2024-2025 оқу жылына арналған
Қысқа мерзімді сабақ жоспарларын жүктеп алғыңыз келеді ме?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен жасалған
Материалдар / Үйшік ертегісі.

Үйшік ертегісі.

Материал туралы қысқаша түсінік
Ертегі кейіпкерлерінің рөлін балалар өздері сомдау.
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады



Ересек «Күншуақ» тобы. Тәрбиеші: Алханова Ляззат Нұрланқызы

Тақырыбы: «Үйшік» (орыс халық ертегісі) Білім беру саласы : Қатынас Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: Көркем әдебиет Мақсаты: Сахналау арқылы үйшік ертегісімен таныстыру,сахналау барысында кейіпкерлердің бейнесіне еніп,олардың мінез-құлқын келтіру,түрлі дауыс колдана білуді жетілдіру,үйлесімді қимыл жасауға үйрету.Балалардың сөздік қорын, сөйлеу мəдениетін, ойлау қабілетін дамыту, достыққа, татулыққа тəрбиелеу. Билингвальді компонент: Бақа-лягушка- ,қоян-заяц- ,түлкі-лиса- ,қасқыр-волк Әдіс-тәсілдері: жұмбақ,ойын,көрсету,түсіндіру,диалог, интерактивті тақтада көрсету, топтастыру,ертегіні орамал театры арқылы сахналау. Көрнекілік: Ертегі кейіпкерлерінің суреттері,киіпкерлер киімдері. -Балалар,күннің шуағын көргенде сендер не сезінесіндер? -Ия,дұрыс айтасыңдар. Күн бізге жылу,жарық береді.Қане,бізде күнге ұқсап шеңбер құрайық та,бізге келіп отырған апайларымызбен амандасып алайық. Қайырлы таң! Доброе утро! Good morning! - Шаттық шеңбері: Күнде бірге жүреміз Бірге ойнап күлеміз, Бірімізге,біріміз Көмектесіп жүреміз Қайырлы таң балабақшам, Қайырлы таң менің достарым Сұрақтар қойылады Жыл мезгілдеріне...... Балалар орнымызға отырайық. Есік қағылып, Ұлу кіреді, қолында жылтыр қорапша беріледі. Балалар, қараңдаршы жыл биылғы жыл мезгілі Ұлу қонаққа келіпті. Балалар Ұлумен амандасады! Қолында жылтыр қорапшасы бар. Ұлу сөйлейді,қорапшаны ашады. Ойын: «Сиқырлы қорапша». - Оның ішінде не бар екен? Жұмбақтар:1.Сылдырдан қорқады. Шошынып жортады. (Қоян) 2.Сұрғылт тартқан түсі бар Ақсиған көп тісі бар. Тыным таппай ұлиды, Қыстау маңын ториды. (Қасқыр) 3.Бар даусымен тақылдап, Көлшік суды мақтайды. Тәулік бойы бақылдап, Мезгілімен жатпайды. (Бақа)

-Дұрыс, балалар, жұмбақтың шешімін дұрыс таптыңдар. - Түлкі, бақа туралы қандай ертегі білесіндер? - Түлкінің,бақаның,қасқырдың қимыл-əрекетін кім көрсете алады? Өздері білетін ертегілерді естеріне түсіреді. Аңдардың жүрісін салып көрсетеді. Ұйымдастыру-іздестіру-Балалар,біз бұл жұмбақты жай шешкен жоқпыз.Өйткені сендерге қазір мен «Үйшік» орыс халық ертегісін оқып беремін.(Ертегіні интерактивный тақта арқылы көрсету) - Балалар, ертегі сендерге ұнады ма? Билингвальді компонент: тышқан - мышь, құрбақа - лягушка, қоян - заяц, түлкі - лиса, аю - медведь Сергіту сəті: «Бақалар» Дидактикалық ойын: «Суретті құрастыр». - Жарайсыңдар, сендер тапсырманы орындап, ертегі кейіпкерлерің құрастырдыңдар. - Балалар! Қойылымда ойнау үшін алдымен мəнерлі сөйлеуге жаттығайық. Шығармашылық жұмыс Аңдардың ізін сал. Тіл ұстарту жаттығуы: Ян-ян-ян, Ұзын құлақ қоян. Кі-кі-кі, Жылмыңдайды қу түлкі. Ыр-ыр-ыр, Көкжал қасқыр. Ю-ю-ю, Қорбаңдаған аю. Ін-ін-ін, Ағашта жүр тиін Балалар енді «Үйшік» ертегісін сахналап көрсетеміз.

