400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Үйшік ертегісі

Материал туралы қысқаша түсінік
Ертегіні жақсы көрмейтін бала жоқ. Ертегіні тыңдауға әр балабақша балалары тыңдуға әзір.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұйымдастырылған оқу іс – әрекеттінің технологиялық картасы

Тәрбиеші :Мауленова К. А .

Білім беру саласы: «Қатынас» , «Таным », «Шығармашылық »

Бөлімдері : Көркем әдебиет .Құрастыру , Мүсіндеу .

Тақырыбы: «Ертегілер әлеміне саяхат » .

Мақсаты:Балаларға ертегілерді сахналау барысында кейіпкерлердің мінез –құлқын жеткізе білуге үйрету . Суретке көңіл қойып мазмұнын түсіне білуге үйрету.

Ертегідегі кейіпкерлердің сөз мәнерін, қимыл – қозғалысын келтіріп ойнауға үйрету . Сөздерді анық айтуға дағдыландыру, есте сақтау қабілетін дамыту .

Көрнекілік құралы : Ертегі мазмұнына сәйкес суреттер . Үй , ойншщықтар .


Іс әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

І кезең

Мотивациялық- қозғаушылық

Шаттық шеңберінен басталады :

Күн шығыпты , алақай ,

Қуанатын күн бүгін .

Қайырлы таң! Қайырлы таң !

Күліп шықты күн бүгін .

Сәлеметсіз бе ?

Бәріміз күндей жарқырайық ,

Бәріміз тату болайық!

Достығымыз жарассын, - деп келген қонақтармен амандасайық .

ІІ кезең

Ұйымдастырушылық-ізденушілік .

Бүгін бізде өзгеше сабақ болады , Біз сыйқырлы поезға отырып барлығымыз Ертегілер еліне аттанайық .

І- аялдамаға келдік – қане , мына аялдамадағы суреттерге қарап аялдаманың атын тауып көрейікші ?

Қане , балалар, біз «Шалқан » ертегісін есімізге түсірейік .

Ал, енді саяхатымызды жалғастырайық .

ІІ- аялдама – мына жерде қызық суреттер ілініп тұр , балалар . Қане, қарайықшы , бұл қандай ертегі ? Суретте не бейнеленген?

Сұрақ – жауап : - Үйшікке бірінші болып кім келді ? Тағы кімдер келді ? Үйшікте барлығы нешеу болып тұра бастады ? Соңынан кім келді ? Аю не деді?

Ғажайып сәт : Есік қағылып , аю келеді , жылап тұр .

Аю саған не болды ? Неге жылап тұрсың ?

Аюға көмектесеміз бе балалар ?

Олай болса , алдымен аюды көңілдендіріп алайық , иә , балалар?

Сергіту сәті :

Қорбаңдаған аюдың ,

Құлпынайы көп екен

Теріп - еріп алайық ,

Қалтамызға салайық

Аю сен бізбен бірге саяхатқа жүр . Біз саған келесі аялдамаға барғанда үйшігінді құрастыруға көмектесеміз .

ІІІ –аялдама Магнитті тақта орналасқан «Шұбар » тауықтың суретін көрсету .

Балалар мынау не ?

Қандай тауық ?

Олай болса , бұл қандай ертегі

Енді сендерге өтініш : менің балапандарымның қарындары ашып қалыпты ,Соларға арнап тары дайындап бересіңдер ме ?

Қане, балалар ,бәріміз бірігіп аюға үйшік құрастыруға , шұбар тауықтың балапандврына тары дайындауға көмектесеміз бе ?

Риза болған аю мен тауық балаларға алғыстарын айтады .

Балалар поездарына мініп , көңілді әуенмен топтарына қайтады .

Балалар бір бірінің иығынан ұстап , А Қалаубаеваның орындауындағы «Ертегілер»

Әнінің ырғағымен поезд болып қозғалады.

Магнитті тақтаға бекітілгенертегі кейіпкерлерінің суреттеріне қарап отырып балалар «Шалқан» ертегісі деп жауап береді .

Балалар жарты шеңбер құрып отырады .Ертегі кейіпкерлерінің маскісін киген балалар ертегіні сахналайды .

Қабырғадағы суреттерге қарап ,балалар бұл «Үйшік» ертегісі екенін айтады .

Тышқан , бақа , түлкі ең соңында аю келеді .үй құлап қалады .

Аю үйшіктің құлап қалғанын айтып, балалардан үйшікті құрастыруға көмектесуді сұрайды .

Балалар «иә » деп жауап береді

Балалар тиісті қимылдар жасайды .

Тауық.

Балалар шұбар тауық деп жауап береді

Шұбар тауық ертегісі .

Балалар жарыса иә деп жауап береді .

Балалар екі топқа бөлініп, ұлдар құрастырмалы ойыншықтардан аюдың үйшігін құрастыруға, қыздар ермексаздан шұбар тауықтың балапандарына тары дайындауға көмектеседі .

ІІІ кезең

Рефлексивті – реттеушілік .

Балалар , біз қайда бардық ? Не көрдік? Не істедік?

Саяхатымыз ұнады ма ?

Жақсы жауап берген балаларды мадақтау .

Біз сыйқырлы позға мініп, ертегілер еліне бардық , «Шалқан», «Үйшік» , «Шұбар тауық» ертегілерінің кейіпкерлерімен кездесіп, ертегілерді еске түсірдік ,

Күтілетін нәтиже:

Біледі : Суретке қарап мазмұнын айтуға үйрету .

Түсінеді : Ермексазбен , конструктордан өз еріктерімен жұмыс дағдыларын көрсетті .Сөздерді анық айтып, есте сақтау қабілеттерін дамытту.

Қолданады:ертегіге еніп, қиялдауды үйренеді .




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
04.01.2019
701
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі