400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Ұйқы фиизиологиясы" тақырыбында эссе

Материал туралы қысқаша түсінік
студентке сабақ барысында қолдануға керек болады
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұйқы ғалымдар шеше алмаған жұмбақ

Ұйқы – тынықтырады,

Жұмыс – шынықтырады.

(Халық мақалы)


Ұйқы – адам мен жануарлардың міндетті физиологиялық жағдайы. Сөздің қысқаша түсінігі – іс-әрекетке араласпай, түн мезгілінде жатып, дем алудың табиғи тәсілі.

Ұйқы өмірімізде қандай маңызға ие? Шындығында да, ұйқы адам өмірінде үлкен маңызға ие. «Ұйқыңыз тыныш болсын» деп тілек айтуымыздың өзі бекер емемс. Біле білсек, күні бойы сергек жүруіңіздің өзі тірлігіңіздің тындырымды болуына септігін тигізеді. Қалай айтқанда да мидың тыныштығы – ағзаның бірқалыпты дамуы деп тұжырым жасауға болады.

Өміріміздің үштен бір бөлігі ұйқыдан тұрады. Бұл қызық құбылыс әлемдегі психолог, невролог, антрополог мамандардың зерттеу нысанына айналды.

Толыққанды ұйқы кәсіби қызметте де, жеке өмір де де жетістікке жетуге мүмкіндік береді. Ең бастысы, ұйқы кезінде маңызды гормондар бөлінеді, күш жиналады, ми да белсендірек болады.

Байқадыңыз ба, кейде ұйқыңыз келіп отырғанда күнделікті жұмыстар өте қиын сияқты көрінеді.Ал ұйқыңыз қанып тұрған кезде, бәрі өз-өзінен шешіліп жатқандай болады. Мәселе мынада, ұйықтаған кезде жадтағы ішінара кей ақпараттар өшіп қалады. Ми күні бойы жинақталған мәліметті сараптап, қажетсізін «қоқыс жәшігіне» тастап, маңыздысын «мұрағатқа» сақтап қояды. Естеліктеріміз осылай қалыптасады. Ұйқыдан тұрған соң қабылдау қабілетіміз жақсарып, бір нәрсені үйренуге, ойды шоғырландыруға деген қасиетіміз артады. Ұйқы қанбаса, мидың кей бөліктерінің қызметі нашарлайды. Мысалы, төбе бөлігіндегі нейрондар үдерісі баяулайды, соның себебінен реакция жылдамдығында мәселе туындайды, ойды жүйелей алмай, тіпті көру қабілеті де нашарлауы мүмкін. Мидың шаршауы бүкіл негативті нәтижеге әкеліп соғады.

Зерттеушілердің сөзіне сенсек, ұйқы кезінде артық нәрселерді жою жүйесі іске қосылады. Осының арқасында улағыш заттар сыртқы шығарылады. Мәселен, Альцгеймер синдромы мен деменцияға ұшырататын күні бойы жиналған молекулярлық қоқыстан тазартамыз.

Леонардо да Винчи өте аз уақыт ұйықтаған, шамамен 2 сағатқана. Альберт Энштейн керісінше күніне 10 сағат ұйықтап, өз ғылыми жетістіктерін алдымен түсінде көрген.

Шаршап бір келген шақта күйкіменен,

Сиқырлы әлдиі мол күй тілеген,

Рахат бесігіне бөлейтұғын,

Шіркін-ай, қандай тәтті ұйқы деген!

Менің ойымша, дұрыс ұйқы- жалқаулықпен күресу, ауру- сырқау мен артық салмақтың алдын алу құралы. Дұрыс ұйықтау арқылы біз жағымсыз әдеттерімізден оңай арыламыз. Дұрыс ұйқы - денсаулық кепілі.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
21 наурыз
637
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі