400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 22 материал табылды

"Ұйқыдан кейінгі тыныс алу жаттығулары"

Материал туралы қысқаша түсінік
Таңғы жаттығулар бала денсаулығына өте маңызды.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Абай облысы Аягөз ауданы әкімдігінің аумақтық әлеуметтік көмек көрсету орталығы» КММ













«Ұйқыдан кейгі тыныс алу жаттығулары»












Әлеуметтік қызметкер: Кулатаева .Г









2022-2023 жыл.


Тақырыбы: Ұйқыдан кейінгі тыныс алу жаттығулары

Мақсаты: Баланың денсаулығын нығайту, дене бітімін жақсарту, тыныс алу жаттығуларын орындату. Танертенгі жаттығуларын жасауға қызығушылығын арттыру, қимылдың іскерліктерін жақсартуға тырысу, оларды дұрыс және дәл орындай білуге үйрету.

Көрнекіліктер: ілгекті жолдар, тастар, денсаулық кілемшілері, табандар,


Барысы:


Балақай кәне ұйқыдан тұрайық.

Ғажайып әуенді тыңдайық

Таңғы ұйқыдан оянады.

Әуенмен, әнмен тербеледі.



Көзімізді ашайық,
Бойымызды жазайық.
Қолымызды созайық,
Жаттығулар жасайық.

Жалпы жетілдіру жаттығуы:
1. Бала
төсекте жатып, бастарын оңға, солға бұрады.
2. Бала
төсекте жатып, қолды екі жаққа созу, жұдырықтап жұму.
3. Бала
төсекте жатып, велосипед тебу.
4. Қолтырауын болып, бір қырынан төсек үстінде аяқ - қолды созу.
5. Бала
мен қарсы отырып, бір - біріне қарап сәлемдесу.

Әлеуметтік қызметкер :

Балақай кәне енді тұрайық.

Тыныс алу жаттығуы:

Тыныстайық тереңнен!

Жүгірдің де қарғыдың,

Жарадың да барлығың.

Шаршадыңда дегенмен

Тыныста енді тереңнен.

Қане, «У-ф»-деп айталық

Демді ішке тартайық.

Енді «У-һ»- деп айтайық,

Демді шығар қайтарып.

Босаңсытып денеңді,

Бей-жай күйге ен енді.

Басты көтер, тік ұста

Емін-емін тыныста

Қане, «У-ф»-деп айталық

Демді ішке тартайық

Енді «У-һ»- деп айтайық,

Демді шығар қайтарып.

«Шарды үрлейміз»

Шарты: бала шарды алып, алдымен қатты, сонан соң жаймен үреді.

«Мұрынмен дұрыс тыныста, ауызбен дұрыс дем шығар»

Шарты: Бала мұрынмен терең тыныс алып, ауызбен ауаны ұртқа жинамай, жәйменен дем шығарады.


Табанды шынықтыру массаждары:
1.«Балапандар серуенге шықты» шиқ - шиқ - шиқ.
2. Табанға арналған денсаулық кілемшелерімен жүру.
3. Ілгекті жолмен жүру.
4. Тастардың үстерімен жүру.
5. Кірпі тікенектеріне ұқсас төсеніштермен жүру.
6. Табандар арқылы жүру.
Әлеуметтік қызметкер : Балақай енді беті - қолымызды жылы сумен жуып, сүлгімен сүртінейік.
Әлеуметтік қызметкер :


Балалар кәне жарты шеңберге тұрайық.
Қол ұстасып тұрайық,
Шеңберді біз құрайық.
Көріскенше күн жақсы,
Сау - саламат болайық.
Әлеуметтік қызметкер : Осымен ұйқыдан кейінгі жаттығуларымыз аяқталды. Сен өте керемет орындадың, саған көп - көп рахмет.







Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
02.04.2023
430
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі