Тақырып бойынша 31 материал табылды

Үйшік ертегісі

Материал туралы қысқаша түсінік
Ертегі
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұйымдастырылған іс-әрекет

Қатысушының аты-жөні:

Қатысушының нөмірі:

Тобы:Ересек топ

Баланың жасы:

Тақырыбы: «Үйшік» орыс халық ертегісі

Мақсаты:Балаларды «Үйшік» ертегісінің мазмұнымен таныстыра отырып, олардың көркем әдебиетке деген қызығушылығын арттыру, тыңдалған мәтінді түсініп, мазмұнын жүйелі түрде жеткізе білу дағдыларын қалыптастыру. Сонымен қатар, кейіпкерлердің іс-әрекетін талдау арқылы балалардың ойлау, есте сақтау және сөйлеу қабілеттерін дамыту. Ертегі желісі негізінде балаларды бірлікке, достыққа, өзара көмектесуге, сыйластыққа тәрбиелеу және қарапайым адамгершілік құндылықтарды бойына сіңіру.

Міндеті:

Коммуникативтік дағдыларды дамыту: балалардың түрлі әрекеттерінеде кітапқа қызығушылыққа баулу. Тыңдалған шығарманың мазмұны дұрыс қабылдауға, кейіпкерлерге жанашырлық таныту, ондағы әрекеттердің дамуын қадағалау, шығарма мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беру дағдыларын дамыту. Мақал-мәтелдер мен жұмбақтарды шешу арқылы сөздік қорын байыту. (көркем әдебиет)

Әлеуметтік-эмоционалды дағдыларды қалыптастыру: қоғамдық орындардағы мінез-құлық ережелері туралы түсініктерді кеңейту. Отбасындағы үлкендерді сыйлауға, құрмет көрсетуге баулу. Тәрбиеленушілердің еңбек етуге деген оң көзқарасын тәрбиелеу. (қоршаған әлеммен таныстыру)

Әдіс-тәсілдері: көрнекілік, сөздік, ойын әдіс, сұрақ-жауап, көрсету, түсіндіру.

Қажетті ресурстар: кітаптар (ертегілер, мақал-мәтелдер жинағы), ілмек театры (арыстан, тышқан кейіпкерлері), 3D кітапша, сюжет бойынша суреттер, қорапша

Тәрбиеші: Балалар, бүгін біз сіздермен бірге ерекше саяхатқа шығамыз. Ал, қайда баратынымызды білу үшін жұмбақты шешу қажет. Дайын болсақ, жұмбақты мұқият тыңдайық:

«Беті бар — сөйлемейді,

Тілі бар — үндемейді,

Ішінде сыр жатады,

Ашсаң — бәрін айтады» (кітап)

Бұл не, балалар? (балалардың жауабы)

Тәрбиеші: Дұрыс айтасыздар, бұл кітап! Бүгін біз кітаптар әлеміне барамыз. Кітап әлеміне тез жету үшін сиқырлы сөзді бірге айтайық:

«Сиқырлы кітап, сыр ашшы,
Бізді ертегі еліне алып баршы!» (балалар тәрбиешімен бірге кітап бұрышына барады)

Тәрбиеші: Балалар, бұл – біздің кітап бұрышымыз. Кітап – біздің досымыз. Кітап бұрышы – шағын кітапхана сияқты. Ал кітапханада өзімізді қалай ұстауымыз керек? Қане, ережелерді бірге еске түсірейік. (Балалармен бірге ережелерді талқылау)

Кітаптың беттерін жыртпаймыз

Кітапқа сурет салмаймыз

Кітапты ұқыпты, асықпай парақтаймыз

Кітапты таза қолмен ұстаймыз

Оқығаннан кейін кітапты орнына қоямыз

Кітап қарап отырған досымызға кедергі жасамаймыз

Кітап бұрышында тыныш сөйлейміз

Кітапты бүктемейміз, лақтырмаймыз

Тәрбиеші: Жарайсыңдар! Балалар, мына кітапшаны көріңдер. Бұл — мақал-мәтелдер, жұмбақтар, санамақтар жинағы. Біздің әжелеріміз бен аталарымыз ертеден қалдырған даналық сөздер осында жиналған. Мақал-мәтелдер — қысқа да мағыналы сөздер. Олар бізге өмірде қалай дұрыс әрекет ету керектігін үйретеді. Мысалы, тыңдап көріңдерші: «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей». Бұл нені білдіреді? (балалардың жауабы)

Тәрбиеші: Дұрыс, егер адам еңбектенсе, өз еңбегімен бәріне жетеді деген мағынада айтылған. Ал мақал-мәтелдер бізді қандай жақсы қасиеттерге үйретеді? (балалардың жауабы)

Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар, мақал-мәтелдер бізді еңбекқорлыққа, адалдыққа, достыққа тәрбиелейді. Ал жұмбақтар ойлануға, қиялымызды дамытуға көмектеседі.

Тәрбиеші: Бұл — ілмек театры! Мұнда «Арыстан мен тышқан» ертегісінің кейіпкерлері бар. (Арыстан мен тышқан қуыршақтарын көрсетеді)

Арыстан — орманның патшасы, үлкен әрі күшті. Ал тышқан — кішкентай, бірақ ақылды. Қане, осы ертегіде не болғанын еске түсірейікші?(балалардың жауабы)

Тәрбиеші: Кішкентай тышқан үлкен арыстанға қалай көмектесті?

(балалардың жауабы)

Бұл ертегі бізге нені үйретеді? (балалардың жауабы)

Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар, бұл ертегі бізге: «Кішкентай болсаң да, пайдалы бола аласың» дегенді үйретеді.

Тәрбиеші: Балалар, мына кітапша Ыбырай Алтынсариннің «Әке мен бала» әңгімесі туралы. Бұл әңгіме бізге еріншек болмауды, аз жұмыстан қашпау керектігін үйретеді. Осындай әңгімелерді оқи отырып, біз жақсы адам болуды үйренеміз. Ал енді балалар, мына сиқырлы 3D үлкен кітапқа қараңдар. Бұл — ертегілер кітабы. Қандай ертегілерді білесіңдер? (балалардың жауабы)

Тәрбиеші: Жақсы! Ал енді ойланып көрейікші, неге оларды ертегі деп атаймыз?

Тәрбиеші: Ертегілерде сиқыр болады, жануарлар сөйлейді, түрлі ғажайып оқиғалар кездеседі. Міне бүгін мен сендерге орыс халық ертегісі «Үйшік» ертегісін оқып берейін.

Орыс халық ертегісі «Үйшік»

Бұл орманда болған оқиға еді. Ашық алаңқайда кіп-кішкентай ескі үйшік тұрған. Бірде оны қасынан жүгіріп өтіп бара жатқан тышқан көреді. Тышқан тоқтап:

Сүп-сүйкімді, кіп-кішкентай бұл үйшікте кім бар? – деп сұрайды.

Ешкім жауап қайтармайды.Тышқан бос үйшікке кіріп, осында тұрып жатады. Біраз уақыттан кейін үйшіктің маңына секіріп бақа келеді.

Сүп-сүйкімді, кіп-кішкентай бұл үйшікте кім бар?

Мен тықырлауық тышқанмын! Ал сен кімсің?

Мен бақылдауық бақамын.

Кел, бірге тұрайық. Бақа «бақ-бақ!» деп бақылдап, үйшікке секіріп кіреді. Тышқан екеуі тіл табысып, бірге тұрады. Енді үйшік қасына ытқып-ытқып қоян жетеді.

Сүп-сүйкімді, кіп-кішкентай бұл үйшікте кім бар? – деп сұрайды.

Мен тықырлауық тышқанмын!

Мен бақылдауық бақамын. Ал сен кімсің?

Мен қорқақ қоянмын!

Кел, бірге тұрайық. Қоян да үйшікке кіреді. Осылай үшеуі бірге өмір сүре бастайды. Алыстан бұл үйшікті түлкі көреді. Ақырын басып жақын келіп, терезесін қағады да:

Сүп-сүйкімді, кіп-кішкентай бұл үйшікте кім бар? – деп сұрайды.

Мен тықырлауық тышқанмын!

Мен бақылдауық бақамын.

Мен қорқақ қоянмын! Ал сен кімсің?

Мен қу түлкімін!

Кел, бірге тұрайық. Үйшіктен түлкіге де орын табылды. Достар енді төртеу болды. Үйшікке тілі салақтап, айналасына алақ-жұлақ қарап қасқыр жетеді. Ол есікті қағып, қырылдаған дауысымен:

Сүп-сүйкімді, кіп-кішкентай бұл үйшікте кім бар? – деп сұрайды.

Мен тықырлауық тышқанмын!

Мен бақылдауық бақамын.

Мен қорқақ қоянмын!

Мен қу түлкімін! Ал сен кімсің?

М– Кел, бірге тұрайық. Қасқыр қысыла-қымтырыла ішке кіреді. Әйтсе де кіп-кішкентай үйшікке бесеуі де сыйып кетеді. Барлығы қосылып, ән айтады. Тату-тәтті өмір сүреді. Бір күні жидек теріп жүрген аю үйшік тұрғындарының салған әнін естиді. Ол үйшікке жақын келіп, бар дауысымен:

Сүп-сүйкімді, кіп-кішкентай бұл үйшікте кім бар? – деп ақырады.

Мен тықырлауық тышқанмын!

Мен бақылдауық бақамын.

Мен қорқақ қоянмын!

Мен қу түлкімін!

Ал мен болсам, сұр қасқырмын! Ал сен кімсің?

Мен қорбаңбай аюмын!

Кел, бірге тұрайық. Аю ары-бері тырбыңдап үйшікке кірмекші болады. Бірақ оның басы енгенімен, денесі сыймайды. Амалы таусылған аю:

Ендеше мен үйшіктің шатырына шығып тұрайын, – дейді.

Жоқ, сен дәусің! Сені кішкентай үйшігіміз көтере алмайды. Қиратасың ғой, – деп шырылдайды іштегілер.

Қорықпаңдар, түк те болмайды, – деп аю олардың сөздеріне құлақ аспайды. Кіп-кішкентай үйшіктің тұрғындары амалсыздан келіседі. Аю қорбаңдап үйшіктің төбесіне шығады. Сол-ақ екен, ескі үйшік сықырлап, шашылып қалады. Тықырлауық тышқан, бақылдауық бақа, қорқақ қоян, қу түлкі, сұр қасқыр – барлығы аман-есен үйшіктен шығып үлгереді. Аюға олар ренжімейді. Қайта барлығы бірігіп, бөренелерді тасып, тақтайларды сүргілеп, жаңа үйшік тұрғызуға кірісіп кетеді. Осылайша, достар өздеріне әп-әдемі, жап-жаңа үйшік соғып алыпты.

Тәрбиеші:

Ертегі қалай басталады?

Үйшікке бірінші болып кім келді?

Екінші болып кім келді?

Үйшікке аңдар қандай ретпен келді?

Қай аң келгенде үйшік сынып қалды?

Қалай ойлайсың, неге үйшік сынып қалды?

Егер үйшік үлкен болса, не болар еді?

Үйшік ертегісінен қандай сабақ алуға болады?

Егер сен жаңа үйшік салсаң, қандай пішінде болар еді?

Үйшікке тағы қандай аңдарды қосар едің?

Ертегінің соңын өзің қалай аяқтар едің?

Тәрбиеші: Жарайсыңдар, балалар! Сендер «Үйшік» ертегісін өте жақсы түсіндіңдер. Енді осы ертегідегі аңдарды қимыл арқылы бейнелеп, ойын ойнаймыз. Әуен қосылғанда әр кейіпкердің қимылын көрсетеміз, ал әуен тоқтағанда бәріміз бірге «үйшікке жиналып, бірге тұрайық» деп айтамыз.

Қане, балалар, ойынымызды бастайық!

Қимылды ойын: «Аңдар орманда»

Міндеті: қимыл қозғалысын үйлестіру және көңіл күйін көтеру.

Ойын шарты: әуен қосылады, балалар аталған жануардың қимылмен көрсетеді: қоян – секіреді, түлкі – жай жүреді, аю – ауыр адыммен жүреді

Музыка тоқтағанда балалар бәрі бірге «үйшікке жиналып, бірге тұрайық» деп айтады.

Тәрбиеші: Балалар, бүгін біз «Үйшік» ертегісін тыңдадық. Ертегіде аңдар бір үйшікте тату-тәтті өмір сүріп, бір-біріне көмектесті. Біз де әрқашан дос болайық, көмектесіп, бірге еңбек етейік. Халқымыз айтқандай: «Бірлік бар жерде – тірлік бар». Осымен бүгінгі іс-әрекетіміз аяқталды. Жарайсыңдар, балалар.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
26.04.2026
0
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12