Жүргізушінің сөзі:
Күн күледі жадырайды,
Құстар келіп сайрайды.
Кел, балалар, келіңдер.
Ертегіге еніңдер.
- Ерте, ерте, ертеде орманда бір үйшік болған екен. «Үйшік» ертегісін тамашалаңыздар.
Орманда келе жатқан тықырлауық тышқан:
Мен тықырлауық тышқанмын,
Өз інімнен шыққанмын.
Дос іздеймін өзіме,
Тату болам өзіңмен.
Үйшікті көре таңғалып.
- Сүп – сүйкімді, кіп-кішкентай әдемі үйде кім тұрады?
Үйшікте ешкім тұрмаған соң тышқан үйшікке кіріп тұрады. Осы кезде шалшықтан бақалар келеді
Қоян келеді.

Мен қоянмын, қоянмын,
Сәбізді жеп тоямын.
Жемістерді көп жинап,
Қысқа сақтап қоямын.
Үйшікті көрген қорқақ қоян.

- Үйшік,үйшік бұл үйшікте кім тұрады?
-
Мен тықырлауық тышқанмын, кел бірге тұрайық.
Тиін келеді. Медина
Мен тиінмін, тиінмін,
Қысқа жылы киіндім.
Қоймам толы жаңғаққа,
Іші жылы үйімнің.
- Үйшік,үйшік бұл үйшікте кім тұрады?
-
Мен тықырлауық тышқанмын.
- Мен қорқақ қоянмын кел бірге тұрайық.

Сұлу түлкі келеді. Фариза.
Мен сұлу түлкімін,
Жай өтпес бір күнім.
Ішінде жүремін,
Айғай шу күлкінің.
- Үйшік,үйшік бұл үйшікте кім тұрады?
-
Мен тықырлауық тышқанмын.
- Мен қорқақ қоянмын.
- Мен үлпілдек тиінмін, кел бірге тұрайық.

Түлкі үйшікке кіріп өзіне жаңа достар табады.
Көкжал қасқырлар келеді.
Арлан,Ахмат.

Мен көкжал қасқырмын,
Ауылды торимын.
Аңшыдан қорқамын,
Сайларда жортамын.
- Үйшік,үйшік бұл үйшікте кім тұрады?
-
Мен тықырлауық тышқанмын.
- Мен қорқақ қоянмын.
- Мен үлпілдек тиінмін.
- Мен сұлу түлкімін, кел бірге тұрайық.

Осылайша қасқырда дос болып үйшікке кіріп тұрады.
Қорбаңдаған аю келеді.
Димаш
Мен аюмын қорбаңбай,
Қимылдаймын қорбаңдай.
Омартаны көргенде,
Бас саламын ойланбай.
- Үйшік,үйшік бұл үйшікте кім тұрады?
-
Мен тықырлауық тышқанмын.
- Мен қорқақ қоянмын.
- Мен үлпілдек тиінмін.
- Мен сұлу түлкімін.
- Мен көкжал қасқырмын, кел бірге тұрайық.
Аю денесінің үлкендігіне байланысты үйшіктің есігінен сыймай қояды, үйшіктің терезесінен кіруге тырысады бәрібірде басы кірмей қояды.
Үйшіктің шатырына шығып тұруға тырысады.
Шатырына шыға берген кезде үйшікті құлатып қояды.
Қапаланған аю.
- Үйшіктеріңді құлатып қойдым кешіріңдер.
Достары:
- Қапаланба достым бәріміз бірге үй салайық.
Бәрі бірге:
Балдырған баламыз,
Досты көп табамыз.
Қашан да, қайда да,
Достар бір - біріне,
Сенімді боламыз.

Қортынды: - Балалар, ертегі сендерге ұнады ма? - Ертегіде қандай кейіпкерлер кездесті? - Аю қандай себеппен үйшікті бұзды? - Достары оған не деді? Балалардың жауабы.

Күтілетін нәтиже:

Жасайды: жан-жануарлардың дыбысын салып, қимыл-əрекеттерін қайталайды;

Түсінеді: əр жануардың өзіне тəн ерекшеліктерін;

Қолданады: өз ойын айта алады, өзгелердің пікірін тыңдай біледі.
















«Білім компаниясы «Еламан» ЖШС

«Қарлығаш» балабақшасы







«Бекітемін» _____________

Байдильдаева А.К.







Ашық ұйымдастырылған оқу қызметі.

Тақырыбы: «Үйшік» ертегісі.

Ересек «Күншуақ» тобы.







Тәрбиеші: Алханова Л.Н.

















Қаскелең- 2024жыл




01 Сәуір 2025
120
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі