400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Үйшік ертегісі

Материал туралы қысқаша түсінік
Ертегіге деген қызығушылығын ояту
Материалдың қысқаша нұсқасы
Үйшік. Бұл орманда болған оқиға еді. Ашық алаңқайда кіп-кішкентай ескі үйшік тұрған.Бірде оны қасынан жүгіріп өтіп бара жатқан тышқан көреді.Тышқан тоқтап: -Сүп-сүйкімді,кіп-кішкентай бұл үйшікте кім бар? –деп сұрайды.Ешкім жауап қайтармайды.Тышқан бос үйшікке кіріп,осында тұрып жатады.Біраз уақыттан кейін үйшіктің маңына секіріп бақа келеді.-Сүп-сүйкімді,кіп-кішкентай бұл үйшікте кім бар? -Мен тықырлауық тышқанмын! Ал сен кімсің?-Мен бақылдауық бақамын. –Кел, бірге тұрайық.Бақа «бақ-бақ!» деп бақылдап үйшікке секіріп кіреді.Тышқан екеуі тіл табысып,бірге тұрады. Енді үйшік қасына ытқып-ытқып қоян жетеді.-Сүп-сүйкімді,кіп-кішкентай бұл үйшікте кім бар? –деп сұрайды.-Мен тықырлауық тышқанмын! –Мен бақылдауық бақамын.Ал сен кімсің? –Мен қорқақ қоянмын! –Кел, бірге тұрайық.Қоян да үйшікке кіреді. Осылай үшеуі бірге өмір сүре бастайды. Алыстан бұл үйшікті түлкі көреді.Ақырын басып жақын келіп,терезесін қағады да:-Сүп-сүйкімді,кіп-кішкентай бұл үйшікте кім бар?-деп сұрайды.-Мен тықырлауық тышқанмын!-Мен бақылдауық бақамын.-Мен қорқақ қоянмын!Ал сен кімсің?-Мен қу түлкімін!-Кел,бірге тұрайық.Үйшіктен түлкіге де орын табылды.Достар енді төртеу болды. Үйшікке тілі салақтап,айналасына алақ-жұлақ қарап қасқыр жетеді.Ол есікті қағып,қырылдаған дауысымен:-Сүп-сүйкімді,кіп-кішкентай бұл үйшікте кім бар? –деп сұрайды.-Мен тықырлауық тышқанмын!-Мен бақылдауық бақамын.-Мен қорқақ қоянмын!-Мен қу түлкімін!Ал сен кімсің?-Мен сұр қасқырмын!-Кел бірге тұрайық.Қасқыр қысыла-қымтырыла ішке кіреді.Әйтсе де кіп-кішкентай үйшікке бесеуі де сыйып кетеді.Барлығы қосылып, ән айтады.Тату-тәтті өмір сүреді. Бір күні жидек теріп жүрген аю үйшік тұрғындарының салған әнін естиді.Ол үйшікке жақын келіп,бар дауысымен:-Сүп-сүйкімді,кіп-кішкентай бұл үйшікте кім бар?-деп ақырады.-Мен тықырлауық тышқанмын!-Мен бақылдауық бақамын.-Мен қорқақ қоянмын!-Мен қу түлкімін!-Ал мен болсам,сұр қасқырмын!Ал сен кімсің?-Мен қорбаңбай аюмын!-Кел бірге тұрайық.Аю ары-бері тырбыңдап үйшікке кірмекші болады.Бірақ оның басы енгенімен денесі сыймайды.Амалы таусылған аю:-Ендеше мен үйшіктің шатырына шығып тұрайын,-дейді.-Жоқ,сен дәусің!Сені кішкентай үйшігіміз көтере алмайды.Қиратасың ғой,-деп шырылдайды іштегілер.- Қорықпаңдар,түкте болмайды,-деп аю олардың сөздеріне құлақ аспайды.Кіп-кішкентай үйшіктің тұрғындары амалсыздан келіседі. Аю қорбаңдап үйшіктің төбесіне шығады.Сол-ақ екен,ескі үшік сықырлап,шашылып қалады.Тықырлауық тышқан,бақылдауық бақа,қорқақ қоян,қу түлкі,сұр қасқыр-барлығы аман-есен үйшіктен шығып үлгереді.Аюға олар ренжімейді.Қайта барлығы бірігіп,бөренелерді тасып,тақтайларды сүргілеп,жаңа үйшік тұрғызуға кірісіп кетеді.Осылайша, достар өздеріне әп-әдемі,жап-жаңа үйшік соғып алыпты.





































«Манашы» бөбекжайы МКҚК













Көлеңкелі театр арқылы «Үйшік» ертегісінсахналау.













Өткізген тәрбиеші:Н.Кульмуханова.









Бейнеу селосыТамыз 2018ж.
Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
19 ақпан
688
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі