400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Үйшік" ертегісі

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбиешілерге көп көмегі тиеді
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Үйшік» ертегісі.

Мақсаты: Ертегіні кейіпкерлендіре отырып, олардың мінез-құлқын келтіре білуге, сезіне білуге үйрету, жақсы мен жаманның айырмашылығын түсіндіру, достыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.

Құрал-жабдықтар: Ертегі кейіпкерлері қоян, бақа, қасқыр, тышқан, аю, түлкі атрибуттары, үй, орман макеті.

Билингвизм: Қоян-заяц, қасқыр-волк, аю-медведь, түлкі-лиса.

Балалар жарты шеңберге тұрады.

Бала, бала, баламыз,

Бақшамызға барамыз.

Күні бойы қызыққа,

Батамыз да қаламыз.

  • Балалар, сендер ертегі еліне саяхатқа барғыларың келе ме? Олай болса сендерге жұмбақ жасырайын, соны шешіңдер?

Ит сияқты пішіні,

Ұнатпайды кісіні.

(қасқыр)

Қалқиып ұзын құлағы,

Елеңдеп қорқып тұрады.

(қоян)

Өзі айлакер, өзі қу,

Жүрген жері айқай, шу.

(түлкі)

Балпаң, балпаң басады,

Қыр, жотадан асады.

Паналайды үңгірді.

(Аю)

Орманға көктем келіп, жан-жануарлар ұйқысынан оянды. Көктемнің алғашқы гүлі бәйшешектер шығып, қөбелектер ұшып жүр. Орман ішіндегі ашық алаңқайда бір кішкентай үйшік тұрған екен. Оның жанынан бір тышқан өтіп бара жатады.

Тышқан-Аяжан: Мына сүп-сүйкімді үйшікте кім тұрады екен, мен барып көрейін. Бұл үйшікте ешкім тұрмаса, онда мен тұрайын.

Бақа-Инабат: Мына үйшікте кім тұрады?

Тышқан-Аяжан: Мен тықырлауық тышқанмын, сен кімсің?

Бақа-Инабат: Мен бақылдауық бақамын.

Тышқан-Аяжан: Кел, екеуміз бірге тұрайық, көңілді болады.


Қоян-Мансұр: Мына үйшікте кім бар?

Тышқан-Аяжан: Мен тықырлауық тышқанмын.

Бақа-Инабат: Мен бақылдауық бақамын, сен кімсің?

Қоян-Мансұр: Мен қорқақ қоянмын.

Бақа, тышқан: Кел, бізбен бірге тұр, саған да орын жетеді.

Түлкі-Анел: Бұл үйшікте кім тұрады?

Тышқан, бақа, қоян: Біз тұрамыз, сен кімсің?

Түлкі-Анел: Мен қу түлкімін.

Тышқан, бақа, қоян: Түлкіжан кел, бізбен бірге тұр.

Қасқыр-Арсен: Бұл үйшіктк кім тұрады?

Тышқан, бақа, қоян,түлкі: Біз тұрамыз, сен кімсің?

Қасқыр-Арсен: Мен жауыз қасқырмын.

Тышқан, бақа, қоян,түлкі: Кел, бірге тұрайық.

Аю-Рәбиға: Мына сүп-сүйкімді үйшікте кім тұрады?

Аңдар: Біз тұрамыз, сен кімсің?

Аю-Рәбиға: Мен аюмын, сендермен бірге тұрғым келеді.

Аңдар: Сен сыймайсың, үлкенсің.

Аю-Рәбиға: Маған орманда жүрген көңілсіз, ендеше менімен жүріңдер, ойын ойнаңдар.

Аңдар: Ойнасақ, ойнайық.

Ойын: «Қояндар мен түлкі».

Балалар ойынды ойнайды.




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
27 қаңтар
1213
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі