласқан суретін ұсынамын.Оқушыларға бұл не? деген сұрақ арқылы бүгінгі тақырыпты ашамын.Сурет арқылы жемістерді бір бөлек, көкөністерді бір бөлек ажыратамыз. Жемістер кандай? Кайда өседі? Көкөністер қандай?Жемістердің қандай пайдасы бар? Оларды қалай пайдалану керек? Жемістер қайда өседі? Көкөністер қайда өседі? Жемістерден, көкөністерден ата -анамыз не жасайды? Деген сұрақтар арқылы жан-жақты білімдерін шыңдаймын.



1.2.1.1: Танысу, өзі туралы айту, затты сипаттау үшін таныс сөз және сөз тіркесін қолдану

Екі топқа аралас суреттерді ұсынамын.Оқушылар өзі жайлы айтып, өзі ұнататын және ұнатпайтын жемістер мен көкөністерді жылдам ажыратып, «Т кестесіне» жабыстырады да сипаттама береді.Сөз тіркесін қолданады. Мысалы: Менің есімім Айнұр . Мен алма жемісін жақсы көремін. Алма тәтті. Мен лимонды ұнатпаймын , себебі ол ащы.Мен қырыққабатты ұнатпаймын.

1.2.5.1: Қысқа фильмдер мен тыңдалым материалдарының сюжетін өз сөзімен сипаттау

Жемістер мен көкөністер жайында ертегінің үзіндісін көрсетемін, оқушылар жалғасын өз ойларынан құрастырып , әңгімелеп береді. Хикая картасына салады.

1.5.2.2: Мұғалімнің көмегімен Ә, Ө, Ү, Ұ, І, Ң, Қ, Ғ, Һ әріптері кездесетін сөздерді анықтау және жазу.

Екі топка екі мәтін ұсынамын. Оқушылар мәтін ішінен қазақ тіліне тән дыбыстары бар сөздерді теріп жазады да,қазақ тіліне тән дыбыстардың астын сызады.



ТАЛҚЫЛАУ:

Оқушылардың жетістіктер деңгейін сабақ кезінде критериалды бағалау.

СЫНЫПТАҒЫ ƏРЕКЕТТЕР ТƏРТІБІ: Оқушыларға сабақ барысы жөнінде кері байланыс ұйымдастыру.

Үй тапсырмасын ұсыну

күлегештер







АКТ суреттер



You Tube,









күлегештер, стикерлер,желім











Қалам, постер, желім, суреттер, стикер



Бүкіл әлемде білім беру жүйелерінің келешек ұрпаққа қандай білім беретіні туралы мәселе қайта қаралуда.Әлемдік деңгейге шығу мақсатында үштілдік оқу жоспарын енгізіп отыр.Әрине бұл сатылап қалыптасатын жүйе.Жаңа жаңалықтарды жатырқамай қабылдасақ жақсы нәтижеге қол жеткізеріміз сөзсіз.Жаһандық білімге жол бастап жатқан балапандармыз.













Пайдаланған әдебиеттер



1.Қазақ тілі оқу бағдарламасы (орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында)

Бастауыш білім беру (оқыту қазақ тілінде емес 1-4 сыныптар үшін) 2016ж

2. «Қазақ тілі мен әдебиеті» 2015ж №3

3. «Қазақ тілі мен әдебиеті» 2016 №4

4. Мұғалімге арналған нұсқаулық. Үшінші басылым. «Назарбаев зияткерлік мектептері»ДББҰ педагогикалық шеберлік орталығы,2014ж

5. Деңгейлік бағдарламалар орталығы. Интерактивті оқыту әдісін қолданып сабақты жоспарлау. Қойлық Н.О, Жартынова Ж.А, Алматы 2014 ж

6. Мектептегі іс- әрекетті зерттеу. Әдістемелік құрал, Құдайбергенеева К.С, Алматы 2013 ж

7. Қазіргі қазақ тілі. Салқынбай А,Б Алматы 2008ж, 340 б

8. Қазақ тілін оқыту жүйесіндегі ақпараттық технология. Жүнісханова Қ.М, Дюзбина А,В Қазақ тілі мен әдебиеті орыс мектептерінде .2009ж, №7



























Жоспары



Кіріспе

І. Жаңартылған бағдарламаға шолу

ІІ. Негізгі бөлім

Жүйелі құрылған жоспар табысты сабақ кілті.

ІІІ. Спиральді білім беру жүйесі

а)Мақсатқа сай әдіс-тәсілдер

ІV. Қорытынды бөлім

а) Жаһандық білімге жол































Оңтүстік Қазақстан облысы

Сарыағаш ауданы

№73 Ө.Жәнібеков атындағы мектеп- гимназиясы











Баяндама



Тақырыбы: «Білім беру бағдарламасын жаңарту тұрғысынан «үйлесімділік» - оқушылардың табысты оқуының алғы шарты» .







Баяндамашы: Ш.Атабекова







Абай ауылы

2016 жыл





































































САБАҚ: Б.Соқпақбаев «Менің атым Қожа» повесінен үзінді

Мектеп өмірі


Күні: 18.04.2016

СЫНЫП: 5 “A”

Мұғалімнің аты:

Ахмет Исламов


Қатысқан оқушылар

саны: 11


Қатыспаған

оқушылар саны:1

Сабақ негізделген оқу

мақсаты (мақсаттары)

Мектеп өмірі туралы қазақ тілінде ойын еркін жеткізе алуын, оқушы тәрбиесінің мектеп қабырғасында алатын орнын түсінуін

Сабақ мақсаттары

«Мектеп өмірі» тақырыбы бойынша білімдерін қалыптастыру; өзіндік ерекшеліктерін таныту;

1. Есте сақтау, ойлау қабілеттерін дамыту; білім беруде АКТ-ны пайдалану; постермен жұмыс жасау;

2. Оқушының жеке тұлғалық қабілеттерін ашуға мүмкіндік беру.

3. Теориялық білімдерін практикамен ұштастыру


Тілдік мақсат

Есте сақтау, ойлау қабілеттерін дамытады; білім беруде АКТ-ны пайдаланады; постермен жұмыс жасайды; өз ойын қазақ тілінде еркін жеткізеді.

Нақты тақырыпқа арналған сөздік қор мен терминология:

Менің ұстазым, мектеп екінші үйім, білім ордам, менің достарым

Алдыңғы оқу

1. Қожаның тентектігі.

2.Қожаның жақсы оқушы болуға талпынуы.

3.Мектеп директорының оқушыларға Қожа туралы пікірі.

4. Жантастың әрекеттері.

Жоспар

Жоспарланған

уақыт

Жоспарланған жаттығулар

Ресурстар



5 минут





10 минут









10 минут





10 минут















5 минут



5 минут

СЫНЫПТАҒЫ ƏРЕКЕТТЕР ТƏРТІБІ:

Оқушыларға жағымды ахуал туғызу, (сәлемдесу, жақсы сөздермен сабаққа сәттілік тілеу)

Ширату жаттығулары:

Сабақтытың тақырыбын тірек сөздер арқылы болжау:мектеп,ауыл,мұғалім,оқушылар,тәртіп, Қазақстан,ел,т.б.

КІРІСПЕ:

Б.Соқпақбаевтің«Менің атым Қожа» повесі негізінде түсірілген көркем фильмнен үзінді көрсету арқылы оқушылардың тақырыпты түсінуін қамтамасыз ету.

ДАМУ:

Шығармадағы негізгі ойды анықтау.

Тақырыпқа байланысты суреттерді көрсету арқылы, сөз тіркестерін сұрау.

Оқу мақсатына жетпейтін немесе оқу мақсаттарымен жұмыс істемейтін оқушылыарға топпен және жеке тапсырмалар беру және оның білімін бағалап, сабаққа қызығушылығын ояту.



ТАЛҚЫЛАУ:

Оқушылардың жетістіктер деңгейін сабақ кезінде критериалды бағалау.

СЫНЫПТАҒЫ ƏРЕКЕТТЕР ТƏРТІБІ: Оқушыларға сабақ барысы жөнінде кері байланыс ұйымдастыру.

Түстер, күлегештер, стикерлер







Түрлі-түсті парақшалар мен маркерлер.



You Tube, uztaz.kz

Жинамалы экран









Түстер, бағалау парақшасы, күлегештер, стикерлер














Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
21 желтоқсан
1409
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі